Дефектология пәні, міндеттері, принциптері және әдістері

 

Дефектология педагогика ғылымының саласы ретінде дефектология (латынның Defectus – кемшілік және гректің LOGOS – сөз, ілім ) деген сөздерінен құралған. Дефектология дамуында кемшілігі бар балаларды зерттейтін ғылым.
Ғылыми танымның саласы ретінде дефектологияның зерттеу пәні болып физикалық және психикалық кемісітігі балаларды тәрбиелеу мен оқыту болып табылады.
Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді. Мысалы сурдопедагогика – есту кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттейді. Тифлопедагогика – көру кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды зерттейді. Олигофренопедагогика ақыл – есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттесе, логопедия сөйлеу кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласын қарастырады. Дефектология сондай – ақ дамуында бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны да қарастырады.
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Оның мақсаты осы балаларды өздерінің мүмкіндіктеріне сәйкес өз бетінше белсенді пайдалы өмірге даярлау болып табылады, сонымен қатар өмір мен еңбек жағдайларына икемдеуін қарастырады. Ғылыми зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, ғалым – дефектологтар дамуында кемістігі бар балалардың дамуының объективті заңдылықтарын зерттейді, оларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесін негіздеп жасайды. Осылайша соқыр балаларда кеңістікте бағдар ұстауында көмектесетін естуі, сезім түйсігі, иіс сезу және жылулық сезімі өткірленеді.
Мылқау бала музыканы вибрациялық сезіну арқылы естіп, оны жасауға дейін жете алады.
Баланың физикалық және психикалық бұзылу ерекшеліктері бүкіл процеске және ақырғы нәтижесі оның танымдық қызметіне де әсер етеді. Сонымен қатар, кемтар балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында олардың биологиялық күрделі кемістіктері де ескеріледі.
Дефектология педагогикалық ғылым ретінде негізгі педагогикалық категориялармен қатар жүреді. Кемтар балаларды жалпы оқыту мен тәрбиелеу үшін құрдастары мен үлкендер тарапынан қарым – қатынас жасау жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Кемтар балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптері мен анықталады. Мысалы: белсенді қоғамдық пайдалы өмірге даярлау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, бірақ ол кемістіктің құрылымы мен дәрежесіне сәйкес лайықты көлемдегі әдіс – құралдармен жүзеге асады. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жанұя мен мектептің тығыз байланысына тікелей әсер етеді. Кемтар баламен тәрбиелік жұмыс оның жеке тұлғалық және жас ерекшелігін ескере отырып жүргізіледі. Онда дербестігі, өзіне – өзі қызмет ету дағдысын, еңбек және мәдени мінез – құлқын, ұжымда еңбек етіп, өмір сүруін қалыптастыруға бағытталған.
Кемтар баланы тәрбиелеу мазмұнында көзқарастарымен белгілі қасиеттер жүйесін қалыптастырумен қатар ақыл – ойы, еңбек, эстетикалық, құқықтық тәрбиелік міндеттерді шешу кіреді. Балаларда оптимизммен сенімділікті тәрбиелеу, қиыншылықтарды жеңе білу бейімділігін қалыптастыру, жақсы қасиеттерді үйретуге, өз қылықтарына сын көзбен қарай білуге дамыту маңызды болып табылады.
Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу – бұл білімді, шеберлікті, икемділікті, іс — әрекет дағдыларын беру мен игерудің мақсаты бағыттағы процесі, өмір мен еңбекке даярлаудың негізгі құралы. Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Дефектология арнайы дидактика мәселелерімен айналысады.
Кемтар балаларға арналған оқыту әдістері мен жүйелерін сараптау кезінде сондай – ақ баланың жасы, ақаулығы пайда болу уақыты есепке алынады. Кемтар баланың дамуының дәрежесі қалыпты балаға қарағанда оқытуға көп байланысты. Сондықтан оқыту қалыс қалған немесе уақытында басталмаса кемтар балалардың дамуында түзетілмес зиян әкеледі, олардың психикалық қызметінің қалыптасуы тежеледі. Сонымен қатар дені сау құрдастарынан артта қалуы тереңдей түседі. Сондықтан тәрбиелеу мен оқыту уақытында басталуы тиіс.

Арнайы дидактика.
Арнайы дидактиканың басты мәселесі еңбекпен оқыту мен тәрбиелеу мәселесі болып табылады. Арнайы мектептерде еңбек үлкен мәнге ие болады, мұнда тек қана оқушыларды өмір мен лайықты мамандыққа даярлап қана қоймай, ақыл – ойы және физикалық дамудың әлсіз ақауларын қалпына келтіруге әдістейді. Еңбек икемділігі мен дағдыларына меңгере отырып, балалар жан – жақты даму мүмкіндіктерін алады.
Коррекция – (латын тіліндегі Correctio – дефектологиядағы түзету) балалардың психофизикалық дамуындағы кемістіктерді әлсіретуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесі. Коррекция жеке ақауларды түзету (мәселен, сөйлеу мәнері немесе көзді түзету), сондай – ақ кемтар баланың жеке тұлғасында оны оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесінде оң нәтижеге жетуге арналған тұтас ықпал ету.

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):
1. Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы дамуында кемістігі бар балалармен жүргізілетін оқыту мен тәрбие жұмыстары жөнінде талқылау.
2. Дефектология және логопедия пәнінің қандай пән екендігін талдау.
3. Дефектология және логопедия пәні бойынша болашақ мамандардың нені үйренетіні жайында әңгімелесу.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):
1. Тіл кемістігін түзетуге арналған газет – журналдарда жарық көрген мақалалармен танысу.
2. Тіл мүкістігі бар балалармен жүргізілетін жұмыс кезінде қолданылатын әдіс – тәсілдерді меңгеру.

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Белоус А.И. Исследование соотношения приемов логического запоминания у детей дошкольного возраста // Воспитание, обучение и психическое развитие. – М., 1983
2. Рихтермая Г.Л: Формирование представлений о времени у детей дошкольного возраста. – М., 1978.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *