« Мектепке дейінгі және бастауыш білім » кафедрасы « Дефектология және логопедия негіздері » пәні бойынша тест сұрақтары

 

$1.. Логопедия дегеніміз не?
а) құлағы естімейтін балалардың даму ерекшеліктерін зерттейді;
в) көзі көрмейтін, соқырларды зерттейді;
с) сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын және кемістікті әр түрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейді;
д) ақыл – есі кем балалардың қайта тәрбиелеу.
$2.. Логопедия сөзі нені білдіреді?
а) тәрбиелеймін, үйренемін;
в) жазғызамын;
с) үйретемін;
д) көшіремін.
$3.. Логопедияның зерттеу объектісі:
а) көзі көрмейтін адам;
в) құлағы естімейтін адам;
с) сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам;
д) ақыл – есі кем адам.
$4.. Логопедия ғылымына кірмейтін бөлім:
а) мектеп жасына дейінгі;
в) мектептегі;
с) жеткіншектер мен ересектер;
д) қарттар.
$5.. Логопедияның негізгі мақсаты:
а) сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеудің жолдарын зерттеу;
в) тіл кемістігі бар балаларды дұрыс жазуға үйрету;
с) ақыл – есі кем балаларды дұрыс сөйлету;
д) ақыл – есі кем балаларды кеңістікті бағдарлауға үйрету.
$6.. Логопедия міндеттеріне жатпайды:
а) сөйлеу тілі кемістіктеріне жүйелеу;
в) сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу;
с) сөйлеу тілі кемістіктерін алдын – алу, сақтандыру тәсілдерін жетілдіру;
д) сөйлеу тілі кеміс балаларды соқыр балалармен салыстыру арқылы оқыту.
$7.. Логопедияда қолданылатын тәсілдер:
а) бақылау тәсілі;
в) әңгімелесу тәсілі;
с) оқыту тәсілі;
д) тәжірибе жасау тәсілі.
$8.. Тәжірибе жасау тәсіліне жататын тәсіл:
а) ойнату тәсілі,
в) табиғи және лабораториялық тәсіл;
с) әңгімелесу тәсілі;
д) қайта тәрбиелеу.
$9..Логопедия тәжірибесінде дәрігер – мамандардың пайдаланатын тәсілдеріне жатпайды:
а) операция жасау, протездеу;
в) іш – құрылысына операция жасау;
с) жақ сүйегін түзету және тістерін реттеу;
д) дәрі – дәрмекпен және физиотерапиялық, психотерапиялық емдеу.
$10.. Физиотерапиялық емдеуге жатпайды:
а) операция жасау;
в) сумен;
с) жарықпен;
д) тоқпен.
$11.. Психотерапиялық жұмыстың міндетіне жатпайды:
а) түсіндіру;
в) ұйықтау;
с) сендіру;
д) әңгімемен ұйыту.
$12.. Логопедия ғылымы қандай ғылымдармен байланысты?
а) медицина, лингвистика, арнайы психология;
в) астрономия;
с) химия;
д) физика.
$13.. Медицина ғылымының ішіндегі логопедиямен байланыспайтын ғылым:
а) патофизиология, анатомия, физиология;
в) сөйлеу тілі мүшелерінің патологиясы;
с) олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия;
д) жазуға үйрету, дыбыстандыру.
$14.. Логопед сабақ өткізу кезінде есінде болу қажет:
а) баланың жасы, психологиялық ерекшелігі;
в) баланың бойы;
с) баланың түрі;
д) баланың киім киісі.
$15.. Логопедияда педагогикалық қолданылмайтын әдістері:
а) әңгіме, бақылау;
в) көзге жаттығу жасау;
с) жинақтау әдісі;
д) жеке дыбыстардың мүкістігін түзету мен сөйлеу тілін қалпына келтіру.
$16.. Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктеріне жатпайды:
а) дыбыстар;
в) сөздіктер;
с) картиналар;
д) грамматикалық құрылысы.
$17.. Ауыз – екі сөйлеу тіліне не жатады?
а) іштей сөйлеу;
в) ымдау;
с) монологті және диалогті;
д) көзбен көрсету.
$18.. Мектеп жасына дейінгі баланың белсенді сөздігіне жатпайды:
а) екі жастың соңына 500 сөз;
в) екі жастың соңына 300 сөз;
с) үш жаста 1000 сөз;
д) бес – алты жаста 3000 сөз.
$19.. Орталық сөйлеу аппараты қайда орналасқан?
а) адамның ауызында;
в) адамның миында;
с) адамның жақ сүйегінде;
д) адамның ойлау қызметі.
$20.. Брок орталығының атқаратын қызметі:
а) адам жүреді;
в) күледі;
с) дауыс шығарып, сөйлеу үрдістері іске асады;
д) адамның ойлау қызметі.
$21.. Вернике орталығының атқаратын қызметі:
а) дауыс шығару;
в) қимылдайды;
с) ойлау қызметі;
д) басқа адамның сөйлеген сөзін естиді, түсінеді.
$22.. Шеткі сөйлеу аппаратына жатпайтын бөлік:
а) демалу бөлігі;
в) көру бөлігі;
с) дыбыс шығару бөлігі;
д) дыбысты құбылтып — өзгерту бөлігі.
$23.. Демалу бөлігіне жатпайтын бөлік:
а) миы;
в) кеудесі;
с) өкпені;
д) тыныс алу жолдары.
$24.. Дауыс бөлімі неден тұрады?
а) дыбыстан;
в) дауыс қатпары бар көмекейден;
с) әріптерден;
д) тістердің орналасуынан.
$25.. Адамның дауысы қалай шығады?
а) айқайлағанда;
в) қатты сөйлегенде;
с) дауыс сіңірлерінің ашылып – жабылуының әсерінен;
д) тілдің әсерінен.
$26.. Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс неге бәсеңкіреп шығады?
а) дауыс сіңірлерінің бір бөлігі ғана қозғалысқа түседі;
в) ауыз жәй ашылады;
с) қысым, ауа қысылып шығуының себебінен;
д) ауру адамда болады.
$27.. Адамның дауысының бөлінуіне жатпайтын бөлік:
а) дауыс күші;
в) жіңішке жуандығы;
с) тембрі;
д) дұрыс сөйлемеуі.
$28.. Дауыстың тембріне байланыспайтын бөлік:
а) көмекейдің формасы;
в) көлемі;
с) құрылысы;
д) түрі.
$29.. Артикуляция дегеніміз не?
а) адамның дене пішіні;
в) дыбыс шығарардағы сөйлеу органдарының орналасу қалпы;
с) ішкі құрылысы;
д) сөйлегенде беттің құбылуы.
$30.. Артикуляция аппаратының құрамына кірмейтін мүше:
а) мұрын;
в) ауыз қуыстары;
с) аяқ – қол;
д) көмекей.
$31.. Артикуляция органдарының бөлінуі:
а) белсенді – енжар;
в) қатты – жұмсақ;
с) көлемді – кішкентай;
д) ұзын – қысқа.
$32.. Белсенді органдарға жатпайтын органдар:
а) тіл;
в) төменгі жақ сүйек;
с) ерін және жұмсақ таңдай;
д) тіс.
$33.. Енжар органдарға жатпайтын органдар:
а) таңдай сүйектері;
в) тіл;
с) жоғарғы жақ сүйектері;
д) тістер.
$34.. Дислалия дегеніміз не?
а) есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы;
в) сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылуы;
с) қатынас құралының қолдану кезінде бұзылуы;
д) жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерін қамтамсыз ете алмауы
$35.. Дизартрия дегеніміз не ?
а) сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылуы;
в) сөйлеу мүшелерніңі инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тілі дыбыстарының айтылу кемістікітері;
с) есту қабілеті мен кқру мүшелерінің бұзылуы;
д) тілі дыбыстарның айтылуының бұзылуы;
$36.. Тұтықпа дегеніміз не?
а) сөйлеу мүшелерінің анатомиялық – функционалдық кемістіктерінің салдарынан;
в) көру кемістігінің салдарынан;
с) есту мүшесінің бұзылуынан;
д) сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылуы салдарынан;
$37.. Ринолалия дегенімзі не?
а) қатынас құралының бұзылуы;
в) жазбаша тілдің бұзылуы;
с) сөйлеу мүшелерінің анатомиялық – функционалдық кемістіктерінің салдарынан;
д) сөйлеу жылдамдығының бұзылуы;
$38.. Брацилалия дегеніміз не?
а) сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы;
в) дауыс шығару мүшелерінің бұзылуы;
с) қатынас құралының бұзылуы;
д) ойлау қабілетнің бұзылуы;
$39..Дисфония дегеніміз не?
а) ми қабығының зақымдануы;
в) ойлау қабілетнің бұзылуы;
с) дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгерту себептерінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы;
д) жалпы сөйлеу тілінің дамымауы;
$40.. Фоностения дегеніміз не?
а) дауыстың ашық шығуы;
в) іштей сөйлеу;
с) дауыстың қырылдап, сырылдап, бәсең шығуы;
д) дауыстың мүлдем шықпауы;
$41.. Алалия дегеніміз не?
а) баланың ми қабығының жастайынан зақымдануының әсерінен сөйлеу тілінің жетілмеуі;
в) қатынас құралының бұзылуы;
с) көру мүшесінің бұзылуы;
д) сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс бұзылуы;
$42..Афазия дегеніміз не?
а) ми қабығының бұзылуы;
в)сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы;
с) дауыстың бұзылуы;
д) көру мүшесінің зақымдануы;
$43.. Жазбаша тілдің бұзылуы қандай топқа бөлінеді?
а) баттаризм;
в) парафазия;
с) дислексия, дистрафия;
д) брадифазия;
$44.. Дислексия дегеніміз не?
а) жазу процесінің жартылай бұзылуы;
в) оқу процесінің жартылай бұзылуы;
с) қатынас құралының бұзылуы;
д) мидағы ісіктің салдары;
$45.. Дисграфия дегеніміз не?
а) оқу процесінің жартылай бұзылуы;
в) жазу процесінің жартылай бұзылуы;
с) тұтықпаның болуы;
д) дыбыстың мүлдем шықпауы;
$46.. Дислалия этиологиялық себептеріне байланысты қандай топқа бөлінеді?
а) табиғи және жасанды;
в) прогнатия, прогения;
с) органикалық, функционалдық;
д) сыртқы және ішкі;
$47.. Тістенудің ауытқуларына жатпайтын түр:
а) кемиек (прогнатия);
в) опырауыз (прогения);
с) тістенудің қабыспауы және азу тістердің қабыспауы;
д) тістердің түсіп қалуы;
$48.. Функционалды дислалия дегеніміз не?
а) дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да сөйлеу тілінің бұзылуы;
в) жақ сүйектерінің бұзылуы;
с) көру мүшесінің бұзылуы;
д) сөйлеу тілінің қалыптан тыс бәсеңдеуі;
$49.. Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуына қарай дислалияның тобына жатпайтын түр:
а) морфология;
в) ротацизм;
с) сигматизм;
д) ламбдатизм;
$50.. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты жүргізілетін жұмыстың кезеңдеріне жатпайды:
а) дайындық кезеңі, дыбысты қою;
в) дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі;
с) дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі;
д) баланы ерте жастан сөйлету кезеңі;
$51.. Сигматизм дегеніміз не?
а) а, ә, о дыбыстарының дұрыс айтылмауы;
в) ысқырық және ызың дыбыстарының айтылу мүкістіктерін білдіреді;
с) жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуы;
д) қатаң дыбыстардың дұрыс айтылуы;
$52.. Дайындық кезеңнің мақсаты қандай?
а) баланы қоршаған ортамен таныстыру;
в) дұрыс жүруге үйрету;
с) уақытты бағдарлай білуге үйрету;
д) тапсырмаларды орындауға, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, дыбысты қабылдау, ажырату;
$53.. Дизартрия қандай мағына береді?
а) сөйлеудің бұзылуы;
в) көруі нашарлауы;
с) мидың зақымдануы;
д) есту мүшесінің бұзылуы;
$54.. Дизартрияның басты көріністеріне не жатпайды?
а) тіл дыбыстарының бұзылуы;
в) дауыстың пайда болуындағы кемістіктер;
с) сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер;
д) сөйлеген кездегі беттің құбылуы;
$55.. Дизартрияның түріне жатпайды:
а) сопақша ми, мишық;
в) ми қыртысы, ми асты қыртысы;
с) сопақша ми, жалған сопақша ми;
д) есту мүшесі;
$56..Сопақша мидың сипатталуы:
а) жұтқыншақ, көмекей, тіл, жұмсақ таңдайдың бұлшық еттерінің сал болып немесе әлсізденіп қалуы;
в) тістердің түсіп қалуы;
с) дене мүкістігі;
д) оқу процесінің бұзылуы;
$57.. Гиперкинез дегеніміз не?
а) көзінің көремеуі;
в) аяқ – қолының дұрыс жұмыс істемеуі;
с) баланың бақылауынсыз сөйлеу тілі мүшелеріндегі және мимикалық бұлшық еттерінің еріксіз қимылдауы;
д) өзгенің дауысын естімеуі;
$58.. Ми асты қыртысы дизартриясының ерекшелігіне джатпайды:
а) сөйлеу тілінің шапшаңдығы;
в) сөйлегенде сөздерді дұрыс қолдануы;
с) сөйлеу тілі ырғағының бұзылуы;
д) сөйлеу тілі ұйқастығының бұзылуы;
$59.. Мишық дизартриясының ерекшелігіне жатпайды:
а) аз буынды сөздердің созылып айтылуы;
в) сөздердің қысқы қайырылуы;
с) сөздердің ішіндегі дыбыстардың ерекшеленіп естілуі;
д) балаларда сирек кездесуі;
$60.. Жалған сопақша мидың түріне жатпайды:
а) жеңіл дәрежесі;
в) орташа;
с) анартрия;
д) анық;
$61.. Жүйелі жүргізілген жұмысың нәтижесінде байқалмайды:
а) сөйлеу мүшелерінің қозғалысы бітіндеп қалыптастырылады;
в) сөйлеу тілінің шапшаңдығы, саздылығының бұзылуы;
с) фонетикалық түйсігі толық жетіледі;
д) сөйлеу тілінің ақаулығы ұзаққа созылады;
62.Дизартрияға шалдыққан балалармен жүргізілген жұмыстың мақсатына жатпайды;
а)дыбыстардың айтылуын түзету, фонематикалық түйсігін жетілдіру;
в) сөйлеу тілінің өзара үйлестігін тұрақтандыру
с)дене пішінін түзету;
д)сөйлеу тілінің сарынын, әуенін, ырғағының бұзылуын жою;
63.Көмекей дегеніміз не?
а) ми қыртысының бір бөлігі;
в) конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар сақиналардан құралған;
д) жақ сүйектері;
64. Фонация термині қандай мағына білдіреді?
а) есту мүшесі;
в) көру мүшесі;
с) дене мүшесі;
д) адамның дауысы;
65.Надгортанник термині қандай мағынаны білдіреді?
а) дауыс сіңірлерінің ашылып жабылуы;
в) конус формасына ұқсайтын бірнеше шеміршек;
с)көмекеймен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып тұратын қалқанша;
д) адамның сөйлеу процесі;
66. Сақаулық кезінде дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелеріне жатпайды;
а) тіл;
в) ерін
с) төменгі жақ сүйек
д) көз
67.Іштен туа біткен ақыл-ойы кеміс балалардың қанша пайызы сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта алмауы мүмкін;
а) 100
в) 90
с) 80
д)55
68.Тіл дыбыстарының жүйесіндегі бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырудың түріне жатпайды;
а) сөйлеу мүшелерінің айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы бар дыбыстар;
в) жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар
с)қатаң дауыссыз дыбыспен ашық дауысты дыбыстар
д) жасалу жолдары ұқсас дыбыстиар мен сөйлеу мүшелерінің белсенді әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар
69. Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалияның бөлінуі
а) қарапайым және күрделі
в) қатты және жұмсақ
с) ұзын және қысқа
д) ауыр және ұзын
70. Ротацизм термині қандай мағынаны білдіреді?
а) қатаң дауыссыз дыбыстарды;
в) жуан дауысты дыбыстарды
с) р, дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістігі;
71. Ламбдацизм термині қандай мағынаны білдіреді;
а) жіңішке дауысты дыбыстарды;
в) қатаң дауыссыз дыбыстарды
с) м дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік;
72. Фонематикалық түйсіктің бұзылуының балаға тигізетін әсері;
а) сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетінде бір-біріне ұқсас дыбыстарды дауысынан ажырата алмауына
в) көзінің көруі нашарлауы
с) иіс сезу мүшелерінің бұзылуы
д) дәм сезу мүшелерінің бұзылуы
73. Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін қолданылатын арнайы жаттығуларға жатпайды;
а) дыбысқа байланысты жүйеленеді
в) жазуға үйретеді
с) тіл қимылдарын жаттықтырады
д) ерін,тіл қимылдарын қалпын дағдыландырады
74.Хитизм термині қандай мағынаны білдіреді
а) з дыбыстарының кемшілігі
в)т дыбыстарының кемшілігі
с) х дыбыстарының кемшілігі
д) м дыбыстарының кемшілігі
75. Гамматизм термині қандай мағынаны білдіреді?
А) а дыбыстырының кемшілігі
в) г дыбыстарының кемшілігі
с) м дыбыстарының кемшілігі
д) з дыбыстарының кемшілігі
76. Паракаппатизм термині қандай мағынаны білдіреді?
А) а,о дыбыстарының алмасуы
в) б,в дыбыстарының алмасуы
с) к,х,г дыбыстарының алмасуы
д) ж,с дыбыстарының алмасуы
77. Йотацизм термині қандай мағынаны білдіреді?
а) о дыбысының кемшілігі
в) т дыбысының кемшілігі
с) ц дыбысының кемшілігі
д) й дыбысының кемшілігі
78. Анартрия дизартрияның қай түріне жатады?
а) ми қыртысы дизартриясы
в) мишық дизартриясы
с) жалған сопақша ми дизартриясы
д) ми қыртысы асты дизартриясы
79.Анартрия дегеніміз не?
а) есту мүшесінің бұзылуы
в) бұлшық еттерінің қатты зақымдануы мен сөйлеу тілі мүшелерінің мүлде жұмыс істемеуі
с) дыбыстарды дұрыс қолданбауы
д)сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы
80.Дефектология қай ғылымның саласына жатады?
а) физика
в) химия
с) педагогика
д) психология
81. Дефектология саласына жатпайды
а) сурдопедагогика
в) олигофренопедагогика
с) ақыл-есі кем адамда
д) филология
82. Сурдопедагогика ғылымы нені зерттейді?
а) есту кемістігі бар адамды
в) көру кемістігі бар адамды
с) ақыл-есі кем адамды
д) тіл кемістігі бар адамды
83. Тифлопедагогика ғылымы нені зерттейді?
а) көру кемістігі бар адамды
в) ақыл-есі кем адамды
с) тіл кемістігі бар адамды
д)есту кемістігі бар адамды
84. Олигофренопедагогика ғылымы нені зерттейді?
а) ақыл есі дұрыс адамды
в) есту қабілеті дұрыс адамды
с) ақыл-есі кем адамды
д) көзі дұрыс көретін адамды
85. Дефектология ғылымы нені зерттейді?
а) қазақ тілі мен әдебиетін
в) ақыл-есі дұрыс және мүмкіндігі зор баланы
с) кемтар балалардың дамуының психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтарын
д) адамның ішкі жан дүниесін зерттейді
86. Дефектологияның негізгі ұғымдарына не жатады
а) баланың ұйқысын қалпына келтіру
в) ақыл есі дұрыс балаларды ғылыммен айналыстыру
с) құрсақ тәрбиесімен айналысу
д) кемтар балаларды тәрбиелеу
87. Кемтар баланы оқыту мен тәрбиелеу нені талап етпейді?
а) білімділікті, шеберлікті
в) икемділікті, шыдамдылықты
с) іс-әрекет дағдыларын игертуді
д) шыдамсыздық пен қорқақтықты
88. Алғашқы дефектінің пайда болу себебі
а) бас миының органикалық зақымдануының нәтижесі
в) мінез-құлқының өзгеруі
с) адамдармен қарым-қатынасының жақсаруы
д)көңіл-күйдің жақсаруы
89. Коррекция дегеніміз не?
а) балалардың психофизикалық дамуындағы кемістіктерді әлсірету немесе түзетуге бағытталған педагогикалық шаралар
в) жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие жұмысы
с) тереңдетілген мектептердегі оқу процесі
д) ғылымммен айналысатын балалармен жеке жұмыс
90. Арнайы дидактиканың басты мәселесі
а) ойнату
в) серуенге шығару
с) күн сәулесі мен емдеу
д) еңбекпен оқыту мен тәрбиелеу
91. Туа біткен кемшіліктің себептеріне жатпайды
а) құрсақ ішіндегі инфекциялардың қоздырғыштар және өз бетінше ем қабылдауы
в) зиянды заттардың әсерінен ішкі секретция бездерінің бұзылуы
с) тұқым қуалаушылық
д) есейген кездегі тұмаудың асқынуы
92. Жүре пайда болған кемшіліктің себептеріне жатпайды
а) ананың ашығуы, дистрофия, дұрыс тамақтанбауы
в) есейген кездегі тұмаудың асқынуы
с) ересек кезіндегі қатты шошыну
д) жеткіншек кезіндегі әр түрлі аурулардың асқынуы
93. Компенсация термині нені білдіреді?
а) оқытамын
в) тәрбиелеп отырып, үйретемін
с) орнын толтыру теңдестіру
д) жазғызамын
94. Компенсация дегеніміз не?
а) ақыл-есі дұрыс баланы тәрбиелеу
в) организмнің бұзылған сондай-ақ дамымай қалған функциясының орнын ауыстыру немесе қайта жасау
с) баланың адамдармен қарым-қатынасын жетілдіру
д) баланың дамуын тежеу
95. Логопед маманының негізгі мақсаты
а) жеткіншек балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу
в)баланың ақыл-есін дамыту
с) баланың тіл кемістігін түзету
д) баланың денсаулығының дұрыс болуын қадағалайды
96. Сөйлеу тілі мүшелерінің белгілері бойынша бір-біріне қарама-қарсы дыбыстарды ажыратуға арналған жаттығуларға жатпайды
а) түстерді дұрыс ажырата білуге үйрету
в) ауыз және мұрын дыбыстарын ажырату, м және н дыбыстарын ажырату
с) үзілмелі және фрикативті дыбыстарды ажырату
д) дауысты дыбыстарды ажырату
е) үзілмелі дыбыстар тобындағы к және х дыбыстарын ажырату
97. Ринолалияны дислалия мен ринофаниядан ажыратуға мүмкіндік беретін ұғым
а) сөйлеу тілінің дамуы
в) сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуының қатарласып сай келуі
с) сөздерді дұрыс ажырата білу
д) жай сөйлем мен күрделі сөйлемді дұрыс пайдалана білу
98. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айтылуы мен сөздің шапшаңдығы неге байланысты?
а) жұмсақ таңдайдың үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әртүрлі биіктікте көтерілуіне
в) тістердің дұрыс орналасуына
с) еріннің жіңішке, жуандығына
д) беттің пішініне
99. Ринолалияның түрлері
а) ұзын-қысқа
в) жуан-жіңішке
с) ашық-жабық
д) жоғары-төмен
100.Ринолалияның бөліну себептері неге байланысты
а) жақ сүйектеріне
в) иіс сезу мүшесіне
с) таңдай жұтқыншақтың қабысуындағы қызметтің бұзылуының ерекшеліктеріне
д) тілдің қызметіне
101. Жабық ринолалияға шалдыққан кездегі жағдай
а) дыбыстарды анық айта алуы
в) мұрын жолды дауыссыздардан басқа дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылуы
с) сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы
д) дауыстың мүлдем шықпай қалуы
102. Жабық ринолалияның болу себебі неге байланысты?
а) адамның сана-сезіміне
в) адамның көңіл-күйіне
с) мұрын кеңістіктерінің органикалық өзгерістердің немесе таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы функционалдық бұзылудың салдарынан
д) тістердің дұрыс орналасуының әсерінен
103. Жабық ринолалияның бөлінуі
а)ұзын-қысқа
в) жуан-жіңішке
с) алдыңғы-артқы
д) астыңғы-үстіңгі
104. Алдыңғы жабық ринолалияның пада болу себептері
а) кеңірсектің кілегей қабығының қабынуынан мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісуінен
в) дәм сезу мүшелерінің бұзылуы
с) таңдай мен жұтқыншақтың қабысуы
д) жақ сүйектерінің зақымдануы
105. Артқы жабық ринолалияның пайда болу себептері;
а) көмекей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп, ұлғаюының салдарынан,жұтқыншақтың қабынуынан
в) есту мүшесінің зақымдануынан;
с) дәм сезу мүшесінің зақымдануынан
д) көру мүшесінің нашарлауынан
106. Функционалдық жабық ринолалияның пайда болу жағдайы
а) көмекей бездерінің зақымдануынан
в) мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда
с) ақыл-есі нашарлаған жағдайда
д) таңдай сүйектерінің зақымдануынан
107. Органикалық бітеу ринолалияның кезінде болатын құбылыс
а) көруі жақсарады
в) дәм сезу мүшесі жақсарады
с) мұрын қуысының тарылуынан жояды
д) сөйлеу қабілеті жақсарады
108. Ашық ринолалияның бөлінуі
а) органикалық функционалдық
в) еріксіз-ерікті
с) ырықты-ырықсыз
д) қатаң-ұяң
109. Органикалық ашық ринолалияның іштен туа біткен түріне не жатады?
а) ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы
в) жұмсақ,қатты таңдайдың жарылуы
с) тістердің түсіп қалуы
д) ақылының жетіспеуіне
110. Сыртқы соққының залалынан пайда болатын органикалық ашық ринолалияның түріне не жатады?
а) ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы
в) жүру қабілетінен айырылуы
с) сипап сезу қабілетінің нашарлауы
д) көңіл күйінің төмендеуі
111. Функционалдық ашық ринолалияның шығу себептеріне не жатады?
а) мұрын қуыстарының зақымдануы
в) дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы
с) ауа-райының бұзылуы
д) баланың уақытты бағдарлай білмеуі
112. Функционалды ашық ринолалияның белгісіне жатпайды
а)сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады
в) дауыссыз дыбыстарды айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады
с) дауыссыз дыбыстарды айтқанда үндері мұыннан шықпайды;
д)мұрын шеміршегінің қисаюы
113. Ерін және таңдай жарықтарының сөйлеу тілінің дамымауының қалыптасуы неге байланысты?
А) анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты
в) баланың жасына байланысты
с) адамның жүріп-тұруының қиындауына
д) ақыл-ойына
114. Ерін және таңдай жарықтарының түріне жатпайды
а) үстіңгі еріннің жырығы және жақ сүйектердің жырығы
в) қатты және жұмсақ таңдайдың және таңдайдың шырышты қабығының астыңғы жарығы
с) үстіңгі ерін, тіс түбінің қызыл еті және таңдайдың бір жақты немесе екі жақтың жарығы
д) бас сүйегінің
115. Жырық ерін мен жырық таңдай кемістігі бар адамдағы өзгерістерге жатпайды
а) барлық дыбыстардың маңқаланып, мұрыннан шығуы
в) дыбыстардың мұрын жолы реңімен айтылуы
с) баланың анық сөйлеп, тек дыбыстарды ауыстырып айтуы
д) сөйлеу тілін түсініксіз етіп бұзып жіберуі
116. Баланың сөйлеу тілінің анықтылығы неге байланысты?
а)жасына және психологиялық дербестігіне
в) көзінің жақсы көруіне
с) айналадағы адамдармен қарым-қатынасына
д) дене бітімінің дұрыс қалыптасуына
117. Сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету жұмысының міндеті неге байланысты?
А) баланы тексерудегі анықтаманың нәтижесіне
В) тілді біртіндеп меңгеруіне
с) дыбыстарды қағаз бетіне дұрыс бейнелеуіне
д) есту қабілетін жетілдіруге
118. Дауыстың бұзылу себептеріне жатпайды
а) өңештің, мұрын жұтқыншағының, өкпенің ауруға шалдығуы
в) көздің мүлдем көрмей қалуына
с) дауысқа шамадан тыс салмақ салуына, есту қабілетінің төмендеуіне
д) нерв жүйелерінің ауруға шалдығуы
119. Дауыстың сипатын беретін белгілерге жатпайды
а) биіктігі дауы шымылдығының тербелуінің жиелігіне байланысты болатын сөйлеу тілінің мағыналық мәнерлігі мен адамның көңіл күйі үшін қызмет ететін құрал
в) дауыс шымылдығы тербелісінің ұзындығына, дауыстың белгілі бір сазды сырымен үйлесетін баяулығында
с) дауыс үнінің көлеміне, дауыстық мөлшеріне
д) сөздік қорының мөлшеріне , дауыстың бұзылуының алғашқы белгісі
120. Дауыстың бұзылуының алғашқы белгілеріне не жатады?
а) жеңіл қырылдауы мен тез шаршауы, көмекей қызметінің қажуынан
в) мінез-құлқының өзгеруінен
с) асқа тәбетінің шаппауынан
д) адамдармен қарым-қатынасының нашарлауынан
121. Дауыс бұзылуының түрлері қандай?
а) органикалық және функционалдық
в) фонетикалық
с) созылуы және созылмауы
д) қатты және жайлылығы
122. Дауыстың бөлінуінің маңызы
а) дауысты айыра білуі
в) арнайы емдеу мен логопедиялық жұмыстың тәсілдерін іріктеп алу үшін
с) сөйлем құрастыру кезіндегі сөздерді дұрыс қолдану үшін
д) сөздер ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуы үшін
123. Спастикалық дисфония деп нені айтамыз?
а) дауыстың мүлдем шықпай қалуы
в)ымдап сөйлеуі
с) саңырауқұлақ пен соқырлық
д) дауысқа шамадан тыс салмақ түсуден пайда болатын дауыстың бұзылуы
124.Тонзиллит қандай аурудың түрі?
а) дауысқа ауырлық түсуімен қатар жұтқыншақ безінің ісуі
в) мұрын қуыстарының зақымдануы
с) иіс сезу мүшесінің бұзылуы
д) көмекейдің зақымдануы
125. Аденоиды қандай аурудың түрі?
а) иіс сезу мүшесінің бзылуы
в) көмекей безінің ісінуі
с) адамның жүріп-тұра алмауы
д) мұрын қуыстарының зақымдануы
126. Ларингит қандай аурудың түрі?
а) ақыл есінен айрылуы
в) естімей қалуы
с) тамақтың қабынуы
д) жүрек ауруы
127. Дауыстың органикалық бұзылуының бөлінуі
а) алдыңғы-артқы
в)орталық және шеткі
с) астыңғ және үстіңгі
д) сирек және тығыз
128. Органикалық афония мен дисфонияның пайда болуы неге байланысты?
а) көмекейдің және дауыс шымылдығының анатомиялық өзгерістеріне
в) адамның ішкі құрылыс ауруларына
с) жүрек ауруына
д) бүйрек ауруына
129. Алалалияға шалдыққан бала:
а) тілі шықпаған мақау
в) көзі көрмейтін соқыр
с) өздігінен жүре алмайды
д) ақыл-есі кем
130 Үлкен жарты мидың сөйлеу тілі аймағындағы зақымдануын жайылтпаушылық артықшылығына байланысты алалияның бөлінуі;
А) әсерлі – әлсіз;
В) қозғаушы және сергіштік;
С) дұрыс емес;
Д) жоғары – төмен;
131 Қозғаушы алалияның пайда болуы неге байланысты?
А) тірек қозғағыш аппаратының бұзылуына;
В) тәрбиенің дұрыс болмауына;
С) сөйлеу тілі қимылдарындағы анализатор әрекетінің бұзылуына;
Д) жас – ерекшелігіне;
132 Сезгіштік алалияның пайда болуы неге байланысты?
А) сөйлеу тілінің естіту анализаторының бұзылуына байланысты;
В) тәрбиенің дұрыс болмауына;
С) жас – ерекшелігіне;
Д) көру мүшесінің бұзылуына;
133 Моторлы алалияға шалдыққан баланың қасиетіне жатпайды;
А) тез шаршайды;
В) есту қабілеті төмендейді;
С) психофизикалық жағдайы нашарлайды;
Д) көңіл – күйі көтеріңкі болады;
134 Моторлы алалияның ерекшелік белгісі?
А) сөздерді дұрыс айтуы;
В) сөйлем ішіндегі сөздерді ауыстырмай, дұрыс қолдана білуі;
С) сөйлеу тіліндегі сөздің бұзылық айтылуынын басымдылығы, өздігінен сөйлеу мүмкіндігінің күрт төмендеуі
Д) қимыл әрекетінің бұзылуы;
135 Моторлы алалияға ұшыраған баланы емдеу кезіндегі логопедке қойылатын талап;
А) мағыналы сөйлеу тілінің, бұзылуын жүйелі түрде және ұзақ уақыт түзету;
В) баланы дұрыс ойлай білуге үйрету;
С) баланың жүріс – тұрысын дұрыстау;
Д) эстетикалық тәрбие беру;
136 Сенсорлы алалия дегеніміз не?
А) есту қабілеті сау, бірақ қабылдау түйсігі мен сөйлеу тілін түсінуінің зақымдануы;
В) есте сақтау қабілетінің бұзылуы;
С) көру мүшесінің зақымдануы;
Д) есте сақтау қабілетінің жақсаруы;
137 Сенсорлы алалияның пайда болу себебі;
А) көмекейдің зақымдалуы;
В) иіс сезу мүшесінің бұзылуы;
С) бас мидың сол жақ жартысының самай аймағының зақымдануына;
Д) мұрын тұқымының зақымдануына;
138 Фономатикалық есту қабілетінің бұзылуына шалдыққан балада кездесетін өзгерістерге жатпайды;
А) сөйлеу тіліндегі дыбыстарды мүлдем шығара алмауы;
В)өзіне айтылған сөзді түсінбеуі;
С) дыбыс үндестігі ұқсас болғанымен мазмұны әр түрлі сөздерді айыра алмайды;
Д) сөздер ішіндегі дыбыстарды жақсы ажырата біледі;
139 Афазияның пайда болу себептеріне жатпайды?
А) мидың қан айналымының бұзылуынан;
В) мидағы ісіктен;
С) бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан;
Д) сүт безінің асқынуынан;
140 Балаларды афаэиясының пайда болу себептеріне жатпайды;
А) бас сүйегімен мидың зақымдануы;
В) ауа – райының қолайсыздығы;
С) мидағы ісіктің пайда болуы;
Д) жұқпалы аурудан кейінгі асқынудың салдары;
141 Афазияның түріне жатпайды?
А) акустика – гностикалық, динамикалық;
В) акустика – мнестикалық, эфференттік моторлы;
С) сементикалық, афферентік моторлы;
Д) психологиялы, анатомиялық;
142 Акустика – гностикалық сенсорлы афазияны алғаш зерттеген ғалым кім?
А) К.Д. Ушинский;
В) А.А. Люблинская;
С) Верникс;
Д) В.А. Крутенская;
143 Акустика – мнестикалық афазияның пайда болу себебі?
А) самай миының орталық және артқы тұсындағы бөліктерінің зақымдануынан;
В) көмекейдің зақымдалуынан;
С) ас қорыту мүшесінің зақымдалуынан;
Д) жақ сүйектерінің дұрыс орналаспауынан;
144 Акустика – мнестикалық афазияны зерттеген ғалымдар?
А) А.А. Люблинская;
В) Ш.А. Амоношвиди;
С) А.Р. Лурия;
Д) Н.П. Волков;
145 Сементикалық афазияның пайда болу себептері қандай?
А) бас миының жарты шарынын артқы төбе аймағындағы сөйлеу тілі орталықтарының бұзылуы;
В) ішкі құрылыстың бұзылуы;
С) жүрек ауруының ұзаққа созылуы;
Д) бүкірліктің пайда болуы;
146 Семантикалық афазияға шалдыққан баланың қасиеттеріне жатпайды?
мақал – мәтелдерді түсінбейді;
В) қанатты сөздерді түсінуі мүлдем жойылады;
С) есептеу, санау қабілеті бұзылады;
Д) ақындық қабілеті дамиды;
147 Аференттік моторлы афазияның пайда болу себептері?
А) бас ми қыртысының төменгі және тұрақты орталық бөлімдерінің бұзылуы;
В) адамның даусын мүлдем естімеуі;
С) көзінің мүлдем көрмей қалуы;
Д) ауа – райының бұзылуы;
148 Аференттік моторлы афазияға тән ерекшелікке жатпайды?
А) күрделі буындардың құрамын тандаудың қиындығы;
В) тұйық буындарды екі ашық буынға бөлшектейді;
С) дауыссыз дыбыстарды түсіріп қалдырады;
Д) сөздің ішіндегі дыбыстарды қатесіз айтады;
149 Эфферентті моторлы афазияның пайда болу себептері?
А) орталық ми тамырының сол жағындағы тармақтарының зақымдалуынан;
В) қатты қорқудың себебінен;
С) омыртқаның майысуынан,
Д) жақ сүйектерінің қисаюы;
150 Динамикалық афазияның пайда болу себептері?
А) ми сыңарларының маңдай арты бөлімдерінің сол жағындағы орталық жүйкесінің зақымдануынан;
В) ішкі құрылыстың бұзылуы,
С) жүрек ауруының ұзаққа созылуы;
Д) бүкірліктің пайда болуы;
151 Динамикалық афазияға ұшыраған балада кездесетін өзгерістерге жатпайды;
А) өз еркімен байланыстырып сөйлеудің бұзылуы;
В) ұмытшақтық, күрделі сөйлемдердің мазмұнын түсінбеуі;
С) ойлау және мінез құлқы, тәртібі бұзылады, сұрақтар қоя алмайды;
Д) сөйлемдерді дұрыс құрастырып, адамдармен қарым – қатынасы жақсарады;
152 Тұтығуға шалдыққан балада кездесетін өзгерістерге жатпайды?
А) сөйлеу қатынасына кедергі жасайды;
В) адамдармен қарым – қатынасы қиындайды;
С) баланың психиологиясы жарақаттанады;
Д) көп буынды сөздерді анық және тез айта алады;
153 Тұтықпа кезінде кездесетін жағдайлар?
А) сөздер еріксіз тоқталады, дыбыстар мен буындар қайталанып айтылады;
В) күрделі сөйлемдер анық айтылады;
С) адамдармен сөйлесу жақсы жеткізе біледі;
Д) сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады;
154 Тұтығудың пайда болу себептері?
А) ішкі құрылыстың бұзылуы,
В) сөйлеу кезінде бұлшық еттердің дірілдеу салдарынан;
С) жүрек ауруының ұзаққа созылуы;
Д) бүкірліктің пайда болуы;
155 Тұтықпа ауруы алғаш рет қай ғасырда зертелді?
А) XIX ғасырдың аяғында;
В) XX ғасырдың аяғында;
С) XVII ғасырдың басында;
Д) XVII ғасырдың аяғында;
156 Тұтықпа ауруын ең алғаш зерттеген ғалым?
А) Л.Ф. Островская;
В) И.А. Сикорский;
С) К.Д. Ушинский;
Д) Г.Н. Година;
157 Тұтықпа ауруына “бала ауруы” деп анықтама берген кім?
А) И.А. Сикорский;
В) В.П. Нечаева;
С) К.Д. Ушинский;
Д) Г.Н. Година;
158 Шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша баланың қанша пайызы тұтығады?
А) 25%
В) 10%
С) 5%
Д) 2%
159 Тұтығудың пайда болу себептеріне байланысты бөлінуі?
А) орташа және көп;
В) функционалды, органикалық;
С) қатты, жай;
Д) бастапқы, кейінгі;
160 Функционалды тұтығу қай жас аралығында пайда болады?
А) 1­2жас;
В) 10­15 жас;
С) 2­5 жас;
Д) 7­8 жас;
161 Жүре пайда болған тұтығудың себептеріне жатпайды?
А) бала тәрбиесіндегі бұрыс жағдайлар;
В) баланы қатал жазалау;
С) баланы еркіндікте тәрбиелеу;
Д) баланы қатты қорқыту;
162 Органикалық тұтығудың пайда болу себептері?
А) орталық нерв системасының органикалық зақымдануы;
В) адамның бүйрегінің;
С) омыртқаның майысуынан;
Д) жақ сүйектерінің қисаюы;
163 Функционалды дислалияның көп тарауының бір себебі?
А) баланы дұрыс тәрбиелеу;
В) баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден;
С) көру мүмкіндігінен айрылғанда;
Д) үлкендердің дұрыс қарым – қатынасынан;
164 Балалардың дыбыс айту кемшіліктерінің бір себебі?
А) аяқ – қолының дұрыс дамымауы;
В) жүрген жүрісінің кемшіліктің байқалуынан;
С) өңегесіз тәрбиенің себебінен;
Д) баланы шамадан тыс еркелетуден;
165 Сақаулықтың салдарынан балада болатын өзгерістер?
А) тілін қалыпты жағдайда дұрыс ұстай алмайды, қажетті қимылдарды тез арада орнын алмастыра алмайды;
В) көңіл – күйі жақсы болады;
С) үлкендермен қарым – қатынасы жақсарады;
Д) тәртібі жақсарады;
166 Қарапайым дислолия қандай жағдайда болады?
А) қатаң дауыссыз дыбыстардың дұрыс айтылуы кезінде;
В) жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуы кезінде;
С) сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін жетсе;
Д) сөйлемдегі сөздердің дұрыс айтылуы;
167 Күрделі дислолия қандай жағдайда болады?
А) баланың жүрісінде ақаулық пайда болады;
В) бала көп еркелесе;
С) сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін жетсе;
Д) сөйлемді дұрыс құрастырып айта білген жағдайда;
168 Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру кезеңінде қанша тәсіл қолданылады?
А) үш тәсіл;
В) он тәсіл;
С) отыз тәсіл;
Д) мүлдем тәсіл қолданылмайды;
169 Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру кезеңінде қолданылатын бірінші тәсіл неге негізделеді?
А) көруге;
В) естуге;
С) ұғынуға;
Д) еліктеуге;
170 Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру кезеңінде қолданылатын бірінші тәсіл нені көздейді?
А) саусақтардың көмегімен сөйлеу органдарына ықпал жасайды?
В) саңырау балалардың дұрыс естуін;
С) соқыр балалардың дұрыс көруін;
Д) ақыл – есі кем балаларға көмектесуі;
171 Үшінші тәсіл бойынша сөйлеу тіліне механикалық ықпал жасаудың мақсаты қандай?
А) баланы қатал жазалау;
В) еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны толық және дәл айтуға үйрету;
С) баланы еркіндікте тәрбиелеу;
Д) баланы қатты қорқыту;
172 Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру кезеңінде қолданылатын тәсілдер неге сүйену керек?
А) дыбыстардың артикуляциялық тегістігін ескерту және мүкіс дыбысты түзеткенде оған ұқсас дыбыстардың дұрыс айтылуында;
В) күрделі буындардың құрамын таңдаудың қиындығына;
С) тұйық буындарды екі анық буынға бөлшектенуіне;
Д) тапсырманы ауызша түсіндіруге;
173 Дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесіне жатпайды?
А) кемшіліктің сипаты;
В) кемшіліктің бағаты;
С) кемшіліктің ерекшелігі;
Д) кемшіліктің түр – түсіне;
174 Афазияға шалдыққан кездегі мидың күрделі қыртысының қызметін зерттеу жұмысына жатпайды?
А) сөйлеу тілінің қатынасының жалппы қабілетін зерттеу;
В) көзі көрмейтін адамның қаншалықты көрмейтінің;
С) сөйлеу мәнерін зерттеу, оқуын, жазуын, есебін зерттеу;
Д) сөйлеу тілін түсінуін, ауыздың, кеңістіктің және динамикасының әдеттегі қозғалуын;
175 Дыбыстарды бұзып айту кімдерге тән емес?
А) фонемалық есту қабілеті дамымаған;
В) сөздік қоры мен граматикалық сөйлем құрылысы артта қалған;
С) сөйлеу тілі дамымаған;
Д) жалпы дамуында ешқандай ақаулығы жоқ балаларға;
176 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дамуын тексеру кезінде сөз байланысын дағдыландыру мәселесіне жатпайды?
А) енжар және белсенді сөздік қорының көлемі;
В) сөйлеу тіліндегі граматикалық құбылыстың қалыптасу дәрежесі;
С) сөйлеуге дағдылану, фонетикалық есту және түйсіне қабілеті;
Д) ересек балалардың сөйлеу тіліндегі қателіктерді түзету;
177 Баланың фонетикалық есту қабілетін тексеру үшін берілетін тапсырмаларға жатпайды?
А) дұрыс айтылған бірнеше буындарды қайталау және сақтау;
В) берілген дыбысы бар сөзді басқа сөздердің ішінен тауып алу;
С) әндерді өз мақышына келтіріп айту;
Д) белгілі бір дыбысқа өз бетінше сөйлем ойлап табу;
178 Байланысты сөзді тексеру үшін қолданылатын суреттер?
А) қозғалмайтын және қозғалатын;
В) анық емес;
С) мағынасы белгісіз;
Д) суреті мүлдем көрінбейтін;
179 Суреттерді таңдап алу кезінде тәрбиешіге қойылатын талаптарға жатпайды?
А) баланың жас ерекшелігі;
В) баланың психиологиялық ерекшелігіне назар аудармау;
С) баланың жас ерекшелігіне байланысты;
Д) психиологиялық ерекшелігі;
180 Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекемедегі оқытудың бірінші деңгейіндегі балалардың жасы мен оқыту мерзімі?
А) 1 жастан бастап бір жылдық оқыту;
В) 2 жастан бастап бес жылдық оқыту;
С) 3 жастан бастап 3­4 жылдық оқыту;
Д) 10 жастан бастап жарты жылдық оқыту;
181 Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекемедегі оқытудың екінші деңгейіндегі балалардың жасы мен оқыту мерзімі?
А) 4 жастан бастап үш жылдық оқыту;
В) 2 жастан бастап бес жылдық оқыту;
С) 3 жастан бастап 3­4 жылдық оқыту;
Д) 10 жастан бастап жарты жылдық оқыту;
182 Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекемедегі оқытудың үшінші деңгейіндегі балалардың жасы мен оқыту мерзімі?
А) 4 жастан бастап үш жылдық оқыту;
В) 2 жастан бастап бес жылдық оқыту;
С) 3 жастан бастап 3­4 жылдық оқыту;
Д) 4­5 жастан бастап екі жылдық оқыту;
183 Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде балалармен жүргізілетін жұмыстың міндетіне жатпайды?
А) сөйлеу тілінің түсінуін дамыту;
В) кез – келген дыбыстар тіркесінің айтылуында еліктегіштік қабілетін белсенді дамыту;
С) есте сақтау қабілетін дамыту;
Д) балаларды жүріс – тұрыс мәнеріне үйрету;
184 Логопедтің баланың ауызекі сөйлеу тіліндегі алғашқы дағдыландыру жүйесі қанша кезеңнен тұрады?
А) бір кезеңнен;
В) жеті кезеңнен;
С) үш кезеңнен;
Д) бес кезеңнен;
185 Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейінде балалардың сөйлеу тілі дамуындағы кемшіліктерді түзету жатпайды?
А) сөйлеу тілін жүйелендіру одан әрі жетілдіру, лекцикалық граматикалық сөйлеу тілі құрамын меңгеру;
В) ақыл – есі кем балалардың ойын жетілдіру;
С) дұрыс сөйлеуді қалыптастыру;
Д) оқып жазуды үйретуге дайындық:
186 Сөйлеу тілі тілі бұзылған балаларға арналған балалар бақшасындағы тәрбиелеушінің міндетіне жатпайды?
А) кішіпейілдікке үйрету, адамдарға ізгі ниетпен қарау;
В) жеке басының мүмкіндікшілігіне сенімін нығайту, оқуға қызығуын арттыру;
С) қоршаған ортадағы табиғат байлықтарын сақтамау;
Д) сөйлеу тіліндегі кемшілігіне ұялмай, белсенділікке үйрету;
187 Дисграфия дегеніміз не?
А) дауыстың бұзылуы;
В) дұрыс сөйлесу;
С) ымдап сөйлесу;
Д) қосымша бұзылу ұғымы жазудың ерекше кемістігі;
188 Дисликсея дегеніміз не?
А) жазамын;
В) көремін;
С) дауыстың ырғағы;
Д) оқудың ерекше кемістігі;
189 Жазудағы кемістіктер көру түйсігінің жеткіліксіздігінен дәл түсіндіретін жаңа теория қай ғасырда пайда болған?
А) XV­XVI­ ғасыр аралығында;
В) XII­XIII­ ғасыр аралығында;
С) XIX­XX­ ғасыр аралығында;
Д) XX­XI­ ғасыр аралығында;
190 Дисграфиялық қателердің ерекшелігіне жатпайды?
А) ерекше фонетикалық алмастырулар;
В) сөздік буындық құрылысының бұзылуы;
С) граматикалық;
Д) математикалық қателіктер;
191 Ерекше фонетикалық алмастыруларға жатпайды?
А) дауыстың ырғағы;
В) ұяң және қатаң дыбыстар;
С) жуан және жіңішке дыбыстар;
Д) дауыссыз дыбыстарды алмастыру;
192 Граматикалық қателіктерге жатпайды?
А) жалғаулықтарды көмекші сөздердің;
В) шығарманың мазмұны дұрыс болмауы;
С) септік жалғауының түсіп қалуы немесе дұрыс қолданылмауы;
Д) сөздердің дұрыс қиылыспауы;
193 Дисграфияға ілеспелі қателерге жататындар?
А) орфографикалық, графикалық;
В) математикалық;
С) физикалық;
Д) химиялық;
194 Балалардың оқуын тексеру үшін пайдаланылатын құрал?
А) суреттер;
В) есептер;
С) баспа әріптермен берілген арнайы құрал;
Д) құрал ­ саймандар;
195 Балалардың оқуын тексеру үшін қойылатын талаптарға жатпайды?
А) текстің ішінде қарама ­ қарсы әріптер мен буындар неғұрлым көп болуы керек;
В) текстің мазмұны баланың жасына сай және көлемі көп болмауы керек;
С) балаға таныс текстерді пайдаланбау;
Д) романдарды пайдалану,
196 Балаланың оқуын тексерудің тәсілдеріне жатпайды?
А) жеке әріптерді оқу, сөздерді оқу;
В) жеке сөйлемдерді оқу және арнайы іріктеп алынған сөз жолдарын оқу;
С) жеке сөйлемдерді және арнайы іріктеп алынған сөз жолдарын оқу;
Д) баланың жас ерекшелігіне байланысты шығарылатын есептердің санын азайту;
197 Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттарына жатпайды?
А) Фонематикалық түйегін жетілдіру, дыбыстарды айтқызу;
В) дыбыстарды талдау және жинақтауға дағдыландыру;
С) сөздік қорын байыту, грамматикалық дағдыларын жетілдіру, ауызша мен жазбаша сөйлеу тілінің байланысын жетілдіру;
Д) иіс сезу мүшелерінің қызметін тексеру;
198 Баланың оқуындағы түзету жұмыстарының бағыттарына жатпайды?
А) өлең оқыған кездегі дауыстың ырғағы мен мәнерін түзету;
В) дыбыстардың айтылуын қалыптастыру;
С) фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;
Д) сауатын ашу, оқуына дайындық;
199 Логопедиялық тексеру бағытында жүргізілетін жұмыстың бағыттарына жатпайды?
А) тұтығудың себептері мен түрін анықтау, сөйлеу жылдамдығын анықтау, көңіл бөлудің бұзылуын тексеру;
В)балалардың іш­ құрылысы ауруларын тексеру;
С) баланың айналасындағы сөйлесу ортасын білу, жанұя жағдайын қарым ­ қатынас сипатын білу;
Д) дыбыс шығарудағы кемшіліктердің пайда болуы, тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *