Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және оның дамуы.

                 

   Лекцияның мақсаты:

   Диалогиялық монологиялық сөйлеу, жазбаша тіл, сөйлеу тілінің  ішкі тұлғалары жайында теориялық білім беру.

     Лекцияның жоспары:

  1. 1. Диалогты және монологты сөйлеу.

2 Жазбаша тіл.Сөйлеу тілі дамуы.

 

       Лекцияның барысы:

    Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері дыбыстар, сөздіктер және грамматикалық құрылысы болады. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогиялық әне монологиялық деген екі тұлғасы кіреді.

     Диалогиялық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше адамдардың тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы.

      Монологиялық сөйлеу тілінің ерекшелігі жүйелілікпен дәлелдеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіре топтастыру болады. Кемістігі бар тілде диалогиялыққа  қарағанда монолоиялық сөйлеу тілі көбірек бұзылады.

     Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың бейнеленуі негізінде графикалық безендірілуі. Толық дамымаған сөйлеу тілінде дағдыдағыдай әртүрлі мөлшерде жазудың бұзылуы кездеседі.

      Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі қарқынды дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинақтайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді меңгереді. Баланың бесенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Жасының бірінші жылының соңында шамамен 300 сөзге дейін, үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді,5 – 6  жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді. Бала ең алдымен дұрыс айтуға жеңіл дыбыстарды –дауысты және ерінді,дауыссыз п, б, м, я, в, т дыбысты меңгереді. Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбысарды, сонымен бірге р, л дыбыстарын айту қиынға түседі. Бала бұл дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Сондықтанда ол оларды кейде нашар ажыратады. Мектепке барар алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек, себебі ондай мүкістіктер баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді.

       Сөйлеу тілінің бай тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс құрастырады және өз ойын білгірлікпен жеткізеді.

       Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы сөйлеу тіліндегі кемшіліктер, әртүрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, сөйлеу тілінің бұзылуына әкеліп соғатындай шамадан артық салмақ  салмауын қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және логопедтің тіл кемістігінен алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да маңызы бар. Бұнда мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектептегі педагогтардың ролі үлкен.

 

        Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы(СОӨЖ):

1.Сөйлеу тілі дамуының түрлерін талдау.

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың енжар және белсенді сөздіктерін талқылау.

 

       Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы(СӨЖ):

1.Жазбаша тіл, үнсіз тіл, ішкі сөйлеу тіліне анықтама беру.

2.Дауысты  және дауыссыз дыбыстарды сауатты талдай білу.

3.Ерінді – тіс  аралық, ысқырық дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуде қолданылтын тәсілдерді үйреніп келу.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 

1.Зайцева Г.Л. Современные научные подходы к образованию детей с недостатками слуха: основные идеи и перспективы // Дефектология, 5с.52-70.

2.Ж.И. Намазбаева Л.О. сәрсенбаева  Особенности психофизического развития детей с особыми потребностями. Алматы, 1999.

  1. Блюмина М.Г. Распространенность, этиология и некоторые особенности клинических проявлений сложных дефектов // Дефектология 2000 №3.

      

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *