Балаларды сауаттылыққа үйрету практикасында ХІХ ғасырдың ортасына дейін әріптеп сөйлеу әдісі қолданылып келді. К.Д.Ушинский оқытуда, әрине, әріптік тәсілге қарағанда әлдеқайда жетілген дыбыстарды саралап-талдау әдісін пайдалануды ұсынды. Оқытуда дыбыстық әдісті пайдалану кезінде мұғалім әріпке көрсете отырып, оған сәйкес келетін дыбысты үндеп шығарады. Бұл әдіс қазіргі заманғы дәстүрлі сауаттылыққа үйрету әдістемесінің негізінде жатыр.
Оқытуды жетілдіру әдістемелерінде (Давыдов-Элькониннің және В.В.Занковтың) дыбыстық саралап-талдау әдісінің жаңаша түрі – дыбыстық-фонемалық әдіс қолданылады. Аталмыш әдістемелер оқу процесі барысында балада қалыптасқан сөздер түсінігіне негізделеді, яғни бала сөз төркінін түсініп, мағынасына сәйкес әріпті таңдауы қажет. Бүгінгі күнде бұл әдістеме-лер ең жетілдірілген болып есептеледі, алайда олардың кез келгенімен оқыту кезінде жоғарыда айтылып өткен ауытқушылықтары бар оқушылар міндетті түрде қиыншылықтарға ұшырасады.