Көру қабілеті зақымдалған балалардың психолого-педагогикалық мінездемесі

Көру қабілеті зақымдалған балалардың психолого-педагогикалық мінездемесі Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру мәселесінің қалыптасуы мен дамуына көз салсақ, көз жанарынан айырылған балаларға арналған мектептер мен мекемелердің ашылуына себепкер болған Валентин Гаюидің еңбегіне назар аударамыз. 39 жасар педагог Валентин Гаюи 1784 жылы Париж қаласында ӛз қаражаты есебінен кӛз жанарынан айырылған балаларға арнап мектеп ашады. Ашылған мектепті «Еңбек етуші зағиптардың шеберханасы» деп атайды. Мектепке ең алғашқылардың бірі болып 12 бала қабылданады. Валентин Гаюи оларға арнап ӛзінің оқу әдістемелік құралын жазады. Мектептің материалдық жағынан қамтамасыз етілудегі қиындықтарға қарамастан мектеп жанынан баспахана ашады. Баспахананың кӛмегімен кӛз жанарынан айырылған балаларға бедерлі қаріптермен (шрифт) жазылған кітап басып шығарады. Кӛз жанарынан айырылған

 

балаларға арналған кітаптың баспадан шығарылуы адамзат тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып саналды. Арнаулы қаріптермен басылған кӛз жанарынан айырылған балалардың сауатын ашу жұмыстары 1829 жылы Луи Брайльдің алты нүктелі қарпі шыққанға дейін жалғасты.

 

1803 жылы патшалық Ресейдің императоры болған Александр І Валентин Гаюиге сол кездегі империяның астанасы болған Санкт-Петербург қаласында қаласында кӛз жанарынан айырылған жандарға арнап мектеп ашып беруін ӛтінеді. Ӛтінішті қабылдаған мейірімді Валентин 1807 жылы Санкт-Петербург қаласында Александр І патшаның демеушілігімен Ресей тарихындағы алғаш кӛз жанарынан айырылған тұлғаларға арнап мектеп ашады. Мектепте кӛз жанарынан айырылған жандарға білім беру мен тәрбиелеу ісі, қол ӛнер жұмыстарына үйрету жұмыстары қолға алынды. Ресей империясының ағарту саласына қосқан орасан үлесі үшін император Александр І Валентинді тӛртінші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапаттайды. В.Гаюи 1745 жылғы 13 қарашада Францияның Сен-Жюст ауылында кедей тоқымашының отбасында дүниеге келген. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының шешімімен В. Гаюи дүниеге келген күн, яғни 13 қараша Халықаралық зағиптар күні деп белгіленді. Зағип жандардың, нашар кӛретіндердің санының күрт ӛсуі ДДСҰ алаңдатып, 1967 жыл соқырлыққа қарсы күрес жылы деп жарияланды.

 

Кӛз жанарынан айырылған балаларды ауызша, жазбаша сӛйлеуге үйретудегі компенсаторлық мүмкіндіктер оқушының ұсақ қол-қимыл моторикасына байланысты, денесінің қимыл-қозғалысына байланысты қалыптасады. Осы пікірлердің дәлдігіне кӛз жеткізуде тарихи зерттеулер мен жазба жұмыстарының қалыптасу кезеңіне шолу жасауымызға болады. Олай болса, жазудың қандай және қай кездегі түрін алсақ та, ол адам баласының зор мәдени табысы екені даусыз. Алайда, қайсі бір жазуды оқу үшін алдымен кӛзбен кӛру керек. Ал кӛз жанарынан айырылғандар қалай оқып, жазуы мүмкін? Бұл сұраққа сонау Гомер заманынан бері жауап іздеушілер аз болмаған. Ағашқа немесе металға ойылған бедерлі жазулар ертеден мәлім. 1784 жылы Парижде Валентин Гаюидің қаріпті жазуы, 1821 жылдан бастап Францияда Ш.Брабьенің бедерлі жазуын айта аламыз. Бірақ бұл жазулардың қай қайсысы да жанарсыз жандарға хат тану проблемасын түбегейлі шешіп бере алмады. Осыдан 2 ғасырға жуық бұрын, яғни 1825 жылы Париждегі соқыр балалар институтының зағип оқытушысы Луи Брайль инемен шаншып жазылатын бедерлі нүктелі жазу жүйесін ойлап тапты. Ресейде бедерлі әріппен кітап бастырып шығаруды тұңғыш қолға алған А.Адлер болды. Ол 1885 жылы ӛз қаржысына балаларға әңгімелер жинағын бастырып шығарды. Бар жоғы алты нүктенің орналасу тәртібін

 

ӛзгерте отырып әр түрлі әріптер, цифрлар, математикалық белгілер мен нота сызықтарына дейін айна қатесіз қағаз бетіне түсіре алатын бедерлі жазу жүйесі екі ғасырға жуық уақыт бойы сан мыңдаған жанарсыз жандардың рухани қажеттілігін ойдағыдай ӛтеп келеді. Ал кӛзітірісінде еңбегінің жанғанын кӛре алмаған Брайль есімі бұл күнде И.Гуттенбергтің, М.Федоровтай ұлы ағартушылардың есімімен қатар аталады

 

Кӛрудің бұзылуы туа пайда болуы мүмкін немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа пайда болған соқырлықтың себебі катаракта, глаукома, кӛз торшасының патологиясы, кӛру нервтерінің атрофиясының тұқымқуалаушылық жолмен таралуы болып табылады. Тағы бір себебі -ананың жүктілік кезіндегі түрлі инфекциялық аурулармен ауруы. Жүре пайда болған кӛрудің бұзылу себептері, кӛру органдарының ауруы, орталық нерв жүйесінің аурулары (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит), бас миының немесе кӛздің соққы алуы болып табылады. Балалар арасындағы кӛрудің бұзылуындағы негізгі клиникалық формалары нерв жолдарының, кӛру анализаторының қабықтық зоналарының зақымдануы, кӛз хрусталінің (катаракта) бұзылуымен түсіндіріледі. Балалар арасында кездесетін кӛру қабілетінің бұзылуларына қылилық, амблиопия, астигматизм т.б. жатады. Аталған кемшіліктердің әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар:

 

  • қимылдық сфераның шектелуі;
  • әлеуметтік тәжірибе мазмұнының толық болмауы;
  • эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер;
  • ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар;
  • ӛз-ӛзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы;
  • шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия.

 

Қылилық — кӛру сызықтарындағы кемшілік, кӛздің қимылдатқыш функцияларының бұзылуы, фиксацияның жалпы нүктелеріне кӛз сызықтарының сәйкес келмеуі (паралитикалық және сәйкессіздік) Паралитикалық түрі буындардың салдануынан немесе (парез) құрысу салдарынан пайда болады. Негізгі себептері соққы алу, ісіктер, инфекциялық ауралар, интоксикация, қан кету. Қылилық кезіндегі түрі тұрақты және қайталанбалы күйде жалпы фиксация нүктесіне бір кӛз сызығының сәйкес келмеуінен болады. Негізгі себептері: орталық нерв жүйесінің аурулары, рефракцияның бұзылуы, кӛз қимылдатқыш аппараттың аномалиясы.

 

Кӛру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер соқырлар мен нашар кӛретін балаларға, сонымен қатар 2-3 жастан 5 жасқа дейінгі амблиопия мен қылилық кезіндегі балаларға арналған мемлекеттік мекемелер болып табылады. Бұл мекемелердің негізгі әрекеті кӛру қабілеті бұзылған балаларды мектепке даярлау, емдеу, кӛрудің бұзылған функцияларын коррекциялау.

 

Педагогикалық  жұмыс   кӛру   қабілеті   бұзылған   балалардың   психикалық  және

 

физикалық дамуын үйлесімді қалыптастыруға бағытталады. Педагогикалық жұмыс түрлері арнайы бағдарламалар негізінде құрылған жалпы білім беретін балабақша бағдарламасы арқылы ұйымдастырылады. Арнайы педагогиканың міндеттеріне сай баланың танымдық, тұлғалық, қимылдық сферасын коррекциялау, есту, сезу, кӛру қабілеттерін сақтау арқылы барлық компенсаторлық жүйелерді қалыпқа келтіреді

 

Соқыр және нашар кӛретін балаларға арналған балабақшаларда кӛру қабілетінің күрделі деңгейдегі бұзылуы анықталған балалар да тәрбиеленеді. Оқыту мен тәрбиелеу

 

жұмыстарымен қатар, балалар үйлерінің міндеті дамудағы кемшілікті түзетуге, сауықтыру, кӛру қызметін қалыпқа келтіруде компенсаторлық жүйелердің дамуына, соның ішінде есту, сезу, кеңістікті бағдарлау, ӛз-ӛзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыруға кӛп кӛңіл бӛлінеді.

 

Мектеп жанындағы балабақшаларда кӛру ӛткірлігі 0,05-0,6-ға тең нашар кӛретін балалар қабылданады. Мұнда балалар негізгі гигиеналық дағдыларды, кӛзілдірікпен жұмыс жасау дағдысын игереді. Балаларда кӛру арқылы қабылдаудың барлық элементтерін, яғни алыстан және жақыннан кӛруге қабілеттілік, қозғалыстағы заттарды бақылау, зат формасын, түсін ажырата білу, суреттерді қарау, кеңістікті бағдарлуды

 

игереді. Кӛру функцияларының қызметін дамыту сонымен қатар есту, сезу мүшелерінің қызметі арқылы толықтырылады.

 

Арнайы балабақшалардағы жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың негізгі қағидалары:

 

  • кӛрнекіліктердің кеңінен қолданылуы;

— кӛру қабілетін    коррекциялауда оптикалық құралдарды қолдану;

 

  • соқырлық пен нашар кӛрушілікті компенсациялаудың құралы ретінде сӛйлеудің ролін арттыру үшін экскурсия, бақылау жұмыстары, қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру;

 

  • заттық-практикалық әрекетті дамыту жұмыстары (қол еңбегі, конструкциялау, мүміндеу, жапсыру т.б.);

 

  • балабақша мен отбасы арасындағы байланысты орнату.

 

Ресейдегі ең алғашқы кӛру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп 1807 жылы Петербургте Александр І патшаның шақыртуымен келген француз тифлопедагогы В.Гаюидің басшылығымен ашылды. Ресейдегі тифлопедагогиканың және соқырларға арнайы білім беру жүйесінің дамуы К.К. Грота мен А.И. Скребицкийдің есімдерімен байланыстыі. Революцияға дейінгі кезеңде Ресей мемлекеті бойынша соқыр балалардың 4-5%-ы 3-4 класс кӛлемінде қол ӛнерге баулу арқылы білім алуға мүмкіндік алды. Кеңес дәуірі кезінде соқырларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы Халыққа білім берудің жалпы мемлекеттік жүйесіне біріктірілді. 1928 жылдан бастап соқырларға білім беруге арналған бағдарламалар шығарыла бастады. Отандық тифлопедагогика мен тифлопсихологияның дамуына ӛз үлестерін қосқан зерттеушілер М.И.Земцова, Б.И.Коваленко, А.С.Ганджий, Н.Г.Крачковская, Л.И.Плаксина, Л.И.Солнцева, А.Г.Литвак, В.П.Ермаков, А.Б.Гордин, Р.С.Муратов, И.С.Моргулис, т.б. соқыр және нашар кӛретін балаларға арналған мектептер мемлекеттің қарауында болып халыққа білім беретін мекемелердің қатарына енізілуіне негіз жасады. Соқыр және нашар кӛретін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері:

 

  • баланың жалпы және жеке даму ерекшеліктерін есепке алу, сенсорлық негізде оқу, еңбек, ойын әрекетінің әдістері мен тәсілдерін қалыптастыру, саралау;

 

  • оқу материалын қайта қарау, оның ұзақтығын ӛзгерту, оқу жүктемесінің кӛлемін қайта қарау, оқытудың арнаулы әдістері мен формаларын, баланың танымдық қабілеттерінің арнасын кеңейтуге арналған оқулықтар мен кӛрнекі құралдарды, оптикалық және тифлотехникалық құралдарды пайдалану;

 

  • оқу кабинеттері мен кластарды жабдықтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, емдік-қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру;

 

  • кәсіптік бағдар беру жұмыстарын, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу жұмыстарын күшейту.

 

Соқыр және нашар кӛретін балаларға арналған жалпы білім беретін мектептер үш деңгейден тұрады: бірінші деңгей — бастауыш мектеп, екінші деңгей — негізгі (аяқталмаған орта) мектеп, үшінші деңгей — орта мектеп. Мектептің деңгейлері бала дамуының негізгі үш кезеңіне, яғни балалық шақ, жеткіншек шақ, жастық шаққа сәйкестендірілген.

 

Бірінші деңгейдегі мектеп бала тұлғасының қалыптасуына, потенциалдық мүмкіндіктерінің тұтастай дамуына, дамудағы кемшілікті коррекциялауға, емдеуге, кӛру қабілетін сақтауға бағытталады. Бастауыш мектепте кӛру қабілетін дамыту, соқырлардың сипап-сезу қабілетін дамыту, сӛйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, ритмика, дене тәрбиесі сабақтары жүргізіледі. Бастауыш мектептің оқушылары кӛрнекі-образды ойлау, теориялық ойлау қабілеттерін, оқу әрекетін, есептеу, оқу, жазу дағдыларын, ӛз-ӛзіне қызмет етудің қарапайым тәсілдерін игереді. Оқыту мен білім беру арнайы оқу жоспарына сай оқу бағдарламасымен жүзеге асады.

 

Екінші деңгейдегі мектеп білім алуды жалғастырушы түлек үшін қажетті еңбек дағдыларын игертуге, білімін жалғастыруға жағдай жасауға, қоғамға араласуына кӛмек кӛрсетуге бағытталады. Денсаулықты нығайту мен танымдық, тұлғалық, қимылдық

 

сфераны түзетуге арналған жұмыстары жалғасады. Мектеп баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, дүниетанымын қалыптастыруға, еңбекке араласуына, кӛру қабілеті бойынша мүгедектік арқылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне бағытталған шараларды жүзеге асырады. Оқушылар арнаулы енгізілген және кейбір пәндерге байланысты (бейнелеу, сызу, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен білім алады.

 

Орта мектеп еңбекке баулуды қамтамасыз етеді. Мектеп оқушының қызығушылығын, әлеуметтік-психологиялық бейімделуін, қоғамдық ӛмірге араласуын қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы мақсаттарға сәйкес оқу жоспарына міндетті пәндермен қатар оқушының таңдауы бойынша пәндері енгізіледі. Жоғары кластарда кейбір пәндерге байланысты ӛзгертулер енгізілген (информатика, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен ұйымдастырылады.

 

Соқыр балаларға арналған мектептердегі оқыту жалпы білім беретін мектептің бедерлі-нүктелі шрифтімен жазылған оқулықтарымен қамтамасыз етіледі. Оқу практикасына қабылдау, кеңістікті бағдарлау мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған оқытудың тифлотехникалық құралдары (жазуға арналған арнайы құралдар, жарық сигналдарын беруші құралдар) кеңінен қолданылады. Нашар кӛретін балалармен жұмыс кезінде кӛру қабілетін дамытуға арналған жағдайлар жасалады және кӛрудің нашарлығына сәйкес келетін дәптерлер, кӛрнекі, дидактикалық материалдар, оптикалық және техникалық құралдар қолданылады.

 

Соқыр және нашар кӛретін балаларға арналған мектепті аяқтаған бала жалпы білім беретін орта мектепті бітіргені жӛніндегі аттестат алады және жалпы негіздегі ЖОО-да білімін жалғастырып, мамандығы бойынша қызмет етуіне, халық шаруашылығының жекелген саласында еңбек етуді үйренеді.

 

Кӛру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының ерекшеліктері былайша анықталады:

 

  • дайындық сыныбының ұзартылуы (бастауыш сыныптарда);

 

  • нашар кӛретін балаларды бастауыш сыныпта оқытуда кӛру қабілетінің жұмысын қалыптастыру, заттың кӛрнекі образы мен сӛз арасындағы сәйкестікті қалыптастыру, жазуға дайындау;

 

  • соқырларға арналған Брайльдік жүйе бойынша оқыту;
  • рельефті дидактикалық материалдармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

 

Кӛру қабілеті бұзылған балалар мектебінде қолданылатын арнаулы оқыту құралдары:

 

  • соқырлар үшін рельефті-нүктелі шрифтімен (Брайльдік жүйе бойынша) берілген түрлі оқулықтар, оқу құралдары, суреттер, сызбалар;

 

  • нашар кӛретін балалар үшін рельефті және түрлі-түсті жазумен берілген оқулықтар; үлкейтілген шрифтімен жазылған арнайы оқулықтар.

 

ІІІ және IV түрдегі арнайы мектептерде кӛру функциясын компенсациялау мақсатында тифлотехникалық құралдар, оптикалық құралдар (лупа, кӛзілдірік, үлкейткіш аппараттар), жарық бергіш құралдар қолданылады. Брайльдік жүйе бойынша жазу құралдары, «сӛйлетін оқулықтар» есту және тактильді сезу мүшелерінің жұмысын арттыруда арнайы құралдар қолданылады. Арнаулы мектептерде емдік-профилактикалау шараларын ұйымдастыру мәселесі бірінші орынға қойылған. Кӛрсетілетін емдік жұмыстардың негізгі мақсаты мен міндеттері кӛз ауруларын емдеу, кӛру қабілетінің кемшіліктерін диагностикалау, кӛзілдіріктерді таңдау, офтальмологиялық емдеу жұмыстарын жүргізу.

 

Кӛру қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграциялау арқылы оқыту тифлопедагогикадағы ӛзекті мәселелердің бірі. Аталған жағдайдағы жалпы білім беретін мектептегі интеграцияны ұйымдастыру үшін педагогтардың арнайы дайындықтан ӛтуі, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті базаны құру, тифлопедагогтардың кӛмегі қажет.

 

Кӛрудің нашарлауы немесе бұзылуы тұлғаның жалпы дамуы мен қалыптасу процесінде кедергілер туғызады. Олар қимылдық белсенділіктің дамуында, кеңістікті бағдарлау қабілетінің дамуында, заттық-практикалық әрекетке түсудегі қабілеттіліктің қалыптасуында, эмоциялық-ерік сферасындағы ерекшеліктерде, баланың қоғамға қосылуында, еңбекке араласуы кезінде анық байқалады. Кӛру қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің жас ерекшелік дамуындағы гуманистік қағидаларға сүйене отырып, арнайы педагогиканың саласы тифлопедагогика ғылымы мынадай міндеттерді шешеді:

 

  • кӛру қабілетінің бұзылуын және оның әсерінен болған психикалық, физикалық дамудағы кемшіліктерді психологиялық-педаггикалық, клиникалық негізде зерттеу;

 

  • соқырлық пен нашар кӛрушілік кезіндегі бұзылған немесе кешеуілдеген функцияларды қалыпқа келтіру, коррекциялау, компенсациялаудың жолдары мен жағдайларын анықтау;

 

  • кӛру қабілетінің бұзылуын анықтаушы барлық формалар кезіндегі тұлғаның қалптасуы мен жалпы даму жағдайларын зерттеу.

 

Кӛрсетілген мақсат, міндеттерді шешу кезінде кӛру қызметінің бұзылуына байланысты мынадай аспектілер ерекше орын алады: соқыр немесе нашар кӛретін тұлғаларға арналған білім беру мазмұнын құру, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, ол балаларға арналған арнайы мектептердің типі мен құрылымдарын анықтау, оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқытудың жеке әдістемелерін құрудың ғылыми негіздерін анықтау. Соның ішінде кӛру қабілеті бұзылған тұлғалардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында арнайы техникалық оқыту құралдарын жасақтау, кӛру қабілетіне қойылатын гигиеналық талаптар мен ережелерді орындаудағы іс-шараларды ұйымдастыру, жарық түсіруші құралдарды құрудағы нормативтердің сақталуы, кӛздің жұмысын реттеудегі жүктеменің сақталуы, кӛру қабілетінен айырылған балаларды тәрбиелеу мен оларды еңбекке бейімдеу мәселелері ерекше орын алады.

 

Кӛру қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен айналысатын мұғалімдерге коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктерін білу қажет. Мұндай білім мұғалімдердің аталған кемшілік кезіндегі балалармен жұмыс жасау мүмкіндігін арттыруға, оқыту процесін тиімді ұйымдастыруына, тұлғаның жалпы дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз етуші факторларды құруға жағдай жасайды.

 

Осы айтылған мәселелерге байлансты жалпы білім беретін мектептерде білім алатын кӛру қабілеті бұзылған тұлғалардың категориясы туралы айтсақ, кӛз рефракциясының аномалиясы анықталған балалар түзету кӛзілдіріктерін үнемі киіп жүрулері керек. Мұндай кӛзілдірікпен жүретін балалар педагогтар мен ата-аналар тарапынан үнемі мектепте де, үй жағдайында да санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға байланысты кӛмек түрлерін қажет етеді. Кӛру қызметі бұзылған оқушының жұмыс орны дұрыс, жеткілікті дәрежеде жарықтандырылуы тиіс. Ол балаларды бірінші немесе екінші партаға терезенің жанына отырғызу керек. Сонымен қатар, жақыннан кӛретін баланы тақтаға жақын жерге, алыстан кӛретін баланы тақтадан алыс отырғызу керек.

 

Мұғалім берілген тапсырмалардың орындалуын талап етуі үшін оқу материалының мазмұнына сай қолданылатын сызбаларды, карталарды, кестелерді, суретті картиналарды дайындауда олардың анық, бояуы қанық болуын, әріптердің ірі жазылуын есте ұстауы тиіс. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда, бала ӛзіне берілген тапсырманы білмегендіктен емес, оған берілген тапсырманың мазмұны мен шарты кӛрінбегендіктен орындай алмайды. Мұндай жағдай баланың оқу материалының мазмұнын уақытында игеруіне, оқу үлгеріміне кедергі келтіреді.

 

Кӛз  рефракциясындағы  кемшіліктер  кӛздің  жұмысына  кӛп  күш  түсіреді  де  тез

шаршатады, сондықтан тапсырмаларды түрлендіріп          отыру керек.     Кӛру     қызметімен

 

байланысты жұмыстан кейін (оқу, жазу, сызу) 10-15 минут бойы терезеге қарап кӛзге түскен күшті азайту мақсатында жаттығу жасату керек.

 

Сыныптан сыныпқа кӛшу кезінде оқу материалының күрделенуіне байланысты оқу бағдалмасы бойына тапсырмалар да күрделене түседі. Ол оқушының берілген тапсырмаларды орындау барысында кӛрудің қызметіне күш түсуіне апарады. Мектепте оқу кезінде балалар арасындағы жақыннан кӛрудің кең таралуын есепке ала отырып, мектеп басшысы мен педагогикалық ұжым мүшелерінің кӛру органымен байланысты орындалатын үй тапсырмаларының кӛлемін қатаң бақылауға алуы қажет.

 

Соқырлар мен нашар кӛретін балаларға білім беру ісі кӛру қабілеті бұзылған балаларға арналған мекетептерде жүзеге асады. Кӛру қабілетімен қоса ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар да арнаулы мектептерде ерекше бағдарламамен, кӛру қабілетінің жұмысын емдеу және коррекциялау негізінде оқытылады. Бірақ бұл балалардың барлығы арнаулы мектептерде емес, жалпы білім беретін мектептерде білім алуға міндетті болып отырады. Кӛру қабілетінің аномалиясы кезінде жалпы білім беретін мектепте білім алудың себептері былайша түсіндіріледі:

 

  • ата-аналар балаларын күн сайын ӛздерінің жанында болғанын, олармен қарым-қатынасқа түсуді, олардың білім алуы мен тәрбиесіне тікелей араласқанды қалайды,

 

  • отбасыларының кейбіреулері қалалық білім басқармасынан баланы басқа қалада орналасқан арнайы мектептерге оқытуға бӛлінетін қаржыны ала алмайды;

 

  • ата-аналар балаларын мүгедек балалардың қатарында кӛргісі келмейді (Н.Д.Шматко). Сыныпта кӛру қабілеті бар оқушының болуы мұғалімге қосымша міндеттерді

 

жүктейді. Мұғалімнің балаға деген жеке диференциалды кӛңіл бӛлу жұмысын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін сыныптағы оқушылардың толымы 15 оқушыдан аспауы тиіс. Сынып бӛлмесі жарықпен қамтамасыз етіліп, кӛруі бұзылған бала отыратын орын қосымша жарықтандырылуы керек.

 

Кӛру қабілеті бұзылған балалар білім алатын мектептерде арнайы оқулықтармен, рельефті-графикалық нұсқаулықтармен, оптикалық құралдармен, аудиоқондырғылармен, Брайльдік шрифтімен оқуға арналған материалдармен толықтырылған арнайы тифлопедагогика кабинеті жабдықталуы тиіс. Аномальды оқушылармен жұмыс жасайтын ата-аналарға, мұғалімдерге тифлопедагогикалық кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылып отыруы қажет. Мұндай кеңес беру орталықтары арнайы мектептерде, білім беру орталықтарында, ПМПК мекемелерінде ұйымдастырылуы мүмкін.

 

Кӛру қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту жағдайы оқу-тәрбие процесіндегі кӛру анализаторының жұмысын қолдануға мүмкіндік туғызады. Соқырлар мен нашар кӛретін бала дамуының айырмашылығы кемшіліктің пайда болу уақытына, оқушының жеке даму ерекшеліктерімен айқындалады. Оқушыларды осы негізде ажыратуда оқу жылының басынеда жүргізілген тексеру жұмысының нәтижесі қажет. Ол үшін оқушының тактильді немесе кӛру арқылы оқи алатындығы тексеріледі.

 

Кӛру қабілеті бұзылған балалардың барлығы дерлік жалпы білім беретін мектепте оқи алмайды, оларды әлеуметтік жағынан саралау жұмыстарын жүргізу қажет. Себебі, жалпы білім беру мектептерінде әлеуметтік жағынан бейімделуі жоғары, арнайы мектеп бағдарламасын ӛте жақсы меңгерген соқыр немесе нашар кӛретін балалар білім алады. Жалпы білім беретін мектепте оқуға қажетті тағы бір жағдай баланы алдын ала кездескен қиындықтарға қарсы тұруға бейімдейтін психологиялық дайындықтан ӛткізу керек. Сонымен, қатар сынып ұжымы да баланы дұрыс қабылдауы тиіс, яғни кӛру қабілеті бұзылған бала дамуының жеке ерекшелігімен сынып оқушыларын толық таныстырып, сынып оқушыларының бойында ол балаға деген мейірімділікті қалыптастырған дұрыс.

 

Кӛру қабілеті бұзылған баланы жалпы бағдарлама бойынша білім алуға икемдеу жұмысы мұғалім үшін де баланың ӛзі үшін де күрделі міндет болып табылады. Кӛру қабілетінің аномалиясы анықталған баламен жұмыс жасау кезінде мұғалімге әр уақытта қосымша талаптар мен ережелерді есте ұстағаны дұрыс. Соқыр немесе нашар кӛретін

 

оқушының бая жазуы, баяу оқуы кӛретін балалар мен салыстырғанда қосымша жұмыс жасауды қажет етеді. Осыған байланысты мақсатты түрде сабақтың белгілі бір фрагменттері түсірілген диктафон, есте сақтауды копенсациялайтын ауызша есептеулер қажет болады. Одан басқа оқушының кӛру қызметіне шектен тыс күш түсірмеу керектігі туралы қатаң есте ұстау керек. Сыныптағы топпен жұмыс жасау кӛруі нашар бала үшін де маңызды, себебі ол балаға да арнап жеке жұмыс кеспелерін, мәтіндер, карталар, кӛрнекі құралдарды алдын ала дайындап, топпен жұмысқа да кірістіруіге әбден болады.

 

Кӛру қабілеті бұзылған балалардың барлығы кеңістікті бағдарлау қызметі кезінде қиындықтарға кездеседі, сондықтан тифлопедагог кеңістікті бағдарлау қабілетін арттыру

 

мақсатында арнаулы жұмыстар жүргізеді. Кӛру қабілеті бұзылған балалардың кӛпшілігінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі нашар болғандықтан, олардың сӛйлеу тілі де монологты түрде болады және олар диалог түріндегі қарым-қатынасқа түсуді қиынсынады. Мұндай кезде мектеп психологының кӛмегі қажет. Соқыр немесе нашар кӛретін баланы сыныптан тыс шараларға қатыстыру үшін дайындық жұмысы жүргізілеуі керек. Сынып мұғалімі кӛру қабілеті бұзылған баланың жеке даму ерекшеліктерімен жете танысып, оның басқа балалардан айырмашылығын жақсы білуі керек. Кӛздің нашар кӛруі басқа да перифериялық кӛрудің әлсіреуі, кӛру кеңістігіндегі соқыр дақтардың пайда болуы, түстерді ажырата алмаушылық сияқты қосымша кемшіліктермен анықталатындықтан, біріншіден, оқушының кӛру қабілетінің ерекшеліктерімен толық танысып шығуы тиіс. Осының әсерінен, бір оқушы тапсырманы кӛру арқылы орындаса, екіншісі сезу арқылы, үшіншісі кӛру және сезу арқылы орындайды. Сонымен қатар, кӛру қабілетінің жұмысына шектен тыс қажу, жарықтың түсуі, эмоциялық сергектік немесе керісінше шаршау жағдайлары уақытша әсер етуі мүмкін. Мұғалімнің міндеті — сынып оқушыларына кӛру қабілеті бұзылған баланың басқа балалар сияқты дамуға қабілетті, жеке кӛзқарасы мен қажеттілігі бар екендігін толық түсіндіру болып табылады.

 

Нашар кӛретін балалардың жұмыс жасау ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы тиіс, ал кӛру қабілетінің бұзылуы күрделі болған кезде 10-15 минут болуы тиіс. Әсіресе, жазба жұмыстары кезінде кӛру қабілеті бұзылған оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалап, кӛз бен кітаптың арасы 30 см болуын еске ұстаған жӛн. Кӛру қабілеті бұзылған балалар оқу процесі кезінде арнаулы оптикалық және оптикалық емес арнаулы құралдар пайдаланады. Оптикалық түзету қондырғыларының қатарына арнаулы кӛзілдіріктер, бифокалдар, призмалар, контактілі линзалар, телескопиялық кӛзілдіріктер жатады. Оптикалық емес құралдарға фломастерлер (қара түсті), түрлі-түсті маркерлер, үлкен әріптермен жазылған жазық бетті кітаптар жатады. Арнаулы мектептен жалпы білім беретін мектептерге ауысу әр оқушыны стресс жағдайларына апарып, бейімделу процесінің туындауына себепші болады. Бала жаңа ортада, жаңа ұжымда, ортада кӛндіге алмай оқу бағдарламасын игеруде қиындықтарға кездесіп жатырса, пайда болған ситуацияларды дұрыс сипаттап, шешу үшін тифлопсихологтың кӛмегі қажет.

 

Ҧсынылатын әдебиеттер:

1.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.

 

–Москва, 1982

2.Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4

3.Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990

  1. Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
  2. Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.

6.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986

  1. Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Б.Епифанцева и др. –Ростов на Дону,

2008

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *