Сауаты төмен оқушылар
Бұл топқа жататын балалардың педагогикалық тұрғыдан босаңсуы төмен сауаттылықпен, яғни танымдық қызметке қажетті ойлау қасиеттерінің кері қалыптасуымен тікелей үндесіп жатады. Алдымен ақылдың осындай кері қасиеттерін сипаттап, содан соң оларды туғызатын себептерге тоқталайық.
Ойлау деңгейінің ат үстілігі – ақыл тереңдігіне қарама-қарсы қасиет. Ол екеуінің арасындағы кездейсоқ байланыстарды анықтауда сыртқы, бірыңғай белгілердің бөлінуінен айқын көрініс табады, мұның өзі олардың үйлесім-ділігінің төмен деңгейін көрсетеді. Мәселен, рычагтардың тепе-теңдігіне байланысты практикалық тапсырмаларды шешуде үстіртін ойлайтын оқушылар тепе-теңдік жағдайларын анықтау үшін кездейсоқ түскен детальдарды негізгі деп ажыратып отырған. Олардың пікірінше, тепе-теңдік тек оң жағында жүк тұрғанда ғана қалыптаспақ. Мұндай жағдайда ғылыми терминдерді қолдану қиынға соғатыны белгілі. Алтыншы сыныптың оқушылары «иық» сөзін «жең» деген сөзбен ауыстырып, өздерінің сөздік қорларына жаңа терминді енгізуден қашқақтаған. Ат үсті ойлайтын оқушылар құл бейнесін сипаттау кезінде басты белгілері деп оның арықтығын, нашар киім киетінін алға тартып, құлиелену-шінің бейнесі мүлде қайшы дегеннен әрі аса алмайды.