Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.