Есту қабілеті бала интеллектісінің дамуында ерекше орын алады. Есту қабілеті қалыпты бала айналадағы дыбыстарды естіп, ересектердің сӛзіне еліктеу арқылы ӛз бетінше сӛйлеуді игереді. Сәби ересек адамның түсіндіргенін қабылдап, айтқандарымен танысып таным әрекетінің күрделі түрлерін меңгереді, жасына сай сӛздердің мағынасын ажыратуды үйренеді. Есту қабілетінің кӛмегімен ӛзінің сӛзін басқалардың сӛзімен салыстыруға, ӛзінің сӛзіне бақылау жасауға, дыбыстарды дұрыс айтуға, тілдің лексикалық-грамматикалық құрамын игеруге дағдыланады. Уақыт ӛткен сайын сақталған
ауызша сӛйлеу мен жазбаша сӛйлеуді игеруге жағдай жасайды.
Есту қабілетінің бұзылу себептерін медициналық тексерулер инфекциялық аурулар, сосудтық бұзылулар, механикалық, акустикалық немесе контузиялық соққылар, тұқымқуалаушылық аурулар, туа пайда болуған жағымсыз әсерлер құрайды.
Қазіргі уақытта есту қабілетінің жағдайын дамудың ерте кезеңінде анықтаудың мүмкіндігі артуда. Есту қабілетінің бұзылу орны, деңгейі аудиометрияның кӛмегімен (аппаратураның кӛмегімен) анықталса, сӛз арқылы тексеру естудің жағдайын анықтауда қолданылды.
Қазіргі уақытта есту қабілеті бұзылған балаларды классификациялауда 1961 жылы ұсынылған Л.В.Нейманның әдісі қолданылады. Мұнда «саңыраулық» диагнозы 75-80 дБ кезіндегі естудің жоғалуына қойылады. Саңыраулық сӛйлеу диапазоны арқылы орташа арифметикалық жағдайда (500, 1000, 2000, 4000) анықталады. Саңыраулық 500-ден 4000 Герц аралығында былайша анықталады.
Iдеңгейі — 50 дБ-ден аспайды;
IIдеңгейі — 50-70 дБ;
IIIдеңгейі — 70 дБ-ден артық.
Есту қабілетінің бұзылуын есту арнасының ерекшелігіне қарай тӛрт топқа бӛледі:
Iтоп — 125-250 Гц;
IIтоп — 125-500 Гц;
IIIтоп — 125-1000 Гц;
VI топ — 125-2000Гц-тен жоғары.
Халықаралық классификация (1988 ж.) бойынша естудің орташа деңгейдегі жоғалуына қарай: 500, 1000, 2000 Гц-пен тӛртке бӛлінеді. Iдеңгей — 26—40 дБ;
IIдеңгей — 41—55 дБ;
- с деңгей — 56—70 дБ;
1Vдеңгей — 71—90 дБ; Саңыраулық — 90 дБ-ден жоғары.
Саңыраулық– құлақ қалқанының түбінен берілген дыбыстарды ӛз бетімен қабылдай алмаушылық, тұрақты түрдегі естудің жоғалуы. Бұл кезде бала айтылмайтын кейбір дыбыстарды (ысқырық, қоңырау, барабанды соғу) қабылдайды. Саңыраулық туа пайда
болуы мүмкін және жүре пайда болуы мүмкін. Жүре пайда болған саңыраулық, ерте саңыраулық, сӛйлеудің қалыптасқан кезеңінен кейін пайда болған саңыраулық, кеш
саңыраулық деп ажыратамыз. Естудің нашарлауы– есту қалдығына сүйене отырып, сӛйлеу қабілетін игерудің мүмкіндігімен анықталатын тұрақты түрдегі естудің бұзылуы. Естудің нашарлауына – күрделі түрдегі сӛйлеу тілі бұзылған есту қабілеті нашар балалар жатады.
Есту қабілетінің бұзылуын ғылыми тұрғыда зерттеген Рахиль Марковна Боскис есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық классификациясын анықтады. Аталған классификацияда есту функциясының бұзылу деңгейі, естудің бұзылуы кезіндегі сӛйлеу тілінің даму деңгейі, есту қабілетінің бұзылу уақытын есепке алынған. Бұл классификацияда балалар тӛрт топқа бӛлінеді:
сӛйлеу тілі дамымаған саңырау балалар (ерте саңыраулыққа ұшырағандар);
сӛйлеу қабілеті сақталған саңыраулар (кеш саңыраулыққа ұшырағандар);
сӛйлеу тілі дамыған есту қабілеті нашар балалар;
сӛйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар есту қабілеті нашар балалар.
Есту қабілеті бұзылған балалардың сӛйлеу тілі естудің бұзылу уақытына қарай анықталады. Егер, есту қабілеті 3 жасқа дейін бұзылса, сӛйлеу тілі ӛздігінен
қалыптаспайды. Егер, есту қабілеті 3 жастан кейін бұзылса, фразалы сӛйлеу тілі сақталады, бірақ сӛздіктерді айтуда, тілдің грамматикалық құрылымында, дыбыстарды айтуда кемшіліктер байқалады. Егер, есту қабілеті мектеп жасында бұзылса, бала фразалы сӛйлеуді игергенімен, сӛздің буындық құрамын ажыратуда, ұяң дауыссыздарды айтуда қиындықтарға кездеседі. Сӛйлеу тілінің даму деңгейі тәрбие жағдайына, коррекциялық түзету жұмыстарының басталу уақытына да байланысты.
Есту қабілеті нашар баланың сӛйлеу тіліне тән сӛздердің түсінісксіз айтылуы, сӛздердің қатты дауыспен айтылуы, сӛйлеудің баяулауы сияқты ерекшеліктер болады. Ерте балалық шақтағы есту қабілетінен айырылған нашар еститін баланың сӛйлеуінде тілдік жүйелердің барлығы (лексика, грамматика, фонетика) бұзылады.
Есту қабілеті нашар баланың жазбаша сӛйлеуінде тіл кемшіліктерінің барлығы
айқын кӛрініп отырады. Есту қабілеті бұзылған балалардың сӛйлеу тіліндегі кемшіліктерден басқа күрделі тіл кемшіліктері (ринолалия) байқалады. Есту қабілетінің жеңіл түрдегі бұзылуы кезінде баланың қатты дыбыстарды шығарып сӛйлеуі есту қабілетін белсенді күйге жеткізеді. Есту қабілетінің күрделі деңгейінде ерін қимылынан оқу, тактильді-вибрациялық сезімталдықты қалыптастыру арқылы есту қалдығын іске қосуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Есту қабілеті бұзылған балалардағы қосымша кемшіліктерге байланысты оларды былайша топтастырамыз:
- қосымша кемшілігі жоқ есту қабілеті бұзылған балалар;
- қосымша кемшілігі бар (интеллектінің, кӛрудің, тірек-қимылдың, эмоцияның бұзылуы) есту қабілеті бұзылған балалар.
Сонымен, есту қабілеті бұзылған балалардың тобы есту қабілетінің бұзылу деңгейі, есту қабілетінің сипаты (кондуктивті, сенсоневральды, аралас түрдегі естудің бұзылуы) естудің бұзылу уақыты, дамудағы қосымша кемшіліктер түріндеқарастырылады.
Саңырау және есту қабілеті нашар балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстардың жетістігі мынадай жағымды факторларға байланысты:
- баланы оқыту жағдайының интенсивті, жүйелі, адекватты түрде жүргізілуі;
- оқыту мен тәрбие процесіне отбасының белсенді араласуы;
- баланың потенциалдық мүмкіндіктері, физикалық даму жағдайы, тұлғалық қасиеттері (белсенділігі, физикалық шыдамдылығы, жұмысқа қабілеттілігі );
- сурдотехникалық құралдардың қолданылуы;
Есту қабілеті бұзылған балаларға коррекциялық кӛмек кӛрсету жұмыстары дәстүрлі түрде денсаулық сақтау жүйесіне қатысты мекемелерде (сурдологиялық кабинеттерде, орталықтарда, бӛлімшелерде, үлкен ауруханалардағы құлақ ауруларын емдейтін бӛлімшелерде) жүргізіледі.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы (1995) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған типтік ереже» бойынша реттеледі. Ерте балалық шақтағы саңырау және есту қабілеті нашар балаларға білім беру мекемелері:
- саңырау және нашар еститін балаларға арналған балабақша;
- аралас түрдегі балабақша;
- саңырау және нашар еститін коррекциялық жалпы білім беретін мектептердегі, мектеп-интернаттардағы арнайы топтарға 1,5-2 жастағы балалар тәрбиеленеді;
- мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған білім беру ұйымдары. Аталған арнаулы білім беру ұйымдары бірінші сыныптан бастап 10-12 класс
аралығында білім берумен айналысады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми-
әдістемелік негіздері Р.М.Боскис, Г.Л.Выгодский, Л.А.Головчиц, Г.Л.Зайцева,
С.А.Зыкова, Б.Д.Корсунская, Е.П.Кузьмичева, Э.И.Леонгард, Е.А.Малхасьян,
Л.П.Носкова, Н.Д.Шматко және т.б. еңбектерінде беріледі.
Есту қабілетінің бұзылуы кезіндегі коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың мазмұны бірнеше бӛлімдермен анықталады. Олардың әрбіреуітәрбиелік, білімділік міндеттер сияқты, мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуын қалыптастыру ерекшеліктеріне қарай коррекциялық бағытты құрайды. Аталған бӛлімдерге жеке-жеке тоқталсақ, былайша сипатталады.
«Тіл дамыту» сабақтары коррекциялық жұмыстар жүйесінде саңырау және есту қабілеті нашар балалардың сӛйлеу тілін дамыту мен тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін арттыруда жетекші бӛлім болып табылады. Бұл бӛлімнің негізгі міндеттері сӛйлеу қабілетін дамыту, сӛздік қорды байыту, сӛздің мағынасымен жұмыс жасау, сӛйлеу тілінің түрлі формаларын (ауызша, жазбаша сӛйлеу тілі, дактиль тілі), сӛйлеу әрекетінің түрлерін дамыту.
Есту қабілетін дамыту және сӛйлеуге үйрету процесінде баланың есту қабілетін, сӛйлеу тілін дамыту жұмыстарымен анықталатын коррекциялық міндеттердің маңызды түрлері орындалады. Саңырау және есту қабілеті нашар балалармен жүргізілетін есту қабілетін дамыту жұмыстары тілдік және естілетін дыбыстарды қабылдауға үйрету мақсатында есту қалдығын дамытуға бағытталады. Есту қабілетін дамыту және сӛйлеуге үйрету жұмыстары мынадай міндеттерді шешеді:
- тілдік және естілетін дыбыстарды қабылдауға үйрету;
- ауызша сӛйлеу тілінің негіздерін есту және кӛру қабілеті арқылы қабылдауға үйрету;
- Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдысын қалыптастыру.
Дыбыстарды айтуға үйрету жұмыстары ауызша сӛйлеуге үйрету, шынайы сӛйлеуге еліктеуге үйрету, дыбыс күшейткіш аппаратуралардың кӛмегімен жұмыс жасауға бағыт береді.
Есту қабілеті бұзылған балалар қалыпты балалар сияқты сан және цифр, кӛлем мен форма, заттардың кеңістіктегі орналасуы мен олардың қасиеттері, санау және ӛлшеу, есептеу құралдарымен танысуда математикалық біліммен қаруланады.
Есту қабілеті бұзылған балаларға мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы оқытуға аса мән беріледі. Ойын әрекетін қалыптастыру оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру, сюжетті-рольдік ойындарға араласуға, заттар мен әрекеттердің ерекшеліктерін ажыратуға үйретеді.
Бейнелеу ӛнеріне баулу мен конструктивті әрекетті қалыптастыру мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған оқушылардың эстетикалық талғамын, танымдық әрекетін қалыптастырады. Бейнелеу ӛнеріне баулу мен конструкциялауға үйрету сабақтарында,
отбасында, сабақтан тыс уақыттарда сурет салуға баулу, ермексазбен жұмыс жасау, жапсыру, конструкциялауға үйрету мақсатты түрде жүргізіледі.
Бейнелеу ӛнері мен конструктивті әрекетке баулу жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызды міндеттер баланың сенсорлық қабілетін дамыту. Оқыту процесі кезінде кӛру арқылы қабылдау, тактильді-қимылдық қабылдау, қимылдық қабылдаудың түрлерін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған баланы еңбекке тәрбиелеуде ересектердің еңбегіне қызығушылық, еліктеу қабілеті дамиды. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық және әлеуметік дамуы қоршаған ортамен таныстыру барысында қалыптасады
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған баланы тәрбиелеуде музыкалық тәрбие беру жұмыстары қатар орындалады. Дамудағы кемшіліктерді коррекциялау мен компенсациялау жұмыстары музыканы қабылдау, вокалды-интонациялық дауыс ырғағын реттеу арқылы шешіледі. Үй жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін коррекциялық кӛмек түрлері мына мекемелерде ұйымдастырылады:
— денсаулық сақтау жүйесінің жергілікті жерде орналасқан сурдологиялық кабинеттерінде;
- жергілікті жердегі отолорингологиялық кабинетерде;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы қыса уақытқа дейін тәрбиеленетін топтарда;
- медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитациялау орталақытарында.
Есту қабілеті бұзылған балаларға коррекциялық кӛмек кӛрсету жүйесі тұрақты түрде оқыту мен тәрбиенің интеграциялану заңдылығы бойынша жүргізіледі. Аралас түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарда интеграциялы оқытуды ұйымдастыруда интеграциялаудың түрлі формалары қарастырылған:
- уақытша интеграция, бұл формасында арнайы топтың барлық тәрбиеленушілері психикалық дамуындағы және сӛйлеу тіліндегі ерекшеліктерге қарамастан айына екі рет тәрбиелік шаралар бірге ұйымдастырылады;
- ішінара интеграция, жалпы білім беру стандартын игеруге қабілетсіз балаларды 1-2 баладан жалпы топтарға күннің жартысын бірге ӛткізулеріне жағдай жасайды;
- аралас интеграция, психофизикалық және сӛйлеу тіліндегі ерекшеліктері қалыпты бала дамуымен сәйкес келетін 1-2 бала жалпы топтарда мұғалім-дефектологтың кӛмегімен тәрбиеленеді;
- жалпы интеграция барысында есту қабілеті бұзылған жалпы топтағы балалармен қатар тәрбиеленеді;
— мектепке дейінгі аралас топтар, барлық балаларға арналған топта (1-2 бала емес, 4-5 баладан құрылған аралас топ) екі тәрбиеші ғана емес, мұғалім-дефектолог та жұмыс жасайды.
Естімейтін (саңырау) балалар үш деңгей бойынша құрылған жалпы білім беру бағдарламасын арнайы (түзетім) мектебінің І түрінде білім алады.
1-ші деңгейі – бастауыш білім (нормативтік ұзақтығы оқу пәндеріне байланысты 5-6 жыл немесе дайындық сыныбын қоса есептегенде 6-7 жыл);
2-ші деңгейі – негізгі жалпы білім (нормативтік ұзақтығы 6-7 жыл);
3-ші деңгейі – орта (толық) жалпы білім (нормативтік ұзақтығы 2 жыл).
Бірінші сыныпқа 7 жастан бастап қабылданады. Мектепке дейіені балабақшада тәрбиеленбеген балалар дайындық сыныбынан ӛтеді. Сынып оқушыларының толымы 6 оқушы. Арнайы мектептің І түрінде кешенді түрдегі кемшілігі анықталған саңырауларға (ақыл-ой дамуы кешеуілдеген саңыраулар, ПДТ саңыраулар) арналған сыныптар болады. Мұндай сыныптардағы оқушылардың толымы 5 оқушыны құрайды.
Қазіргі сурдопедагогикада Ресейлік сурдопедагогикада саңырауларды оқытудың екі жүйесі (билингвистикалық оқыту жүйесі және сӛйлеу тілі арқылы оқыту)
қолданылады. Сурдопедагогиканың дамуында А.А.Комарованың анықтамасы бойынша саңырауларды оқыту жүйесінің жаңа тұжырымдамасын құру мақсаты жоспарланған.
Скандинавия, Великобритания, Швейцария, Канада, АҚШ және т.б. шет елдерде қолданылатын саңырауларды оқытудың билингвистикалық жүйесі ӛзінің тиімді
жақтарымен танымал. Аталған жүйе Ресейде профессор Г.Л. Зайцеваның басшылығымен құрылған.
Билингвистикалық оқыту жүйесі арнайы білім беру процесінің құралдарын қолдануда бір тектілік, ұқсастық, яғни сӛйлеу тілі мен ыммен сӛйлеуді қатар қолдануда басшылыққа алынады.
Ыммен сӛйлеу тілі – есту қабілетінен айырылған тұлғалардың ӛзара қарым-қатынасқа түсу тілі. Ыммен сӛйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық заңдылығы ымның семантикалық бірлігіне негізделіп, оның фугнкционалдық белгілері арқылы анықталады. Саңырауларды оқытуда ыммен сӛйлеуді қолданудың тиімділігі:
- педагогтар мен оқушылар арасындағы коммуникативтік кедергілерді қалыпқа келтіру;
- балалар мен ересектер арасындағы сенімділікті тудыру;
- оқу-тәрбие процесінің эмоциялық жағын құру;
- оқу материалы бойынша ақпараттың кӛлемін кеңейту;
- оқу материалы бойынша ақпаратты таратудың жылдамдығы;
- оқушылардың қабылдауын дамыту;
- жалпы білім беру бағдурламасын толық кӛлемде игеруге мүмкіндік жасау.
Сөйлеу тілі негізінде саңырауларды оқытудың коммуникативтік жүйесіХХ
ғасырдың 50- ші жылдары отандық оқымысты сурдопедагог, профессор С.А.Зыкованың басшылығымен құрылған.
Қазақстан Республикасындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған алғашқы мектеп 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен Алматы қаласында ашылды. Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру ісі күрделі және қиын жолдарды басынан ӛткізді. Ал қазіргі кезде есту қабілеті бұзылған балаларға арнаулы білім беретін мектеп-интернаттардың материалдық базасы толықтырылған, жаңа заманға сай оқытудың құралдарымен, есту аппаратары және басқа да құралдармен қамтамасыз етілген. Арнаулы мектепте жүргізілетін тәрбие жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады. Есту қабілеті бұзылған балалардың компенсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты арнаулы мектептің педагогикалық ұжымы балалардың қоғамға деген қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған балаларды еңбекке тәрбиелеу, кәсіби еңбекке баулу жұмысы басты мақсат болып табылады.
Сӛйлеу тілі негізінде саңырауларды оқытудың коммуникативтік жүйесінің негізгі қағидалары:
- қарым-қатынасқа түсудегі қажеттіліктің пайда болуы мен дамуы ұйымдасқан түрлі педагогикалық әрекет арқылы жүзеге асады;
- белсенді сӛйлеу тілін қалыптастыруда дактиль тілінің тиімділігі жоғары, ауызша және жазбаша сӛйлеуге үйретудің мүмкіндігі жоғары (алфавиттегі әрбір әріпке сәйкес саусақтардың қозғалысы, олардың жағдайлары беріледі).
Л.П.Носкованың зерттеулерінде тілге оқытудың арнайы құрылымдық-
семантикалық қағидасы негізінде генетикалық тұрғыда саңырау баланың сӛйлеу тіліндегі жетістіктер компенсация процесіне сәйкес қолданылады.
Әрекет қағидасы оқушылардың сӛйлеумен тілді игерудегі қажеттіліктерін
орындаудағы заттық-практикалық әрекетінің орындалуына жағдай жасайды. Оқушылардың заттық-практикалық әрекеті сӛйлеудің қарым-қатынас құралы, ӛз бетінше белсенді сӛйлеуге үйрену, ӛзінің әрекетін жоспарлау деген негізгі түсініктердің қалыптасу базасына айналады.
Техниканың мүмкіндіктерін пайдаланудағы есту қабілетін протездеу саңыраулардың сӛйлеуін, есту қалдығын дамытуда ӛзінің тиімділігін анық кӛрсетіп келеді.
Есту қабілетін ерте жастан бастап диагностикалау жұмыстарының негізі Т.А.Власова, Е.П. Кузьмичева Э.И. Леонгард, Ф.Ф. Рау, А.Д.Салахова, Н.Д. Шматко, Т.В. Пелымская және т.б. зерттеулеріне сүйене отырып, Батыс Европа елдерінде 1950-ші жылдардың аяғынан бастап саңырау балаларға ерте педагогикалық кӛмек кӛрсету, саңыраулықты ерте диагностикалау жүйесі, яғни ерте жастағы балалардың есту қабілетін протездеу жұмыстары қолға алына бастады. Осы ретте Хорватияда сурдотехниканың жетістіктеріне сүйене отырып құрылған оқытудың педагогикалық жүйесі, яғни саңыраулардың есту қабілетін және сӛйлеу тілін дамытуға арналған оқытудың верботональдық жүйесі құрылды.
- түрдегі коррекциялық білім беру кеш саңыраулыққа ұшыраған нашар еститін балаларға арналған білім беру жүйесін жүзеге асырады. ІІ түрдегі оқушылардың жалпы білімді игерудегі цензалы деңгейі мемлекеттік жалпы білім беру стандартының нормативтік талаптарын орындайды. Нашар еститін оқушылар мен кеш саңыраулыққа ұшыраған балаларды оқытуды саралау жұмысы екі бӛлімнен тұрады.
1-ші бӛлім — жеңіл түрдегі тіл кемшілігі анықталған, есту қабілеті нашар балалар. Сыныптағы оқушылардың толымы 10 оқушыны құрайды.
2-ші бӛлім — күрделі тіл кемшілігі анықталған, есту қабілеті нашар балалар. Сыныптағы оқушылардың толымы 8 оқушыны құрайды.
Білім беру процесі жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес үш деңгейде бастауыш
білім, орта (толық) білім, жалпы білім ұйымдастырылады. 1-2 бӛлімдердің сыныбына 7 жастан бастап қабылданады, 2-ші бӛлім дайындық сыныбынан басталуы мүмкін. Білім беру барысындағы педагогикалық процесс коррекциялық-дамыта оқыту принципіне сәйкес мазмұнды және әдістемелік бағыттардан тұрады.
Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұнындағы ӛзіндік ерекшеліктері тұлғаның ортаға бейімделуін, шығармашылық әрекетін, эмоциялық-ерік сферасын дамытуға бағытталған. Мұндай жағдайлар саңырауларға полисенсорлық негізде арнайы сабақтар жүргізу арқылы ұйымдастырылады:
- ерін қимылынан оқу дағдысын қалыптастыру;
- сӛйлеу техникасын игерту (сӛйлеу кезіндегі қимылдық база);
- есту қалдығын қолдану және дамыту.
Сенсорлық жүйеде оқыту теориясы Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Л.А.Венгер және т.б зерттеулерінед есту қабілетінің дамуы сәйкес сезу мен қабылдау қасиеттерінің кӛмегімен орындалып, анализаторлар жұмысының белсенділігін арттырады. Аталған теория негізінде саңыраулларды тілге оқыту есту қабілетінің әсерінен болған кемшіліктерді жоюға негізделеді. Мұнда сӛздік қорды байыту, сӛздің дыбыстық құрамын ажырату, тілдің грамматикалық құрылымын игеру, сӛйлеу әрекетінің формаларын игертуге бағытталған
жұмыстар жүргізіледі. Жазу мен оқу саңырауларды тілге оқытудың негізгі құралы. Мұнда оқу материалын игертудегі қолданылатын негізгі құрал кӛрнекіліктер, драматизация, инсценировка, пантомимо.
Есту қабілетінен айырылған бозбалалар мен бойжеткендер мынадай мамандықтарды игере алады:
- саңыраулар қоғамы бойынша оқу-шаруашылық орындарында жұмыс жасау;
- кәсіби-техникалық училишелерде, колледждере, жоғары оқу орындарында.
Есту қабілетінен айырылған тұлғалар инженерлік-техникалық мамандықтарды игере алмайды. Есту анализаторының қалыпты дамудағы атқаратын қызметі баланың жалпы дамуында ерекше орын алады. Есту анализаторының қызметі бұзылған кезде сӛйлеу тілі, баланың психикалық дамуы бұзылады, танымдық қабілеттің жалпы дамуы ӛзгерістерге ұшырайды, осының әсерінен, есту анализаторының бірінші кемшілігі бала дамуында
қандай да бір екінші кемшіліктің пайда болуына себепші болады. Есту анализаторының дамуындағы бірінші, екінші, үшінші кемшіліктердің барлығы естімейтін баланың танымдық әрекетінің дамуын әлсіретеді.
Отандық және шетелдік статистиканың қорытындыларына сәйкес, есту органының бұзылуы немесе әлсіреуі анықталған балалардың саны артып отыр. Осыған байланысты сурдопедагогика ғылымының алдында мынадай міндеттер қойылған:
-есту қабілеті бұзылған тұлғаларды педагогикалық тұрғыдан зерттеу және олардың жеке
даму ерекшеліктеріне байланысты есту, сӛйлеу қабілетіндегі бұзылулардың
заңдылықтарын зерттеу;
-есту қабілеті бұзылған тұлғалардың түрлі категорияларына арнайы білім беру мазмұнын
жасақтау, ғылыми түрде негіздеу және тәжірибеге енгізу;
-есту қабілеті бұзылған тұлғаларды оқытуға арналған білім беру, дидактикалық және
арнайы әдістемелердің ғылыми негіздерін құру;
-есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім берудегі ішкі жүйелерді құру, есту қалдығын дамыту, ыммен сӛйлеуге, ауызша сӛйлеуге, ана тілін меңгеруге, (кохлеарлық имплантация кезінде) операциядан кейінгі педагогикалық реабилитациялауға арналған білім беру технологияларын жасақтау;
- есту анализаторындағы бұзылуларды түзету мен компенсациялауға арналған техникалық құралдарды құрастыру;
- есту қабілеті бұзылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік-кәсіби тұрғыда бейімделуіне жағымды жағдайларды туғызу.
Оқу жылының басында қалыпты балалардың ӛздері жалпы дамудың және сӛйлеу тілінің түрлі даму деңгейімен мектепке қабылдананса, естуі бұзылған балаларда мұндай белглер анық байқалады. Балалардың дамуында байқалатын мұндай ерекшеліктер мынадай факторлармен, яғни баланың жеке даму ерекшелігі. Есту қызметінің жағдайы, түзету жұмыстарының басталу уақыты, түзету жұмыстарының нәтижесі, дамудағы қосымша кемшіліктермен анықталады. Жалпы білім беретін мектепке дайын келген саңырау немесе нашар еститін балаларды үш топқа бӛлуге болады.
Бірінші топқа есту қабілетінің аз деңгейдегі тӛмендеуінен сыбыр сӛздердіесту қабілетінен айрылған балалар жатады. Мұндай қиындықтарды баланың ӛзі де, айналасындағы адамдар да біраз уақытқа дейін байқамайды.
Екінші топқа ерте уақытта басталып, жүйелі түрде жүргізілген түзету жұмыстарының нәтижесінде жеті жасқа таман сӛйлеуді игерген, кітапты оқи алатын, баспа әріптермен жаза білетін балалар жатады. ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес) мамандарының қорытындысында бұл балалардың жалпы дамуы мен сӛйлеу тілінің даму деңгейінің айтарлықтай жоғары екендігі кӛрсетіледі.
Үшінші топқа 5-6 жаста немесе одан кейінгі жаста есту қабілетінен айырылған, яғни кеш саңыраулыққа ұшыраған балалар жатады. Олардың ауызша сӛйлеу тілі естудің қалыпты дамуы кезінде дамуынан, ӛзқұрдастарынан сӛздің дыбыстық құрылымдарын ажыратуда ерекшеленіп отырады. Дегенмен, аяқ астынан есту қабілетінен айырылу, баланың ӛзі қоршаған адамдардың сӛздерін түсіне алмауына апарады. Уақытында басталған түзету жұмыстарының тәтижесі олардың қалыпты балалармен білім алуына мүмкіндік береді.
Мұғалім оқу процесінің әрбір кезеңінде естуі бұзылған баланың мұғалімнің, сынып оқушыларының бет-жүзін, тақтаға шыққан оқушыны, тақтадағы жазуларды, кестелерді, сызбаларды, картаны уақытында кӛруін, қадағалап отыруы керек. Сондықтан есту қабілеті бұзылған бала мұғалімнің оң жағында отыруы тиіс. Сыныптағы ол орыннан балаға болып жатқан құбылыстар мен жағдайлардың барлығы кӛрініп отырады. Естуі бұзылған баладан сабақ кезінде барлық зейінін сыныптағы сӛйлеушілерге аударып отыруын талап ету керек. Естуі бұзылған баланың сӛйлеушінің ӛзгеріп отырғанын тез бақылай білуін қадағалап, оны бақылауға ала отырып, балаға мынадай кӛмекші
сұрақтарды қойып отыру қажет: «Менің не туралы айтқанымды қайтала», «Айдос не деді?», «Бүгінгі сабақта не туралы айттық?».
Есту қабілеті бұзылған бала сыныптағы барлық жағдайлармен жақсы танысып, оларға қатысып, белсенділік кӛрсетіп отыруы тиіс. Білімді игерту барысындағы қандай да бір назардан тыс қалған тақырыптар, тапсырмалар оқу пәні бойынша игерілетін келесі бӛлімдерді қабылдауда қиындықтар туғызады. Мұғалім оқушыны әркез бақылаудан тыс қалдырмай, сабақ барысында бір-екі кӛмекші сұрақты қойып, баланың сабақ барысында не істегені, не білгені туралы сұрап, оқу материалының мазмұнын жалпы сыныптың игеруіне жағдай жасауы керек. Оқушы білімін тексеру барысында баланың қабылдаған жаңа материалының мазмұнын анықтау үшін ӛз бетінше жұмыстарды орындауға (И.М.Гилевич, Э.В.Миронова, Л.И.Тигранова, Н.Д.Шматко) мүмкіндік жасау керектігі анық кӛрсетілген. Сынып оқушылары ауызша тапсырма орындау барысында естуі бұзылған балаға жеке тапсырма ретінде жазбаша орындалатын ӛз бетіндік жұмыс беріледі. Бұл дұрыс емес, себебі естуі бұзылған бала қандай да бір жұмыс түрін орындау барысында сынып оқушыларынан бӛлініп қалып, олардың қандай тапсырманы қалай орындағандығын бақылай алмайды. Нәтижесінде, мұндай жағдайлардың әсерінен есту қабілеті бұзылған тұлғаларға жалпы білім беретін мектептерде білім беру жұмысының мағынасы мен мәні жоғалады.
Саңырау немесе есту қабілеті нашар баланың жалпы білім беретін мектептегі білім алуы, білім алудағы жетістіктері баланың сабақ барысындағы оқу әрекетіне қаншалықты дәрежеде қосыла алатындығына байланысты анықталады. Осыдан келіп мұғалімнің естуі бұзылған баламен жұмыс жасау кезіндегі тиімді кӛмек кӛрсете білудің ерекшеліктері анықталады. Соның ішінде орта мектепте білім алуға қажетті білім, іскерлік, дағдының мектепке дейінгі кезеңде, бастауыш мектепте қаланғаны ӛзінің ӛзектілігін жоғалтпайды.
Мектепке дейінгі шақтағы естуі бұзылған баламен жұмыс жасау ерекшеліктерін мұғалім үнемі есте ұстай отырып, оның міндетті екендігін естен шығармауы тиіс. Қазақ тілі сабақтарында дәстүрлі түрдегі міндеттерді орындай отырып, түзету бағытын ұстану қажет. Бұл сабақтарда есту органының патологиясына тән сӛйлеудің грамматикалық құрылымымен жұмыс жасалады. Естудің тӛмендігі байқалатын балаларға мынадай тіл жаттығуларымен жұмыстың түрі ұсынылады: сӛз ішіндегі орфограммаларды табу, сӛз таптары мен сӛйлем мүшелеріне граматикалық талдау жасау, сӛз ішіндегі морфемаларды
сызу. Мұғалім мұндай тапсырмаларға таңдау жасауда оқушының қаншалықты тапсырманы орындай білу қабілеті мен деңгейін, мүмкіндігін есепке ала отырып таныс мәтін ішіндегі сӛз тіркестері мен сӛйлемдермен жұмыс жасауды ұсынады. Осы түрдегі жұмыстарды мақсатты түрде орындау саңырау немесе нашар еститін балалардың сӛйлеудің грамматикалық құрылымын игертуге, оны бекітуге, түзетуге мүмкіндік береді.
Мұғалім сӛздің буындық құрамын ажыратуға байланысты тапсырмаларды ұсынуда баланың мүмкіндігін есепке алғаны жӛн. Себебі, тапсырмаларды орындау кезіндегі туындаған қиындықтар сынақхат, мазмұндама жазу кезінде анық байқалып отырады. Егер, бала сынақхат жазу кезінде жалпы оқушыларға ілесе алмаса, уақытша балаға басқа тапсырманың түрін ұсынып, ол баламен сынақхатты жеке сабақтан кейін есту-кӛру негізінде қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып жүргізу керек. Есту қалдығы жақсы сақталған балалар сынақхатты қалған оқушылармен бірге жазады, бірақ алдын ала мәтіннің мазмұнымен, дыбыстық-буындық құрамы жағынан айтылуы қиын, мағынасы мен грамматикалық құрылымы түсініксіз сӛздермен алдын-ала таныстыру керек.
Есту қабілеті нашар балаларды мазмұндама жазуға үйретуде де оларды арнайы дайындықтан ӛткізу керек. Оларға ұсынылатын мәтінді іштен оқуға ұсынып, содан кейін жалпы айтылған мәтіннің мазмұнын тыңдау ұсынылады. Балаға таныс емес сӛздер кездессе, мұғалім ол сӛздің мағынасын түсіндіріп, жазылуын кӛрсетіп дайындайды. Соның ішінде мәтіннің негізгі ядросы болып табылатын жетекші орындағы сӛздермен жұмысқа баса назар аударып, ол сӛздердің грамматикалық күрделі құрылымымен жұмыс жасап, ол сӛздермен баланы алдын ала таныстыру керек. Одан кейін де бала мазмұндама
жазу кезінде қиындықтарға кезігіп отырса, мәтін мазмұнына байланысты дайындалған сұрақтар ұсынылады.
Тіл дамыту сабақтарында есту қабілеті бұзылған балалар әдеби шығармалармен жұмыс жасаудың барысына кірісе алмайды, себебі оларға тілді игеруге байланысты қиындықтар кедергі жасайды. Мысалы, әдеби шығарманың ішіндегі түсініксіз сӛздер, күрделі құрылған грамматикалық тапсырмалар, мәтіннің белгілі бӛлімдерін түсінбеу, диалогты, сипаттаулардың мазмұнын түсінбеу сияқты қиындықтар туындайды. Бірақ, үйден жаңа материалдың мазмұнымен танысуға болмайды, себебі сыныпта оқушыға жаңа мәтіннің мамұны таныс болғандықтан қызығушылық жоғалады. Әдеби шығармаларды, ӛлеңдерді кітапта бейнеленген иллюстрациялы суреттермен қатар түсіндіру тиімді. Егер, оқушыға шығармалардың, ертегілердің, қысқа повестердің мазмұны таныс болмаса, сол сабаққа дейін балаға қысқаша мағлұмат беріледі.
Математика сабағында есту қабілеті бұзылған балалар есептің шартын түсінуде қиындықтарға кездеседі, мұндай кезде баланың жалпы оқушылармен есепті шығаруына мүмкіндік жасап, оны қалай шығарғанын бақылауға ау керек. Есепті шығару барысында математикалық терминдердің мазмұнымен (тең бӛліктерге бӛлу, артық, кем, соншаға артық, сонша кем) жұмысқа назар аударылады. Есептің шартымен жұмыс кезінде кӛрнекі-иллюстрациялық материалдарды кӛп мӛлшерде пайдалану тиімді.
Сонымен, есту қабілеті бұзылған балаларға жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесі — сӛйлеу әрекетіндегі ерекшеліктермен айрықшаланатын күрделі процесс. Бұл кезде мұғалімнен шыдамдылық пен балаға деген махаббат қана емес, арнаулы білімнің кӛлемі де қажет болып табылады.
Ҧсынылатын әдебиеттер:
1.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986
2.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.
–Москва, 1982
- Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4
- Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
- Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
- Головчиц Л.А. Дошкольная сурдопедагогика: Воспитание и обучение дошкольников с нарушениями слуха: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М., 2001
- Сурдопедагогика: Учеб. пособие для студентов дефектол. фак. пед. ин-тов / Л.В. Андреева, К.А. Волкова, Т.А. Григорьева и др.; Под ред. М. И. Никитиной. – М., 1989
- Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.
- Интенсификация учебного процесса в школе слабослыщащих. -М, 1988
- Леонард Э.И. и др. Я не хочу молчать! — М, 1990
- Развитие способностей у глухих детей в процессе обучения. –М, 1991
- Белова Н.И.Специальная дошкольная сурдопедагогика.-М, 1985
- Нейман Л.В., Богомильский М.Р. Анатомия, физиология и патология органов слуха и речи. – М.: Владос, 2001.
- Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Б.Епифанцева и др. –Ростов на Дону, 2008
- Боскис Р.М. Глухие и слабослышащие дети. –М, 1963