АЛЫСТАН КӨРГІШТІК

АЛЫСТАН КӨРГІШТІК, гиперметропия [грек. һуреr — жоғарғы, metron — өлшемді және ops — ор(os) — көз] — көзге түскен сәуленің дұрыс қиюласпай, тор қабықтан әрі өтіп кетуінен болатын кемістік. А. к. кемістігіне ұшыраған жағдайда, көзге түскен сәуле оның тор қабығынан асып кетіп, сыртқары барып түйіседі. Соның салдарынан адам алыстан да, жақыннан да нашар көреді. Алайда ондай адамдардың көпшілігі көз бұршағының дөңес жағын өзгерту (қ. Аккомодаттану) арқылы сәулені қиюластыру қабілетін үнемі күшейтіп, алыстан да, жақыннынан да анық көретін болады. Бірақ та мұндай жағдайда көзге үнемі күш түсетіндіктен адамның мандай тұсы, көзі қатты ауыратын болады. Сау адамның өзінде де жасы 40-тан асқаннан кейін көз бұршағы тығызданып аккомодаттану әлсірей бастайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *