Дамуында ауытқулары бар балаларға арналған                                   мектепке дейінгі мекемелер жүйесі

 

 

Мектепке дейінгі мемлекеттік арнаулы білім беру мекемелерінің дамуы 1920-30-шы жылдардан бастап қалыптасты. 1970-ші жылдардың басында ясли-балабақшалар, балабақшалар, мектепке дейінгі балалар үйлері, ясли-балабақшалар жанындағы мектепке дейінгі топтардағы дифференсацияланған жүйе жеткілікті түрде дами бастады.

 

Арнаулы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жүйесін құруда оқымыстылар мен зерттеушілердің бастауымен мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қағидалары, әдістері мен тәсілдері, кемшілікті түзету мен алдын алу жұмыстары белгіленіп, мектепке дейінгі арнаулы білім берудің жүйесі құрылды.

 

Дамудағы жетекші кемшілікке байланысты балаларды арнаулы мекемелерге топтастыру жұмысы былайша орындала бастады:

 

  • есту қабілеті бұзылған балалар (саңыраулар және нашар еститін балалар);

 

  • кӛру қабілеті нашар балалар (соқыр және нашар кӛретін балалар, қылилық және амблиопия кемшілігі анықталған балалар);

 

  • сӛйлеу тілі бұзылған балалар (тұтықпа, жалпы сӛйлеу тілі бұзылған, фонемаларды қабылдауы бұзылған балалар);

 

  • интеллектісі бұзылған балалар;
  • тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар.

 

Жалпы балақашалармен салыстырғанда арнаулы топтардағы балалар санының толымы 15 тәрбиеленушіден аспайды.

 

Мектепке дейінгі арнаулы мекемелердегі штаттың құрамына дефектологтар (сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, логопед) мен қосымша медицина қызметкерлері қабылданады.

 

Мектепке дейінгі арнаулы мекемелердегі білім беру процесі оқыту мен тәрбиелеудің кешенді бағдарламаларына сәйкес Білім Министрлігінің бекітуімен мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балалардың әрбір категориясына сәйкес құрылады.

 

Тәрбиешілер мен дефектологтардың сабақтарын бөлуде тіл дамыту, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, конструкциялау, ойын әрекетін дамыту сабақтарын мұғалім-дефектологтар жүргізеді

 

Арнаулы сабақ түрлерін ұйымдастыру есту қабілетін дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, кӛру қабілетін дамыту, емдік дене шынықтыру сабақтары арқылы орындалады.

 

Төлемсіз білім беру. Жалпы балабақшаларда ата-аналар тарапынан қандай да болмасын қаржы бӛлінетіні белгілі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалған жеңілдік есебінде ата-аналардан ешқандай тӛлем қабылданбайды. Мектепке дейінгі арнаулы білім беру жүйесіндегі бұл ерекшелік «Физикалық немесе психикалық дамуында кемшілігі бар балаларға мемлекет тарапынан қаржы бӛлу туралы» заңнамалық құжат негізінде орындалады.

 

Мектепке дейінгі арнаулы мекемелер жұмысы мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасыларына кӛмектесу, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін максималды түрде дамыту жұмысының ӛзара бірлігіне тәуелді. Отандық арнаулы білім беру жүйесіндегі негізгі белгілер мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы білім беру мекемелеріне қабылдаудағы қатаң талаптардың сақталуы. Біріншіден, жалпы білім беретін арнаулы мекеме тәрбиеленушісінің дамуында қандай да бір ауытқушылық анықталса, оларды арнаулы балабақшаларға аударуда қатаң түрдегі талаптар мен ережелер орындалады. Екіншіден, арнаулы мектепке дейінгі мекемелерге күрделі кемшілігі бар балаларды қабылдау мүмкіндігінің тӛмен болуына, эпилепсия, шизофрения, соқыр мылқау, ақыл-ой дамуының күрделі деңгейдегі кемшілігі бар балалар отбасы тӛңірегіндегі тәрбиемен ғана шектелді. Одан басқа баланың ясли-балабақшасына бару уақытын анықтаудың мүмкіндігі 2 жаста, балабақшаға бару уақыты 3 жастан бастап белгіленетін. Ерте жастағы балалар денсаулық сақтау саласының қарауында болғандықтан, оларға психологиялық-педагогикалық кӛмек кӛрсету жұмыстары назардан тыс қалып отырды. Осылайша, мектепке дейінгі арнаулы мекемелер жүйесі жалпы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуына үлкен үлес қосты.

 

1992 жылы қабылданған Ресей Федерациясының «Білім туралы» Заңы білім беру жүйесіне айтарлықтай ӛзгерістер мен толықтырулар енгізіп, арнаулы білім беру жүйесіндегі білім беру мекемелері типологиясының анықталуына негіз болды.

 

Білім беру саласындағы қабылданған жаңа ӛзгерістер мен толықтырулар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың арнаулы білім алуына жаңа мүмкіндіктер жасалып, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қажетті психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік кӛмек кӛрсету жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Балабақша баланың жалпы дамуына әсер етеді, ӛйткені балабақша табалдырығында баланың құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуіне, түрлі ойындармен араласуына мүмкіндік туды.

 

Мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналардың келісімімен психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру жұмыстарының қорытындысы негізінде түзету жұмыстарымен қамтамасыз етілу үшін мектепке дейінгі арнаулы білім беру мекемелерінің барлығына да қабылдана алады.

 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың кӛпшілігі арнаулы балабақшаларда компенсаторлық оқыту сыншыптарында тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі арнаулы білім беру мекемелерінің бұл түріндегі оқыту мен тәрбиелеу жұмысы дамуында кемшілігі бар балалардың әрбір категорияларына арналып құрылған түзете-дамыту бағдарламаларының негізінде жүзеге асады. Топтағы балалардың толымы дамудағы кемшіліктің түрі мен балалардың жас ерекшелігіне (3 жасқа дейінгі және 3 жастан кейінгі балаларға арналған топтар) байланысты анықталып, мынадай топтарға бӛлінеді:

 

  • сӛйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар балалар тобы 6-дан 10 балаға дейін;

 

  • фонетикалық-фонемалық қабылдауы бұзылған балаларға арналған топтар (3 жастан кейінгі балаларға арналған 12 оқушыдан құрылған топ);

 

  • саңырау балалар тобы (6 баладан құрылған топ);
  • -нашар еститін балалар тобы (6-8 баладан құрылған топ);
  • соқыр балаларға арналған топ (6 баладан құрылған топ);

 

  • нашар кӛретін, амблиопия, қылилық анықталған балаларға арналған топ (6-10 баладан құрылған топ);

 

  • тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар тобы (6- 8 баладан құрылған топ);
  • интеллектісі бұзылған балалар тобы (ақыл-ой дамуы бұзылған балалар, 6-10

бала);

  • психикалық дамуы тежелген балалар тобы (6-10 бала);
  • 3 жастан кейінгі күрделі ақыл-ой кемшілігі анықталған балалар (8 бала);
  • туберкулезді интоксикация анықталған балалар тобы (10-15 бала);
  • аурушаң балалар тобы (10-15 бала);
  • күрделі кемшілігі бар балалар тобы (5 бала).

 

Түрлі себептерге байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелене алмайтын балалар қалыпты режим бойынша қысқартылған топтарда тәрбиелене алады. Мұндай қысқартылған топтардағы жұмыстың негізгі міндеттері психологиялық-педагогикалық кӛмек кӛрсету, ата-аналарға құқықтық негізде кеңес беру, оларды қолдау, баланың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, оқу әрекетінің қалыптасуына толық жағдай жасау болып табылады. Бұл топтардағы сабақтар жеке түрде немесе 2-3 балалан тұратын аз топтармен жүргізіледі.

 

Ҧсынылатын әдебиеттер:

1.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986

 

2.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.

–Москва, 1982

  1. Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4
  2. Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
  3. Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
  4. Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.

 

 

 

 

  1. Нейман Л.В., Богомильский М.Р. Анатомия, физиология и патология органов слуха и речи. – М.: Владос, 2001.

 

  1. Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Б.Епифанцева и др. –Ростов на Дону,

2008

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *