Перинаталды айрылу психологиясы

Перинаталды айрылу психологиясы

 

1.Перинаталдық айрылу және оның құрылымы.

2. Перинаталдық айрылу және қайғыны өткеру процесі.

3. Отбасында перинаталдық айыруды бастан өткеру.

 

Перинатальды жоғалту және оның құрылымы.

Перинаталды жоғалтуға, жатырдан тыс жүктілік, түсік тастау ұрықтың антенаталды және интранаталды өлімі және нәресте туылғаннан кейінгі 28 тәуліктегі өлімі жатады.

Перинаталды өлімнің құрылымы.

  • Антенаталды кезеңдегі өлім – 35,3%
  • Интранаталды кезеңдегі өлім 26,0%
  • Неонаталды кезеңдегі өлім 38,7%

Перенаталды жоғалту психологиялық және медециналық мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта негізгі әлеуметтік мәселелердің бірі болып, медециналық  қызыметті жақсарту, халық санының денсаулығының  сапасына мән беру, демографиялық жағдайды көтеру болып табылады. Перинаталды кезеңдегі нәрестенің өлімі, өздігінен болатын түсікті немесе  ұрықтың антенаталды өлімін оқып, баға беру көптеген ғылыми еңбекті талап етеді.

Перинаталды жоғалту және қайғыны өткізу процесі.

Перинаталды жоғалтудың арнайы ерекшеліктері

Жоғалту дегеніміз- психологияда тұлға үшін күшті, аффективті құштарлығы бар бағалы құнды затын жоғалту. Бұған тек жақын адамның өлімі ғана емес сонымен қатаркөптеген басқа да ситуацияларды жатқызуға болады. Бұл болуы мүмкін жағдайлар жұмыс, статус, еңбекке деген қабілет, материалдық жағдайы, ажырасу, үй жануарларының өлімі, бұлда жоғалтуға жатады. Физиологиялық және символикалық 2 түрін ажыратуға болады.

  1. Физиологиялық жоғалту дегеніміз бұл айналасындағыларға түсінікті және оның объектінің жоғалуы. Бұндай жоғалту айналасымен расталады.
  2. Символикалық жоғалту бұл- адам үшін символды түрде бағалыны  жоғалту  (мысалы: пенсияға шығу, созылмалы аурудың пайда болуы, үміттің сөнуі ) айналасымен  расталмайды.

Қайғы дегеніміз- тұлғаны ұзаққа созылған психологиялық іс- қимылдың әлеуметтік физикалық реакциямен байланысты қайғылы процесс. Қайғы траурмен және скорбпен бірге жүреді.

Траур дегеніміз- тұлғаның мәдениетіне байланысты іс- қимылдары арқылы қайғысын жариялап демонстрациялауы.

Скроб дегеніміз- өзіне жақын адамның өлімімен нашарлаған эмоциялық  және соматикалық әлеуметтік процестердің комплексті жиынтығы.

Қайғы перинаталды жоғалтудың бастан кешіру процесі. Қайғыны бастан кешіру процесі жоғалту ситуациясында маңызды роль атқарады.

Олар 4 сатыға бөлінеді.

1 сатыға- шок, ступор, протест жатады. Бұл фразаның ұзақтығы біршама сағаттан 2 аптаға созылады. Осы күнде қайғының максималды көрінісі болады. Әйел жүктіліктің  фетальды ағымын, баласының іште өлімін немесе түсік жасату керектігін білгенді ол шок жағдайына түседі.

Ступор- бұл әйелдің қайғы қасіретке қорғаныс реакциясы. Бұл процесс кезінде әйелдің қабылдау концентрациясы, уақыты н білмейді,  ситуацияны  бағалай алмауы мен білінеді. Оның ашуы дәрігерге түседі.

2 сатыда- іздеу және сағыну. Бұл ортамен 2 аптамен  3 айға созылады. Бұл ауру күшті баланы жоғалтып алдым деген ой доминантты сипатта болады. Бұл кезде әйелге  ол  жайлы ойлама деп айтуға болмайды. Бұл кезде әйелдің психологиясында өзін кінәлі сезіну, жалғыздық , уайымшылдық, өмірінің мағынасы жоқ сияқты сезімдер пайда болады.

3 сатыға. Дезориентация- жоғалтудан кейін 5- 8 айда пайда болады, жылға созылуы мүмкін. Бұл кезде баланың жоғалтқанына сенеді. Өзін — өзі кінәлаудан одан сайын күшейеді. Еңбекке деген қабілеті, активтілігі төмен, есі нашарлайды, шаршағыштығы жоғарылайды, ұйқысыздық,  тамаққа деген  тәбеті төмендейді.

4 сатыға Реорганизация  бұл жоғалтудан кейінгі 18- 24 ай аралығында пайда болады. Жақсы отбасылық жағдайда аденватты психологиялық көмек көрсеткенде жоғалтудағы симптомдар біртіндеп қалпына келеді. Әйел болашаққа деген жоспар құра бастайды.

Отбасылық жағдайда перинаталды жоғалтудың қайғысы.

Перинаталды жоғалту тек әйелдің қайғысы емес, сонымен қатар отбасылық қайғы болып саналады.

Жас- жұбайлар арасындағы  перинаталды жоғалтудың қайғысы.

Екі ата- ана бірдей сәбиінің  жоғалуын сезінгенімен әрқайсысы өзгеше ьоны қабылдайды. Әйел адамы жоғалтқан жүктіліктің уақытына қарамай, өзінің қайғысын көп көрсетеді. Себебі айналадағы адамдардың оған жанашыр көзбен қарайды. Еркектің қайғысы өзгеше, көп еркек адамдар өзінің қайғысын басуға көп тәсіл қолданады. Қайғының ауырлығы мн тереңдігі жүктіліктің уақытымен, оны жоғалтқан уақытпен де байланысты. Еркек  адамы әйел адамына қарағанда қайғы қасіретін білдірмеуі тиіс. Әйел затына қолдау жасағаны дұрыс. Психология тұрғысынан әйел адамы нәрестесінен айрылғанда, отбасының қолдау жасауы маңызды орын алады. Медециналық тәжірибеде бұл жағдайлар психолог, психотерапевт мамандар өте қажет болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *