Үлгермеуші оқушылар психологиясы

Қазақстан Республикасындағы білім саясаты білім мекемелерінің қоғамдық деңгейін жоғарылатуға, отандық дәстүрлер мен қазіргі заманғы тәжірибенің негізінде тәрбие құрылымы мен мазмұнын жаңартуға, оқу-тәрбие процестерінің, қоғамдық және жанұялық тәрбиенің көп қырлылығы мен интеграциясын қамтамасыз етуге негізделген.

Білім жүйесіндегі басым міндеттердің бірі тұлғаның шығармашылық және рухани қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салты құндылықтарының берік негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ, жеке даралықты жетілдіруге жағдайлар жасау жолымен сана-сезімді байыту болып табылады (07.07. 1999 ж. ҚР «Білім туралы» Заңы. 1-тарау, 8-бап).

Қазіргі жағдайда рухани жағынан жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру жолында жалпы орта білім беретін мектептердегі білім алушылардың үлгерімі нашарлығы мәселесін шешу қажет. Білім жүйесіндегі оңды жетістіктер мен реформаларға, оқу-тәрбие ісіне заманауи білім беру технологияларының (активті және интерактивті әдістер) енгізілгеніне, мұғалім мен оқушының арасында «субъект-субъектілі» принципі бойынша қарым-қатынастардың қалыптасқанына қарамастан жоғарыда көтерілген мәселенің білім ұяларында әлі шешіле қоймаған күрделі мәселе екенін естен шығармағанымыз жөн. Осыған байланысты жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына «Үлгерімі төмен оқушының психологиясы» атты арнайы курс ендірілген болатын.

«Үлгерімі төмен оқушының психологиясы» пәнін меңгеруде алға мынадай міндеттерді қойған абзал: қазіргі заманғы білім жүйесіндегі оқушылар үлгермеушілігінің алдын алу және жоюдың психологиялық-педагогикалық негіздерін зерттеп қарау; болашақ педагог-психологтарға үлгермеуші оқушы-лардың түрлері мен себептерін ажырата білуді, олармен тіл табысудың жолдарын табуды үйрету, сонымен қатар, үлгермеуші оқушыларға психологиялық түзету және психологиялық жәрдем беру әдістерін пайдалану.

Бұл оқу құралында автор әр заманда білім алушылардың үлгермеушілігі, оқудағы үлгермеушіліктің себептері мәселелерін зерттеген Бабанский Ю.К., Цетлин В.С., Теплов Б.М., Якобсон П.М., Крутецкий В.А., Колесов Д.В. т.б. белгілі ғалымдардың тәжірибесіне сүйенеді. Әрбір тақырыптың соңында семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар, СӨЖ және рефераттар үшін тақырыптар берілген, мұның өзі көкейкесті педагогикалық проблеманы тереңдетіп оқытуға қолайлы. Сонымен қоса, ұсынылатын әдебиеттер тізімі мен 7 қосымша бар.

Автор қолыңыздағы осы оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орын-дарының студенттері мен жалпыға ортақ білім беру мектептерінің мұға-лімдеріне үлгермеуші оқушылармен жұмыс істеуде көмек беріп, қазіргі заманғы білім шаңырақтарындағы үлгермеушіліктің алдын алу жолында профилактикалық шараларды жасауға жәрдемдеседі деген үмітт

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *