Ерте кезеңдегі психосоматикалық бұзылулар
Жоғарыда атап өткеніміздей, туылған кезде жарақат, алған, қоршаған белгісіз әлем алдында қорқыныш пен үрейді бастап кешіретін жаңа туылған нәресте үшін, анасы қауіпсіздік өмір сүруі үшін кепілдік болады. Егер анасында психикалық жүйке, бұзылулар болса, ол бұл міндеттерді орындай алмайды. Оның үстіне жаңа туған нәресте оның қорқынышын басқа да теріс эмоциясын индукциялайды және оның қоршаған ортаға бейімделуі барынша қиын. Мұндай нәрестелерде қоршаған ортаны зерттеу мен оны тануға қабілетті, анасын жақсы көрушіліктің қауіпсіз формасы қалыптаспайды. Невроздық бұзылулар бар немесе босанғаннан кейінгі депрессиядан зардап шегушілер қауіпсіз жақсы көрушіліктің үш түрімен сипатталады.
Постанальды кезеңде сәбилердегі бұзылуы мен соматикалық бұзылудың алдын алу жақсы көрушіліктің қауіпсіз формасы болып табылады. Жақсы көрушіліктің қауіпсіз формалары бар балалар қорқыныш (үрей) деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді оң (жағымды) эмоцияларды аз өткереді, ереже бойынша қарым-қатынаста қиындыққа кезігеді. 0-3 жасқа дейінгі балада психикалық жүйкені сезіну деңгейі жоғары жалпы және психикалық әсерленгіштігімен ерекшеленеді және самотовегетативті деген атқа ие болды. Бұл фонда оларда психосоматикалық бұзылулар сирек дамиды, ең алдымен ас қорыту жүйесіне қатысы бар. Нәрестік түйілу аэрофагия инфантильді анорексия, ас қорытудың дамымауы, тамақты тоя ішу, мерицизм, пикацизм тағы басқалар неғұрлым тіптік болып табылады.
Нәрестелік кезеңдегі түйілу әдетте 3 аптаның кезеңінен бастап, 3 айға дейінгі кезеңда байқалады. Түйілу (шаншудың) негізгі белгілері айқай мен жыау болып табылады. Тамақтандыру (емізу) аз уақытқа баланы тыныштандыра алады. Тамақтану тәртібін өзгертуге кірісу емшек сүтін қапаға ауыстыруғ дәрі-дәрмек терапиясы, ереже бойынша жеңілдік әкелмейді. Х.Финкельштейн бұл бұзылуды «Спастикалық диатез» деп атады (1938 жыл). А.Г.Аларкон (1943 ж), ал кейінірек Р.А.Шпиц (2000 ж) бұл бұзылудың ана қамқорлығынан айырылған, балалар үйіндегі балаларды (нәрестені де) мүлде болмайтындығын атап өтті. Д.М. Леви нәресте түйелуін анасының алғашқы үрийлі салғырттығымен байланыстырады (1943 ж). Левимен А.Беллдің бақылаулары бойынша, түйілуден (шаншу) зардап шегетін нәрестелер аналары үйінде тәрбиеледі және көп көңіл бөлді және алғашқы талабы бойынша емшек емізді. Шпиц нәрестенің шаншуы ең алдымен «ана-бала» диадазындағы қарым-қатынастың ерте бұзылуы болып табылады және объекті қарым-қатынастың ескі жаршысы болады. Сол кезде ол оның 2 факторының қосылысы кезінде пайда болатынын атап көрсетті: анасының мазасыздана шамадан тыс қамқорлық жасаумен баладағы жоғары бұлшық ет тонусы соңғысын қалпына келтірумен үш немесе төртінші айының соңында баланың басым көпшілігінде бұлшық ет тонусы қалпына келтіріледі.
Аэрофагия – (грек тілінен ыаударғанда – ауа жұтып қою) мазасыз ананың нәрестелерде кездеседі және олардың ашқарақтана емген кезде ауаны жұтуынан байқалады. Олар ауаны сол сияқты тағам қабылдауға қатыссыз жұтуыда мүмкін. Мұдай кезде жайсыздық пен ауырсыну сезімдерін тудыратын іштің желденуі жиі байқалады. Мұндай балада кезекпен жүрек айну, құсуды қоздыратын кекірек пайда болады.
Инфантильді анорексия – неврозды (жүйкесі тозыған) ананың сәбилерінің тәбеттерінің жоғалунан байқалады. мұндай аналар ереже бойынша, сәбилері тоқпа, жоқпа оны түсінбейді. Нәтижесінде балалар таммаққа тоймайды (емшекке жарымайды), салмағы аз болады. Мұндай бұзылу күйеуі жоқ, психикалық жүйке бұзылулары бар әйелдерге тән. Мұндай әйелдерде екіқабат кезінде, ереже бойынша, гестационды даминанттың мазасыз және мазасыз – депрессивті түрлері, гипогестогозиялық түрлері байқалды. Инфантильді анорексия мен ауыратын балаларды емдеу (педиатрдың) балалар дәрігерінің гипотрофиямен күреске бағытталған күшін, сол сияқты «ана-бала» жүйесі қарым-қатынасындағы кикілжіңді жеңу күшінде талап етеді. Сол сияқты инфантильді анорексия құбылысы (байқалуы) анаклитикалық (тіректің болмауы) депрессияның маңызды көрінісі болып табылады. Бұл атауды Р.Шпиц анасынан айырылған балаларда жиі байқалатын күйлерін суретту үшін ұсынды. Бұзылудың ауырлық деңгейі мен симптоматиканың тұрақтылығы мұндайда көбінесе ажырағанға дейінгі «бала-ана» диадағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты болады.
Тағамның жетіспеуі ағзаға тағам аз түскен кезде және онда ешқандай ауру байқалмаған кезде дене салмағының төмендеуімен сипатталады. Мұндай жағдай «ана-бала» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас бұзылған кезде, яғни баланы жақтырмау және оның эмоционалды және сенсорлық депривациясы кезінде дамиды. Ереже бойынша, мұндай балалардың аналарынан жасырын түрде бала сүйгісі келмейтін, некеге қанағаттанбайтындықтарымен және тағы басқаларға байланысты эмоционалды ренішін анықтауға болады. Тиімді психотерапиялық көмек беру кезінде баланың жағдайы жақсарады.
Баланың толып кетуге алып келетін тамақты тоя ішуі, баланың тамақтан бас тартуы сияқты, баланың анасымен қарым-қатынасына қанағаттанбауы нәтижесінде пайда болады. Баланы анасымен қарым қатынасы неғұрлым көбірек алаңдатса, ол соғұрлым гепарациядан көбірек қорқады, соғұрлым ол тамақ ішуге өзін жиірек мәжбүрлейді. Тамақ мұндай бала үшін аштықты жеңу тәсілі емес, керісінше дабылды төмендетуге, сенімділікке, өзінің анасына әсерін сезінуге әрекет етуі (талаптануы).
Мерицизм – (грекше шайнау). Мерицизм анасының өзіне жеткіліксіз қамқор болуының құралы сияқты, шамадан тыс мазасыз қамқор ананың реакция нәтижесі болуы мүмкін. ұзақ уақыт бойы тамақты қайтадан шайнау эндрофиндер түзуге себепші болады және нәрестеге жақсы көрушіліктің қауіпсіз форамсы жасалады.
Пикацизм – балаларда жеуге жарамайтын тамақтарды жегісі келген кезде байқалады. Копрофагияға бейім көптеген баланың аналарда психотикалық деңгейдің бұзылуы байқалады (негізінен депрессивті анларда). Балаларға қарым-қатынасы оларда тұрақсыздығымен және қарама-қайшылығымен сипатталады. Шамадан тыс қамқорлық жасаумен қатаң бақылауға алу байқалуы қамқорлықтың азаюы мен эмоционалды шеттетілу мен алмасады, оның үстіне анасының балаға деген теріс сезімін ашық түрде көрінуі жоқ. Копрофагия балаларда өзінің құрдастарына қарағанда анасының өзіне аз көңіл бөлуімен байланысты болатын бақытсыз жағдайлар айтарлықытай жиі болады. Балаға әсер етуге тырысудың ереже бойынша, еш мәні жоқ. Психотерапиялық көмек мұндай жағдайда «ана-бала» жүйесінде де көрсетілуі тиіс. Себебі, кішкентай балаларда психикамен дене аралығы дифференциция әлі аяқталмаған, бірегей және шамадан тыс күрделі. Сондықтан, біріңғай жүйе құрайтын, анасы арқылы кішкене балалар мақсатқа сай әсер ету керек. Келтірілген деректер, әйел екі қабат кезден бастап психосоматикалық бұзылулардың анада да, балада да пайда болуының алдын алу шаралары қарастыру керек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.