Тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған балалардың психолого-педагогикалық мінездемесі

 

 

Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы туа пайда болуымен де, жүре пайда болуымен де түсіндіріледі. Балалар арасындағы ту пайда болған, жүре пайда болған бұзылулар 5-7 %-ды құрайды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар дамуындағы артта қалушылықтар түрлі кемшіліктердің полиморфтылығымен түсіндіріледі:

 

Нерв жүйесінің аурулары: балалар церебральды салы, полиомиелит (жұлын миының алдыңғы мүйізшелерінің инфекциялық ауруларғы шалдығуы).

 

Тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған патологиялық жағдалары: жамбас сүйектерінің (туа пайда болған) шығып кетуі, мойынның қисаюы, майтабандық, табан деформациясы, (омыртқалардың қисаюы) сколиоз, аяқ-қолдардың дамуындағы жетіспеушіліктер, саусақтардың аномальды дамуы, артрогрипоз(туа пайда болған ұсқынсыздық):.

 

Тірек-қимыл аппаратының жүре пайда болған аурулары және зақымдануы:жұлын

 

миының, бас миының, аяқ-қолдардың соққы алуы, полиартрит (буындардың ауруы), сүйек аурулары (туберкулез, сүйектердің ісінуі, остеомиелит), рахит (сәбилік шақта дәрумендердің жетіспеушігінен зат алмасудың бұзылуы).

 

Аталған аурулардың клиникасы жетекші кемшіліктердің түрлерін қимылдың бұзылуы, қимылдың жетіспеушілігімен түсіндіріледі.

 

Балалар церебральды салы — ұрықтық(перинатальдық) кезеңдегі эндогендік және экзогендік факторлардың әсерінен мидың полиэтиологиялық ауруларға шалдығуы. Мұндай жағдайлардың кӛпшілігі туылу кезіндегі бас миының соққы алуымен де түсіндіріледі. Онтогенез дамуының ерте кезеңінде бас миының үлкен жарты шарларындағы қимылдық қозғалыс, сӛйлеу кезіндегі ерікті қозғалыстарды реттеуші мидың «ӛте жас» бӛлімдерінің зақымдануы да әсер етеді. Балалар церебральды салы кезіндегі қимылдық, танымдық, сӛйлеу функцияларындағы кемшіліктер:

 

Балалар  церебральды  салы  кезіндегі  психикалық    кемшіліктер  мен  оны  түзету

 

жұмыстары Л.А.Данилова, Э.С.Калижнюк, Г.В.Кузнецова, И.Ю.Левченко, Е.М.Мастюкова, О.Г.Приходько, К.А.Семенова еңбектерінде толық зерттеледі. Авторлардың барлығы балалар церебральды салы кезіндегі психиканың дамуындағы

 

ерекшеліктер танымдық әрекеттің, эмоциялық-ерік аймағының, тұлғаның қалыптасуындағы функцияларды жояды деген болжам жасайды. Бұл балалардың кӛпшілігінде танымдық әректтің тӛмендігі байқалады.

 

Эмоциялық-ерік аймағының бұзылуы эмоция түріндегі қозғыштықты, көңіл-күйдің тұрақсыздығымен байқалады.

 

Балалар церебральды салы кезінде 80%-ға дейін сӛйлеу тіліндегі кемшілік кездеседі. Осы кездегі сӛйлеу тілінде кездесетін кемшіліктер:

 

  • дизартрия — сӛйлеу аппаратының иннервациясы жетіспеушілігінен сӛйлеудің мағыналық жағының бұзылуы;

 

  • анартрия – бұлшық еттердің салдануынан сӛйлеу кезіндегі бӛлшектеу қызметінің жоғалуы.

 

Дизартрия кезінде сӛйлеу аппаратындағы ағзалардың нерв талшықтарымен қамтамасыз етілуінің органикалық жетіспеушілігінен сӛйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылады.

 

Дизартрия кезіндегі жетекші кемшілік орталық және перифериялық нерв жүйесінің бұзылуынан сӛйлеудің мағыналық бұзылуы болып табылады.

 

Дизартрия грек тілінен аударғанда «бӛлшектеу» деген мағынаны береді. Дизартрияны анықтауда авторлардың кӛпшілігі сӛйлеу кезіндегі артикуляцияның, сӛйлеу ырғағының, интонацияның, темптің бұзылатындығын кӛрсетеді.

 

Дизартрия кезіндегі дыбыстарды айтудың бұзылуы нерв жүйесінің бұзылу деңгейі мен оның сипатына байланысты анықталады. Дизартрияның жеңіл түрінде кейбір дыбыстардың айтылмауы байқалса, күрделі түрінде сӛйлеудің мәнерлілігі жоғалып, дыбыстардың кейбірі айтылмай, тұтасымен алғанда сӛйлеу түсініксіз болады.

 

Орталық нерв жүйесінің күрделі бұзылуларға ұшырауынан сӛйлеу кезінде белсенді қызмет атқаратын бұлшық еттердің салдануы байқалады. Мұндай кемшілікті бӛлшектеу қызметінің жоғалуы, анартрия деп аталады.

 

Сӛйлеудегі дизартриялық бұзылулар мидың органикалық зақымдануынан ұшырауынан пайда болады. Балалар арасындағы дизартрия перинатальдық патологиямен (ұрықтың немесе нәрестенің нерв жүйесінің зақымдануы) байланысты. М.Б.Эйдинова,

 

Е.Н.Правдина, Е.М.Мастюкованың пікірінше дизартрик балалар церебральды салдануы кезінде кӛп кездеседі. Дизартрия кезінде қимылдық қозғалыстың бұзылуы байқалады.

 

Дизартрияның белгілері анамнезінде ұрық асфиксиясы немесе туылу кезіндегі соққылар, ұрықтық даму кезінде жағымсыз жағдайларға ұшыраудың белгілері кӛрсетілген. Бұл кездегі (Л.Т.Журба, Е.М.Мастюкова) дизартрияның жеңіл түрі жойылған дизартрия бас миының минимальды дисфункциясы белгілерімен сәйкестенеді.

 

Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сӛйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сӛйлеу орталықтарындағы табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сӛйлеудің дамымауы немесе мүлдем болмауы. Алалияны моторлы және сенсорлы алалия деп бӛлеміз. Моторлы алалия — сӛйлеудің моторлы жағының бұзылуы. Сенсорлы алалия — есту қалдығы мен танымдық қабілеттің сақталуы кезіндегі естігенін түсінбеушілік. Балалар церебральды салы кезінде бұзылулардың күрделілігі мен таралымы әр түрлі болады. Күрделі жағдайларда аяқ-қолдың қатарынан салдануы мүмкін. Мұндай жағдайда баланың қимыл-қозғалысқа түсуі, қозғалыс функцияларының дамуы қиындайды. Кемшіліктің жеңіл түрінде аяқтың салдануы анықталады. Кейбір балаларда бір жақты қимыл-қозғалыстың бұзылуы, яғни гемипарез байқалады. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуынан олигофренияның белгілері де байқалады.

 

Неврологтар балалар церебральды салының негізгі үш формасын анықтап кӛрсетеді: иілу, бүгілу сияқты қозғалыстардың жиі бұзылуынан болатын спазмалық формасы, дененің еріксіз артық қозғалысқа түсуінен болатын гиперкинездік формасы, баланың жүруі мен тепе-теңдігін сақтауға кедергі келтіретін астениялық формасы.

 

Тірек-қимылдың бұзылуы кезіндегі бала миының дамуында түзетуге бейім тұратын

 

жағдайларды есепке алсақ, түзету жұмыстарының нәтижесінде баланың қимыл-қозғалысын түзетуге болады.

 

Балалардың кӛпшілігінде қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар мінездерінде ӛзгерістер байқалады. Балалар церебральды салы кезіндегі ерекшеліктер, олардың туған күнінен бастап-ақ пайда болады. Мұндай кемшіліктер баланың басын ұстауы, отыру мен тұру, жүру дағдысын игеруі, манипуляциялық қозғалысқа түсуі кезінде анық байқалады. Балалар церебральды салы кезіндегі орталық нерв жүйесінің зақымдануы ерікті қозғалысқа түсетін жүйелердің жұмысын әлсіретеді.

 

Буындық тонустың жұмысы апраксиялық құбылыстар түрінде, яғни практикалық мақсаттағы қимыл-қозғалыстарды орындай алмаушылық (түймені қадай алмаушылық, бәтеңкенің бауын байлай алмаушылық), қозғалысқа түсу кезіндегі стереогенез (сипап-сезу арқылы заттарды тани алмаушылық) байқалады.

 

Балалар церебральды салы анықталған күннен бастап баланы міндетті түрде балалар невропатологына тексерту керек. Қазіргі кездегі зерттеушілердің пікірінше, ерте анықталған және ерте емдеу-сауықтыру шараларын қабылдаған балалар церебральды салы анықталған баланың нервтік-психикасының дамуында жетістіктердің байқалатыны белгілі. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған кӛмекші мектептерде және он екі жылдық жалпы білім беретін мектептерде ӛз бетінше қозғалысқа түсетін, интеллектісі сақталған, ӛз-ӛзіне қызмет ету дағдысын игерген балалар білім алады. Қозғалысқа түсе алмайтын, ӛз-ӛзіне қызмет ету дағдысын игермеген балалар қарапайым кӛмекші мектеп бағдарламасымен, жеке бағдарлама бойынша үй жағдайында білім алады.

 

Дамуында түрлі кемшіліктер анықталған балалардың категорияларының әрқайсысы психологиялық-педагогикалық жеке ерекшеліктерге бӛлінген. Осы ерекшеліктердің әрқайсысын оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда психологиялық-педагогикалық оқытудың тактикасы мен стратегиясы есепке алынады. Дамуында күрделі деңгейдегі кемшілігі бар мүгедек балалар білім беру кеңістігінен алшақтап, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі интернаттарға жолдама алады. Дамуында бірнеше кемшілік шоғырланған тӛрт жастан асқан балалар әлеуметтік дамуға бағытталған

 

психоневрологиялық интернат-үйлерінде тәрбиеленеді. Бұл мекемелердің негізгі әрекеті мүгедек балаларға әлеуметтік кӛмек кӛрсетудің медициналық моделін құру арқылы жүргізіледі. Осы тұста анықталатын балалар церебральды салының классификациясы:

 

Гемиплегиялық формасы балалар церебральды салының кӛп тараған түрі. Бір жақ жарты шарлар миының бұзылуынан болады. Баланың алғашқы күннен-ақ бір жақ аяқ-қолының қимылдық-қозғалыстарға түспейтінін байқауға болады. Мұндай балалар қиындықпен отырып, жүруді, тұруды да қиындықтармен бастайды. Қимыл-қозғалыстардың жүзеге асуы зорлану, қиналу түрінде кӛрініп, эпилептикалық жағдайлар да білінеді. Гемипарез формасы балаларда ұмтылу, қағып алу функцияларын орындау кезінде бала саусақтарын біріктіруде, қолдарын кеудесіне қою кезіндегі қиындықтармен байқалады. Сол жақ жарты шарлар жұмысының бұзылуы кезінде балалардың сӛйлеу тілінің бұзылуы құрысу — парездік дизартрия немесе моторлы алалия, дислексия, дисграфия түрінде байқалады. Сол жақ жарты шарлар бӛлігіндегі самай бӛлігінің зақымдануы фонематикалық қабылдаудың бұзылуымен анықталады.

 

Диплегиялық формасы балалар церебральды салдануының екі аяқтың спазмалық құрысу түрлерімен анықталатын Литтл ауруының атауымен танымал түрі. Бала физикалық дамуы жағынан артта қалады. Мұндай балалардың жүріс-тұрысында алға қарай және тӛмен қарай ұмтылушылық байқалады, яғни жүрісі спазмалық-парездік күйді бейнелейді. Жүріс-тұрысында тізелері бір-біріне жанасып, бала жүрген кезде табандарына емес аяқтың саусақтарына күш түсіреді. Мұндай балалардың интеллектуалдық дамуы толығымен сақталуы мүмкін.

 

Гиперкинездік формасы атетоз типіндегі зорлану, қиналу, буындық тонус пен психиканың бұзылуы арқылы қимыл-қозғалысқа түсуде байқалады. Гиперкинез формасындағы балалар церебральды салы мидың қабықтық бӛліктерінің зақымдануынан болады. Қимылдық қозғалыстардың бұзылуы еріксіз зорлану түріндегі қимылдық қозғалыстар арқылы байқалады. Гиперкинез еріксіз түрде уайымдау, толқу кезінде еріксіз қимылдық қозғалыстар кезінде күшейе түседі. Еріксіз қимылдық қозғалыстар бет бұлшық еттерінің, тіл, бас, мойын, дененің қозғалыстарында жиі байқалады. Гиперкинездік формасында ерікті моторика қиындықпен қалыптасады, қозғалыс дағдысының автоматизациясы қиындап, әсіресе жазу дағдысының қалыптасуы қиынға соғады.

 

Балалар церебральды салы кезіндегі жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық процес барысында есепке алынатын қағидалар:

 

  • коррекциялық-педагогикалық процесті жүйелі түрде ұйымдастыруда қимылдық, сӛздік, психикалық бұзылуларды бақылауға алу керек;

 

  • сақталған функциялардың кӛмегіне сүйене отырып кӛмек кӛрсету жұмыстары ерте басталу керек;

 

  • онтогенез дамуның жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, коррекциялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру керек;

 

  • психиканың және сӛйдеудің даму динамикасын бақылау керек.

—     коррекциялық-педагогикалық        кӛмек    кӛрсету    жұмыстарының    бір-бірімен

байланысын қадағалау керек.

 

  • баланың отбасымен тығыз қарым-қатынас орнату керек.

 

О.Г.Приходько зерттеулері кӛрсеткендей, коррекциялық-педагогикалық қызмет кӛрсету жұмысының тиімді кезеңі ӛмірдің алғашқы жылы болып табылады. Кӛмектің мұндай түрі стационар жағдайында ұйымдастырылады. Ата-аналарды ұйымдастыру жұмысымен таныстыруда есепке алынатын негізгі жағдайлар:

 

  • ересек адамдармен эмоциялық қарым-қатынасты дамыту;
  • бұлшық ет пен артикуляциялық аппарат жұмысын реттеу;

 

  • дыбыстық, буындық, сӛздік реакцияларын реттеу, уілдеу, былдырлау, былдыр сӛздерді айтуын бақылауға алу;

 

  • сору, жұтыну, шайнау қызметтерін түзету;
  • сенсорлық қабілеттерді дамыту;

 

  • сӛйлеу кезіндегі тыныс алуды дамыту;
  • заттармен әрекетке тұсу кезіндегі қолдың қимылдарын дамыту;
  • сӛзді түсінудегі дайындық кезеңнің жұмысын қалыптастыру.

 

Ерте кезеңдегі жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың негізгі бағыттары:

 

  • заттық әрекетті қалыптастыру;

 

  • функционалдық қызмет түрлеріне қарай ойыншықтарды пайдалану, әрекетке түсуге үйрету);

 

  • кӛрнекі-образды ойлауды, ерікті, тұрақты зейінді қалыптастыру;
  • сӛйлеу және заттық-практикалық әрекетке түсуді қалыптастыру;
  • қоршаған орта туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру;
  • сенсорлық белсенділікті ретке келтіру (кӛру, есту);

 

  • саусақтардың функционалдық мүмкіндіктерін арттыру, координацияны дамыту. Балалар церебральды салы кезінде ӛз еркімен қозғалысқа түсе алатын 3 жасар бала

 

арнайы балабақшаға бара алады. Топтағы баланың толымы 8 баладан тұрады. Арнайы балабақшадағы коррекциялық-педагогикалық жұмыстар Е.Ф.Архипова, Л.А.Данилова, Г.В.Кузнецова, И.Ю.Левченко, О.Г.Приходько, Н.В.Симонова, И.В.Смирновалардың құрған әдістемелік-бағдарлама материалдары бойынша жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары:

 

  • ойын әрекетін дамыту.
  • қоршаған ортамен тіл арқылы қарым-қатынасты орнату.
  • қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейту.

 

  • сенсорлық функцияларды дамыту. Кеңістік және уақыт туралы түсініктерді қалыптастыру. Кинестетикалық қабылдау мен стереогнозды дамыту.

 

  • зейінді, ойлаауды, есте сақтауды (кӛрнекі-образды және абстрактілі-логикалық ойлау) дамыту.

 

  • математикалық түсініктерді қалыптастыру.
  • қол еңбегінеүйрету мен жазуға дайындау.
  • ӛзіне қызмет етудегі гигиеналық талаптарды игерту.

 

Балалар церебральды салы кезіндегі жұмыстардың негізгісін логопедиялық түзету жұмыстары құрайды. Оның мақсаты — вербалды құралдар арқылы қарым-қатынасқа түсуді дамыту, сӛйлеудің мағыналық жағын үйрету.

 

О.Г.Приходько кӛрсеткендей логопедиялық жұмыстардың негізгі міндеттері:

  • бұлшық ет тонусы мен артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің жұмысын реттеу;
  • сӛйлеудегі тыныс алу мен дауысты реттеу;
  • сӛйлеудің темпті-ритмикалық жағын ретке келтіру;
  • дыбыстарды қою, машықтандыруда артикуляциялық органдардың жұмысын реттеу;
  • қол мен саусақ қимылдарын дамыту;

 

  • сӛйлеудің лексикалық-грамматикалық мағынасын дамыту, ӛз ойын мазмұндауға үйрету. VI түрдегі (түзету) мектептерде балалар церебральды салына ұшыраған балаларды

 

оқытудаайқын түрдегі кемшілік анықталмаған балалар жалпы мектепте білім алады.Қимылдық кемшіліктердің айқын түрдегі кӛрінісі кезінде VI түрдегі (түзету) мектептерінде білім алады.

 

Коррекциялық-педагогикалық жұмыстың мақсаты баланың мүмкіндігіне сай жан-жақты дамыту. Арнайы мектептерде балалар церебральды салына ұшырағандардың 60-70%-ы білім алады. VI түрдегі (түзету) мектептерде білім беру процесі жалпы білім беретін мектептің үш деңгейімен (бірінші деңгейі — бастауыш саты 4-5 жыл, негізгі жалпы білім беру 6 жыл, орта білім беру 2 жыл) оқытылады.

 

Мектепке 7 жастан бастап қабылданады. Балабақшада болмаған бала дайындық сыныбынан бастап оқиды. Дайындық сыныбындағы оқытудың міндеттері: интеллект дамуының деңгейін анықтау, баланың оқуға қабілеті мен потенциалдық мүмкіндіктерін

 

анықтау, (жалпы немесе арнаулы мектепте) алдағы уақыттағы білім алу мен бейімделу мүмкіндіктеріне болжам жасау болып табылады.

 

Балалар церебральды салы кезіндегі арнаулы білім беру процесінің міндеттері: оқыту мен тәрбиенің сәйкестігін орындау, емдік-сауықтыру жұмыстарын жүргізу, еңбекке баулу мен кәсіби бағдар беру.

 

Коррекциялық-дамыту жұмыстарының мазмұны:

 

  • танымдық әрекеттерді реттілікпен дамыту; -жоғары психикалық функцияларды дамыту;

 

  • тәртіп нормаларын игерту, әлеуметтік-тұрмысқа бейімдеу.

 

Тірек-қимыл аппаратының күрделі бұзылуы кезіндегі оқытуды ұйымдастырудың формасы үй жағдайында білім беру болып табылады. Үй жағдайында білім берудің тиімділігі балаларды білім беру кеңістігіне жетелесе, екінші жағынан білім беру бағдарламасының қысқартылуына, үй тапсырмаларын орындаудағы реттіліктің сақталмауына, баланы қоғамнан, құрдастарынан оқшаулау, кәсіби еңбекке үйренудің шектелуіне апарады.

 

Арнайы мектеп-интернаттарда баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай кәсіби білім беру еңбекке баулу жұмыстары күнделікті ұйымдастырылып, баланың тігін ісі, ағаш шебері, машина басу, бағбан ісі т.б. мамандықтарға үйренісуіне жағдай

 

жасалады.Баланың          еңбекке           жарамдылығын          дәрігерлік-медициналық          еңбек

 

экспертизасымен анықтау арқылы, кәсіби білім беруде баланың техникумдарға, училищелерге оқуға түсуіне жеңілдіктер жасалады.

 

Соңғы жылдары қимыл-қозғалыстарында кемшіліктер бар балаар жалпы білім беретін мектептерге орналасуда. Олардың қатарында кӛбінесе, сколиоз, туа пайда болған жамбас сүйектерінің шығуы, майтабандық, балалар церебральды салы кездеседі. Қимылдық бұзылулардың негізгі белгілері жүріс-тұрыстың тұрақсыздығы, жүру темпінің баяулауы, баспалдақтан ӛз бетінше түсе алмау болып табылады. Мұндай балалар ӛзгелердің кӛмегінсіз киімдерін шешуде, киюде киімінің түймелерін салуда қиындықтарға ұшырайды. Аталған кемшіліктің белгілері балалар церебральды салы кезінде анық кӛрінеді. Олар оң жақ немесе сол жақ қолдың салдануынан түрлі әрекеттерді орындай алмайды, қозғалыс координациясы бұзылады, аяқтардың арасы кең ашылған күйде жүруге бейімділік танытады, қорқыныш пен уайымдау кезінде құлау, ӛз қозғалысын реттей алмаушылық қасиеттер кӛрсетеді. Ӛздеріне қызмет ету дағдысының қалыптасуы жеткіліксіз күйге ауысып, заттық-практикалық әрекеттері де шектелгендіктен сурет салу, жазу дағдысын игеруге дайындықсыз болып келеді.

 

Балалар церебральды салы кезінде аталған қозғалыстардың шектелуі емес, кейбір дыбыстарды айту да бұзылады. Ол балалардың мүмкіндігі ӛз бетінше қозғалысқа түсу кезінде, заттарды манипуляциялауда, ӛзгелермен қарым-қатынасқа түсу кезінде шектеліп, мектепке дейінгі шақта құрбылары игерген білім мен қоршаған орта туралы түсініктерді толық игере алмайды. Қоршаған орта туралы мәліметтері фрагментті түрде болғандықтан заттар мен құбылыстар туралы ұғымдардың мазмұнын салыстыру, негізгіні табу, себеп-салдарды табу, сӛздік қордың болмауы түріндегі кемшіліктер анық кӛрініп отырады. Сондықтан ол балаларда жалпы мәдени орындарды (дүкенде, театр, музей т.б.) тану мүмкіндігі де шектеліп, аталған мәдени орындар туралы түсініктері болмайды.

 

Бұл балаларда аталған кемшіліктердің әсерінен қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптаспауы ғана емес, қозғалыс туралы ұғымдар да болмайды. Ол үшін қозғалыс мүшелерінің жұмысын ғана емес, қозғалысқа түсудегі сезім органдарының жұмысын қалыптастыру қажет.

 

Балалар церебральды салы кезіндегі оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін мұғ,алім бала дамуының психофизикалық ерекшеліктерін, оқу материалын игеруде және денсаулығына байланысты кездесетін қиындықтардың типтерін білуі керек. Оқыту кезіндегі қиындықтардың себептерін, ол кемшілік бала дамуының қай кезеңде

 

болғандығын білу, анықтау, оның әсері оқу материалын игеру кезінде қалайша байқалып отырғандығын білу маңызды.

 

Ҧсынылатын әдебиеттер:

1.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986

 

2.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.

–Москва, 1982

  1. Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
  2. Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007

 

  1. Байсалбаева Ш.А., Хусаинова Ш.Н., Кокимбекова К.Б. т.б. Медико-социальное обследование семей детей-инвалидов. Педиатрия и детская хирургия Казахстана. 1998

 

  1. Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.

 

  1. Нейман Л.В., Богомильский М.Р. Анатомия, физиология и патология органов слуха и речи. – М.: Владос, 2001.

 

  1. Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Б.Епифанцева и др. –Ростов на Дону,

2008

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *