Түрік қанағаты мен Қараханид мемлекеті кезеңіндегі Қазақстан сәулеті

Түрік қанағаты мен Қараханид мемлекеті кезеңіндегі Қазақстан сәулеті

 

Түрік қанағаты  мен  Қараханид  мемлекеті  кезеңі.Революцияға дейінгі Қазақстандағы құрылыс ісі мен архитектураның даму тарихында және техника мен мәдениетінің осы саласында ұлттық дәстүрдің қалыптасуы  тарихында VII-XII ғасыр басты орын алады.арихи себептердің салдарынан бұрынғы кезде тоқтап қалған қала құрылысының өсе бастауы, дала мен қалаларда құрылыстардың жаңа түрлерінің жайылуы, кейіннен қалыптасып дәстүрлі ұлттық тәсіл болып алған архитектурадағы формалардың орнығуы осы дәуірмен байланысты.Біздің заманымыздың VI ғасырында таптық қатынастардың даму процесінде Қазақстан территориясында ертедегі феодалдық мемлекет – Түрік қағанаты туғаны мәлім. Бұл Түрік қағанаты біздің заманымыздың VIII ғасырына дейін өмір сүріп, кейіннен шаруалардың бектерге қарсы күресі мен руаралық соғыстардың нәтижесінен құлап, батыс және шығыс қағанаттарға бөлінген.л кезде Қазақстан халқының негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болса да, екінші жағынан Жем, Жайық, Сырдария, Талас, Шу, Іле, Торғай, Сарысу өзендерінің аңғарында; Қаратау, Алатау баурайларында және басқа жерлерде егіншілік болады. Шеберлік ісі ел қоныстанған қалаларда өркендеді, соның бірі батыс қағанаттың астанасы болған Суяб қаласы еді. Мұны сол заманғы қалалардың орнын қазумен ашқан археологиялық заттар дәлелдейді. Шаруалардың (қара будундардың) көтерілісі мен руаралық соғыстардың нәтижесінде түрік қағанаты ажырап, VIII-X ғасырларда жеке түрік тайпалары – түргештермен қарлұқтардың үстемдік етуіне ауысты. Түргеш – қарлук үстемдік еткен дәірде Қазақстанда феодалдық қарым-қатынастар түбегейлі қалыптасады: сауда өркендейді, әсіресе  Қазақстанның оңтүстік аудандарында халықтың отырықшылыққа ауысуы бұрынғыдан да күшейе түседі. Һалалардың және олардағы құрылыс ісінің қауырт өсуі қоғам өміріндегі осы құбылыстармен байланысты болады. Осы кезде арабтар арқылы Қазақстанға енген ислам діні баяу тарады, ол мәдениет пен шаруашылықтың жалпы дамуында реакциялық роль атқарып, ат төбеліндей феодалдардың көзқарасы болып қала берді. Сурет салу өнері саласынан жан-жануарлардың бейне суретін салу бірте-бірте шығып қала береді. Сөйтіп, ескі кісітастар уақыттың өтуіне қарай құлпы тастарға айналады. Жан-жануарлардың бейне суреттерін өрнек суреттерге қосуға тиым салынуына байланысты шеберлік-ою өнерінде схематизацияға артықша орын беріледі. Бұл алғашқы мәнді және бейнені жоғалтуға әкеп соғады.

Қазақстан сәулеті   (Х-Х11 ғғ.).  Келесі қарақандық дәуірі  (Х-ХІІ ғасырлар) ең алдымен жаңа қалалардың пайда болуымен емес, бұрынғы қалалардың қауырт өсуімен, едәуір дәрежеде олардың сеауда- кәсіп  кварталдары есебімен ұлғаюмен сипатталады.Қарақандық дәуірдегі қалалар  барынша алуан түлі типті құрылыстар арқылы(сардобалар) салоынды.Ислам діні үстемдігі тарауына дейін  сақталып  қалған  христан  шіркеулері мешіт  етіліп қайта жасалды. Мысалы, Ертедегі таразда бас шіркеу мешітке айналдырған  (б.заманымыздың 893-94 жылдары) .Қалаларда құрылыс жұмыстары аумағының артумен,оларды көркейтумен, монументальды құрылыс типтерінің алуан түрлілігімен қатар, құрылыстың ұзаққа шыдауын, мықтылығын қамтамасыз ету жөнінен де  белгілі дәрежеде қамқорлық туады.Бұл жөнінде арша мен қараағаштардан жасалған ағаш байлам элементтерін қолдану және жадағай кірпіштерді (30х30х5 және 26х26х5) пакйдалану,сайып келгенде құрылыс материалдар ы саласында жалпы алға басудан көрінетін антисептикалық шаралар кепілд бола алды.Қарақандықтар  дәуірнде  қалыптасқан монументалды құрылыстар формасы мен архитектура құрылыс тәсілдерінің негізгі дәстүріне айлады: ашық қарапайым жоба (шаршы), орталық – порталды құрылыстардың төбелері не порталды күмбез, не конус түрінде жасалуы.Бұлар архитектура шығармасывна ислам дінінің реакциялық идеялогисы дәріптеп көрсететін таптық сипатына қарамастан  халықтың суәулет өнері мен дәстүрі , декоратив-жапсырма өнері бұлардың архитектуралық көркемдік бейнесінің негізі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *