Бұған дейін қалада ӨРВИ мен пневмонияға шалдыққан науқастар саны күрт өскен болатын. Екі апта бұрын жергілікті әкімдікке жеңіл атлетшілер манежін провизорлық стационар ретінде қайта жабдықтауға тура келді. Алғашқы бірнеше күнде күндізгі стационарда 500-ден 700 адамға дейін ем алған. Алайда, соңғы бес күн ішінде пациенттер саны күніне 25-ке дейін азайды. Яғни, күнделікті стационарға әр емханадан екі-үш адамнан ғана келіп отырған. «Қазіргі уақытта емханалар жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек орындардың ашылуына байланысты спорт кешенінде медициналық көмек көрсету қажеттілігі төмендеді. Сол себепті жеңіл атлетшілер манежіндегі күндізгі стационардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды», – делінген Шымкент әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1865210-symkentte-naukastar-sany-azajgan-kaladagy-kndizgi-stacionar-zabyldy.html