Балалардың жазуы мен оқуының бұзылуы

 

                 

 

Лекцияның мақсаты:

   Болашақ мамандарға жазуы мен оқуында кемістігі бар балалармен жүйелі жұмыс жүргізе білуді үйрете отырып, балалардың кемшіліктерін анықтауға және өздерінің қателерін дұрыстауға дағдыландыруды меңгерту.

 

Лекцияның жоспары:

  1. Дисграфия мен дислексияға сипаттама.
  2. Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді анықтау.
  3. Дисграфиялық қателердің ерекшеліктері.
  4. Оқуын тексеру.

 

Лекцияның барысы:

Ауызекі  сөйлеу  тілінің  патологиясынан  басқа  жазуы  тілдің бұзылуы болады. Қандай бала болмасын ешуақытта бірден дұрыс  жазып  және оқып  кете  алмайды.      Балалардың   барлығы да  оқу  мен      жазуды     үйренудің алғашқы    сатысында    азды — көпті       қателерді       жіберетіні      кімге     болса     да  белгілі Жайт. Сөйлеу тілі дұрыс жетілген балалар мектепке дейінгі жастарында ақ қажетті сөздік қорларын игереді, сөйлеу тілінің грамматикалық түрлерін меңгереді, сөздердің, дыбыстардың әріптерін талдауды меңгере алатындарына дайын екендігі кімге болса да белгілі жайт.          Р.Е.Левинаның, Н.А.Никашинаның, Л.Ф.Спированың зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі тіл мүкістіктері бар балалар дың дыбыстарды талдауға дайындығы дұрыс сөйлейін балаларға қарағанда әлде қайда нашар екен. Сондықтан сөйлеу түрінің түрлі мүкістіктері бар балалар жалпы мектептердегі оқытудың жағдайында жазуды және оқуды толық меңгеріп кетуге шамалары келмейді. Жазуында кемістігі бар балалардың айтылған сөздердің мағыналарын дұрыс түсінбеулерінің жазған жазуларын да түсінуі қиын болады. Оқу мен жазу бір бірімен тығыз байланысты болғандықтан жазуындағы кемістіктер оқуында да қатар жүреді. Өзінің жазғандарын ың дұрыстығын тексеру үшін бала қайталап оқып шығу керек немесе жазғанын басқа білетін біреуге оқытады.    Жазудың патологиялары аграфия, дисграфия деген терминмен аталады. Сол сияқты оқудың кемістіктері де алексия, дислексия деген термин сөздермен аталады.Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінің 3 деңгейіндегі балаларда пайда болады, ал жалпы сөйлеу кемістігінің ауыр түрлеріне 1-2 деңгейдегі оқуы мен жазуды меңгеру мүмкін емес.Бұндай балаларды жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауыз екі сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек. Бұндай балалар сөйлеу тілі мүшелеріне жақын дыбыстарды есту арқылы жеткілікті түрде ажырата алмайды. Сонымен қатар сөздік қоры өте аз бала қарапайым жай сөздердің мағынасын түсінбейді, сондықтан да оларды жиі шатастыады, алмастырады және түсіріп қалдырады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылыстарының қалыптауының жеткіліксіздігінен жазуында дыбыстарды түсіріп қалдырады, қаталер жібереді. Сонымен қатар, жазуындағы кемістіктер барлық дыбыстарды дұрыс айтатын балаларда да кездесетіндігі байқалады.

    Дисграфия мен дислексия пайда болуы фонематикасының толық дамымауының себебіне екендігі  ғылым жүзінде дәлелденді. Жауындағыкемістіктерді ауыз екі сөйлеу тілінің дамуымен байланысты емес, өз алдына бөлек ақаулық деген бұрынғы көзқарастары қате деп танылады. Сонымен бірге дисграфия мен дислексияға шалдыққан балаларың мәтінді қатесіз дұрыс көшіріп жазатындықтарынан сөзді құрап тұрған әріптердің орналас тәртібін көзбен шамалап, кеңістікті бағдарлай алатындықтарына қиналмайтындықтары тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді анықтау.

Дисграфия мен дислексияға шалдыққан балалармен логопедиялық тексеру жүргізгенде мыналарды анықтау керек:

  1. Дыбыстарды талдауға дағдылануды анықтау керек;
  2. Оқуға және жазуға дағдылануды меңгеру дәрежесі;
  3. Ауызекі сөйлеу тілінің тұтас алғандағы жағдай, демек тілдің фонетико фонематикалық және лексико грамматикалық жағының даму деңгейі.

   Дисграфиялық қателердің ерекшеліктеріне жататындары:

  1. Ерекше фонетикалық алмастырулар.

Бұл қателерге сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстарды айыруының жеткіліксіздігі жатады. Бұған ысқырық және ызың, ұяң және қатаң, жуан және жіңішке, Р және Л дауыссыз дыбыстарды алмастыру және орындарын жаңылыстыру, сонымен бірге дауысты дыбыстарды алмастыру жатады.

  1. Сөздік буындық құрылысының бұзылуы.

Бұған дыбыстарды ажыратуды және бөлуді ғана емес сонымен бірге олардың жүйелілігін анықтауды да білмеуі жатады. Бұнда жекелеген дыбыстарды және тұтас буындарды түсіріп қалдырады, дыбыстардың немесе буындардың орнын ауыстырады, бір сөзді бөліп және екі сөзді қосып жазады.

  1. Грамматикалық қателері:

Бұл қателер жазылының грамматикалық жағының қалыптасу барысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған жалғаулықтардың, көмекші сөздердің, септік  жалғауының түсіп қалуы немесе дұрыс қолданылмауы сияқты қателер жатады. Балалардың дисграфиялық ерекше қателерінен басқа балалардың барлығына тән қасиет дұрыс жазуға қалыптасып жағдыланудың жеткіліксіздігінен болатын қателер де бар.

       Дисграфия ілеспелі қателерге жататындар:

  1. Ографиялық қателер.

   Жазу сауатын әлі толық меңгемеен балаларға қарағанда дисграфия балалардың дұрыс жазу ережесіндегі қателер әлдеқайда көп және бұндай қателер екпін түспейтін дауысты дыбыстарда да, айтылмайтын дауыссыздарда, ұяң және қатаң дыбыстарды айтқан кезде бақалады.

  1. Графикалық қателер.

    Бұнда әріптердегі жазуында ұқсастықтары бойынша И дің орнына Ш және керсінше Л дің орнына М жазылады және жазылуындағы белгілері бойынша Б ның орнына Д және керсінше Т ның орнына Ш жазылады.

       Оқуын тексеру.

      Балалардың оқуын тексеру үшін баспа әріптермен берілген арнайы текст пайдаланылады.Оұуын тексеру үшін бұндай құрал мынандай талаптарға жауар беруі керек:

1.Текстің ішінде қарама-қарсы әріптер мен буындар неғұрлым көп болуы керек;

2.Текстің мазмұны баланың біліміне дәлме-дәл сай,оның түсінігіне жеңіл болуы керек;

3.Текстің көлемі көп болмау керек.

4.Балаға таныс текстерді бұл жерде пайдалануға болмайды.

 

   Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы  (СООЖ):

1.Балалардың жазуы мен оқуының бұзылуын қалай анықтау  керек екенін талдау .

1.Дисграфия ,дислекция,аграфия анықтамаларына  талдау жасай отырып ,осы ауруларға шалдыққан балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін талқылау.

 

     Студенттердің өздігімен орындайтын жұмысы(СӨЖ):

  1. Оқу мен жазуындағы кемістіктерді анықтауға байланысты п педагогикалық басылымдардағы соңғы жылдарда жарық көрген еңбектердің картотекасын жасау.
  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері жайында қысқаша конспекті жазу.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Рихтермая Г.Л Формирование представлений о времени у детей дошкольного возраста.-М.,1978.

2.Усова А.П.Обучение в детском саду.-М.,1981.

3.АстаповВ.М Введение в дефектологию с основами нейро- и патопсихологии.М.,1991

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *