Баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасауындағы жеке дара ситуациялық ерекшеліктер

Баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасауындағы жеке дара ситуациялық ерекшеліктер. 6 айға дейінгі баланың қарым-қатынас жасауын эмоционалды деп атауға болады. 2 айдан бастап бала үлкендермен актив түрде байланысқа түсе бастайды. Бұл қатынастардың 4 түрлі критерийлерін атап көрсетуге болады:

1. Ересек адамның сөзіне тікелей қарау. Бұл белгіні баланың қарым-қатынасқа толық түрде дайын екендігін айқындайды деп қарасчтыруға негіз болады.

2. Ересек адамның күлімсірегеніне жауап қайтару. Бұл белгі эмоционалдық сезімнен туындайды.

3. Қимыл-қозғалыс жасау, инициативті күлкі. Бала өзін көрсету арқылы үлкендердің назарын өзінде ұстап тұруға тырысады.

4. Байланыс жасаушы адамға жауап.

Жоғарыда айтылған критерийлердің жүзеге асуы қандай мазмұнда жүріп отырады?

         Алғашқы жартыжылдықта адам мен бала арасындағы байланыс негізсіз болады. Мысалы, бала анасын жылы сезіммен, қуанышпен қабылдйды. Ана баладан ештеме талап етпейді, ана тек оның бар болуына ғана қуанады. С.Л. Рубинштейннің пікірі бойынша, бұл да ана мен бала арасындағы махаббат сезімі. Ол теория бойынша «тіршілікте бар болу, өмір сүрудің өзі» сені жақсы көруші адам үшін үлкен қуаныш. Мұндай кезде бала анасына өте бауырмал келеді, оған толық түрде тәуелді болады. Қарым-қатынастың бұл түрі экспрессивті-мимикалы қатынас деп аталады. С.Ю. Мещерякова және

А.И. Сорокинаның зерттеулері бойынша бұл кезде бала үлкен адамдардың оған жасаған оң және теріс әрекеттерін ажырата алмайды. Байланысқа түсуші адамның интонациясына бала жақсы жауап қайтарады. Тіпті, ол дөрекі немесе ұрсып қарым-қатынасқа түсіп жатса да. Бұл кезеңдегі басты керекті шарт – коммуникативтілік. Осы жағдайда балаға үлкен адамдармен қарым-қатынас өте қажет. Тіпті, оның әлеуметтік, атрибутивтік-заттық және т.б. маңыздылығын игерген жағдайда да.

         Дәл сол тұлғалық белгілер оны қатынасқа түсіп, әрекет жасауға итермелейді. Осылайша, баланың қарым-қатынасқа түсудегі ең маңызды формасы ситуативті-тұлғалық деп аталады. Мұнда ересек адамның балаға деген оң көңілі, экспрессивті-мимикалық қатынас және тұлғааралық қатынас маңызды рөл атқарады.

Жас сәбидің психологиялық дамуына ситуациялық-тұлғалық қарым-қатынастың тигізетін әсері. Бұл кезеңде баланың тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетін ең алғашқы шарттар қалыптаса бастайды. Бала өзін-өзі танудың бірінші формасын қалыптастыра бастайды. Бұл алғашқы форма эмоционалды күйге әсер етуден пайда болады. Көңіл-күйдің көтеріңкі болуы активті, яғни, белсенді түрде дамуға әсерін тигізеді. Бірақ, бұл қарым-қатынасқа түсуші үлкен адамның көңіл-күйінің жоғары болуына тікеледй байланысты болады. Адам неғұрлым байланысқа түсуде белсенділік танытып, балаға жағымды сөздер айтса, соғұрлым баланың да дамуы жедел түрде жүріп отырады. Сәби өзін байланыс субьектісі деп танып, үлкендермен қарым-қатынасқа тез түсетін болады. Бала үлкен адамның сөзінің, күлгенінің және т.б. әрекеттерінің тікелей өзіне бағытталғанын сезіне бастайды. Анасын тану арқылы сәби өзін-өзі тани бастайды. Ана да баланың әрбір іс-әрекетіне, дауысына, оның мимикасына міндетті түрде жауап қайтаруы қажет. Ал, 2-3 айлық кезінде сәби қарым-қатынас жасауда өзін белсенді ұстайтын болады.

         Н.Н. Авдееваның жүргізген эксперименттері бойынша бала өзін мадақтағанда оң жауап қайтарады. Мысалы, баланың қимыл-қозғалысын анасы мадақтаса, бала қуанады. Ал, қолын немесе саусағын аузына апарған кезде анасы ол қылығын бұрыс деп тауып, балаға қарсы ұрсады, ол кезде бала теріс көңіл-күй білдіреді. Сонда сәби өзінің іс-әрекетінің дұрыс еместігін сезіне бастайды. Бірақ, бала анасы тарапынан болған ұрсуды тікелей қабылдамайды, яғни оны ұрыс деп сезінбейді.

         Ал, Г.Х. Мазитованың зерттеулерінде баланың үлкен адамдарды тану-танымау әрекеттері қаралады. Бұл экспериментке 16 апталық баладан бастап 12 айлық сәбиге дейін қатысты.  Жас сәбилер қарым-қатынасты өте жақын, таныс және мүлдем таныс емес адамдармен жасады.

         Алғашқы кезеңде, яғни, 1 айлық балада өзі байланысқа түсетін адамдарды мүлдем танымайтындығы байқалды.

         2 айлық бала байланысқа түсуші адамдарды танымайды, барлығын бірдей қабылдайды. Бірақ, олардың көңіл-күйін бірден аңғара алады. Ал 3 айға толған кезде бала қоршаған отаға деген дифференциялды көзқарасын қалыптастырады. Бала бұл кезеңде үлкенге деген оң эмоциясын білдіреді, бірақ өзіне өте жақын адамдарды ерекше қуанышпен қабылдайды. Тек 5 айға толған кезде ғана бала адамдарды шын мәнінде тани бастайды. Ата-анасына сәби қуанады, ал таныс емес адамдарға жатырқау сияқты сезімді тудырады.

         Өте жақын адамға деген тартылыс күші пайда болады. Бұл осы кезеңде туған ерекше психологиялық факт болып табылады. Бұл ғылымда аффектілі-тұлғалық байланыс деп аталады. Осы сезімнің нәтижесінде баланың қоршаған ортаға деген көзқарасы, бағасы қалыптасады. Бұл белсенділік баланың тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Сонымен қатар бұл сезім баланың заттық әлемді тануына да септігін тигізеді.

      

5.  Мінез-құлықтың аналық қажеттіліктін мотивациялық аумағы

 

1. Гештальт нәрестелік қалыптасуы

2. Мінез-құлықтың аналық қажеттіліктін мотивациялық аумағының онтогенезде қалыптасуы.

3. Мінез-құлықтың аналық қажеттіліктін мотивациялық аумағы блогының мазмұны

 

Нәрестенің дүниеге келуі, оның ана құрсағынан бөлініп, үлкен әлемге өтуі, оның оның төртінші базальды перинатальды матрицасын құрайтын күйзелісін анықтайтын күшті стресс болып табылады. С.Гроф былай деп есептейді, (туылу) дүниеге келу актісі – бұл бостандыққа шығу және сонымен бірге өткенге қайтарымсыз бас тарту. Сондықтан бала бостандыққа  шығар алдында үлкен қарқын (серпіліс)  апатының ақындағанын сезінеді. Өмір есігін ашу үшін күрестің қиын (азапты, ауыр) процесі өзінің шарықтау шегіне жетеді, ауырсыну (қиындық)  шыңының артында кенеттен жеңілдену мен релаксация  тұр. Бірақ бостандыққа шығу қуанышы үреймен (қорқынышпен) үйлеседі: ана құрсағы ішіндегі қараңғылық тұрақты температурадан соң бала алғаш рет, жарық пен, суықпен, жаңа (дене арқылы) түйсіну, сезінулермен бетпе-бет  келеді, тыныс алу керек… Кіндігін кесу анасымен дене байланысын дағдарды, және нәресте  анатомиялық тұрғыда байланыста болады, бірақ психологиялық  тұрғыда емес. Дүниеге келу процесінде бала ағзасында катехолагиндерді күшті тастау процесі жүреді. Осының салдарынан олар мөлшері нәрестелер қанында ересектерге қарағанда анағұрлым көп бөлады.

Бұл нәрестенің  туылғаннан кейін гомеотазды ұстап тұруын және ана құрсағынан босаған 40 минут ішінде сергектік жағдайын қамтамасыз етеді. Бұл кезең қиын болады және баланың сыртқы факторлар ды ерекше қабылдаумен сипатталады. Бұл уақытта қоршаған орта нысандарын есте сақтап қалу, алғашқы аостнатальды тәжірибе алу процесі  жүреді. К.Лоренц бұл құбылысты 1935 жылы импринтинг деген атпен суреттеді. Демек, импрингтинг ағзаның күй, зейінін әр сәтте және тұрақты түрде есте қалдырудың тұқым қуалайтын бағдарланған қабілеті болып табылады. Импритинг шартты рефлекстермен және оперантты себепкерлікпен қатар оқыту формаларының бірі болып табылады. М.Клаус пен Дж.Кеннен, туу кезінде және баланың өмірге келген алғашқы сағаттарында жүзеге асырылатын импринтинг механизмдері бала мен ана арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Сондықтан, қоршаған орта заттарының ішінде есте қалатыны анасы, сол сияқты әкесі болғаны өте маңызды. Егер ата-аналарды босанғанға дейінгі күндей өткізілетін сабақтарда пренейтпен қарым-қатынас жасауға сауатты үйретсе (сөйлесу, гаптономия көмегімен жанасуды сезіну, т.б.) онда тыныс сөздер, тыныс дауыстар, анасы мен әкесінің жұмсақ алақандарын, жанарын, көзін-көзіне  қадап күлімсіреу (байланысын) анасының жылы денесіне  тікелей жанасуынан сәби оң эмоцияларды сезінеді. Бұл сепарациялық үрейленуін (қорқуды) төмендетеді, оның ана құрсағынан тыс жаңа өмір сүру  жағдайларына бейімдеуіне себепші болады. Бұл қиын қыстау  кезең нәрестенің анасына күшті әсер етумен сипатталады. Ол оның мінез-құлқын анықтайтын белсенді көзі болады. Егер әкесі де сауатты өткізілген серіктестәк  босануға қатысса, әкесі туралы да айтуға болады.  Басқа сөзбен айтқанда, босану процесінде стресс әйелмен пренейттің жалпы шекарасы  бұзылады, ал ерте постанальды кезеңде көбінесе липринтингтің арқасында, бұл шекараларды жекелей қалпына келтіреді мұнсыз нәресте жаңа жағдайда өмір сүре алмайды. Демек, импрингтинг ана мен баланың (диадты) бірлігін сақтауға себепші болады, басқаша сөзбен айтқанда бондингті қалыптастыруға себеп болады.

Жүктіліктің кезеңнің  толық 37 аптасы біткенге дейін мерзімінен ерте босанған кезде, соңғы етеккірдің алғашқы күнінен бастап есептегенде, егер оның денесінің салмағы 2500 г. Ал денесінің ұзындығы 48 см-ден аспаса, бала шала туылған деп белгіленеді. Шала туылған (уақыты жетпей) балада, ереже бала, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ перинаталды зақымдануы белгіленеді. В.В. Абрамченкомен Т.У. Кузьминаның мәліметі бала, әрбір 3-ші шала туылған балада жеңіл неврологиялық белгілері, әрбір 4-де бірқалыпты, әрбір жетіншіде ауыр белгілері байқалады.

Е.А. Грон мен П.Г. Иманалиева жүктілік қарым-қатынас тестін (ЖҚТ) қолдана отырып, жүктілігі қиын өту қауіпі бар.

Әйелдерде гостационды доминанттың психологиялық компонентінің эйфарикалық, гипогестогнозикалық варианттың жиі кездесетінін анықтады. Бұны біздің зерттеуіміз де  растады. Баласын мерзімінен бұрын босанған әйелдерде ПКГД-нің эйфорикалық, гипогестогнозикалық және қорқынышты вариантты басын болды, ал ПКГД-ң тиімді варианты баласын уақытыны босанған әйелге қарағанда 4 есе сирек кездеседі.

Шала туылған баланың функционалды жүйесінің пісіп жетілуі бондингтің қалыптасуын қиындатады. Мұндай жағдайда жаңа туылған сәбилер арада ауру мен оны жиілігі артады.

Егер тіпті нәресте денісау және мерзімінде туылса да, оған постнатальды кезеңде оған дұрыс күтім жасалмаса, сепарациялық рей деңгейін төмендетуге және бондинг қалыптасуға кедергі болатын созылмалы жүйкені жаралайтын жағдай құруы мүмкін. Бұны болдырмас үшін, кішкене бала үнемі қамқорлықпен назарда болуы тиіс, яғни Д.В.Винникоттың сөзімен айтқанда, босанғаннан кейінгі холдинг пен қамтамасыз ету керек (ағылшынша – қамқорлық жасау, қолына ұтау).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *