Баламен өзара әрекеттесуді аналық және әкелік позиция ерекшеліктері
1. Ананың баламен аналық бауыр басуының жасалуының басталуы.
2. Өзара әрекеттесу тәсілдері.
3. Әкенің жаңа ролі.
4. Мәдени дәстүрлер
Қарапайым органикалық эмоцияларды бала туылғаннан бастап басынан кешіреді. Ең бірінші – жағымсыз эмоциялар байқалады. Олар: жылау, шыңғыру, т.б. ішкі және сыртқы ағзаның жағымсыз әсер етуіне жауап ретінде, мысалы, температураның төмендеуі, қарын ашу, суланған жаялықтар, т.б. Нәжістің бұзылуы, кешігіп берілген тамақ, балаға қатал дауыспен сөйлеу, осының барлығы эмоциялық реакция тудырады. Эмоциялық қозу кең түрде иррадиацияланады, эмоциялар басым, бірақ тез сөнеді.
Өмірінің бірінші айында анасына үлкен қуаныш әкелетін нәрсе ол – баланың күлуі. Алайда бұл күлкіні, жымиюды адамдардың күлкісі деуге болмайды. Өйткені, баланың көзі жабық немесе адамның бетіне емес, басқа жаққа қарауы мүмкін, бірнеше секундтан кейін мұндай күлімсіреу қабақтың шытылуымен немесе есінеумен алмасуы мүмкін. Психолог-ғалымдар мұндай күлімсіреуді «физиологиялық» немесе «асқазандық» деп атаған.
Өмірінің үшінші аптасында немесе бірінші айда балада ересек адамға бағытталған күлкісі пайда болады. Бірте-бірте бала анасының күлгеніне жауап ретінде күлімсірейді.
Қорыта айтқанда, баланың бірінші айдың соңында пайда болған күлкісі қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнату құралы болып табылады. Мұндай күлімсіреу жаңадан туған бала мен нәрестелік кезеңнің шекарасы болып табылады.
Ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі қажеттілік. Нәрестенің ересек адамдармен қарым-қатынас жасауының пайда болу туралы пікірлер бар. Кейбір авторлар ол қасиетті туа біте пайда болады десе, енді біреулері уақыт өте келе жүзеге асады деген тұжырымды жақтап, дәлелдеуге тырысады. Осындай байланыстың нәтижесінде балада физикалық үдіріс пайда болады.
Үлкен адамдармен қарым-қатынасқа түсуді жас нәресте шын мәнінде керек ете ме? Бір — екі апталық нәресте баладан шын мәніндегі қарым-өатынас жасаудың белгілерін көру мүмкін емес. Осы құбылысты байқай келе, баланың қоршаған ортаға деген қызығушылығы жоқ екенін көруге болады, Бала анасын көргенде қуанбайды және оны іздемеуі де мүмкін. Жас нәресте өзін қоршаған адамдардың сөзіне ешқандай реакция қайтармайды және адамдардың да назарын өзіне аударуға тырыспайды.
Адамдармен байланысқа түспеуінен, мынандай теория шығаруға болады, жас нәресте өмірінің алғашқы апталарында ересектермен қарым-қатынасқа бармайды, ол тек уақыт ете пайда болатын құбылыс.
М.И.Лисина мынандай болжам айтады. Жас нәрестенің қарым-қатынасқа түсуі органикалық қажеттіліктерден туады (тамақ, жылу және т.б.). Өз бетімен бұл қажеттілікті жасай алмағандықтан, бала үлкендермен қарым-қатынасқа түседі. Бала жылау арқылы, қимылы және мимикасымен үлкен адамдардың назарын өзіне аударуға тырысады. Бірақ жас нәресте өз өмірінің алғашқы күндері мұндай әрекеттерін ешкімге бағыттамайды. Жас бала үлкен адамның арасындағы қарым-қатынас физикалық қарау ретінде жүзеге асады (тамақтандыру, орау, шомылдыру және т.б.). Байланыс толық қанды жүрмейді. Балада қарым-қатынас жасау деген ұғым бірте-бірте дами бастайды.
Баланың байланысқа түсуінде өзге адамдардың пайда болуы қызығушылықты оятады. Басқа адамдар ол үшін қалыпты қоршаған орта емес, жаңа информация объектісі болып табылады.
Жас нәрестенің өмірінде байланыс жасаудың ең белсенді субъектісі ретінде анасын алуға болады. Ана баланың ерекше қарым-қатынасқа түсіп, оның іс-әрекетін үнемі бақылауда алып және өзара байланыс сигналдарын жасауға тырысады. Бұл іс-әрекет мынандай формада жүреді; ана баладан шықққан түрлі дыбыстарға назар аударып тыңдап, оған жауап қайтарады. Ал бала көп жағдайда өзі тарапынан жауап қайтармайды. Ана бала іс-әрекетін аса байқағыштықпен аңғарса, екеу арасындағы байланыс ерте пайда болады.
Нәрестенің қимылына, ымына, күлкісіне ана тез арада жауап қайтаруға тырысады және баланың көзқарасын өзінде ұзақ ұстап тұруға тырысады. Алғашқы үш аптада қарым-қатынасөа түсу қиынға соғады. Бірақ анадан шыққан сигналдар яғна дауыс, қимыл-әрекет, мимика – белсенді түрде жүріп, баладан 25-50 см-ге дейінгі алшақтықта жүзеге асуы қажет. Ана әрқашанда баланы назарын өзінде ұстауға тырысады. Анаға бала өмірінің бірінші айында сыймаытын қуанышы — оның күлімсірегені. Жас нәрестенің беті үнемі белсенді қозғалыста болады. Бірақ бұл баланың күлімдегені әлі белсенді болмайды. Ол кезде баланың көзі жабық болады немесе бір жерге бағытталып қарап тұрады. Бұл кезде нәресте тек күлімсірейді, бірақ онда ешқандай қуаныш сезімі болмайды. Психологтар бұл құбылысты «Физиологиялық» немесе «асқазандық» деп атайды. Көп жағдайда аналар нәрестенің осылай күлгенін аса жылы қабылдайды.
Бала өмірінің үшінші аптасының соңына қарай баланың күлімдегені нақты адамға бағытталып, көз қарасы мен айшықталады. Алғашында бұл өте қысқа түрде жүреді, бірақ уақыт өте келе бала анасының түрін көрген мезетте күлімсірей бастайды.
Психологтар үшін жас нәрестенің алғашқы күлімсірегені әлі де жұмбақ болып келеді. Бірінші кезекте баланың күлімсірегені оның толық түрде қажеттілігін алғанын аңғартқандай. Бала оған жақсы болғандықтан күлімсірейді. Бірақ ол үнемі олай болмайды. Мәселен адам тамақтанып және жақсы әуен тыңдағаны үшін күлмейді. Бала да тура сол жағдайда болады. Бала неліктен күлімсірейді? Және басқа адамдардың оған деген байланыс қарым-қатынас неліктен реакция тудырады?
Көптеген зерттеушілер осы құбылыстарды анықтамақ болды. Кей ғалымдар баланың күлімсірегенін қуаныш сезімімен байланыстырады. Бірақ эксперименттер бұл тұжырымды жоққа шығарады. С.Ю.Мещерякованың жасаған эксперименттері кішкентай балаға ашық түсті ойыншықтарды көрсеткенда ол сол затқа ұмтылады және көзін алмай қарайды, бірақ күлімсіремейді, яғни қуаныш сезімі болмайды.