Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықтан ештеңені жасырмауымыз керек

Отырыс барысында азаматтарды тестілеу мәселелері туралы сөз қозғалды. Қазір күніне 32 мың адамға дейін тест жүргізу деңгейіне қол жеткізілген. Алайда аймақтар арасында көрсеткіштер алшақтығы бар.

«Анықталу деңгейінің төмендігі — жергілікті жерде зертханаларды орналастырудың тиімсіз жұмысының салдары. Мұны тіпті шынайы жағдайды жасыру деп бағалауға болады. Үкіметке аймақтар арасындағы тестілеу деңгейінің теңестіру жағын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Біз ештеңені жасырмауымыз керек», — деді Тоқаев.

Хабарланып отырғандай, вирус жұқтырған азаматтарға арналған төсек орын санының артқаны байқалады. Алайда бұл басқа медициналық орталықтардың жабылуы есебінен болып отыр. Осының салдарынан азаматтардың медициналық көмекке қол жетімділігі айтарлықтай төмендеп кеткен.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге созылмалы аурулары бар адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге жоспарлы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен қалпына келтіруді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *