Қазба жұмыстарының типтері.

Қазба жұмыстарының типтері.

 

1. Вертикалды қазба жұмысы.

2. Горизонталды қазба жұмыстары

 

Вертикалды қазба жұмысы. Вертикалды қазба жұмысы тіпті әрдайым стратиграфиялық бірізділікті анықтау үшін жүргізіледі. Әсіресе территориясы, аумағы шектеулі ескерткіштерде, мәселен, кішкентай ғана үңгірлерде жүзеге асады. Хронологиялық мәселелерді шешуде траншеялар қазылады. Кейбір траншеялар көлемі өте ұзын, не үлкен. Алайда бұл қазбалар ірі көлемдегі жұмыстарға жатпайды. Шурф, кейде французша Sondages деп атайды. Ол кішкентай траншеялардан тұрады. Бұл ескерткіштің төменгі қабаттарына енуге арналған және археологиялық қабаттың шегін анықтайды. Шурф төменгі қабаттағы артефакт үлгілерін алу үшін қолданылады. Бұл әдісті бұрғылау жолымен жетілдіруге болады. Шурф арқылы алынатын ақпарат шектеулі. Кейбір археологтар негізгі ескерткіш аумағынан тыс жерден қазба жұмысын жүргізеді. Рационалды орналастырылған шурфтар стратиграфия және ескерткіш мазмұны жөнінде құнды ақпарат береді. Сонымен бірге шурф ескерткіштің әр аймағынан үлгі алу үшін және артефакт көп орналасқан, табылатын қабатты анықтауда қолданылады.

Вертикалды траншеялар оңтүстік батыс Азиядағы ежелгі ескерткіштердегі қазба жұмыстарында кеңінен қолданылды. Бұндай қазба жұмыстарымен алынған мәліметтің құндылығы шектеулі.

Горизонталды қазба жұмыстары жиі жүргізіледі. Горизонталды қазба жұмысы тарихи ескерткіштердің, үлкен бүтіндей елді-мекендердің құрылыс жоспарын қалпына келтіруді жүзеге асырады. Аңшылардың тұрақтары, қорғандарда толық қазба жұмыстары жүргізіледі. Горизонталды қазба жұмысына Флоридадағы Сейнт-Августин негізін испандық конкистадор Педро Менедес де Авил 1565 жылы Флориданың шығыс жағалауында салған болатын. XVI ғ. Қаланы су шайып, өрт болды, ал 1586 жылы Фрэнсис Дрейк оны тонаған болатын. 1702 жылы ағылшындар Сейнт Августинге шабуыл жасады. Қала тұрғындары Сан-Маркос бекінісін паналады. Ағылшындар ағаштан жасалған ғимараттарды өртеді, 6 аптадан соң шегінді. Қираған ғимараттар орнында үйлер салынып, қала XVII ғ. бірінші жартысына дейін өркендеді.

Кэтлин Диган археологтар тобымен аталмыш қаланы зерттеді. Қаланы зерттеу қазба жұмыстары көптеген себептерге байланысты қиын болды. 3 ғасырлық тарихы бар қаланың археологиялық қабаты 0,9 метр және едәуір бүлінген. Археологтар ондаған құдықтарды тапты, тазалап, тіркеді. Олар горизонталды қазба жұмысын жүргізіп, XVIII ғ. ғимараттарының фундаментін ашты. Фундамент саз бетоннан, әк және құмнан жасалынған. Ғимараттың айналасындағы қабаттар бұзылған. Фундамент және пол артефактісі өте қажет болғандықтан, оны ашуда таңдамалы горизонталды қазба жұмысы ең жақсы, нәтижелі әдіс болды.

Горизонталды қазба жұмыстарының мәселесі стратиграфиялық бақылау және мұқият есептеу. Горизонталды қазба жұмыстарында үлкен ашық жер телімінің қабатын бірнеше ондаған сантиметр тереңге ашып қояды. Дуалдардың жүйелі жалғасы зерттеу аумағында орналасуы мүмкін. Өте дәлдікпен өлшеу және белгілеу тік төртбұрышты торлама қазба жүйесімен іске асады. Бұл жүйе үлкен аумақтардың статиграфиялық бақылауын жүзеге асырады. Ірі көлемдегі торламалық қазба жұмысының құны жоғары, көп уақыт қажет және тегіс емес аумақта іске асыру өте қиын. Дегенмен көптеген ескерткіштерді зерттеу барысында торламалы қазба жұмысы өз нәтижесін берді: ғимараттар, қала, бекініс жоспары ашылды.

Электронды зерттеу әдістері үлкен горизонталды қазбаларда фиксацияның көптеген мәселесін шешті (белгілеу), дегенмен стратиграфиялық бақылаудың қажеттілігі мәселесі әрдайым туындайды.

Археологиялық мәні жоқ жоғарғы қабаттарды аршу – ірі көлемдегі қазба жұмыстарының бір типіне жатады. Жоғарғы қабаттарды алу ескерткіш жақын қабатта болатын болса және құрылыс іздері сақталған жағдайда пайдалы. Бұл жұмыстар көбіне техника күшімен атқарылады.

Горизонталды қазба дәл стратиграфиялық бақылауға байланысты. Индиана Джонстың археологиялық бригадасы күрекпен «қаруланған» болатын. Қазіргі кезде археологтар әртүрлі құрал-жабдықтарды пайдаланады.

Үлкен көлемдегі қазба жұмыстары жер қазушы техника міндетті түрде қажет. Әсіресе ескерткішке бүліну қаупі төнгенде не қазба жұмысына аз уақыт берілгенде техника қолданылады. Бұл жағдайда археолог жұмыс барысын бақылауы тиіс. Жүргізушінің тәжірибиелілігі де маңызды рөл атқарады.

Археологтың дәстүрлі символы штык күрегі болып табылады. Ол көбіне дуалды аршуда қолданылады. Жалпақ күрек траншеяны топырақтан тазалауда қолданады, және бұл көптеген жұмыстарда өте қажет құрал. Жүйелі түрде қазу археологиялық қабатты аршудың ең тиімді жолы.

Қабатты қопсыту құралдары кетпен, қайла, бесақа болып табылады. Егер бұл құралдарды мұқият қолданатын болса, олар қабаттың сезімтал индикаторы болады, жерорталық дәстүрлі қазба жұмыстарында мамандандырылған топтар болды, мәселен, қатысушылар, топырақты тасушылар, тазалап аршушылар т.б.

Өте кең таралған археологиялық құралдардың бірі – ромб тәріздес күректер. Оның тік жағалауы мен жоғарғы бөлігі көп мақсаттарға қолданылады: морт, осал заттан қабатты аршу, оның жағалауы мен объектіні тазалауға, аршуға болады. Бұндай күреп жұмыс барысында жиі қолданылады.

Кисть құрғақ ескерткіштермен жұмыста көмегі зор. Көбіне шаруашылық мақсаттағы кисттер қолданылады, оның щеткалары айтарлықтай қаттылау. Оның көмегімен объект жақсы тазаланады. Жұмсақ, жіңішке объектілерді тазалауда өзге кист қолданылады. Жіңішке сүйек, бус, омырылғыш темір заттарды тазалауда суретшілердің кисті пайдаланады.

Ескерткішті тазалау барысында әртүрлі кішілеу құралдар қолданылады. Өткірленген 6 дюмдық шегемен сүйекті, омырылғыш морт заттарды тазалауға қолдануға болады. Инемен қанқаның майда бөліктерін топырақтан тазалайды. Археологтың ең пайдалы құралы әртүрлі формадағы тіс-тазалағыш щеткасы маңызды қызметтер атқарады.

Қазба жұмыстарына елеуіш қажет. Көптеген заттар-монета, раковина, шеге, шыны моншақтар — өте майда. Өте майда артефакт кездесетін қабатты майда елеуішпен елейді. Сонымен бірге флотация әдісі кең пайдаланады.

Іздеу-барлау жұмыстарында рулетка, қорғасын тіктеуіш, арқан, сызба планшеті және оның жабдықтары мен зула, уровень, камзас қолданылады. Бұның бәрі археологиялық архивке ескерткіш жоспарын дәл тіркеу үшін қажет.

Далалық зерттеушілер көбіне компьютерлік технологияны қолданады. Кез-келген қазба жұмысында табылған заттарды сақтау және тасымалдау үшін контейнерлер қолданылады. Керамиканы, жануар сүйегін және майда заттарды қаптау үшін пластикалық қапшықтар қолданылады. Табылған заттарды сақтау үшін картон қорабы, пакет және темірбөшкелер қолданылады.

Археологиялық қазба процесі. Археологиялық қазба жұмысы дәл әрі бояу іске асатын процесс. Археологтың мақсаты әр қабаттың және объектінің пайда болуын түсіндіру. Тек қана қазып, ескерткішті жай ғана суреттеу жеткіліксіз, оның қалай қалыптасқандығын анықтау қажет. Бұл ескерткіште жанасқан қабаттарды аршу және белгілеу жолымен мүмкін болады. Кез-келген ескерткіште қазба жұмысын жүргізгенде негізгі екі әдіс басшылыққа алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *