Нәресте моторикасының дамуы

Нәресте моторикасының дамуы

 

Қимылдар

дың пайда болу уақыты

Моториканың дамуы

1-ай

2-ай

3-ай

4-ай 5-6ай

7-ай

8-ай

9-ай

10-ай

11-ай

12-ай

Иегін көтереді

Көкірегін көтереді

Затқа қол созады,бірақ қол жеткенде алмайды

Қолға ұстай арқылы отырады

Қолмен заттарды ұстайды

Көмексіз өзі отырады

Ешкімнің көмегінсіз отыруға үйренеді

Еңбектеп жүреді,сүйену арқылы тұрады

Қол мен тізеге сүйеніп еңбектеуді меңгереді,екі қолмен жүреді

Сүйенбей тұрады, бір қолмен жүреді

 

Шала  туған  нәресте  деп  жүктілік 28 – ші  және  38 апталары  аралығында  туған,  массасы  1000 граммнан  2500 граммға  дейін,  бойы  38 см-ден  47 – смге  дейін  болған  баланы  айтады.  Шала  туудың  негізгі  себептеріне  жүкті  әйелдің  тұрмыс  жағдайы,  тамақтануы,  жасы,  ананың  өзінің  аурулары  немесе  жүктілікке  байланысты  дамитын  сырқаттар,  ұрықтың  хромасомалық  ауытқулары,  баланың  жатыр  ішінде  дұрыс  жатпауы,  бала  жолдасының  өз  орнында  болмауы, қанның  резус  факторы  бойынша  сәйкес  келмеуі  және  т.б.  жатады.

         Шала  туған  нәрестенің  морфологиялық  белгілері: бетінде,  иықтарында,  арқасында  ұзын  түктердің  болуы;  тері  астында  майдың  жоқ  болуы;  осыған  байланысты  терінің  әжімденіп,  кәрі  кісілердің  терісіне  ұқсап  қалуы;  құлақ  шеміршегінің  жұмсақтығы;қол – аяқ  тырнақтарының  тырнақ  шетіне  дейін  жетпеуі;  ұл  балалардың  енінің  төмен,  ұмыға түспеуі,  ал  қыз  балалардың  жыныстық  саңылдауының  толық  жабылмауы  және  т.б.

         Шала  туған  нәрестелердің  ұзын  сүйектерінің  эпифизінде  сүйектену  ядросы  болмайды.  Шала  туған  нәрестелер  өлімінің  тікелей  себептеріне:  асфиксия, өкпе  ателектаздары,  гиалинды  мембраналар,  бас  ішіндегітууға  байланысты  жарақаттар,  пневмония,  туа  пайда  болған  кемістіктер,  жатыр  ішіндегідамыған  инфекциялар  және  т.б.  кіреді.

         Кейде  жетіліп туған  нәрестенің  массасы  қалыпты   көрсеткіштерден  төмен  болуы  мүмкін,  сол  үшін  шала  тууды  анықтауда  нәрестенің  массасын  ғана  есепке  алу  дұрыс  емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *