Сақ, үйсін және қаңлы кезеңдердегі Қазақстан сәулеті (2 мың жылдықтың басы)
Антик тарихшыларымен археологиялық материалдардың деректеріне қарағанда, сақтар өзінің дамуында едәуір дәрежеге жетіп ірі қыстақтары болды: бұл қыстақтардың кейбіреулері тайпа одақтарының топтасқан жері болып, сақ тайпа шонжарларының ордаларына айналды. Б.з.б V-Ivғасырларда Сырдария бойында отырықшы қоныстардың көпшілігі сақ тайпалары болған, сонымен қатар Талас және Шу өзендерінің бойында отырықшы мәдениетінің қалдықтары сақталған. Жарты көшпелі сақтардың қыстақ қалдықтары Қаратау, Жетісу оның ішінде Алматы тауларының солтүстік баурайындағы сайларында кездеседі. Б.з.б IIIғасырда сақ тайпалар одағынан Қытай шежірелерінде үйсін және қаңғы (қаңлы) деген атпен мәлім болған, экономикалық жағынан бірталай күшті тайпалар бөлініп шығады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шань тауының Сырдария мен Талас, Сарысу Қаратау төңірегін мекендеген. Қаңғы мен үйсіндердің шаруашылық тіршілігінде мал шаруашылығы қой, сиыр және әсіресе жылқы өсірді. Үйсін мен қаңғылардың мәдениет ерекшеліктері өте көп деуге болады ең көп тараған өнерінің бірі өрнек. Ал тұрғын үйлерге келетін болсақ ол үлкен патриархат жеке шаруашылық топтарына бөлініп салынған үйлердің құрылысы кепіл бола алады.
Қазақстан территориясында ертедегі құрлыстардың едәуір сораптары сақталған, бұлардың, көпшілігі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, қыпшақтардың тағы басқа тайпалардың тарихымен байланысты. Өзінің негізгі қола дәуірінің құрылыс дәуіріне жататын ірі қорғандар Қазақстанның оған іргелес Оңтүстік Сибирь, Орал және Орта Азияның облыстарының бүкіл территориясына кең тараған.өзінің негізгі сипаттары жағынан алғанда қорған ескерткіштер ру коллективінің өлген мүшелерін еске түсіруге арналған бейіттер болып келеді.
Мемориалдық ғимарат пен қорғандар. Қола дәуірінің соңы кезеңінде жасалған ең ірі ме,мориалдық құрылыстардың бірі Беғазы тас кешені (Тақта-тас) қорғаны болады. Бұл-Қазақстандағы мегалит құрылыстардың онан әрі дамуіы негізінде болған ескерткіштердің ерекше бір тобы.Беғазы монолиттері ертедегі ең қызық және сирек кездесетін құрылыстар қатарына жатады.Беғазы монолиттері шаршы жоба мен бір бірін енгізе орнатқан екі қабырғалы құрылыс,олар бір немесе бөлмеден және бұйірі төрт құбылаға қараған. Бұлардаң басқа қорғандар қоғамның қандай жігіне жататындығына қарай, қорғандар көлемі жағынан әртүрлі болады. Мысалға Тайпа көсемдерінің қорған табытханалары өте үлкен. Бұлардың диаметрі 40 метрден 150 метрге дейін, биіктігі 18-20 метрге (бес шатыр) дейін жетеді. Қорған ішіндегі жер камераға не тас табытқа тайпа көсемінің сұйегі қойылған, оның өзіне тән қаруларымен және тірі кезінде пайдаланған заттары өзімен бірге көмілген. Кейбір қорғандарда мінген атты қоса көметін арнаулы камералар болған. Ал қоғамның жай мүшелерінің қорғаны бұған керісінше барынша қарапайым болып келеді. Архитектура тарихы үшін қорғандардың әсіресе төрт түрінің үлкен маңызы бар.
- «Мұрттары» яки ұзын жалдары бар қорғандар (Орталық Қазақстан), бұлардың болуы қоршау керегелерінің салына бастағандығын аңғартады. Өзінің жобасы жағынан алғанда «мұртты» қорғандар тауетегіндегі үлкен алаңды алып жатқан әдеттегі тас құрлыстардың ерекше ансаблін құрайды.
- Жерге тіке қадалған үлкен гранит тақталардан қаланып айнала қоршалған зор тас қорғандар – бұл тәсіл қола дәуіріндегі мегалит құрылыстарының дәстүрімен жалғасады (Іле өзенінің аңғарындағы бес шатыр).
- Қорғаныс құрылыстарының жобасы сияқты концентр жүйесінде қаланған тас қорғандар (Берікқара, Қаратау жағы).
- Жоғарыда көрсетілген қорған типтерінің ансаблінен тұрғызылғван тас қорғандар (Орталық Қазақстан, Қанаттас)