АДАМ ҚАҢҚАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

АДАМ ҚАҢҚАСЫНЫҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ

Қаңқаны құраушы сүйектер тобы, құрылысына қарай: сүйектік бөліктен, pars osseae, және шеміршектік бөліктен, pars cartilagines, тұрады. Сүйектердің шеміршектік бөлігіне: буын бетінің шеміршектері, cartilagines articulares, ұзынтүтік тәрізді сүйектердің эпифиздік шетіндегі шеміршектерден, cartilagines epiphysales, және қабырғалардың шеміршектерінен, cartilagines costales, тұрады. Сүйектердің сыртқы беті өте жұқа қан тамырларға және нервтерге бай дәнекер тінді қабықтан, periosteumтүрады.

Сүйектік тін қабықшасының терең қабаты орналасуына қарай, сыртқы беті дәнекертіндерден, терең қабатты остеогендік қабаттан тұрады. Сыртқы талшықты дәнекер тінді қабаты, сүйектік тіндермен тығыз байланысып қоймай, қан тамырлар мен нервтерге өте бай қабат болып саналады. Бұл қабықшаның қан тамырлары сүйектің терең қабатына қарай сүйектік өзекшелер, canalis nutricius, арқылы өтіп, сүйектің кемікті бөлігімен өзара тығыз байланысқан.

Сүйек қабығының остеогендік қабаты сүйек тіндерін құраушы остебласт жасушаларынан түрады.

Қызметі: сүйектік тіндердің дамуын, әсіресе сынған кездегі бітісуін жеделдетсе, сүйектік қабығы қабаты, проксималді және дисталді бөлігіне қарай бойлай өтіп, буын шеміршегінің тұсында, буын шеміршегінің бетін жауып, шеміршекқабыққа, perichondrium, ұласады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *