Жасөспірімдік шақта дербес дамудың сипаттамасы
Жасөспірімдік жасқа өту баланың дербес дамуына әсер ететін жағдайлар-дың терең өзгерістерімен сипатталады. Олар ағзаның физиологиясына, жас-өспірімнің үлкен адамдар мен құрдастарымен қалыптасқан қарым-қатынаста-рына, танымдық процестердің даму деңгейіне, интеллект пен қабілеттерге қатысты. Мұның бәрінде балалықтан ересектікке ауысу байқалады. Баланың ағзасы үлкен адамның ағзасына айнала бастайды. Баланың физикалық және рухани өмірінің орталығы үйден сыртқы әлемге көшіп, құдастары мен үлкендер ортасына ауысады. Құрдастар тобындағы қатынастар қызмет түрлерінің кең диапазонын қамтитын істерге, бірігіп еңбек етуден өмірлік маңызды тақырып-тарға жеке қарым-қатынасқа дейін құрылады. Осы жаңа қатынастардың бәріне жасөспірім интеллектуалды дамуы жеткілікті адам болып кіріседі. Мектептің жоғары сыныптарында 3-4 жыл оқу кезінде тұлғаның мотивациялық шеңбері қалыптасып, жеке және іскерлік қызығушылықтары анықталады, кәсіби қабілеттері мен мүмкіндіктері білінеді.
Жасөспірім тұлғасының дамуында еліктеудің алар орны мен мазмұны
Жасөспірімдік шақта тұлғаның дамуында еліктеудің алар орны мен мазмұны өзгереді. Егер онтогенездің ерте сатыларында олар стихиялық сипатқа ие болып, бала санасы мен еркімен аз бақыланса, жасөспірімдік жасқа қадам басқан тұста еліктеу басқармалы сипатын иеленіп, баланың өзін-өзі интеллек-туалды және дербес жетілдіруінің көптеген мұқтаждықтары қызмет ете бастайды. Оқудың осы формасының дамуындағы жаңа кезең жасөспірімдерде ересектіктің сыртқы атрибуттарына еліктеуден басталады. Мақсатқа жету мен ересек болудың ең жеңіл тәсілі – бақыланатын мінездің сыртқы факторларына еліктеу. 12-13 жастан бастап жасөспірімдер (қыздар ертелеу, ұлдар кештеу) үлкендердің мінезіне еліктейді. Оған киінудегі сән, шашқа күтім жасау, сәндік бояулар, зергерлік бұйымдар, ерекше сөздік қор, мінез-құлықтағы ерекшелік-тер, демалу тәсілдері, көңіл көтеру т.с.с. жатады.