«Психикалық дамудың тежелуі» түсінігі орталық нерв жүйесінің органикалық және функционалдық жетіспеушілігі кезіндегі бала әрекетіне байланысты қолданылады. Бұл балаларда есту, кӛру, сӛйлеу, тірек-қимылдың бұзылуы, интеллектінің бұзылуы болмайды. Психикалық дамудың тежелу клиникалық картинасы тәртіптің күрделі формаларының дамымауы, мақсатты түрдегі әрекетке түсудің жетіспеушілігі, энцефалопатиялық бұзылулармен түсіндіріледі. Аталған симптомдардың патогенетикалық негіздерін Г.Е.Сухарева, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, К.С.Лебединская, В.И.Лубовский, И.Ф.Марковская зерттеулері кӛрсеткендей, орталық нерв жүйесінің аурулары, олардың резидуалды-органикалық зақымдануы құрайды.
Психикалық дамудың тежелуі ұрықтық кезеңдегі ОНЖ-нің зақымдануынан, инфекциялық, созылмалы аурулардан болуы мүмкін. Психикалық дамудың тежелуінің этиологиясы биологиялық факторлармен емес, әлеуметтік факторлардың да әсерінен болуы ықтимал.
А.О.Дробинская, М.Н.Фишман еңбектеріндегі нейрофизиологиялық зерттеулер 6-8 жастағы балалар арасында оқудағы қиындықтардың байқалуы ми құрылымдары мен олардың арасындағы байланыстардың дамуы нормадан ауытқуы салдарынан болады деп беріледі. Осы жастағы танымдық қабілеттердің тӛмендігі ми қыртыстары, соның ішінде маңдай және тӛбе бӛлігіндегі қабықшалардың дамуындағы жетіспеушіліктерден болатындығы кӛрсетіледі. Аталған авторлардың зерттеулерінде клиникалық-психологиялық синдромдардың тӛрт түрі беріледі.
- Психикалық инфантилизм синдромы баланың эмоциясының жетіспеушілігін анықтайды, яғни маңдайдағы диэнцефальды жүйелеріндің баяу дамуынан баланың эмоциясы ӛзінің жас шамасына сай келмейді. Күрделі түрінде К.С.Лебединская (1980), И.Ф. Марковская (1977) кӛрсеткендей, дисгармониялық инфантилизм, танымдық қабілеттердің бұзылуы орын алады.
- Цереброастениялық синдром ақыл-ой және дене еңбегі кезіндегі нерв жүйелерінің тұрақсыздығымен түсіндіріледі. Аталған синдром гидроцефальды синдром кезінде (бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы) байқалады. Бұл балалардың бас пішіні үлкен, маңдайлары жоғары, маңдай мен самай бӛліктерінде қан тамырларының шығуы орын алады. Бұл балаларға тән белгілер: қимылдық қозғалыс кезіндегі дәлдіктің болмауы, ұсақ қол қимыл моторикасының бұзылуы, кӛңіл-күйдің аяқ-асты ӛзгеруі, жылауықтық, апатиялық жағдайларға берілгіштік.
- Гипердинамикалық синдром жалпы қимылдағы тежелулер, қозу, импульсивті жағдайлармен сипатталады. Зейін, тәртіптегі ерікті қозғалыстар, қарым-қатынастың бұзылуы байқалады.
- Психоорганикалық синдром бас миының ерте кездегі органикалық зақымдануынан танымдық қабілеттердің тӛмендеуі. Бұл балалар оқу мен жазудағы қиындықтар, сӛйлеу тіліндегі кемшіліктер байқалады. Ұсақ қол қимыл моторикасы, кӛру қоординациясы, ӛз-ӛзіне қызмет ету дағдысының бұзылуынан мүсіндеу, жапсыру әрекеттері кезінде қиындықтар туындайды.
Психикалық дамудың кешеуілдеуі себептерінің кӛптігінен, оның анықталу белгілері де әр түрлі. Осыған байланысты ПДТ классификациялаудың да бірнеше түрі белгіленен. Бірінші клиникалық классификация Т.А.Власова мен М.С.Певзнердің (1967) ұсынған классификациясында ПДТ екі вариантта қарастырылады:
- Бірінші вариантында психикалық және психофизикалық инфантилизм әсерінен тұлғаның эмоциялық-ерік сферасының жетіспеушілігі байқалады.
- Екінші вариантында тұрақты церебральды астениялық жағдайдың әсерінен танымдық қабілеттердің бұзылуы байқалады.
В.В. Ковалевтің ұсынған классификациясы (1979) ПДТ биологиялық факторлардың әсерінен болатын тӛрт вариантын ұсынады.
- мінездің дизонтогенетикалық кешеуілдеуі (психикалық инфантилиизм жағдайында орын алады);
— мінездің энцефалопатиялық кешеуілдеуі (ОЖЖ-нің әлсіз түрдегі органикалық
зақымдануы );
- сенсорлық кемшіліктердің қайталануынан болатын түрі (есту, кӛру, сӛйлеудің бұзылуы);
- ерте әлеуметтік депривация жағдайынан болатын ПДТ.
Тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген К.С.Лебединскаяның (1980) классификациясы тӛрт түрге бӛлінеді:
- конституционалдық мінездеме бойынша;
- сомотогендік мінездеме бойынша;
- психогендік мінездеме бойынша;
- церебральды-астениялық мінездеме бойынша;
Аталған тӛрт типтің ӛзіне тән ерекшелігі бар. Олардың арасындағы айырмашылық эмоционалдық жетіспеушілік пен танымдық қабілеттің жетіспеушілігі болып табылады. Одан басқа соматикалық және неврологиялық жағынан қиындықтар туындау да мүмкін. Бірақ аномальды дамудағы негізгі екі құрамдас бӛлім — инфантилизмдік мен барлық психикалық функциялардың дамуындағы ерекшеліктер.
Психикалық дамудың конституционалдық мінездемесі бойынша ПДТ баланың эмоционалдық-ерік аймағы физикалық және психикалық дамудың ерте кезеңіне сай келеді. Тәртібінде ойын мотивациясының басымдығы байқалады, тез шаршау анықталады. Жалпы білім беретін мектептегі білім алатын балалардың ӛзінде ойын әрекеті басым болады. ПДТ-дің бұл формасында гармониялық инфантилизмді психикалық инфантилизмнің негізгі формасы ретінде қабылдауға болады. Оқымыстылар гармониялық инфантилизмнің егіздерде жиі кездесетінін айтады. ПДТ-дің бұл формасындағы балалар арнайлы коррекциялық мекемелерде білім алады.
Психикалық дамудың сомотогендік мінездемесі бойынша ПДТ-дің себептері қайталанбалы, инфекциялық аурулар, балалар арасындағы невроздық жағдайлар, туа пайда болған және жүре пайда болған аурулардан болады. ПДТ-дің бұл формасында балалардың физикалық жағдайын ғана емес психологиялық статусында тұрақты түрде тӛмендетуге себеп болатын астениялық жағдайлар анықталады.
Психогендік түрдегі ПДТ ерте даму кезіндегі бас миының соққы алуынан болған невроздық жағдайлармен түсіндіріледі.
Церебральды-органикалық генездегі ПДТ психикалық функциялардың жетіспеуін И.Ф.Марковская (1993) екі категорияға: эмоциялық-ерік аймағының дамымауы, органикалық инфантилизм мен энцефалопатиялық бұзылулар, интеллектінің бұзылуы түрінде бӛледі.
У.В.Ульенкова (1994) психикалық дамудың тежелуін компенсациялау жұмыстарында баланың жасы, әлеуметтік жағдайы, денсаулығының жағдайы, баланың психологиялық даму ерекшеліктері есепке алыну керек деген болжам айтады. Бұл балалардың даму динамикасын жүзеге асырудың тиімді жолы ерте кезден бастап жүргізілген коррекциялық-педагогикалық жұмыстар болып табылады. Бұл балалар жалпы білім беретін мектептің, балабақшаның жанынан ашылған арнаулы топтарда білім алады.
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері 3 жасқа дейінгі уақытта байқалады. Олардың бойында байқалатын кемшіліктердің түрлері мыналар:
- кеңістікті бағдарлау қабілетінің тӛмендігі;
- ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі эмоцияның әлсіздігі;
- сӛйлеу тіліне дейінгі кезеңдердің кешеуілдеуі (уілдеу, былдырлау);
- моторика мен кӛру координациясының баяу дамуы.
ПДТ балаларда мектепке қабылданған уақытта баланың физикалық дамуы артта қалу, мектепке баруға деген мотивтің қалыптаспау, бала мектепке оқу үшін емес, ойын әрекетіне анараласу үшін ғана баруға ықылас білдіруі, бала мектептің жалпы талаптары мен ережелеріне кӛндіге алмау, эмоциялы-ерік сферасы, интеллектуалдық қабілеттері
тӛмендеу белгілері байқалады. Сонымен бірге, тапсырманы аяғына дейін орындамаушылық, мектеп бағдарламасын игере алмаушылық байқалады.
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің коррекциялық
бағыттары арнаулы білім беру мекемелеріндегі диагностикалық, тәрбиелілік, коррекциялық-дамытушылық, сауықтыру және білім беру міндеттері арқылы жүзеге асады.
Диагностикалық міндеттер балаға медициналық-психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізу мен жеке даму бағдарламасын құруда жетекші қызмет атқарады.
Тәрбиелілік міндеттер баланың әллеуметтенуін, ата-анасы мен қарым-қатынасын құру арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуді қамтиды.
Коррекциялық міндеттер бала психикасы мен әрекетін компенсациялау, кемшіліктерді түзету, танымдық қабілеттерді дамытады.
Сауықтыру бағытындағы жұмыстар бала денсаулығын жақсарту, емдеу, профилактикалау жұмыстары орындалады.
Білім берушілік міндеттер бала әрекетінің барлық түрлерін дамыту, мектепке оқуға дайындау, жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып оқыту мен тәрбиелеу арқылы шешіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жқмыстар шартты түрде бірнеше деңгейлерге бӛлінеді.
Бірінші деңгейде жоғары психикалық функциялардың дамуына негіз болатын жағдайларды қалыптастыру маңызды. Баланың шығармашылық қабілеттерін, жетекші әрекеттерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
Екінші деңгейде арнайы мектепке дейінгі білім берудің міндеттері жүзеге асады, баланың мектепке оқуға дайындығы қалыптасады.
ПДТ балалар мекемесіндегі логопедтің жұмысы түрліше ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда әр топқа штаттық бірлік бӛлінеді, яғни логопедиялық жұмыстар мақсатты түрде күннің екінші жартысында жүргізіледі. Оқу жылының брінші жылында логопед балалардың мағыналы түрдегі сӛйлеуіне кӛңіл бӛледі. Одан кейінгі уақытта логопед балалардың грамматикалық сӛйлеу тіліне, сӛйлеудің лексикалық құрылымына назар аударады. Баланы мектепке дайындау барысында логопед пен дефектолог сауат ашу мен тіл дамыту сабақтарына дайындайды.
ПДТ балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар ең алғаш рет У.В.Ульенкованың басшылығымен 1973 жылы Нижний Новгород қаласында ашылды. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған типтік бағдарламалар 1990 жылы ғана (26 қараша 1990 ж. 37-14/2) құжат түрінде шығарылды. Осы типтік бағдарлама негізінде ПДК
балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға (К.С. Лебединскаяның классификациясымен) қабылдау жүргізіледі. Топтарға ПМПК арқылы 10-12 баладан қабылданады. Балаға қойылатын диагноз бен қорытындыны анықтаудың қиындығы
туындаған кезде бала бақылау тобына белгілі бір уақытқа жіберіледі. Қорытынды комиссияның жұмысы хаттамаға тіркеледі. Арнайы мекемеге қабылдаудағы ескерілетін жағдайлар ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі, энурез, шизофрения, эпилепсия, есту, кӛру, тірек-қимылдағы ауытқулар байқалса, балалар аталған мекемеге қабылданбайды.
Арнаулы балабақшадағы топтарға 5 жастан бастап қабылданады. Түлектердің білім алуы ПМПК қорытындысымен шешіледі.
ПДТ балаларға арналған балабақшаның міндеті баланы жалпы мектепке немесе ТДО кластарында оқуға дайындау. Қажет болған жағдайда VII түрдегі немесе VIII түрдегі арнайы мектептерге оқуға нұсқаулар береді.
VII түрдегі мектептің ТДО сыныптарындағы коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қалыптасты.
Аталған мәселенің ӛзектілігі мектеп оқушыларының 50%-ы үлгермеушілік кӛрсеткендіктен, зерттеу жүргізіліп6 оларды психикалық дамудың артта қалуымен түсіндіріліп отырды.
Ҧсынылатын әдебиеттер:
1.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986
2.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.
–Москва, 1982
- Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4
- Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
- Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
- Ульенкова У.В. Дети с задержкой психического развития. – Н. Новгород: НГПУ, 1994
- Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.
- Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Б.Епифанцева и др. –Ростов на Дону,
2008