АЛЫП ҚАЛҚАНІІІАЛЫЛАР (Gigantostraca) — буынаяқтылардың толығымен жойылып кеткен класы, палеозойда суда тіршілік еткен жыртқыштар. Олардың 200-ге жуық түрі болған, ұз. 1,8 м-ге жеткен. Қалдықтары Шотландияның ерте заманнан сақталған қызыл құмынан табылған. Денесі баскөкіректен және артына қарай жіңішкерген 12 сегментті ұзын құрсақтан құралған. Құрсағы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінген. Соңғы сегменті аналь қалқаншасына (тельсонға) айналып, тақта, тікенек немесе ине түріне өзгерген. Алдыңғы құрсағында жапырақ тәрізді, 4 жұп желбезек аяқтары болған. Баскөкірек бөлімі бірігіп, тұтас біткен қалқаншамен жабылған, оның жоғ. жағында қарапайым көзшелері, ал бүйірінде күрделі көздері және 6 жұп аяқтары (хелицералары, яғни 1-жұп аяқтары қысқаш тәрізді) жақсы дамыған.