АЛЬВЕОКОККОЗ

АЛЬВЕОКОККОЗ ( alveococcosis; синонимі: көп камералы эхинококкоз) — эхинококк тектес таспа құрттардың (echinococosis alveolaris) әрекетінен болатын ауру. Қазақтар кейде оны бауыр құрт” деп атайды. Құрт иттің, қасқырдың, түлкінің ішектерінде арамтамақ (паразит) ретінде өмір сүреді. Көбінесе, бауырда, өкпеде, кейде бүйректе және жүректе де орналасады. Құрт дернәсілі өсе келе сол орналасқан органның бөліктерін біртіндеп зақымдайды. Ауру көп жылдар бойы адамға еш белгі бермеуі мүмкін. Құрт өсіп, көбейе келе А. белгісі пайда болып, паразит орналасқан органның көлемі ұлғаяды. Егер құрт бауырда орналасса, ол ұлғайып, қатаяды, науқас тез жүдеп, терісі сарғыш тартады, қан құрамында эозинофилдер көбейеді. А-ды толық анықтау үшін рентген сәулесі, ультрадыбыс пайдаланылады және лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. А-дың негізгі емдеу жолы — хирург. жолмен алып тастау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *