Арнаулы білім беру жүйесіндегі ӛзекті мәселелерді шешуде пәндік салалар, олардың ӛзіндік ерекшеліктеріне байланысты анықталған арнаулы білім беру мекемелерінің түрлері белгіленген. Арнаулы білім берудегі әдістерді қолданып, оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастыратын мекемелердің түрлері, олардың қызметін регламенттуші нормативтік құжаттар бар. Қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының әрбір облысында орналасқан арнаулы мекемелердің қызметін реттеп отырады. Солардың бір қатарымен танысуда арнаулы білім берудегі статистикалық мәліметтердің мазмұнын аша аламыз. Олай болса, Қазақстан Республикасындағы арнаулы білім беру бағдарламалары келесі типтегі мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы коррекциялық ұйымдарда іске асырылады:
- кӛзі кӛрмейтін (соқыр) балаларға арналған
- нашар кӛретін балаларға арналған
- құлағы естімейтін (саңырау) балаларға арналған
- нашар еститін балаларға арналған
- сӛйлеу қабілеті тӛмен балаларға арналған
- тыныс жолдары аппаратын бұзылған балаларға арналған
- интеллектісі жетілмеген балаларған арналған
(ақыл-есі тӛмен балалар), соның ішінде жетім-балаларға арналған
- психикалық дамуы тежелген балаларға арналған
Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау бойынша арнайы оқыту қызметтерін кӛрсетуге арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері:
- психологиялық-әдістемелік-педагогикалық кеңестер
- сауықтыру орталықтары
- психолого-педагогикалық коррекциялар кабинеті
- логопедтік пункттер
Арнаулы білім беру жүйесінің статистикасын анықтауда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» заңдары шеңберінде тӛмендегідей нормативтік құқықтық актілерінің тізбегін жасауымызға болады. Олар:
- Жекелік формасы мен ведомстволық иеліктен тыс арнайы білім беру ұйымдарының, соның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы коррекциялық ұйымы қызметінің тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 ақпандағы №100 «Арнайы білім беру ұйымдарының ережесінің» қаулысы.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген Білім және ғылым министрлігінің Бұйрығы:
1) «Психологиялық-әдістемелік-педагогикалық кеңес беру қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» (ҚРБҒМ 2004 жылғы 14 қыркүйек №144 және ҚРӘМ 2004 жылғы 19 қазан №3162).
Психолого-әдістемелік-педагогикалық кеңес беру қызметі даму мүмкіндіктері тежелген балалар мен жасӛспірімдерді тәрбиелеу мен оқыту, олардың әлеуметтік-әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау құқығын бекіту, психолого-әдістемелік-педагогикалық жағдайда тексерілу мәселесі бойынша халыққа кӛмек кӛрсетуге бағытталған;
2) «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» (ҚРБҒМ 2004 жылғы 3 қыркүйек №712 және ҚРӘМ
2004 жылғы 4 қазан №3128):
Сауықтыру орталығының қызметі балалар мен жасӛспірімдерді психолого-педагогикалық коррекциялау түрінде кешендік психолого-әдістемелік-педагогикалық кӛмек кӛрсетуге, ата-аналарға мүмкіндіктері шектеулі балаларды үй жағдайында тәрбиелеу мәселесі бойынша кеңес беруге бағытталған;
психологиялық-педагогикалық коррекциялау бӛлмесінің қызметі ақыл-есі мен психикалық дамуы бұзылған және осы кӛмекті арнайы білім берудің коррекциялық ұйымында ала алмайтын балаларға кешендік психолого-әдістемелік-педагогикалық кӛмек кӛрсетуге бағытталған;
жалпы білім беру мектептеріндегі логопедиялық қызметтер сӛйлеу және жазу мүмкіндіктері тежелген балаларға логопедтік кӛмек кӛрсетуге бағытталған.
Кӛрсетілген нормативтік құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық
облыстарында психологиялық-әдістемелік-педагогикалық кеңестер, сауықтыру орталықтары, психолого- педагогикалық коррекциялау кабинеттері, логопедиялық пункттер қызмет жасауда. Олардың санын анықтауда БАҚ-да жарияланған тізім анықталды, бірақ әлі де болса олардың саны тұрақсыз, себебі мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуде арнаулы мекемелердің саны артуда.
Адамның толыққанды ӛмір сүруі үшін оның еркіндігі мен құқығы сақталуы тиіс. Адам құқығы мен еркіндігін сақтау, жергілікті халықты әлеуметтік қорғау, оны жүзеге асыру механизмдері, адам құқығы мен еркіндігін сақтау туралы конституционалдық-
құқықтық, халықаралық актілерде берілген. Азаматтық, саяси, экономикалық және мәдени құқықты сақтау туралы халықаралық құжаттар барлық адамның бірдей еркіндігін, құндылығын, дінін, еңбек етуін, тынығуын, материалдық және моральдық қызығушылықтарын мойындауға, оны сақтауға кӛмектеседі.
Адам еркіндігі мен құқығы туралы жалпы сақталған жүйелердегі ерекше жағдай адамның білім алудағы құқығы. Бұл барлық азаматтарға бірдей, яғни әрбір бала дамудың қандай мүмкіндігінде болмасын міндетті білім алу құқығына ие.
Барлық баланың білім алуына құқығы туралы Халықаралық құжаттарда (Адам құқығы туралы Жалпы декларация, Бала құқығы туралы конвенция) кӛрсетілген және мемлекеттің кепілдігіне ие бола отырып, ҚР конституциясы Заңдарында нақты кӛрсетіледі.
Кез-келген тұлғаның қоғам алдындағы құндылығын мойындау, тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктерін есепке алу, оның жан-жақты дамуын қамтамасыз етуді кепілдікке алу мемлекеттің құқықтық негіздерін сақтауға, оны жаңартып отыруға негіз болады. Келесі кезеңде жалпы қабылданған халықаралық құқықтық құжаттар негізіндегі экономикалық, саяси жағдайларды нақты түрдегі бейімдеу жағдайларына байланысты
қолдану мемлекет тарапынан қолдау тауып отырады. Нақтырақ айтсақ, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен еркіндігін сақтауға арналған халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі идеялары халықаралық деңгейде ұзаққа созылған процесс. Қазіргі уақытта осы мәселеге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған нормативтік құжаттардың бірқатары белгіленген:
Адам құқығы туралы жалпы декларация; Мүгедектер құқығы туралы декларация;
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалар құқығы туралы декларация; Бала құқығы туралы конвенция:
Мүгедектердің мүмкіндігін сақтаудағы стандартты ережелер.
БҰҰ-ның Уставы мен Адам құқығы туралы жалпы декларацияның қағидаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғалар аталған құжаттарда кӛрсетілген азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтарын сақтауда барлық адаммен тең құқылы екендігін кӛрсетеді. Осы құжаттардың қатарында Адам құқығы туралы жалпы декларация осы мәселеге қатысты кӛптеген құжаттардың жасақталуына негіз болды.
1989 жылы 20 қарашадағы БҰҰ Ассамблеясы «Бала құқығы туралы қабылдаған конвенцияның» негізгі мақсаты минимальды түрдегі бала қызығушылығын қорғау. Оның ұсынатын жағдайлары негізгі тӛрт талап бойынша, яғни баланың ӛмір сүруі, қорғау, баланың жалпы дамуы, белсенді ӛмір сүруін қамтамасыз ету бойынша орындалады.
Мүгедектердің құқығын қорғауда 1975 жылы қабылданған БҰҰ Ассамблеясының мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтық және саяси тең құқығы белгіленген «Мүгедектердің құқығын қорғау декларация» маңызды болып табылады.
1971 жылғы БҰҰ-ның ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларацияда қоғамның аталған категорияға деген кӛзқарасына түбегейлі ӛзгерістер енгізіледі. Бұл тұлғалардың қазіргісі мен ертеңгісі қоғам дамуының барлық кезеңінде адам еркіндігі мен құқығын сақтау арқылы орындалып отыруы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын сақтаудағы негізгі халықаралық құжаттардың мазмұны:
- Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық адамдар сияқты тең құқылығы;
- Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар ерекше құқыққа ие. Мысалы, есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы аудармашылық қызметтің кӛрсетілуі.
- Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ерекше құқығы туралы ақпараттардың бір емес бірнеше құжаттарда кӛрсетілуі.
Кӛршілес мемлекеттердегі, соның ішінде Ресейдегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаудағы Заңнамалық саясат халықаралық құжаттарды
ратификациялау және жүзеге асыруға бағытталды. Аталған құжаттардың ішіндегі негізгі
құқықтық акт 1993 жылы желтоқсанда қабылданған Ресей Федерациясының Конституциясы болып табылады.
Мемлекетіміздегі адам құқығын қорғау аймағындағы қолданылатын маңызды заңды шешімдерді қабылдаушы құжаттарды атасақ, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Ереже», «Үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру Ережесі» т.б. табылады. Ресейде арнайы білім беру жүйесі мен әлеуметтік кӛмек кӛрсету қызметі мынадай негізгі құжаттар арқылы басқарылады: «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы Заң», «Білім туралы Заң», «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған білім туралы Заң».
1996 жылы қабылданған «Мүгедектерді қолдау туралы» Заң мүгедектерге ортақ құқықтық актілерді құрайтындықтан, маңызды құжат болып табылады. Себебі, кӛптеген құқықтық актілер мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әр категориясына байланысты түрліше құрылғандықтан, оларды қолдану барысында айтарлықтай қарама-қайшылықтар туындап отыр. «Мүгедектік» ұғымы еңбекке жарамсыздықпен түсіндірілетіндіктен, оларға ӛмір бойғы мүгедектік құжатын рәсімдеуде негізге алынатын құжаттар болмады. Ол Ресей мемлекеті бойынша Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен 1991 жылғы 4
шілдедегі «16 жасқа толған мүгедек балаға медициналық қорытынды» құқықтық құжат негізінде жүзеге асырылды.
Құқықтық құжаттардың мазмұнында мүгедектердің ерекше еңбек түрімен айналысуы, медициналық қызмет түрі мен емді қабылдау, транспорт түрлерін пайдалану, тұрғын үймен қамтамасыз ету кӛрсетілген. «Білім туралы» Заңда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудегі кепілдемелер кӛрсетілген.
Балалар мен жасӛспірімдерді арнаулы білім беру мекемелеріне жіберу, оларды орналастыру арнаулы психологиялық-педагогикалық және медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бойынша ата-аналардың келісімімен орындалады.
Ҧсынылатын әдебиеттер:
1.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986
2.Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4
3.Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
4.Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
- Головчиц Л.А. Дошкольная сурдопедагогика: Воспитание и обучение дошкольников с нарушениями слуха: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М, 2001
- Сурдопедагогика. Под ред. М. И. Никитиной. – М.: Просвещение, 1989
- Ульенкова У.В. Дети с задержкой психического развития. – Н. Новгород: НГПУ, 1994
- Байсалбаева Ш.А., Хусаинова Ш.Н. и тд. Медико-социальное обследование семей детей-инвалидов. Педиатрия и детская хирургия Казахстана. 1998
- Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.
- Белова Н.И.Специальная дошкольная сурдопедагогика.-М, 1985