Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептер жүйесі

 

 

Ерекше  білімді   қажет   ететін  мектеп   жасындағы  балалар   арнаулы   білім   беру

стандарттары негізінде арнаулы мекемелерде немесе үй жағдайында білім алады.

 

  • ғасырдан бастап мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық категориясы арнаулы (түзету) мектеп-интернаттарында білім алып келеді.

 

Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына арналған арнаулы білім беру мекемесінің сегіз түрі бар:

 

І түрдегі  саңырау балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

 

ІІ түрдегі нашар еститін және кеш саңыраулыққа ұшыраған балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

 

ІІІ түрдегі кӛрмейтін балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

IV түрдегі нашар кӛретін балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

 

V түрдегі сӛйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

 

VI түрдегі тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

 

VII түрдегі психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

 

VIIІ түрдегі ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

 

Кӛрсетілген арнаулы мекемелердегі қызмет түрлері Ресей Федерациясының 1997

 

жылғы 12 наурыздағы қабылданған «Об утверждении Типового положения о специальном (коррекционном) образовательном учреждении для обучающихся, воспитанников с отклонениями в развитии», Ережесі бойынша басқарылып келеді.

 

Қазақстан  Республикасындағы  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  арналған

 

коррекциялық ұйымдарының қызметі мен тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 ақпандағы №100 «Арнайы білім беру ұйымдарының ережесінің» қаулысы бойынша арнаулы білім беру жүйесінің мазмұны реттелуде

 

Кӛрсетілген нормативтік құжатқа сәйкес арнаулы мекемелердің барлық түріне арналған білім беру стандартты ережелері қабылданған.

 

Білім беру мекемелерінің әрқайсысы арнаулы білім беру стандарты негізінде баланың психофизикалық дамуы мен жеке даму мүмкіндіктерін есепке алып оқу

 

жоспарларын, оқу бағдарламаларын құрып, оны жүзеге асыруда. Сонымен қатар, тұлғаның аутизмдік даму ерекшеліктеріне қарай, Дауна синдромының белгілеріне қарай санаториялық типтегі арнаулы білім беру мекемелерінің мемлекеттік емес түрлері де құрылуы мүмкін.

 

Мұндай мемлекеттік емес арнаулы білім беру орындары бала ӛміріне тікелей жауапты бола отырып, баланың конституциялық құқығы мен мүддесін қорғауды ӛз жауапкершілігіне алады.

 

Арнаулы білім беру мекемелерінің барлық түрінде бала үшін қажетті жағдайлардың барлығы (медициналық кӛмек, әлеуметтік бейімделу мен интеграция) қамтамасыз етіледі.

 

Арнаулы (түзету) мекемесінің түлектері (VIII түрдегі мектеп түлектерін қоспағанда) цензалы білім алады.Мұнда жалпы білім беру мазмұнының деңгейіне сәйкес білім беріледі, мысалы: негізгі жалпы білім беру, орта жалпы білім беру. Арнаулы мектеп түлегіне игерген білімінің деңгейіне қарай мемлекеттік негіздегі құжат беріледі.

 

Арнаулы мектептерге ата-аналардың келісімімен және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталықтарының қорытындысына сәйкес білім беру басқармалары баланың білім алуына қажетті жолдама береді.

 

Арнаулы мектептерде күрделі кемшіліктер анықталған балалар үшін арнаулы сыныптар құрылады. Бала дамуындағы кемшіліктің деңгейі мен түріне, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мүшелерінің қорытындысына қарай білім беру процесінде мұндай балалар үнемі бақылауда болуы тиіс.

 

Арнаулы мектеп оқушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мүшелерінің қорытындысы, ата-аналардың келісімімен оқу бағдарламасын игеру мүмкіндігі мен даму қабілетіне қарай жалпы білім беру мекемелеріне ауыстырылуы да мүмкін.

 

Арнаулы мектептерде білім берумен қатар медициналық кӛмек кӛрсету арқылы бала денсаулығын сақтау, психологиялық қолдау кӛрсету, әлеуметік қорғау қызметтері де кӛрсетіледі. Мұндай қызмет түрлерін кӛрсетуге арналған мамандарға штат бӛлініп, қызметкерлердің әрекеті педагогикалық ұжымның жұмыс мазмұнымен, жұмыс кестесімен тығыз байланыста құрылады және диагностикалау, психокоррекциялау, психотерапиялық, бала құқығын сақтау сияқты қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Қажет болған жағдайда балаларға медикаментоздық ем, физиотерапия, массаж, шынықтыру жаттығулары, емдік-сауықтыру бағытындағы қызмет түрлері кӛрсетіледі.

 

Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға араласу, әлеуметтік интеграция, әлеуметтік ортаға бейімделу процесін әлеуметтік педагог мамандар жүзеге асырады. Арнаулы мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың қызметі мектеп түлегінің мектепті аяқтау бітіру уақытына қарай кәсіби мамандығын таңдауда, мектепті аяқтау кезінде үлкен роль атқарады.

 

Арнаулы мекеменің қай түрі болмасын мектеп түлектерін қоғамдық пайдалы еңбекке, кәсіби еңбекке даярлайды. Баланы мұндай еңбек түрлеріне даярлау ісі жергілікті жердің ерекшеліктеріне байланысты: жергілікті еңбек нарығының қажеттіліктері мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары, мүмкіндіктеріне қарай аймақтық, этноұлттық және мәдени ерекшеліктерге байланысты түрленіп отырады.

 

  • түрдегі арнаулы мектеп — жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына сәйкес үш деңгейде білім беретін саңырау балалар мектебі:

 

1-ші деңгейі — бастауыш жалпы білім беру (дайындық сыныбымен қоса есептегенде 4-5 жылды қамтиды);

 

2-ші деңгейі — негізгі жалпы білім беру (5-6 жылды қамтиды); 3-ші деңгейі — толық орта білім беру (2 жылды қамтиды).

 

Мектеп жасына дейінгі дайындығы жоқ 7 жастағы балалар бірінші сыныпқа қабылданады. Оқу әрекетінің барлығы ауызша және жазбаша сӛйлеу тілін қалыптастыру мен дамыту жұмысына бағытталып құрылады да балалардың есту, кӛру қабілетінің негізінде қоршаған ортамен танысу, дыбыс күшейткіш аппаратуралардың кӛмегімен тілдік қарым-қатынасқа түсу жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.

 

Осындай мақсатпен есту қабілетін дамыту мен ауызша сӛйлеу тілін қалыптастыруда арнаулы топтық және жеке сабақтар үздіксіз ұйымдастырылып отырады.

 

Билингвистикалық жүйе негізінде жұмыс жасайтын мектептерде оқушыларды ыммен сӛйлеуге және ауыз екі сӛйлеу тіліне қалыптастыру жұмыстары қатар ұйымдастырылады.

 

Арнаулы мектептің І түрінде күрделі кемшілігі бар саңырау балаларға арналған (ақыл-ой дамуы бұзылған, кӛруі нашар, оқуда қиындықтар тудыратын) арнаулы сыныптар жұмыс жасайды.

 

  • түрдегі мектептердегі сынып оқушыларының толымы 6 оқушыдан аспауы керек, ал арнаулы сыныптардағы оқушылардың толымы 5 оқушыдан аспау тиіс.

 

  • түрдегі арнаулы мектеп — нашар еститін, кеш саңыраулыққа ұшыраған, бірақ ӛз бетімен сӛйлей алатын мектепке дейінгі және мектеп жасынағы балаларға арналған мектеп. Бұл мектеп екі бӛлімге бӛлінеді:

 

бірінші бӛлім — есту қабілетінің бұзылуына байланысты жеңіл түрдегі сӛйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналады;

 

екінші бӛлім — есту қабілетінің бұзылуына байланысты күрделі түрдегі сӛйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналады.

 

Кӛрсетілген бӛлімдердің әрқайсысына (бірінші сыныпқа) балабақшада болған жеті жасқа толқан балалар қабылданады. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиесінде болмаған балалар екінші бӛлімде дайындық сыныбынан ӛтеді.

 

Сыныптардағы (топтардағы) оқушылардың толымы бірінші бӛлімде 10 оқушыны, екінші бӛлімде 8 оқушыны құрайды.

 

  • түрдегі арнаулы мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру мазмұнының бағарламасына сәйкес үш деңгейде ұйымдастырылады:

 

1-ші деңгейі — бастауыш жалпы білім беру (бірінші бӛлімде 4-5 жыл, екінші бӛлімде 5-6 жыл);

 

2-ші деңгейі — негізгі жалпы білім    (бірінші бӛлімде де, екінші бӛлімде де 6 жыл);

 

3-ші деңгейі — орта (толық) жалпы білім беру (бірінші бӛлімде де, екінші бӛлімде де 2 жыл).

 

Есту қабілетін дамыту мен сӛйлеу тілін қалыптастыру және оларды түзетуге бағытталған жұмыстар дыбыс күшейткіш аппаратуралардың кӛмегімен арнаулы ұйымдастырылған топтық және жеке сабақтарда жүргізіледі.

 

Есту қабілетін дамыту мен дыбыстарды айтуды машықтандыру жұмыстары фонетикалық ритмика сабақтары мен ырғақты би сабақтарында да қатар жүргізіледі.

 

  • және IV түрдегі арнаулы мектептер — соқырларға (ІІІ) және нашар кӛретін балаларға (IV) білім беру мекемесі. Бұл мектептерде қылилық пен амблитопия диагнозы қойылған балаларға арналған сыныптар (топтар) қызмет жасауы да мүмкін.

 

ІІІ түрдегі арнаулы мектепке соқырлар мен кӛру қалдығы (0,04) сақталған және

 

кӛру функцияларының күрделі бұзылуларымен сипатталатын (0,08) балалар қабылданады.

 

  • түрдегі мектептің бірінші сыныбына 6 жастағы, кей жағдайларда 8-9 жастағы балалар қабылданады. Сыныптағы (топтағы) оқушылардың толымы 8 баланы құрайды. ІІ түрдегі мектепте оқу жылының ұзақтығы орта (толық) жалпы білімді игеру уақытын қосқанда 12 жыл.

 

IV түрдегі арнаулы мектепке кӛру ӛткірлігі 0,05-тен 0,4-ке дейін сақталған нашар кӛретін балалар қабылданады. Бұл мектептерге кӛз ауруларымен жиі ауыратын, ӛте жақын арақашықтықтан оқитын және жазатын балалар да қабылданады.

 

IV түрдегі мектептің бірінші сыныбына 6-7 жастағы балалар қабылданады Оқу жылының ұзақтығы — орта (толық) жалпы білімді игеру уақытын қосқанда 12 жыл.

 

V түрдегі мектеп сӛйлеу тіліндекүрделі кемшіліктері бар балаларға арналған екі бӛлімнен тұратын арнаулы мектеп.

 

бірінші бӛлімде, күрделі тіл кемшіліктері (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия) кездесетін және тұтығу тіл кемшілігі бар жалпы сӛйлеу тілі бұзылған балалар білім алады. екінші бӛлімінде, тұтығу тіл кемшілігінің күрделі формасы кездесетін балалар білім алады.

 

Сӛйлеу тіліндегі кемшіліктер жойылып, түзетілсе, психологиялық-медициналық-педагогикалық сараптаманың қорытындысына сай, ата-аналардың келісімімен жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылады.

 

V түрдегі мектептің бірінші сыныбына 7-9 жастан бастап, дайындық сыныбына 6-7 жастан бастап қабылданады. V түрдегі мектепте білім алған балалар 10-11 жыл ішінде негізгі жалпы білімді игереді. Арнаулы логопедиялық және педагогикалық кӛмек түрлері

 

оқыту мен тәрбиелеу процесі кезінде, сыныптан тыс уақыттарда арнаулы құрылған сӛйлеу режиміне сай жүргізіледі.

 

VI түрдегі мектеп — тірек-қимыл аппаратыбұзылған (балалар церебральды салы, тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған және жүре пайда болған деформациясы, аяқ-қолдардың парезі мен салдануы) балаларға арналған арнаулы мектеп.

 

VI түрдегі мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үш деңгейде ұйымдастырылады:

 

1-ші деңгейі – бастауыш жалпы білім беру (4-5 жыл);

2-ші деңгейі – негізгі жалпы білім беру (6 жыл);

3-ші деңгейі — орта (толық) жалпы білім беру (2 жыл).

 

Бірінші сыныпқа балалар 7 жастан бастап қабылданады, арнаулы білім беру мекемесінде білім алмаған балаларға дайындық сыныптары ашылады. Сыныптағы (топтағы) оқушылардың саны 10 баланы құрайды. VI түрдегі мектепте қимылдық режим құрылады. Мектептегі білім беру процесі баланың қимылдық сферасын қалыптастыруға бағытталып, баланың сӛйлеу тілі, танымдық қабілеттерін арттыру жұмыстарын кӛздейді.

 

VII түрдегі мектеп — білімді игеру кезінде тұрақты түрдегі қиындықтар туғызатын психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы мектептің бір түрі.

 

Бұл мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша екі деңгейде ұйымдастырылады:

 

1-ші деңгейі – бастауыш білім беру (3-5 жыл);

2-ші деңгейі – негізгі жалпы білім беру (5 жыл).

 

VII түрдегі мектепке балалар дайындық сыныбынан бастап қабылданады. 7 жастан бастап жалпы білім алған оқушы VII түрдегі мектептің екінші сыныбына, 6 жастан бастап жалпы білім алған бала VII түрдегі мектептің бірінші сыныбына қабылданады. Мекепке дейінгі дайындықтан ӛтпеген балалар 7 жастан бастап 1-ші сыныпқа, 6 жастан бастап дайындық сыныбына қабылданады. Сыныптағы (топтағы) оқушылар саны 12 баланы құрайды.

 

VII түрдегі мектепте білім беру процесі кезінде баланың бойындағы кемшіліктерді түзету жұмыстарының нәтижесіне қарай бастауыш сыныпты аяқтаған соң жалпы білім беретін мектептерге ауыстыру жұмыстарының мүмкіндіктерін қарастырылады.

 

Балаға қойылған диагнозды нақтылаудың қажеттілігі туындаған кезде VII түрдегі мектепке қабылданған бала бір жыл бойы білім алып шығады. VII түрдегі мектептегі білім беру процесі кезінде жеке және топтық сабақ формасындағы түзету сабақтары, логопедиялық сабақтар қатар жүргізіледі.

 

VIII түрдегі мектеп интеллектуалдық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектеп. Бұл мектептегі білім беру процесі цензалы емес, себебі білім берудің мазмұны оқушылардың әлеуметтік бейімделуі мен кәсіби-еңбекке дайындық жұмыстарын негізгі мақсат етіп ұстанады.

 

VIII түрдегі мектептерде оқыту мен тәрбиелеу жұмысы еңбекке баулу жұмыстарына емтиханнан ӛтумен аяқталады. Емтихан тапсырудан шартты түрде босатылу туралы ережелерге сәйкес жұмыстар Білім Министрлігімен келісілген түрде жүргізіледі.

 

VII түрдегі мектепке 7-8 жастан дайындық сыныбынан бастап қабылданады. Дайындық сыныбы баланың мектепке дайындығын анықтап, оны қалыптастырып қана қоймай, балаға қойылған диагнозды нақтылауға, баланы психологиялық-педагогикалық зерттеуден ӛткізуге үлкен мүмкіндік береді.

 

Дайындық сыныбындағы оқушылардың саны 6-8 баладан аспауы тиіс, ал қалған сыныптарда 12 баланы құрайды. VIIІ түрдегі мектептегі оқу жылының ұзақтығы 8-9 жылды құрайды, ал кәсіби дайындықтан ӛту сыныптарын қосқанда 10 жылды құрайды. Мектептің материалдық базасы толық жасақталған жағдайда тереңдетілген түрдегі еңбекке дайындық сыныптары ашылуы мүмкін. Кәсіби еңбекке дайындық сыныптарын аяқтаған оқушыларға біліктілік разрядын игергендігін растайтын құжат беріледі.

 

VIІI түрдегі мектепте күрделі ақыл-ой кемшілігі бар балаларға 5-6 баладан құрылған сыныптар ашылады. Бұл оқушылар дайындық сыныбынан ӛткен соң алдын ала қойылған диагноз расталған кезде интеллектінің күрделі формасы анықталған балаларға арналған сыныпқа немесе VIIІ түрдегі мектептің қарапайым сыныбына ауыстырылады.

 

Интеллектуалдық кемшіліктің күрделі формасы қойылған балаларды сыныптарға бӛлу үш деңгейде құрылады:

 

1-ші деңгейі – 6 жастан 9 жасқа дейінгі балалар;

2-ші деңгейі – 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар;

3-ші деңгейі – 13 жастан 18 жасқа дейінгі балалар.

 

Арнаулы сыныптарға психопатиялық тәртіп, эпилепсия, психикалық аурулардың түрлері анықталған балалар қабылданбайды. Ол балалар ата-аналарымен бірге кеңес беру орталықтарынан қажетті кӛмек ала алады.

 

Ата-анасының қарауынсыз қалған ақыл-ой дамуы бұзылған жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектп-интернаттар ашылады. Баланың арнаулы мектепке барып білім алуға мүмкіндігі болмаған кезде үй жағдайында білім алады.

 

Соңғы уақытта үй жағдайында білім беруді жүзеге асыратын қажетті біліктілікті игерген мұғалім-дефектологтар, психологтар нақты қызмет түрлерін кӛрсетуде. Үй жағдайында білім беру процесі арнаулы білім беру мекемелеріндегі оқу процесінің мазмұнына сай ата-аналарға кеңес беру, әдістемелік кӛмек кӛрсету жұмыстары түрінде ұйымдастырылады.

 

Дамуында күрделі кемшілігі бар балалар мен жасӛспірімдер үшін түрлі профильдегі реабилитациялық орталықтар құрылады. Мұндай орталықтардың санын психологиялық-медициналық-педагогикалық реабилитация және түзету орталығы, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу мен кәсіби бағдар беру орталығы құрауы мүмкін. Мұндай орталықтардың негізгі міндеттері күрделі кемшілігі бар балаларға түзету-педагогикалық, психологиялық кӛмек кӛрсету, кәсіби бағдар беру, ӛз-ӛзіне қызмет етуге үйрету, әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын құру болып табылады.

 

Бұл орталықтардағы сабақтар жеке және топтық жұмыс бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға логопедиялық кӛмек кӛрсету жұмыстары логопедиялық кабинеттер мен орталықтарда жүргізіледі. Логопедиялық кабинеттердегі жұмыстардың негізгі міндеттері сӛйлеу тіліндегі кемшіліктерді жою, педагогтар мен ата-аналарды логопедиялық біліммен хабардар ету болып табылады.

 

Қазіргі уақыттағы арнаулы білім беру жүйесінің қарқынды дамуы ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың білім алуын, әлеуметік бейімделуін қамтамасыз етудегі әлеуметтік-мәдени және экономикалық жағдайларға сәйкестенудің мүмкіндіктерін қарастыруда. Атап айтсақ, шалғай жерлерде орналасқан мекен-жайлардағы мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын қамтамасыз ететін арнаулы білім беру жүйесінің жаңа моделін құрастыру болып табылады. Осындай тиімділігі мол істерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының барлық облыстарында арнаулы білім беру мекемелерінің түрлері қызмет атқаруда. Нақты нормативтік құжаттар негізіндегі құрылған арнаулы білім беру мекемелері (2005 жылғы 1 қарашадағы Астана және Алматы қалалары мен облыстық білім басқармаларының (департаменттердің) деректері бойынша) арнаулы мектептердің типтері бар. Олардың саны мына кестеде кӛрсетілген.

 

Ҧсынылатын әдебиеттер:

1.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986

 

2.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.

–Москва, 1982

  1. Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4
  2. Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
  3. Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007

 

  1. Головчиц Л.А. Дошкольная сурдопедагогика: Воспитание и обучение дошкольников с нарушениями слуха: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М., 2001

 

  1. Сурдопедагогика: Учеб. пособие для студентов дефектол. фак. пед. ин-тов / Л.В. Андреева, К.А. Волкова, Т.А. Григорьева и др.; Под ред. М. И. Никитиной. – М., 1989

 

  1. Ульенкова У.В. Дети с задержкой психического развития. – Н. Новгород: НГПУ, 1994

 

  1. Байсалбаева Ш.А., Хусаинова Ш.Н., Кокимбекова К.Б. т.б. Медико-социальное обследование семей детей-инвалидов. Педиатрия и детская хирургия Казахстана. 1998

 

  1. Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.

 

  1. Интенсификация учебного процесса в школе слабослыщащих. -М, 1988

 

  1. Леонард Э.И. и др. Я не хочу молчать! — М, 1990
  2. Развитие способностей у глухих детей в процессе обучения. –М, 1991
  3. Белова Н.И.Специальная дошкольная сурдопедагогика.-М, 1985

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *