Аномальды дамудың психологиясы немесе арнайы психология психикалық процестердің кешеуілдеуіне ұшыраған адамдарды зерттеумен айналысатын психологиялық ғылым. Мұндай зерттеулердің негізінде психикалық дамудағы кемшіліктерді анықтау мен компенсациялау, психикалық дамуында кемшіліктер анықталған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесі құрылады. Арнайы психология
соқырлар психологиясы (тифлопсихология), саңыраулар психологиясы
(сурдопсихология), ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар психологиясы (олигофренопсихология), сӛйлеу тілі бұзылған балалар психологиясы деп бӛлінеді.
Арнайы психологияның міндеттері:
- аномальды бала дамуындағы психикалық дамудың жалпы және спецификалық заңдылықтарын қалыпты бала дамуының психикасымен салыстыра отырып анықтау;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктерін зерттеу;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тұлғалық даму ерекшеліктерін зерттеу;
- психикалық даму кезіндегі психикалық процестерді диагностикалау әдістемелерін құру;
- интеграциялы оқытудағы психологиялық проблемаларды зерттеу;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың категорияларындағы балалар мен ересектер психикасының дамуына жағымды әсер ететін педагогикалық кӛмек кӛрсету жұмыстарының психологиялық негіздемесін құру.
Арнайы психологияның арнайы педагогика ғылымы үшін қажеттілігі арнайы психологияның негізінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық категориясын оқыту мен тәрбиелеу, оқытудың тиімді әдістерін анықтау жүйесімен анықталады.
Арнайы психология үшін бұзылған функцияларды компенсациялау проблемасы маңызды. Психикалық дамуы бұзылған тұлғаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті бұзылған функцияларды компенсациялаудың тиімді жолдарын анықтау болып
табылады. Арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмысы компенсаторлық бағытта ұйымдастырылады. Психикалық функцияларды компенсациялау латын тілінен алғанда «теңестіру» деген мағынаны береді. Компенсация – сақталған анализаторлардың
кӛмегімен бұзылған функциялардың жұмысын қалыпқа келтіру. Психикалық функцияларды компенсациялауда компенсациялау функциясының екі типі анықталған. Біріншісі, кемшілікке ұшыраған органның сақталған нерв жүйесінің элементтерін қалыпқа келтірудегі ішкі жүйелік компенсация (мысалы, есту қабілетінің бұзылуы кезінде сақталған есту қалдығын дамыту). Екіншісі, кемшілікке ұшыраған органның қызметін сақталған басқа анализаторлардың қызметі арқылы қалыпқа келтірудегі жүйе аралық компенсация (мысалы, соқыр балалардың кӛру анализаторын компенсациялау сезу, тері, қимылдық, есту анализаторларының кӛмегімен орындалады). Барлық жағдайларда компенсациялаудың екі типі де қатар жүреді.
Адамға тән компенсациялау формалары тұлғаның жан-жақты даму мүмкіндігін
қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндіктер ғылыми білімді игеру, еңбекке араласу, дүниетанымдық кӛзқарасты қалыптастыру, адамгершілік, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуымен түсіндіріледі.
Компенсация теориясы арнайы педагогика ғылымының тарихымен байланысты даму жолынан ӛтті. Компенсация проблемасын түсіндіруде ӛзінің жаңа идеяларын ұсынған австриялық психолог және психиатр А.Адлердің еңбегі ерекше орын алады. Олардың ішіндегі тұлға ӛміріндегі ішкі психологиялық бірлік идеясы адам психикасының биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты дамуын анықтайды. Сонымен қатар, З.Фрейд пен А.Адлер тұлғаның дамуы ӛмірдің алғашқы бес жылында дамитынын айтады. А.Адлердің жеке кӛзқарасы бойынша адам биологиялық жағынан бейімделуі әлсіз жан иесі, сондықтан оның пайда болуында алғашқы уақыттан бастап-ақ толықтай дамуға қабілетсіздік байқалады да, ол бірте-бірте бала дамуындағы қандай да бір физикалық немесе сенсорлық кемшіліктердің пайда болуына себеп болады деген болжам қалыптасқан. Толықтай дамуға қабілетсіздік, кемшілік адам үшін әр уақытта психиканың дамуына түрткі болатын кемшілік қана емес, жетістік жағдайымен, яғни компенсациялауға бейімділікпен түсіндіріледі. Ӛзінің кемшілігін жою мен басқалар арасындағы ӛз-ӛзіне деген сенімділікті ұялату, қалыптастыру адамның шығармашылық мүмкіндіктерінің қалыптасуына түрткі болады.
Л.С.Выготский мен А.Адлердің пікірінше, негізгі психологиялық заңдылық органикалық түрдегі толық дамымаушылықтан, субъективті түрдегі сезім органдарының толықтай дамымауынан, яғни адамның әлеуметтік поцизияның ӛлшемі болып табылатын компенсациялануға деген ұмтылысын бейнелейді.
Л.С.Выготский ӛзінің жеке кӛзқарастарын сыни тұрғыдан талдау жасауда, психикалық функцияларды компенсациялау проблемасы мен компенсациялануды биологиялық және әлеуметтік факторлардың негізін құрды. Бұл түсінік арнайы педагогиканың барлық салаларының дамуына, психикалық дамудың бұзылуы кезіндегі балалар категорияларының барлық типтеріне сай оқыту мен тәрбиенің тиімділігін анықтауға негіз болды. Л.С.Выготскийдің психикалық функцияларды компенсациялау теориясын қарастыру барысында бірнеше маңызды жағдайларды айқындауға болады.
Біріншіден, Л.С.Выготский аномальды балаларды әлеуметтік ортаға қосудағы белсенді түрде әрекет ету формаларын ұсынды. Л.С.Выготский, қандай да бір сезім органдарының қызметі бұзылған кезде басқа сезім органдарының әлсіздігінен іске қосылатындығын (естудің бұзылуы кезінде кӛру органдарының іске қосылуы) ашып кӛрсетті.
Екіншіден, Л.С.Выготский кемшіліктің құрылымын анықтады. Дамудағы алғашқы
кемшілік екінші, үшінші кемшіліктерді туғызуға себеп болады. Дамудағы екінші кемшілік бала психикасының дамуындағы құрылымдық компоненттерді кемшілікке ұшыратады (аномальды балалардың барлығында бірдей сӛйлеу тілі бұзылады).
Үшіншіден, Л.С.Выготский түрлі кемшілік кезіндегі адамдардың компенсациялану қасиеттері белсенді еңбекке араласу кезінде жүзеге асатындығын кӛрсетеді.
Тӛртіншіден, Л.С.Выготский мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың (сенсорлық қабілеттері бұзылған тұлғалар) физикалық дамуындағы мүмкіндіктерді есепке ала отырып компенсациялаудың мүмкіндігін анықтады.
Бесіншіден, Л.С.Выготскийдің пікірінше, компенсация процесі адамның
әлеуметтену жағдайын жүзеге асырады. Индивидтің компенсаторлық мүмкіндіктері саналы түрде қалыптасады. Оның дәлелі ретінде, бала кезінен есту қабілеті бұзылған К.Э.Циолковскийдің мына сӛздерін ұстануымызға болады: «саңыраулық мені ӛмір бойы қоршаған ортадағы адамдардан алшақтауыма себеп болып, мені ӛмір бойы қуғындаумен болды. Менің қандай да бір зерттеушілікпен айналысуымен себеп болды, себебі басқалар игерген қабілеттердің менде болмауынан кӛп нәрсені іздеуіме, кӛп нәрсемен айналысуыма тура келді», осы ойға жүгінсек, психикалық функциялардың компенсациялануы биологиялық және әлеуметтік факторларға да байланысты. Одан кейін Ресейлік психологтар (А.Р.Лурия, Б.В.Зейгарник, Р.Е.Левина, И.М.Соловьева, В.В.Лебединский, т.б.) зерттеулерінде психикалық функциялардың компенсациялану проблемалары қарастырылды.
Л.С.Выготскийдің зерттеулері К.С.Лебединскаяның ұсынған психикалық дамудың кешеуілдеу типтерін анықтаушы параметрлерді құруға негіз болды.
Бірінші параметр кемшіліктің функционалдылығымен байланысты кемшіліктің жалпы түрі бас миындағы реттегіштік жүйелердің (қабықтық бӛлімдер) бұзылуымен немесе ішінара кемшілік жеке түрдегі функциялардың жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
Екінші параметр — кемшіліктің пайда болу уақыты — психикалық дамудағы кемшіліктің сипаттамасын анықтайды. Кемшілік неғұрлым ерте басталса, психикалық дамудағы кемшілікті анықтау соғұрлым жеңіл болады. Психикалық даму кезіндегі әрбір функция дамудағы интенсивтілікпен түсіндірілетін сензитивті кезеңнен ӛтеді. Психикалық функциялардың тұрақсыздығы регресс құбылысына апарып, құлдырау құбылысын кӛрсетуі мүмкін.
В.В.Лебединскийдің пікірінше, дамудың кешеуілдеуі ешқашан теңеспейді, біріншіден, сензитивті кезеңге ұшыраған психикалық функциялар бұзылады. Сондықтан психикалық дамуы бұзылған балада бір функциялар сақталса, екінші бір функция зақымданса, үшінші функция кешеуілдейді.
Үшінші параметр Л.С.Выготскийдің кемшіліктің жүйелі түрдегі құрылуы бірінші және екінші кемшіліктер арасындағы арақатынасы туралы түсіндіріледі.
Тӛртінші параметр — функционалдық қатынастардың бұзылуы.Қалыпты психиканың дамуы мына функциялардың тәуелсіздік, ассоциация және иерархияның байланысын орнатады. Функциялар арасындағы уақытша тәуелсіздіктер онтогенездің ерте кезеңдерінде байқалады (мысалы, екі жасқа дейінгі уақыттағы ойлау мен сӛйлеудің
дамуындағы тәуелсіздік). Ассоциативтік (Н.А.Бернштейн, 1966) байланыстардың кӛмегімен түрлі сезімдік белгілер біртұтас бӛлікке жинақталады (үйдің образы, жыл мезгілі).
Психикалық функциялардың әрбіреуі ӛзінің жеке дамуына сай сензитивті кезеңде ауысып бір-бірін толықтырып отырады. Психикалық дамудың бұзылуы кезінде функионалдық бұзылулар байқалып психикалық дамуда диспропорция орын алады. Мысалы, саңыраулық кезінде кӛрнекі-образды ойлау, сӛздік-логикалық ойлау, ауызша және жазбаша сӛйлеудің әлсіздігі байқалады.
Кӛрсетілген параметрлер танымдық, моторлық, эмоционалдық дамудың бұзылуы кезінде түрліше сипатталады. Осы бағыттағы психологтардың, дефектологтардың, психиатрлардың зерттеулерін қорытындылай келе, В.В.Лебединский психикалық
дамудың кешеуілдеуін мынадай типтерге бӛледі: жетіспеушілік, дамудың кешеуілдеуі,
дамудың бұзылуы, дамудың тапшылығы, дамудың әлсіреуі, дамудың
дисгармониялылығы.
Дамудың жетіспеушілігінерте кезеңдегі бас миының зақымдануы арқылы
анықтайды (мысалы, ақыл-ойдың жетіспеушілігі). Психикалық функциялардың
кейбіреулері біркелкі дамымайды, соның ішінде жоғары психикалық функциялар (ойлау, сӛйлеу).
Дамудың кешеуілдеуітанымдық әрекеті мен эмоциясының ерте балалық шақтағы ӛзгерістерге ұшырауымен түсіндіріледі.
Дамудың бұзылуы(2-3 жастан кейін)бас миының белгілі бір бӛліктері қалыптасып болғаннан кейінгі бас миының патологиялық жағдайлардың әсерінен болатын кемшіліктермен түсіндіріледі. Дамудың бұзылуын айқындайтын кемшіліктерді эмоцияның, тұлғаның бұзылуымен, мақсатқа бағытталған әрекеттердің бұзылуы, интеллектінің дамуындағы регреспен байқалатын органикалық деменциямен түсіндіреміз.
Дамудың тапшылығы организмнің белгілі бір жүйелерінің (кӛру, есту, сӛйлеу, тірек-қимылдық бұзылуы) күрделі түрдегі бұзылуларымен түсіндіріледі. Мұндағы бірінші кемшілік функциялардың дамымауымен түсіндірілсе, дамудың тапшылығы кезіндегі компенсация оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары арқылы жүзеге асады.
Дамудың әлсіреуі ерте балалар аутизмімен түсіндіріледі. Бұл жағдайдағы психикалық функциялардың қалыптасу процесінің реттілігі ӛзгеше сипат алады. Мұнда қалыпты дамумен салыстыра отырып анықталады, яғни бұл балалардың сӛйлеу тілі қимылдық функциялардың дамуынан алға шығып, заттық-практикалық әрекетке қарағанда сӛздік-логикалық ойлау бірінші қалыптасады. Бұл кезде қарқынды дамып отырған функциялар басқаларды реттеп отырады.
Дамудың дисгармониялылығы эмоциялық-ерік аймағындағы жүре пайда болған психиканың дисгормониялылығмен түсіндіріледі. Мысалы, бұған сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне адекватсыз түрде реакция беру нәтижесінде ӛмірге, қоршаған ортаға бейімделудің қиындығымен сипатталатын психопатияны жатқызамыз.
Аталған ӛзгерістердің барлығы белгілі бір уақытта байқалып, тұрақты түрде дамиды. Сонымен, психикалық даму – психикалық процестердің белгілі бір уақыттағы
сандық, сапалық, құрылымдық ерекшеліктерге қарай анықталатын психикалық
ӛзгерістердің заңдылығы.
Арнайы психология мен арнайы педагогиканың дамуына негіз болған
Л.С.Выготскийдің ғылыми қорытындылары аномальды бала психикасының дамуы қалыпты бала психикасындағы негізгі заңдылықтарға тәуелді деген пікірді ұстануымызға болжам жасайды.
Келесі бір ғылыми түрде дәлелденген заңдылық психиканың дамуындағы тепе-теңдіктің болмауы, біріншіден, мидың белсенді түрдегі дамуымен, екіншіден, жеке психикалық функциялардың негізінде қалыптасады деген болжамды түсіндіреді.
Жас ерекшелік кезеңнің әрбіреуінде психикалық функциялардың қайта құрылуы жүзеге асады. Бұл кезде психикалық функциялар ӛзара топтасып, сандық жағынан емес сапалық құрылымы жағынан ӛзгерістерге ұшырайды.
Психиканың дамуындағы орын алатын тағы бір маңызды заңдылық компенсациялық қабілеттерге қарай нерв жүйесінің бейімделуі. Бұл бала психикасының даму процесі эволюция мен инволюция процесімен байланысты.
Арнайы психологиядағы ерекше маңызға ие жағдай — психикалық даму кезіндегі биологиялық және әлеуметтік факторлар арасындағы қатынас. Биологиялық факторларға ұрықтық даму кезіндегі қалыптасатын темперамент, қабілеттің ұшқындары жатады. Әлеуметтік факторларға баланың ӛмір сүріп отырған ортасы, идеологияның типтері, мәдени дәстүрлер, дін, ғылым мен ӛнердің даму деңгейі, оқыту мен тәрбиенің ерекшелігі жатады. Л.С.Выготский биологиялық және әлеуметтік факторлардың бірлігі мен байланысын түсіндіре отырып, даму процесіндегі ӛзара бірліктің алатын орнын екі түрлі ерекшелікпен кӛрсетеді. Біріншіден, даму процесінде кӛрсетілген кӛмек түрі ӛзгеріп отырса, екіншіден, әрбір фактордың психикалық функциялардың дамуында алатын ӛзіндік маңызы бар. Қарапайым психикалық функциялардың дамуында биологиялық, тұқымқуалаушылық фактор ерекше болса, күрделі психикалық функциялардың дамуында әлеуметтік факторлардың алатын ролі ерекше. Бала еңбекке араласу, тілді игеру, ӛнерді
меңгеру сияқты әлеуметтік тәжірибелерді ӛздігімен игере алмайды. Сондықтан бұл кезде ересектер тарапынан кӛмек кӛрсетілуі керек.
Психиканың дамуындағы заңдылықтарды анықтауда арнайы психологияның алатын орны ерекше. Психиканың дамуындағы кемшіліктер биологиялық факторламен (бас миының органикалық зақымдануы, гендер мутациясы, ұрықтық дамудың
патологиясы, туылу кезіндегі патология) белгіленуі мүмкін. аталған кемшіліктердің пайда болу уақыты, себептері аномальды дамуды айқындауы мүмкін.
Психикалық даму кезіндегі орын алатын биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік факторлардың әсерінен микроәлеуметтік ортадағы педагогикалық артта қалушылық ерекше орын алады. Мұның нәтижесі интеллектуалдық және эмоциялық дамудың кешеуілдеуіне апарады. Кемшіліктің бұл түрінде онтогенез дамуының ерте кезеңіндегі жағымсыз тәрбиемен, интеллектуалдық және эмоциялық дамудың тапшылығымен түсіндірілетін депривацияқұбылысы орын алады.
Қалыпты және аномальды даму кезіндегі психикалық процестердің дамуына тән заңдылықтармен қатар аномальды дамуға тән жалпы заңдылықтар бар.
Біріншіден, кемшіліктің барлық типіне тән жалпы ерекшелік, ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау мен қолданудағы қабілеттің төмендігі. Мұндай ерекшелік онтогенез дамуының белгілі бір кезеңінде орын алуы мүмкін. Мысалы, есту қабілеті бұзылған балалардың ақпаратты кӛру арқылы ӛңдеу қабілеті (10-11 жасқа дейін) мектепке дейінгі және кіші мектеп жасында ғана байқалады.
Екіншіден, аномальды балалардың барлық категорияларында ойлау арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсудің қиындығы ерекше орын алады. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар есте сақтау қабілетінің тӛмендігінен ассоциациялы түрдегі ойлауды жүзеге асыруда қиындықтарға жолығады.
Үшіншіден, аномальды балалардың барлығында түсініктерді қалыптастыру қабілеттері әлсіз. Мысалы, ақыл-ой дамуы кешеуілдеген мектеп жасына дейінгі балалар заттарды формаларына, түстеріне қарай топтастыра алмайды. Заттарды ерекше белгілеріне қарай классификациялауда тіпті қиын болады. Сонымен қатар, ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың жалпы сӛйлеу тілінде, психикалық дамуында айтарлықтай кемшіліктердің әсерінен, белгілі бір жас ерекшелік кезеңіндегі психикалық функциялардың қалыптасу процесі аяқталмағандықтан, реградация құбылысы байқалады. Белгілі логопедР.Е.Левина жалпы сӛйлеу тілі бұзылған балалардың бойында автономиялы сӛйлеудегі ұзаққа созылған патологиялық жағдайлардың орын алатынын сипаттады. Қалыпты психиканың дамуындағы автономиялы сӛйлеуде баланың жасына тән сӛздерді қолдануы байқалады. Ересектер бала тілінің дұрыс қалыптасуы үшін сӛздердің дұрыс айтылуын, сӛздердің үлгілерін кӛрсету, фонематикалық есту мен артикуляцияның дамуына жағымды әсер етудегі жұмыстарды жүргізеді. Ал, жалпы сӛйлеу тілі бұзылған балаларда мұндай инволюция орындалмайды. Алдағы уақыттағы сӛйлеудің даму қорытындысында автономиялы сӛйлеу мен қалыпты сӛйлеудің орын алмасуы байқалмайды. Соңғысы дамудағы кемшіліктің бір түріне ғана тән психиканың даму заңдылығы бар. Ол заңдылық есту қабілетінің бұзылуына тән, яғни кӛрнекі-образды ойлау қалыпты балалармен салыстырмалы түрде, импрессивті сӛйлеу (оқу) мен экспрессивті сӛйлеу (жазбаша) кӛрнекі-образды және сӛздік-логикалық ойлау арқылы дамиды. Белгілі сурдопсихолог И.М.Соловьев есту қабілеті бұзылған балалар психикасының даму жолын уақытында жүргізілген сурдопедагогикалық жұмыстар бала психикасының дамуына оң әсер ететіндігімен кӛрсетеді.
Дамуында кемшілігі бар балалар арнайы оқыту мен тәрбиені, емдік — сауықтыру кӛмекті керек етеді. Осы кӛмек түрлерінің тиімділігін арттыруда олардың жағдайларын ерте диагностикалау қажет. Кемшілікті бекітіп қана қоймай балаға кӛрсетілетін кӛмек пен оларды арнаулы мекемелерге орналастыруға бағытталған кемшіліктің мінездемесін, сандық, сапалық кӛрсеткіштерін білу керек.
Ҧсынылатын әдебиеттер:
1.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986
2.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.
–Москва, 1982
3.Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4
- Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
- Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
- Головчиц Л.А. Дошкольная сурдопедагогика: Воспитание и обучение дошкольников с нарушениями слуха: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М, 2001
- Сурдопедагогика. Под ред. М. И. Никитиной. – М.: Просвещение, 1989
- Ульенкова У.В. Дети с задержкой психического развития. – Н. Новгород: НГПУ, 1994
- Байсалбаева Ш.А., Хусаинова Ш.Н. и тд. Медико-социальное обследование семей детей-инвалидов. Педиатрия и детская хирургия Казахстана. 1998
- Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.