Логопедия ғылымының басқа ғылымдармен байланысы

      

 

Сөйлеу тілі бұзылуының түрлерін түзетумен және сауықтандырумен ойдағыдай айналысу үшін сөйлеу тілі бұзылуының белгілерінің симтоматикасын, себептерін және механизмін білу қажет. Логопедия педагогика, жалпы және арнайы педагогика, медицина, лигвистикамен тығыз байланысты.

Медицина ғылымының ішінде логопедиямен тығыз байланыстысы: патофизиология, патология, олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия. Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге, баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуында зерттейді.

Логопедия лингвистика ғылымымен және психолингвистикамен тығыз байланысты. Бала тілінің жүйелі түрде даму заңдылықтарын білу логопедиялық қорытындыны дұрыс анықтауға және оған сәйкес дәйекті логопедиялық ықпал жасау үшін кажет.

Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және әртүрлі жастағы баланы психолого – педагогикалық  тәсілдермен тексеруді пайдалана білу қажет. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тұлғадағы тіл кемістіктерін ой — өрісінің  жеткіліксіздігінен немесе көңіл-күйі және мінез-құлқының бұзылуына байланысты кездесетін тіл кемістіктерінен ажыратуға болады.

Логопедияда жалпы педагогиканың бірқатар принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Логопед сабақ өткізудің алдында баланың жасын, оның психологиялық ерекшелігін еске алу қажет. Логопедия жұмысының нәтижелі болуы тәрбиешінің немесе логопедтің балаға дұрыс ықпал жасауына көп байланысты. Ол тек оның ынталылығының ықыласының, ойлауының, қимылының, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін ескеріп әрдайым дербес қараған жағдайда ғана жүзеге асады.

Логопедия         сабағының        нақты        жүйелілігі, жоспарлылығы сақталуы тиіс. Логопедия оқуы процесінде қолданылатын тәсілдер баланың жасына қарай пайдаланылады.

 

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СОӨЖ):

  1. Мектеп   жасына   дейінгі   балалардың   тіл кемістігінің ерекшеліктерін талдау.
  2. Логопедия  ғылымында  қолданылатын психологиялық, педагогикалық әдістерді анықтау.

 

Студенттердің өздігінен орындайтын ұүмысы (СӨЖ):

  1. 1. Оториноларингология, невропатология, олигофренияғылымдары жайында мағлұматтар жинау.
  2. Мектеп жасына дейінгі балаларға жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық талдау жасау.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 

  1. Ж.И., Намазбаева Сарсенбаева Л.О.Специальная психология. Алматы, 1995
  2. Ж.И., Намазбаева Сарсенбаева Особенности психофизического развития детей с особыми потребностями. Алматы, 1999

           

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *