Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропалық костюм үлгілері

Қайта  өрлеу  дәуіріндегі  Батыс Еуропалық  костюм үлгілері

 

Жаңару дәуірі (ХҮ – ХҮІ ғғ.) тұсында ортағасырлық феодалдық  қоғамнан буржуазиялық қоғамға өту кезеңі болды. Дворяндық жойылып, ірі ұлттық монархилы, соның ішінде жаңа еуропалық ұлт пайда болып,  әлемдік сауда негізі қаланды. Жеке кәсіптер мануфактураларға, одан ірі өндіріс орындары ретінде қаланды. Дәуірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері ретінде ұлттық мемлекеттердің пайда болуы және экономикалық буржуазиялық өндіріс тәсілдерін атауға болады. Бұл дәуірде барлық қоғамдық мәдениет пен өнердің жан-жақты гүлденуі байқалады

ХҮ – ХҮІ ғ. аралығындағы кезең интеллектуалдық гүлдену кезеңі деп есептеледі. Бұл – Леонардо да Винчи мен италяндық қайта өрлеу дәуірі. Феодализм мен абсолютизмге қарсы батыл күрес заманы басталды.

Жаңару діуіріне сипаттама берсек , мұнда адамға қызығушылық табиғатқа деген махаббат, сұлулыққа , білімге құштарлығы жаңалықтар ашуы ( жер жүзін шарлап шығып Магелан мен Колумбтың Американы ашуы), жаратылыстану ғылымдарының, өнердің, әдебиеттің дамуы, гүлденуі, өнер саласында жаңа реалистік әдістің қалыптасуы мен дамуы осы жаңару дәуіріне тән құбылыстар.

Жаңару дәуірінде негізінен өнер мен мәдениеттің басты идеясы гуманизм болды.  Гуманизм еркін адамның жан-жақты дамуының жаңа көрінісін бейнелейді. Жаңару дәурінде тән мен жанның бірлігін айта отырып, рухани және дене күші бірлігі негізгі идея болды. Сұлулық- денсаулық пен күш секілді басты жақсылық, ізгілік ретінде саналды. Ол жайында гумандық философтар және суретшілер Лоренцо Вали, Луки Пачоли, Аньоло Фиренцуллы және  т.б өз еңбектеріне арқау еткен. Адамның дене бітімінің сұлулығын, оның пластикасын, формасын, адам тұлғасының сымбатты жөніндегі теория туралы атақты суретшілер өз еңбектеріне арқау етті. Олар:Леонардо да Винчи, Тициан, Дюрер, т.б.

 Бұл кезеңде мата тоқу орталығы Италия болды. Мұнда – Генуе, Милан, Флоренция, Венеция қалаларында жібек өрнек басылған маталар кеңінен шығарылды. Итальяндық алтын, күміс жіппен тоқылған немесе барқыт жібек маталар бір түсті немесе түрлі түсті кестелеп сурет салынған, өрнектеп басылған, бедерленген, тіпті екі жағы да бедерленген түрлі маталар  шығрылды.Мата бетінде гранат (анар) өрнегі мен павлин қауырсыны бейнеленді.

Киім матасын асыл тастармен маржандап кестелеу арқылы оның салмағын арттырды.Мысалы, осындай тоқыма матасынан тігілген бір киімнің салмағы 25-40 кг жетті. ХҮғ. Батыстың сырт киімдері барқыт пен парша тығыз жібек матасынан тігілді. ХҮ ғасырдан бастап тоқыма баулар пайда болды, оны алғашында алтын жіптермен ілмектеп тоқыды. Тоқыма баулардың среті арнайы журналдарда басып шығарылып, Еуропа елдеріне таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *