Ағашты өңдеу тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.

Ағашты өңдеу тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.

Әрлеу тәсілдері және әрлеу материалдары. Жарықтың, ылғалдың, температураның және басқа да факторлардың әсерінен сырты қапталмаған бұйымдар тез бұзылады: жарылады, деформацияға ұшырайды (пішінін өзгертеді), иіліп майысады, табиғи түсін жоғалтады және т. б. Бұйымның  сыртқы бетін сақтау үшін әрлеу (отделка)  жұмыстарын орындайды.

  Әрлеу дегеніміз — бұл бұйым  бетіне берік, сәндік қорғағыш қабатпен қаптау. Қорғағыш қабат (пленка) бұйымды, заттарды сыртқы атмосфера жағдайынан және механикалық заттардан сақтайды. Сондай-ақ, жылтыраматын, мөлдір емес материал қабатымен бұйымның сыртқы бетінің ақауын жасыруға болады. Әрлеудің басқа түрлерімен бұйымның сыртқы түріне жақсы өң беруге, табиғи түсін және қымбат ағаш породасының текстурасын сақтауға болады.

  Бұйымның қайда тұруына, оған қойылатын талаптарға байланысты ағаш породасына және пайдалану шартына қарай әрлеу қайта әрлеу жұмысы мынадай болып бөлінеді: текстураны қаптау арқылы, текстураны сақтау арқылы боямалау, арнайы және сәндік-көркем.

  Текстураны қаптау арқылы әрлеу дегеніміз — бұл бұйымның бетін көрінбейтін берік , сәндік қабатпен, табиғи текстураны немесе ағаштың породасын жабуды айтады. Бұл әрлеу жұмысы ағаштың қымбат емес породасынан жасалған бұйымға немесе текстурасы нашар сыртқы ортада тұратын бұйымға жүргізіледі.

  Текстураны сақтау арқылы  әрлеу қымбат породалы ағаштан бұйым дайындауда қолданылады.

  Боямалау арқылы әрлеу (әшекейлеу) қымбат емес породалы (түсі нашар) ағаштан жасалған бұйымның бетін қымбат, түсті ағаш породасына – (талшықтарды бояу арқылы)  келтіру мақсаты үшін жүргізіледі.

  Арнайы әрлеу негізінен фанералауда, яғни бұйымның көрінетін бетін қымбат ағаш породасының түсті текстура шпонымен қаптау. Сондай-ақ мұндай өңдеуге ағашты текстура қағазымен, синтетикалық шпонмен және пленкамен қаптау жұмысы жатады.

  Сәндік-көркем әрлеу жұмысы негізінен эстетикалық мақсатта жүргізіледі. Бұл кесу арқылы оюлау, қысым арқылы оюлау, күйдіру, мозайка, металдау және т.б. жұмыстарды қамтиды.

  Әрлейтін материалдар негізінен дайын лак, бояу түрінде болады. Оларға лактар және политур (смолалы зат қосылған спиртті лак), бояу және эмаль грунт (бояу қабаты жатады).

  Негізгі көркем-сәндік өңдеу. Қазіргі кезде ағаш ұстасы бұйымдарын, мебельдерді, үй жиһаздарын арнайы сәндік-көркем өңдейді. Көркем өңдеудің мынадай түрлері бар: ағашты металдау, ағашты оюлау, жабыстыру, мозайка, күйдіру, бояу, кесілген әшекейлермен безендіру.

  Металдау деп — ағашты жұқа металл немесе қорытпаларымен (алтын, күміс, қола) әртүрлі тәсілмен қаптауды айтады. Қарапайым және көп тараған металдау түріне алтын тәрізді ұнтақ қола қабатын ағаш бюетіне жағу болып табылады. Бұйымның беті бояу алдындағыдай дайын болуы керек.

  Бронзалаудың екі тәсілі бар:

  Біріншісі, бұйымды майлы бояумен бояп, кебу барысында бронза ұнтағын үрлейді (себеді). Кейде бояуды кептіріп, содан соң лакқа бронзалайды да, түссіз лакпен лактайды.

  Екіншісі, бүйымның дайын болған бетіне арнайы лакпен ара-ластырған бронза лакты жағады.

  Кесу (ою) — ағаш бұйымдарын (әшекейлеудің) әдемілеудің  көне тәсілдердің бірі. Кесудің (оюдың) төрт түрі бар: оюлап кесу (сызықты, геометриялық ою), жазық ою, рельефті және скульптура (мүсін өнері).

  Оюлап кесу (өрнектеп ою)- бұл ағаштың бетіндегі суреттің негізгі сызықтарын жұқа тереңдікте сызық түрінде кесу.

  Жазық ою — бірнеше миллеметр фоннан (негізгі түстен) төмен орындалады. Кейбір жағдайларда сурет оюланады, ал беткі қабат фон қызмет атқарады.

  Рельефті ою — фоннан едәуір төмен тереңдікте орындалады. Егерде кесілген сурет беткі қабаттан айтарлықтай шығыңқы болса, онда оны горельеф дейді, одан төмен дөңестіктегісі — барельеф деп аталады.

  Мүсін оюдың айырмашылығы сурет фоннан бөлек болады, көбіне дене кесіліп алынып, бұйымға желіммен немесе жасырын шабақпен желім арқылы біріктіріледі.

  Сурет түрінің сипатына байланысты ою геометриялық, сызықты, шұқыр және т.б. болып бөлінеді. Ою алдын-ала белгі түсіруді талап етеді. Көбіне сурет ағашқа көшіру қағаз арқылы көшіріледі. Күрделі мүсінді ою үлгі немесе модель бойынша орындалады.

  Кесу үшін жөке (липа) ағашы көбіне жарамды болып табылады. Ол жұмсақ, біртүсті, құрылысы біріңғай, аз жарылады және лакты жақсы алады. Сондай-ақ ольха, қайың, кедір, терек, үйеңкі, бук және т.б. қолдануға болады. Кейбір қылқан жапырақты ағаш түрлері кесіп оюлау үшін жарамсыз, себебі, құрылысы біріңғай емес.

  Ағаш бетіне түскен оюды көбіне түссіз лактайды. Біріңғай түсті алу үшін ағаш бетін сумен сүртеді. Бояуды көбіне үрлеу әдісімен лактаған жақсы.

  Кесуді (оюды) келесі тәртіппен жүргізеді: белгі салу және суретті көшіру; суреттің сыртқы сызығын кесу; негізгі түсті (фонды) кесу; суреттің бөлшектерін кесу; соңғы түзету және оюды тазалау.

  Кесу жұмысы үшін әртүрлі формадағы болат кескіштерді, қа-шауларды, рашпильді, егеулерді қолдануға болады. Әрбір кескіш өткір қайралған болуы қажет. Кескішті түзету мен өткірлеу сәл доғаланған уақытта қайталанады. Кесуді ілгеріде көбіне кесуші қолмен атқаратын. Соңғы уақытта арнайы мүсін жону және көшіру-жону станоктары пайда болды, олардың ерекшелігі айналу жылдамдығы жоғары. Станоктар әртүрлі кесуші аспаптар жиынтығымен қамтамасыз етілген.

  Оюлау (өрнектеу-гравирования) ағаш бетіне қысыммен өрнек салу (тиснение) және кислотамен сығымдау арқылы орындалуы мүмкін.

  Қысыммен өрнек салу арнайы көп плиталы қыздыру престерінде немесе прокаттау вальциде орындалуы мүмкін. Ағашты плита немесе вальцимен сығымдау арқылы алынған бедер берік және анық болып келеді.

  Ағашты кислота арқылы сығымдау адам денсаулығына зиянды болуына байланысты аз қолданылады.

  Ағаштан мозайка (құрақ) — бұйымды әйнекпен, сүйекпен, мрамормен, ағаштың қымбат породасымен әшекейлеу. Ағаштан мозайка түрлері — инкрустация (бастырма), интарсия, маркетри болады.

  Инкрустация — ағаштың бетін сүйек, металл және т.б. материалдардың жұқа қабатымен (пластинкасымен) әшекейлеу.

  Интарсия — ағаштың жұқа пластина қабатын басқа ағаштың басқа породасынан жасалған бұйымның кесіліп алынған орнына желімдеу.

  Маркетри — бұйымның бетіне шпоннан алынған суреттерді желімдеу.

  Ағашты күйдіріп өрнектеу — ағаштың бетіне ыстық штамптың, қызған электр біздің, қыздырылған металл вальци арасымен прокаттау арқылы сурет түсіру.

  Қыздырылған штамппен күйдіріп өрнектеу электр тогының көмегімен қыздырылып, өңделіп алынған бетке қойылады. Бұл тәсілмен үлкен емес суреттер түсіріледі.

  Қыздырылған электр бізбен күйдіріп өрнектеу пирографией деп аталады. Электр бізбен жұмыс жасау ағаш бетіне түсірілген сурет немесе көшіру қағазы арқылы жүзеге асады. Электр бізбен күйдіріп өрнектеу үшін көбіне бір түсті жұмсақ ағаш породасын пайдаланады.

  Суретті қыздырылған вальци арасында прокаттау арқылы күйдіріп өрнектеу — пиротипия деп аталып, жазық беттерді әшекейлеу (өңдеу) үшін қолданылады. Алдымен вальци ағаштың түгін күйдіріп, бетін қызылды-қоңыр түске келтіреді, содан кейін үстіңгі вальци көмегімен оюланған сурет күйдіріледі.

  Майлау (сырлау) және текстура қағаздарын жапсыру.

  Майлау (сырлау) жұмыстары үй құрылысындағы, жиһаз дайын-даудағы ең соңғы жұмыстың бірі. Бұған үйдің ішкі-сыртқы жақтарындағы әр түрлі бөліктерді бояу жатады. Бөлменің ішіндегі бояу-дың түрлері адамның көңіл күйіне әр қилы әсер етеді. Сондықтан олардың түсі мен түрін таңдау негізгі жұмыстардың бірі болады. Бояулардың түрін анықтағанда бөлменің ауданы мен биіктігін, түсе-тін жарық пен бөлменің орналасу қалпын еске алу керек. Бөлменің терістікке қарап тұрған қабырғасын ақшыл түспен, оңтүстікке қара-ғанын күңгірттеу түспен бояған жөн. Бөлмеде табиғи жарық көп болған жағдайда барлық қабырғаларды күңгірт бояумен бояйды. Тұратын бөлме биіктеу болғанда қабырғаны төбеге 6-10 см қалғанша бір түсті бояумен, ал жоғарғы жағын төбені бояйтын бояумен бояйды. Орындалу сапасына қарай майлау жұмыстары жәй, орташа және жоғары сапалы болып бөлінеді. майлау жұмысында қолданылатын бояғыш заттар жабыстыру мен еріткіштік қасиеті бойынша сулы және сусыз болып келеді. Сулығы желімді, әкті, силикатты және ірімшікті құрам жатады.

  Желімді құрамы бар бояумен кебу бөлменің ішін, оның жиһаздарын бояйды. Бөлменің ішінде ағаш беттерін бояйды. Майлы бояу құрылымдарды жауын-шашанның әсерінен қорғап, тазалықты қамтамасыз етеді. Майлы бояу жағылған бетті жалтырату үшін лак жағу керек.

  Текстура қағаздарын жапсыру жұмыстарына ағаш бұйымдарына жапсыру жатады. Текстура қағаздары сапасы бойынша жәй, орташа және жоғары сапалы болып бөлінеді. Желімдеу бойынша желім жағатын және өздігінен желімделетін болады. Бетінде түсірілген таңбалары бар қалың текстура қағазын жоғары сапалы деп атайды Кейбір текстура қағаздарында синтетикалық смола болады. Олар ылғалға төзімді болып келеді және бетін жууға болады. Бет құрылысын жәй жылтыр және суретті етіп шығарады.

  Бұл өздігінен желімделетін текстура қағаздармен ағаштан, металдан, т.б. дайындалған бұйымның бетін, ағаш талшық плиткаларды және фанерамен қапталған қабырғаларды өрнектейді. Одан басқа жұмыстардың барлығы текстура қағазын желімдеуге дейін жасалады.

  Текстура қағазын жапсыратын ағаш беттің ылғалдығы 10 проценттен, басқа беттердің ылғалдылығы 8 проценттен аспауы керек. Ағаштан және одан алынатын өнімдерден дайындалған бұйымдарды желімдеу қосымшада көрсетілген.

  Текстура қағаздарымен, синтетикалық шпонмен қаптау. Үйдің қабырғасы мен төбесін кейбір кезде текстура, синтетикалық шпонмен, өрнек салынған қағазбен қаптайды. Бұлар үйдің ішіне сән берумен қатар жылу ұстайды. Текстура, өрнек салынған қағаздар әр түрлі болады. Оның бір орамының ұзындығы 7-12 м, ені 60-75 см және 1 м2 бөлігінің салмағы 70-200 грамм болады келеді. Текстура және өрнек салынған қағазды бөлменің мөлшеріне, онда қойылатын заттардың түріне қарай таңдап алады. Ашық түсті қағаздар бөлмені жарық, үлкен етіп көрсетсе, күңгірт түсті қағаздар бөлмені қараңғы, кішкене етіп көрсетеді. Оқу бөлмесіндегі текстура және өрнек салын-ған қағаздар басқа бөлмедегілерден ашықтау болуы керек.

  Текстура қағазын жабыстырудан бұрын бұйымның, бөлшектің жазықтық бетін жөндеп, кептіреді. Жазықтыққа жұқа қағаз бен газет жапсырып, ол кепкен соң үстіне клейстрмен жай текстура қағазын немесе өздігінен желімделетін текстура қағазын жапсырады. Өзігінен желімделетін қағазды өте кебу сылаққа, бетонға т.б. жабыстыруға болады. Ылғалды бетке жабыстырылған текстура қағазы көтеріледі. Қатырма мен фанераның үстінен текстура қағазын жапсырғанда олардың қиылысқан жапсарларын бітеп және ол кепкен кезде үстін тегістеу керек. Кейбір жағдайда бітелген жапсардың үстінен бірнеше қабат қағаз жапсыруға болады. Олардың жоғарғысының ені төменгі-інің енінен 1 см кем болады. Қағаз кепкен кезде үстінен пемзаны (өте жеңіл, кеуек тау жынысы, түсі ақшыл, жылу өткізбейді) үйкелеуге болады. Текстура қағазын желімдеп болған соң оны лакпен қаптаса, оның сапасы жақсарады.

  Өздігінен желімделетін қағазды жапсыру жұмысы бөлмедегі тем-пература +80С -тен артық болғанда жүргізіледі. Әрбір қағазға клейстр жағып, таза шүберекпен бастыра жапсырады. Жабыстырылған қағаздардың астында ауа қалмауы қажет. Қағаздардың астыңғы және үстіңгі жақтарын жақсылап желімдеп, үстіне жіңішке қағаз жүргізеді. Жазық бетке жапсырылған жәй қағаз бен текстура қағазды сапалы желімдеу үшін беттің шаңын, майын кетіру қажет.

  Дайын желіммен текстура қағазын желімдейді. Өздігінен желім-делетін текстура қағазын үйдің қабырғасының биіктігіне лайықтап кеседі. Оның ұзындығы керекті ұзындықтан 5-10 см артық болу керек. Жұмысты бастаудан бұрын жай текстура қағаздардың бет жағын қаратып жазып жинайды. Жай текстура қағазына желім жағып, желімдеуді орындайды. Оның кебу тез болуы үшін кейде үтіктейді. Өздігінен желімделетін текстура қағазын желімдеу үшін оның ішкі қабатын алып, бірден желімдеуді орындайды.

  Желімдеу жұмыстары жазық беттің сыртқы бұрышынан басталады. Өздігінен желімделетін текстура қағазын, жай текстура қағазын үстінен төмен қарай жабыстырады және таза шүберекпен басып, қағаздың ортасын, содан соң шеттерін тегістейді. Оны жабыстырған кезде суреттерін бір-бірімен дәл үйлестіреді.

  Текстура қағазын желімдеу ұқыпсыз жүргізілсе, қағаз тез кірлейді. БҮйымдағы текстура қағазы уақыт өткен сайын және әр нәрсенің тиюінен кірлейді. Оны кетіру үшін тіс жууға пайдаланылатын ақ ұнтақты қоюлап араластырып кірдің үстіне жағып, бір күндей қоя тұрады. Содан соң жағылған ұнтақты шөткемен тазалап, пышақпен тырналап кетіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *