Ислам даму банкі

Ислам даму банкі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің негізгі кеңсесі Сауд Аравиясыңдағьі Джидде қаласында орналасқан.

Аймақгық кеңселері үшеу, олар — Рабат қаласында (Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия) және Алматы (Қазақстан) қалаларында. Баңктің құрылтайшы-лары Ислам конференциясының ұйымы (ИКҰ) мүшелері. Қазіргі кезде олардың саны 52. Банктің жарғы капиталы 6 млрд. ислам динары. Ол сома 800 мың акцияға бөлінген. Ислам динары (ИД) банк шотының есептесу бірлігі болып саналады, ал оның құны халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бір арнайы векселіне тең. Оған мүше мемлекеттердің банктің жарғылық капиталындағы үлестері төмендегідей: Сауд Аравиясы -16,6%, Ливия — 6,7%, Кувейт — 8,3%, ал Гамбия, Қырғыз, Мозамбик, Түрікменстан, Тәжікстан,
Қазақстан, Мальдив, Суринам, Джибути, Комор елдері біріккенде 0,4% құрайды.
Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат Шариғат негізіне сүйене отырып, ИКҰ-ға мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе ИКҰ-ға мүше болған экономикасы нашар Дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды қолдауға көбірек көңіл бөлу.
1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржылан-дырды, оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке бай-ланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды. Бүгінгі кезде халықаралық және аймақтық қаржы мекемелерімен бірле-сіп жобаларға берілген қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ дол-ларына жетті.
Шариғат негізіне сүйеніп, банк коммуналдық шаруашы-лыққа, жол құрылысына, көпір, үй, коммуникациялар т.б. жобаларға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мектеп салу, денсаулық сақгау объектілеріне, мәдениет, жалпы білім жүйесіне пайызсыз несиелер береді.
Банк өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын бірігіп игеру-дегі жобаларға қаржы бөлуге қатысады, тез арада пайда келтіретін жобаларға, лизинг және қарызды мерзімінен кейінірек қайтаруға мүмкіндік жасайды.
Банк өзіне мүше болған мемлекеттерге техникалық көмек, кеңес беру, жобалардың технико-экономикалық негізін жасау, сондай-ақ құрал-жабдық сатып алу үшін зерттеу жұ-мыстарын және жобаның атқару фазасы кезінде оқыту жұ-мыстарын жүргізеді.
Банк өз портфеліндегі 1 млрд. АҚШ доллары тұратын өтімді бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
Ислам даму банкіне Басқарма бастығы жетекшілік етеді. Басқарманы банкінің барлық мүшелері ұсынады. Басқарма-ның Төрағасы болып оның мүшелері кезек-кезек сайланады. Басқарма жыл қорытындысын жасауға және келесі жылға керек бағыттарды анықтауға жыл сайын жиналады. Банкіні ұйымдастыруды шұғыл басқару үшін 11 адамнан тұратын, атқарушы директорлардан құралған Басқарма құрылады. Оның 5 мүшесі тағайындалады, ал қалған 6-ы сайланады.
Жарғы капиталына ең көп үлес қосқан (Сауд Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан) мемлекет ішінен 5 ел бір атқару ди-ректорын тағайындайды, ал 6-ын қалған мемлекеттер сай-лайды.
Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк Президентін сайлайды. Сайланған Президент — атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың төрағасы, сонымен қатар, ол банктің әкімшілік аппратының да төрағасы болып есептеледі. Атқарушы директорлар кеңсені үш жыл басқарады, одан кейін жаңадан сайлауға түседі.
Ислам конференциясының ұйымына мүше болған кез келген мұсьшман елі, атқарушы директорлардың Басқар-масының шарттарын және мерзімін сақтай отырып банкке мүше бола алады.
Ресми банк тілі — араб тілі, ал қарым-қатынас үшін -ағылшын және француз тілдері болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *