Дефектологияның ғылыми ұғымдарының бірі – «кемтар бала». Кемтар бала- бұл
дене бітімі мен психикасының дамуы қалыпты дамудан ауытқыған, психофизиологиялық ерекшеліктерімен кӛзге түсетін, жалпы дамуында елеулі кемістіктері бар бала. Кемтар балаларды қоғамда, күнделікті ӛмірде «кемістігі бар бала», «мүмкіндігі шектеулі бала», «мүгедек бала», «арнайы кӛмекті қажет ететін бала» т.б. деп атай береді. Ресей ғалымдары «аномальный ребенок» — «аномальды бала» деген термин қолданады. Бұл жерде «аномальный» сӛзі гректің «аномалос»- дұрыс емес, кеміс деген сӛзінен туындағанын атап ӛткен жӛн. Сӛйтіп, жоғарыда аталған ұғымдар — дене бітімі және психикалық дамуындағы артта қалушылық салдарынан қалыпты дамудан ауытқуы байқалатын, кемістігімен ерекшеленетін балалар туралы екенін анықтадық.
Кемтар балалар — арнайы оқыту мен тәрбиелеуді қажет ететін, бойындағы психофизиологиялық кемістігі кей жағдайларда оларды басқалардан оқшау ұстауға мәжбүр ететін, қиын, түрлі қылықты, қалыпты дамудан ауытқуыда әртүрлі бағыттағы ерекше балалар тобын құрайды. Мұндай балалардың бойындағы, жалпы дамуындағы кемістіктердің, кемшіліктердің түріне, ауыртпалығына, пайда болу себептеріне т.б. қарай даму процесінде кейбіреулерінің кемістіктерін оқыту-тәрбиелеу арқылы дұрыстауға, түзетуге, түзете-дамытуға болса (мысалы: тіл кемістігі бар балалар, психикалық дамуы кешеуілдеген балалар), ал кейбіреулерінің кемістігінің орнын басқа қалыпқа сай дамыған дене мүшелерінің қызметін (функциясын) жандандыру, күшейту арқылы толтыру негізінде жеңілдетуге болады. Мысалы: есту қабілеті бұзылған баланың кӛру және сезіну органдарының қызметін ерекше дамыту арқылы; кӛру қабілеті бұзылған баланың естуі мен сыйпай сезуін, иіс сезуін, есте сақтауын күшейту арқылы; сӛйлеу қабілеті нашар баланың қимыл-қозғалыс, ым-ишарат арқылы ойын білдіруге жаттықтандырып, кӛз, қол қозғалысын ерекшелендіру арқылы қоршаған ортамен байланыс жасай білуге, ӛзіне-ӛзі қызмет етуіне жағдай туғызып, ӛмір сүруге икемдеп, кемістігінің тигізетін қиындықтарын жеңілдетуге болады. Ол үшін кемтар балаларға сырттан кӛмек беру керек, оларды үйретіп, қолдап, жағдайын түсініп, оқытып-тәрбиелеп, мүмкіндігінше, ортадан тыс қалдырмай, еңбекке араластырып, қамқорлық жасап отыру ӛте қажет. Бірақ, кемтар бала дамуындағы кемістіктердің барлығын мүлдем жою мүмкін емес жағдай.
Кемтар балалардың барлығына тән ерекшеліктері: жұмысқа қабілетінің тӛмен болуы, ешнәрсеге қызығушылығының болмауы, танымдық процестерінің баяу дамуы немесе мүлдем дамымай қалуы, яғни, ойлауы, есте сақтауы, түйсінуі, зейіні ӛз қатарындағы қалыпты дамыған балалармен салыстырғанда едәуір артта қалуы, кӛргенін елестетуі мен кеңістікті қабылдауының жеткіліксіздігі, эмоциялық ерік сферасының толымсыздығы, ӛзін-ӛзі ортада ұстауында, жүріс-тұрысында, қимыл-қозғалысында біршама кемшіліктерінің байқалуы.
Кемтар балалардың бойындағы кемістіктердің түрлері мен ауырт палығы жалпы дамуына кері әсерін тигізеді. Олардың қоршаған ортамен қарым-қатынаста болуына қиындық туғызады, ақыл-ойының жеткіліксіз дамуы басқа қабілеттерінің дамуын баяулатады, ӛзіне-ӛзі қызмет ету мүмкіншілігін қалыптастыру біраз жаттықтыруды талап етеді, тіпті кейде нәтижесіз болады.
Аномальды дамудың ӛзіндік қиындығы болады: биологиялық фактордың әсерінен пайда болатын алғашқы кемістіктің кесірінен баланың бойында екінші кемістіктің пайда болуы (туабіткен саңыраулық – алғашқы кемістік — сақаулыққа, яғни, екінші — жүре пайда болған кемістікке әкеліп соқтырады; туабіткен соқырлық қимыл-қозғалыс қабілетінің бұзылуына, яғни баланың ӛзін кеңістікте еркін ұстай алмауына, тіпті жүре алмауына ықпал етеді; нерв жүйесінің зақымдануы баланың танымдық процестерінің тежелінуіне немесе психикалық дамуының кешеуілдеуіне әсерін тигізеді).
Педагог кемтар баланың бойындағы алғашқы кемістіктерін болдырмауға әсер ете алмауы мүмкін, бірақ, екінші кемістікті болдырмауға, оған жол бермеуге әсер ете алады. Кемтарлықтың пайда болу себептері ғылымда әлі де жан-жақты зерттелуде. Қазіргі таңда оның себептерін шартты түрде тӛмендегідей топтарға бӛледі: а) туа біткен кемістіктердің пайда болу себептері,
б) жүре пайда болған кемістіктердің пайда болу себептері,
в) экологиялық — әлеуметтік жағдайлардың салдарынан кемістіктердің пайда болу себептері.
А) туа біткен кемістіктердің пайда болу себептері: баланың ана құрсағындағы кезінде: тұқымқуалаушылықтың салдарынан, ананың жүкті кезінде науқастануынан, түрлі жұқпалы аурулармен ауырып ұрықтың жұқпалы ауруларға ұшырау салдарынан /қызылша, тұмау, тамақ ауруы, сары ауру, қан аурулары, жыныстық жұқпалы аурулары, менингит, энцефалит, т.б/, ананың оқыс қимыл қозғалыстарынан, әртүрлі деңгейдегі зақымданулар алуынан, ата-анасының біреуінің немесе екеуінің бірдей денсаулыққа зиянды заттар қолдануынан /ішімдік, темекі, анаша, басқа да улы химикаттар/, ана организмінде баланың ӛсуіне қажетті органикалық заттардың жеткіліксіз болуынан немесе ұрықтың дұрыс қоректенбеуінен, температураның теріс әсер етуінен, жанұядағы, жалпы айналасындағы қолайсыздықтардың әсерінен /үнемі кикілжің, ұрыс- керіс, стрестік жағдайлар, қорқу-үрку т.б. /, қоршаған ортаның экологиялық жағдайынан, тұрмыстық — материалдық жағдайдың тӛмендігінің салдарынан / жүкті әйелдің уақтылы демала алмауы, тамақтана алмауы немесе аш болуы, денесін жылы ұстауға мүмкіншілігі болмауы, қаржыға байланысты дер кезінде дәрігерлік кӛмек ала алмауы, жалпы күтінуге жағдайының болмауы /, ананың жүкті кезінде алған емінің дұрыс болмауынан, яғни сауатсыз дәрігерлік кӛмек берілуінен, т.б..
Б) жҥре пайда болғанкемістіктердің пайда болу себептері:баланың дүниеге келіп, ӛсіп-
жетілу кезінде: әр қилы жарақаттар мен түрлі зақымданулар алуынан, жұқпалы аурулармен ауруынан /қызылша, тұмау, менингит, тамақ ауруы, сары ауру, полимилит т.б./, ананың босану сәтінде алған зақымдануларының әсерінен, бала дүниеге келер сәтте медициналық-акушерлік кӛмектің жеткіліксіздігінен немесе сәтсіздігінен, дер кезінде баланы дәрігерге кӛрсетпеу-емдемеудің салдарынан, бала организмінің улы химикаттармен улануынан, дамуға қажетті органикалық заттардың /витамин, минерал, белок, т.б./ жетіспеушілігінен, баланы қоршаған ортаның қолайсыздығынан / үйдегі, мектептегі, балабақшадағы немесе құрдастарының арасындағы үнемі болатын стрестік жағдай, айқай-шу, ұрыс-керіс, қорқыту-үркіту/, жас кезінен ішімдік, нашақорлық, жезӛкшелікпен айналысуынан, түрлі денсаулыққа зиянды заттарды қолдануынан, жеке гигиеналық тәртіп сақталмауынан, тұрмыстық- материалдық жағдайдың тӛмендігінен.
В) экологиялық — әлеуметтік жағдайлардың салдарынан кемістіктердің пайда болу себептері: экологиялық апат аймақтарда, химиялық заттармен байланысты ӛндіріс орындарының қасында, атомдық, химиялық қару-жарақтарды сынау полигондарының маңында ӛмір сүріп, солардың зардабынан кемтарлық пайда болуы; дамуы артта қалған
аймақтардағы, мемлекеттердегі аштық, тұрмыстық жағдайдың тӛмендігінен; дағдарыстың күнделікті ӛмір сүруге кері әсерінен /ата-анасының жұмыссыздығы, қаржының жетіспеушілігі баланың уақтылы тамақтанбауына, дұрыс демалмауына әсерін тигізіп, жалпы баланы күтуге жағдай туғызудың қиындығынан/ болады.
Кемтарлықтың түрі кӛп. Соған байланысты бірнеше кемтар балалар категориялары /топтары/ бар. Дефектологияда зерттелген, анықталған кемтарлық түрлеріне қарай, олардың балада пайда болу себептеріне, зақымданған дене мүшелеріне қарай топтастырсақ, кемтар балалардың мынадай негізгі категорияларын /топтарын/ кӛрсетуге болады:
— есту қаблеті бұзылған немесе есту мүшелерінің кемістігі бар балалар;
— кӛру қабілеті бұзылған немесе кӛру мүшелерінің кемістігі бар балалар;
— ақыл-ойы кеміс немесе интеллектуальдық дамуында кемістігі балалар;
— психикалық дамуы кешеуілдеген (тежелінген) балалар;
— сӛйлеу тілі бұзылған немесе тілінің мүкістігі, кемістігі бар балалар;
— тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе қимыл-қозғалыс қабілеті нашар дамыған балалар;
— жалпы дамуында күрделі кешенді (комплексный) немесе бірнеше бірлескен кемістіктері бар балалар.
Кемтар балалар категорияларын осылай топтастырудың маңызы зор. Себебі кемтар балалардың дене бітімі мен психикалық, физиологиялық дамуындағы ауытқулары айырықша екенін біліп, соның негізінде оларды арнайы зерттеуге, тәрбиелеп-оқыту істерін тиімді жүргізуге, жүйелі түрде емдеу, түзету шараларын ӛткізуге ыңғайлы. Арнайы мекемелер ашуда, олардың жұмыстарын ұйымдастыруда да тигізер пайдасы біршама. Кемтар балалар категориясының әрбіреуіне келесі тақырыптарда жан-жақты сипаттама беріліп, олардың ерекшеліктері қарастырылып отырады.
Кемтар балалар мәселелері — Қазақстан Республикасының мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан — 2030» бағдарламасында белгіленген шаралар – кемтарлықтың алдын алу, салауатты ӛмір салтын насихаттау, қоғамдағы «кедейшілікпен» күресу, Аралды қалпына келтіру, қару-жарақты сынау полигондарын жабу, тұрмыстық- әлеуметтік жағдайлары ауыр отбасыларға жәрдем беру бағытындағы жұмыстары мемлекетіміздің қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар істерге бетбұрысының айғағы болып табылады.
ҚР Конститутциясында /Ата Заңында/, ҚР «Білім туралы»Заңында /2007ж/, ҚР «Баланың құқықтары туралы» Заңында /2003ж/ және басқа да құжаттарында мемлекетіміз даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етуді атап кӛрсеткен. Елімізде қалыпты дамуында түрлі кемістіктері бар, ауытқулары бар балаларды емдеуге және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан түзетуге, тәрбиелеп-оқытуға бағытталған арнайы мекемелер, ұйымдар құрудың, олардың жұмыс мазмұнын реттестіріп, ішкі жағдайларын қазіргі заман талабына сәйкестендірудің қажет екендігіне үнемі кӛңіл бӛлініп отыратындығын байқауға болады. Мысалы: заман талабына сай ашылған оңталу орталықтары, арнайы бала бақшалар, арнайы балалар ҥйі, психологиялық-педагогикалық-медициналық кеңес беру орындары, арнайы мектептер, мектеп-
интернаттар. Созылмалы аурулармен ауыратын, ұзақ емделуге мұқтаж балалар үшін немесе үйде жеке оқуға мәжбүр балалар үшін мемлекет толық қамтамасыз ететін арнайы тҥзету ҧйымдары, әлеуметтік қызмет кӛрсететін қоғамдар бар.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу, медициналық кӛмек беру, олармен түзету шараларын жүргізу мемлекеттің қадағалауымен тегін ұйымдастырылады. Мемлекет тарапынан балалардың психофизикалық дамуы, мүмкіндігі ескеріле отырып, тегін оқулықтар, оқу құралдары, ойыншықтар, дидактикалық оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды кәсіпке даярлауға, оларды
ерекшеліктеріне сай кәсіптік шыңдауға мемлекет жәрдемдеседі.
Кемтар балалардың ӛмір сүруіне түрлі жағдай жасалынып отырады: баспанамен
қамтамасыз ету, зейнетақы тағайындау, демалу орындарына жолдама беру, қажет болса
жеке күтуші тағайындау мәселелері ҚР-да қолға алынған..
Қазіргі кезде түрлі дамуында ауытқуы бар мектеп жасындағы балалар үшін тӛмендегідей арнайы түрдегі мекемелер қызмет етеді:
1 түрдегі арнайы (түзету) оқу мекемелері (саңырау балаларға арналған мектептер).
2 түрдегі арнайы (түзету) оқу мекемелері (нашар еститін және кеш саңырау болған балаларға арналған мектеп-интернат).
3 түрдегі арнайы (түзету) оқу мекемелері (кеш дамыған балаларға арналған мектеп-интернат).
4 түрдегі арнайы (түзету) оқу мекемелері (соқыр немесе нашар кӛретін балаларға арналған мектеп-интернаттар).
5 түрдегі арнайы (түзету) оқу мекемелері (сӛйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттар).
6 түрдегі арнайы (түзету) оқу мекемелері (қозғалыс аппараттары бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттар).
7 түрдегі арнайы (түзету) оқу мекемелері (психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектептер немесе мектеп-интернаттар).
8 түрдегі арнайы (түзету) оқу мекемелері (ақыл-ойы кеміс немесе кеш дамыған балалар үшін мектептер, мектеп-интернаттар).
Барлық арнайы /түзету/ мекемелерінде арнайы білім беру стандарттары негізінде оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары белгіленеді. Бұл құжаттар балалардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне, даму мүмкіндіктеріне сәйкес құрылады.
Соңғы жылдары басқа да мүмкіндігі шектеулі балалар тобына бағытталған арнайы мекемелер құрылуда: Дауна синдромымен ауыратындарға және аутистикалық бейнедегі ауруларға арналған мектептер, мектеп-интернаттары; созылмалы ауруы бар, әлсіз /дәрменсіз/ балаларға арналған, оқуын жалғастыруға мүмкіндік туғызылған емханалар мен санаториялық мектептер.
Ҧсынылатын әдебиеттер:
1.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.
–Москва, 1982
2. Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
3. Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
4. Головчиц Л.А. Дошкольная сурдопедагогика: Воспитание и обучение дошкольников с нарушениями слуха: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М, 2001
5. Сурдопедагогика. Под ред. М. И. Никитиной. – М.: Просвещение, 1989
6. Ульенкова У.В. Дети с задержкой психического развития. – Н. Новгород: НГПУ, 1994
7. Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.
8. Интенсификация учебного процесса в школе слабослыщащих. -М, 1988
9. Развитие способностей у глухих детей в процессе обучения. –М, 1991
10. Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Епифанцева. –Ростов на Дону, 2008