. Римдіктер костюмдерді дәстүрге байланысты пайдаланды. Римдіктердің киімдері Гректерге қарағанда едәуір басқаша болды. Империя кезеңінде Римде матаны қолдан жасады. Негізгі мата: жүн және зығыр талшықтарынан жасалды. Осы кезеңде Шығыстан әдемі жібек маталар әкелінді. Римдік костюм түстері негізінен ашық түстердің үйлесімділігінен құралды. Дегенмен, қоңыр, сары, қызғылт түстерді де кеңінен қолданды.
Римдіктердің киімдері ішкі және сырт киімдер болып 2 бөлінеді. Ішкі киімдерді жалаңаш денеге кисе, сырт киімдерді ішкі киімдердің үстіннен киді. Олар ішкі киімдерін туника деп атаған. Римдік туника гректердің хитондарына ұқса келеді. Туникалар әртүрлі болған. Ала жолақ туникаларды жоғары лауазымды адамдар киген. Киімнің оорта тұсынан жоғарыдан төмен орналасқан жалпақ пурпур (қызғылт) түсті жолақты, туникаларды сенаторлар киген. Әйелдер тунигі ерлер тунигіне өте ұқсас болған. Туника сыртынан киетін көйлегін столла деп атаған. Егер де туниканың жеңі болса, столла жеңсіз болып, ол кеуденің көкірек астынан белдікпен байланған. Әйел киіміндегі түстердің үйлесімділігі қоңыр сарғыш, алтынды немесе жасыл болды. Киімді сәндеуде ннегізінен кесте, шашақтар, қымбат тастар қолданылды.
Римдіктердің ең басты сыртқы киімі тога көйлегі.Мұндай көйлекті төртбұрышты ұзын, екі бөлік материалды қосып, эллипс түрінде тіккен. Оның ұзындығы 15фут, ені 10фут болды. Тога былай киілді: ең бірінші ұзыннан екі бүктелген, сосын ұшы сол иықтан алға қарай жерге түскен, ал басқа бөлігі денені жауып, екінші ұшы сол қолтығы арқылы тобыққа жеткен. Тоганы тек қана римдіктер киген. Римдіктер тоганы көпшілік ортада киіп жүруі өте қажет болды. Римдік балалар мен қыздар пурпур түсті тоганы киген. Олар жасөспірім жасқа жеткенде, қыздар тұрмысқа шыққанда пурпур түсті киімдерін ақ түске алмастырды. Пурпур түсті киген адамдар жоғарғы қызметте жұмыс істеді. Римдіктердің сулықтарын лацерна, сагум, палудаментум деп атаған. Лацерна – жұқа матадан жасалынған, кейде әдемі әшекейленген, ұзындау болып келген төртбұрышты, алдыңғы жағы ашық белдікпен жиырылған, капюшоны бар, ол киімге ілмектер арқылы немесе тігіс арқылы жалғанған. Капюшонды сагумға да тіккен. Сагум – солдаттар киген сулық, лацернадан қысқа және матасы қалың болған.
Палудаментумды ең алғаш солдаттар, кейіннен армия басшылары киген. Оны жұқалау матаны ақ немесе пурпур түсінен көптеген қатпарлары бар етіп жасаған. Римдіктер ауа райына байланысты түстері де әр түрлі киімдер киді. Заң бойынша римдіктердің тогасы ақ түсте болды. Тек қана қара жамылғандардың тогасы қара түсте болды. Сонымен қатар қара түсті құлдар мен қарапайым адамдар киді. Алқызыл, жасыл, ашық, жасыл, сары, көгілдір, пурпур сияқты өте қымбат сия көк түстерді пайдаланды. Римдіктердің киімдерінде тек қана жолақ сызықтар ғана емес, сондай-ақ тор көзді кестелер, кестелеп тігілген немесе тоқылған гүлдердің, жұлдызшалардың суреттерімен әсемделді. Римдіктердің Галерус бас киімдері ит терісінен жасалған. Бұл бас киімнің формасы жарты шар және жикеексіз болып келген. Дегенмен, Рим елінің әр аймақтары өздерінің бас киімдерінің формасы әртүрлі болған. Фригия шапкасы түнде ұйықтатпайтын бас киімге ұқсаған жоғарғы жиегі алға қарай иілген, лентасымен иектің астына қарай байланған. Персидмитра бас киімі, бұл қазіргі Шығыс елдерінде киетін сәлде сияқты бас киімге ұқсайды, бірақ оның формасы күрделі болған. Оны оорағанда бастың желке тұсы мен мойнын жауып ораған. Римдіктердің шашы адамның сұлу да әсем бөлігі деп есептеген. Олар өздерінің құдайларының шашын қалың бұйра, ұзын ақсары түрінде елестеткен. Сол себепті римдіктер шаштарын бұйралап жүретін болған. Олар жалаң аяқ жүрмеген, бұлар да қарапайым өкшелі аяқ киім және туфлиді пайдаланған. Тога киген кезде балтырына дейін жететін теріден жасалған аяқ киімді киген. Бұл аяқ киімнің қызыл, сиякөк түсті жоғарғы лауазымды адамдар киген. Ол мурмус деп аталған. Екінші орында сенатор башмагы. Оның формасының айырмашылығы алдынан айқастырып балтырына дейін байланған қара түсті болған. Аяқ киімнің көтеріңкі тұсын алдында күміс аймен безендірілген. Ең дөрекі башмак перо деп аталған. Оның формасы етікке ұқсады әрі ол өңделмеген теріден жасалған. Оларды солдаттар, аңшылар киетін болған. Табанын шегемен қаққан. Кедейлері ағаштан жасалынған аяқ киімді пайдаланған. Әйелдер башмактары ақ, қызыл, сары, қою жасыл түсті, жұмсақ терден жасалған және әр түрлі асыл тастармен әшекейленген.
Римдіктер әр түрлі әшекей бұйымдарын пайдалаып отырды. Олар бастарына гүлден немесе жапырақтан жасалынған гүл тәжілер киді. Олар алғашында көзі жоқ әшекейленбеген сақиналарды төртінші саусаққа киді. Этрустардың салты бойынша римдіктер жай темірден жасалынған сақина таққан, оны тек қолтаңба ретінде пайдаланған. Ал алтын сақина тек сенаторларға, салт аттыларға киюге рұқсат етілген. Бағалы тастарды мына жүйеде бағалаған: алмаз, смарогдт бернил, опал, сорданикс. Әйелдер киім кигенде этрус салтымен шұқымаланған төртбұрышты, мыс пен қалайы қосындысынан әзірленген айнаны пайдаланды. Кейіннен үлкен айна қолданыла бастады.
Сәнқойлар әсемдік үшін бояғыш заттарды пайдаланды. Қастарын қара күйемен бояды немесе сүрмені пайдаланған. Нард, роза, мафрон май, оран деп аталатын хош иісті заттарды пайдаланған. Олар өте қымбат болды. Римдіктер күннің ыстығынан және жаңбырдан қорғанатын қолшатыр пайдаланды. Бұларды өздері немесе құлдары ұстпа иесін күн сәулесінен, жаңбырдан қорғап жүрген.
Қорыта айтқанда, Ежелгі дүние костюмінің пішімі қарапайымдылығымен, табиғи маталардың сан алуан түрлілігімен, ою — өрнектерінің өздеріне тән ерекшеліктерімен айқындала түсті.