Психикалық құбылыстарды зерттеудің объективтілігі.
Психологиялық зерттеулердің бірінші принципі-гіюихиканы зерттеудің объективтілік принципі болып табылады. Бұл принцип кез келген психикалық құбылысты олар қдндай болса, сол күйінде қараудың қажеттігін білдіреді. Олар адам өмірінің сыртқы жағдайлары және қызметімен өзара байланыста ғана зерттелуі мүмкін. Бұл талап орындалуы тиіс, себебі психикалық құбылыстар сыртқы әсерлердің бейнеленуі ретінде ұғынылады.
Объективтілік принципі адамның психикалық ерекшеліктер жайлы оның нақтылы істері мен қылықтарына қарап қана дұрыс пікірге келуге болатындықтан адамды қызмет процесі үстінде зерттеуді талап етеді. Бұл принципті басшылыққа ала отырып, психикалық құбылыстарды белгілі бір адамға иеғұлым тән, сондай-ақ тән емес жағдайларда зерттеу керек. Осындай жағдайда ғана адамды жан-жақты және мәнді нәрсені ешқайсысын назардан тыс қалдырмай зерттеуге болады.
Объективтілік принципі жиналған материалды өңдеуде көрініс табуы тиіс. Алынған фактілердің барлығы, оның, ішінде бір-біріне қарама-қайшыларды да жан-жақтьі талдауға түсуі керек. Қарама- қайшы фактілерге ерекше назар аударған жөн. Оларды ешқашанда жай қарамай тастауға болмайды, қайшылық себебін міндетті түрде табу керек немесе қосымша тексеру жұмыстарын жүргізу керек. Жиналған материалды өңдеу кезіндегі объективтік прнципі кез келген тұжырым нақты фактілер негізінде жасалатындығынан көрінеді. Соңғы қорытынды белгілі бір болжам ұсынуға болмайтындыған білдірмейді, тек сынған топшылаудың дұрыстығын фактілі материалмен дәлеллеуге міндеттейді.
Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу. Психологиялық зерттеулерді құрудың тағы бір өте маңыздыпринципі психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу принципі. Егер объективті дүние ұдайы қозғалыста және өзгерісте болса, онда осыған орай, оны бейнелендіудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес қой.
Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу адам бойында қалыптасып болған психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар жаңа ғана пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді талап етеді. Жаңа қалынтаса бастаған ерекшеліктерді зерттеудің, әсіресе оқушы психикасын қарастырудағы маңызы ерекше. Мұнда басты назар балалардың айқын анықталған психикалық ерекшеліктеріне емес, болашақтағы даму перепективасын белгілей алатын психикалық саналарына да аударылғаны абзал. Егер де мұғалім болашаққа батыл қаран, әр оқушының болашақ дамуын алдын ала болжай білмесе, бүкіл оқу — тәрбие жұмысының бір арнауға түсіріп, қойылған мақсатқа орай жүргізу мүмкін емес.
Жеке адамды анализдік — синтездік зерттеу. Әр түрлі жағдайларда, әр түрлі қызмет бабында, басқа адамлармен қарым қатынасында жеке адамның сан -саналы психикалық ерекшеліктері, жеке адам ретіндегі бет бейнесі ашылады. Сонымен бірге ақиқат өмірдің алуан салалығынан қарамастан, әр адам өз күйіде қалады, тек өзіне ғана тән индивидуалды психикалық зерттеуді құру принциптерінің бірі жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу принципі болып табылады.
Анализдік зерттеу психиканың әлементтерін жеке адамның өмірі және қызметінің әр түрлі жағдайда тануға мүмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлық жеке психикалық көріністердің өзара байлаысып анықтауға және белгілі бір адамды толық сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.
Анализдық — синтездік принципті ұстану қажеттілігі жеке адамды терең, жан-жақты зерттеу, танымдық, әмоциялық, ерікжігерлік процестердің жеке жақтарын, жеке қасиеттерді зерттеу сияқты барлық осы сәттердің адамның түтас психикалық бейнесіндегі өзара байланыстарын, өзара шарттылықтарын зерттеуді қажет ететіндігінен болып отыр бағытының қатаң бірлікте болуы, бір жағынан жеке көріністерін зерттеу мейінше жеке адамның психикалық ерекшеліктерін түсінуге және дұрыс бағалауға болмайтындығынан, ал, екінші жағында жеке адамның ерекшіліктерін оларды бір-бірімен салыстыруйынша, олардың өзара тәуелділігі мен бірлігін ашиайынша үсүнуға болмайды.
Психологиялық зерттеулерді құруда анализдік синтез принципті басшылыққа алу әр адамның психикалық бейнесін белгілі бір тарихи кезеңдегі барлық адамдарға иемесе болып тапқа тән жалпы ұқсастық, сондай-ақ ерекшелік индивидуалдық болатындықтан да қажет. Жеке адамды зерттеу процесс кезінде оның қандай жалпы типтік және индивидуалды қасиеттерге ие екенін, осы қасиеттердің қандай қатыстарда екендігін анықтау қажет.
Сонымен психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі принциптері: объективтілік принципі, психикалық құбылыстар олардың дамуы барысында зерттеу принципі және жеке адам анализдік-синтездік зерттеу принциптері болып табылады.
Психологияда адамның психикалық қызметін зерттеіралуан түрлі әдістер қолданылады. Белгілі бір әдісті таңдау зе^ттеу алдына қойылған мақсатқа байланысты.алайда, қандай жағдайда болсада жоғарыда айтылған принциптерді басшылыққа алған абзал.
Психологиялық зерттеулерде мына төмендегідей: байқау, әксперимент, әңгімелесу, қызмет нәтижелерін зерттеу, анкеталық әдіс, тестер әдісі, модельдеу сияқты әдістер қолданылады/ Осы әдістердің көмегімен жиындықталған фактілік материалдар сапалық және сандық талдауға түседі.