Оңтүстік Қазақстан ескі қала құрылмы

Оңтүстік Қазақстан ескі қала құрылмы (Отрар, Исфиджаб, Кедер,Весидж және т.б.). Қазақстан территориясында феодалдық қарым-қатынас қалыптасуының ең бастапқы кезеңінің өзінде-ақ жаңа отарықшы егіншілік қоныстары пайда болды. Осы жаңа қоныстар сонымен қатар ертеден қоныс тепкен қыстақтардың едәуір бөлігі (қалалармен ауыл шаруашылық тұрақтары), сондай-ақ феодалға айналған шонжарлардың астана орындары өсіп әртүрлі типтегі феодалдық астаналарға айналды.  Орда – қалалардан тарихқа белгілі болғандары – Чегу (үйсін ханының ордасы), Суяб (түрік қағандарының орда астанасы), Баласағұн (қарахандылықтардың бірінші астанасы), Қойлық (карлук хандарының астанасы), Янгикент (оғыздардың ордасы) және басқалар: керуен жолдарының үстіндегі және бұлардың түйіскен жеріндегі қалалар – Исфиджаб (Сайрам), Талас (қазіргі Жамбыл), Атлах, Хамукет, Құлан (Луговой станциясы), Мерке фараб (Отрар) және басқалар: ішкі сауда қалалары – Құмкент, Созақ, Алмалық (Хоргос), Сығанақ және басқалар: бекініс қорғандар – Тасақыр, Тасатөбе, Баба-ата,  Ақсүмбе және басқалар.Алайда бұлай деп жіктеу белгілі бір дәрежеде шартты түрде алынғанын, қандай да болсын қаланың алғашқы негізгі құралуының басым белгілеріне ғана сай келетіндігін атап өткен жөн. Шынына келгенде осы белгілердің барлығы немесе кейбіреулері бір қаланың өзінде-ақ жалғасып ұштасып келе береді. Мысалы, Баласағұн, Суяб және осыларға ұқсас басқа да қала – ордалар керуен жолы үстіндегі негізгі пункттер де болып есептеледі: Тараз, Исфиджаб, Отрар және кейбір басқа қалалар ішкі саудада маңызды рөл атқарады. Демек, отырықшы және көшпелі халықтардың байланысын тереңдете түсті: Сығанақ, Алмалық және сол сияқты қалалар кейінде керуен жолдарының түйіскен жерлері болды. Басқа қалалар жайында да осыларды айтуға болады.     

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *