Жалпы елдегі ахуал өте күрделі. Тіпті қауіпті деуге де болады. Бұны елдегі мамандар ғана емес, шетелдік мамандар да айтып жатыр. Оның үстіне қазір біз коронавирус пен пневмония бойынша статистикаларды біріктіргелі жатырмыз. Әлбетте көрсеткіш бұдан да жаман болады», — деді президент.
Тоқаевтың сөзінше, осындай ахуал әлемдік рейтингте біршама кейінге шегеріп тастайды.
«Әлбетте бұл Қазақстанның абыройына да әсер етеді. Тіпті мәселе репутацияда да, инвестициялық тартымдылықта да, туристік тартымдылықта да емес. Бұның салдары өте қиын болады. Бұл біздің жұмысымыздың ортақ нәтижесі екенін мойындау керек», — деді ол.