Т.Г. ИНКАРБЕК
Халықаралық қатынастар факультеті Түркітану мамандығының 2 курс магистранты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті tolgan4ik@mail.ru
М.М. ҚОСЫБАЕВ
Халықаралық қатынастар факультеті Түркітану мамандығының PhD докторы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Астана/Қазақстан
Руханилық – еркін шығармашылық белсенділік арқылы, әлемге деген адамгершілік қатынас арқылы қалыптасады және сол құрылымдардың нәтижесінде дамиды, адам өмірінің мәніне айналады. Сондықтан, «руханилық – адамның түпкі мәндік негіздеріне сәйкес келетін дүниеге де- ген оң мағынадағы ыстық ықыласынан туындаған қатынастар жиынтығы» деген тұжырымға тоқтам жасауға болады. Ал, руханият болса одан әлде кең мағынадағы қатынастар жүйесі. Ол қоғамның рухани өмірінің көптеген қырын қамтиды. Руханилық адамның жан дүниесімен байланыста болса, оның дүниетанымы зерде, ақыл-ой саласымен, рационалдылықпен астасып жатады. Дүниетаным мен руханилықтың өзара байланысын іс- әрекеттер деңгейінің биігінен іздеу керектігін кейбір зерттеушілер атап көрсетуде [1, 129 б.]. Әрине, адам руханилығының парасаттанған формасы дүниетанымдық жүйе ретінде рауажданады. Басқа кейіптегі қатынастар дискретті кейіптегі түсініктерді байқатады. Өкінішке орай, көптеген зерттеушілер арасында руханият пен руханилықты өзіндік қасиеттерге жіктемей, оларды көбінесе толық сәйкестендіру, етенелестіру әдетке айнал- ғанын байқаймыз. Бұл кейбір теориялық және құндылықтық мағыналық жаңылысуларға, ауытқуларға алып баратынын байқаймыз.
Ал, енді кез келген қоғамдағы, тарихи кезеңдегі руханилықтың ең негізгі өлшемдерінің бірі– адамның жақсылыққа, адамгершілікке қара талпынысы екендігі анық. Сондықтан Қ. Әбішев жақсылықты адами құн- дылықтардың ең негізгісі деп есептейді [2, 256 б.]. Автор жақсылықты адамның сәйкестікпен үйлесімді дамуындағы, әлемнің сәйкестігін дамы- тудағы негізгі субстанциялардың қатарына жатқызады. Жақсылық жасай білу – адамды адам еткен іс-әрекеттердің бірі, ол руханилықтың құрылы- мын қалыптастырушы өнердің бірі. Ненің жамандық, ненің жақсылық екенін айыра білу – бұл адамның күнделікті тіршілігінде алдынан үнемі шығып отыратын мәселе. Ол адамның шығармашылық белсенділігін туындататын таңдау еркіндігіне жетелейді.
Ал кез келген мақсатқа қарай ұмтылыс адам үшін жақсылыққа қарай барар жол емес, бірақ ол жаңылысқа толы «тар жол, тайғақ кешу» жолы болса да Ақиқатқа қарай бағытталған жол болып табылады. Зерделі әлем үшін ешқандай қисынға сыймайтын әрекеттер адам үшін рухани қалыптасудың сатылары болып табылады. Әрине, ол пенденің тырысу, қоғамдағы деструктивті, девиантты әрекеттерін ақтап алу емес, тек оған адамзаттың мегатарихы тұрғысынан түсіндірме беруге тырысу, адам бол- мысындағы қайшылықты екі бастаудың өзара байланысын көрсету. Бір жағынан адамда табиғи инстинктерге негізделген өзімшілдік болса, екін- ші жағынан қамқоршылыққа, мәрттікке, жомарттыққа ұмтылатын адам жан дүниесінің жарқырауы бар. Ол махаббат түрінде көрініс береді.
Түркілердің өз тіліндегі алғашқы энциклопедиялық еңбектердің бірі Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу Білік» [3,48] болып табылады. Бұл еңбектің ерекше маңыздылығы автордың қоғамдағы мәселелердің барлығына моральдік баға бере алуымен, мейірімділікке, әділеттілікке, қайырымдылыққа шақыруында болып отыр. Ойшыл адамдардың әлеуметтік ортадағы іс- қимылдарының белгілі бір тәртіпке сәйкес келуге тиістілігін айтады. Міне, қоғамда осындай дүниетанымдық негіздердің, бағдарлардың белсенді құрылымы, терең мазмұны қалыптасқан жағдайда ғана әрбір азаматқа игілікті әсерін тигізетіндігін ғұлама тарихи шығармасында оқырманына барынша түсінікті етіп жеткізуге тырысқан. Ал, енді далалық менталитетке ұғынудың қандай түрі қолайлы болатынына тоқталатын болсақ, онда, әрине, екі басымдылық танытатын үрдісті, немесе принципті атап кетуге болады. Алдымен, шығарманың мәтіні өлең сөзбен жеткізіліп, поэтикалық қабылдаудың, қарым-қатынастың күші, сиқыры барынша қолданылуы тиіс. Екіншіден, кез келген мәтіннің өзегін рухани-адамгершілік мәселелерді дәріптейтін этикалық категориялар жетекші рөлді атқаруы тиіс. Міне, осы екі талаптың екеуіне де Жүсіп Баласағұнның тарихи мұрасы толық жауап бере алады. Сондықтан ол тарих сынағынан өткендіктен, адами күрделі мәселелердің көбісіне оңды жауап бергендіктен ғана қазіргі кезеңнің құндылықтар жүйесіне лайықты түрде қосылып отыр дей аламыз.
Адам бойындағы ақыл-парасатқа жүгіну, оның қоғамдағы сындарлы рөлін айқындау және әлемге оны паш ету әл-Фарабиден кейін қазақ даласында (кеңірек алғанда түркі елдерінде) кең қанат жая бастады. Мәселен, Жүсіп Баласағұнның шығармашылығында адамға қажетті құндылықтарды, руханилықты қоғамның ішінен, адамның болмысынан табуға болатындығы суреттеледі. Жүсіп Баласағұнның құндылықтар жүйесінде этикалық ұғымдар – Ақыл-ой, Әділдік, Бақыт және Теңдікке ерекше мән берілген. Бұл адам мен қоғамның үйлесімділігін жоғарыда аталған игіліктер атқарады деген пікірді, идеяны білдіреді. Бұл ойлардан біз Жүсіп Баласағұнның жалпы этикалық концепциясында әл-Фарабимен көп ұқсастықтар бар екенін байқаймыз. Олардың ортақ руханилыққа толы идеяларды басшылыққа алуы, ойшылдардың өзара үндесуі кездейсоқ жағдайға жатпайды.
Жүсіп Баласағұн академик, ірі зерттеуші А.Н.Кононовтың сипаттауынша: «…аса көрнекті ақын, білімді кісі, адам жанының білімпазы, философ, энциклопедист-ғалым, араб, парсы және түркі фольклорының бүкіл қыр-сырын меңгерген сөз зергері: ол астрономия мен математикадан, медицина мен … шахматтан және ұлттық спорт ойындарынан, аңшылық және құсбегіліктен хабары мол адам» [ 4, 23-28 ]. Әрине, осындай жан-жақты дамыған ойшылдың ұрпақтарға қалдырған мұрасында құндылықты ойлардың бары анық. Біріншіден – бұл «Құдатғу білік» атты қоғамдық-саяси, әлеуметтік бітімі қанық, ақиқаттық-этикалық, рухани, даналық ескерткіші. Екіншіден – дастандағы маңызы өлшеусіз тәрбиелік жүйе. Бұл «Құдатғу білікте» анық көрінетін дүние. Өзекті тақырыбынан да, алға ұстанған мұрат-мақсатынан да байқалады. Ол халыққа құтты өмір сыйлау, бақытты, әділетті қоғам құру. Осындай ізгілік мұраттарды жүрекке байсалды сұхбат, байыпты ой-өрнегімен ұлы ғұлама өзі өмір сүрген ортасына жеткізуді көздейді. Әлемге түркі тілінде бірінші танымал болған еңбекті мақтаныш етіп Жүсіптің замандастары да, кейіннен ғұламаның шығамашылығын қанық зерттеген белгілі ғалымдар да «Құдатғу білікке» жан–жақты ситтама берді. Тіпті автор өзі де «Құдатғу біліктің» құндылығын бағалай білді.
Жүсіп Баласағұн:
Әзіз кітап- бұл ұлылық негізі,
Біліктіге болғай білім теңізі!
Тыңдағанға — ұғынықты, қадірлі
Жазбас – ауыр, надандарға кәдімгі
Көз –қолыңды демеп жарық шашар да
Ісіңді оңдар сөзі екі жаһанда
Кітап құнын білсе – білер білікті,
Ақылсыздар нені сезіп, біліпті?! (15 -19)
«Құдатғу білік» дастанынына қарахандықтар, бүкіл шығыс елі берген бағасын дастандағы бәйіттерден көруге болады.
Шығыс елі:
Машын-Шынның хәкімдері жарысып;
Мадақтасты таң-тамаша қалысып,
Шығыс елі, күллі түркі ішінде,
Дүниеде – кітап жоқ бұл пішінде.
Бұғра хан тұсында бұл жасалған,
Құтті кітап – хан тілі деп аталған (20-25)
Жүсіп Баласағұнның кітабы әлемге әйгілі болып, кезінде көп аттарға ие болған. Бұл тарихи деректі «Құдатғу біліктің» бәйіттерінен байқауға болады:
Әр ұлыста, орда, сарай, шаһарда,
Жаңа атпен, кітап түрлі ат алған
Әр елдің бек, даналары алыпты,
Ел рәсіміне бейім жаңа ат тағыпты. (26-27)
«Әдәбүл Мүлік» деп атапты шыңлықтар
«Әнисул Мәлік» деп атапты машынлықтар
Мұны ұлықтар күллі Шығыс елінде,
«Зийнатул Умәра» деп таратқан тегінде
Ирандықтар «Шахнама» деп қараған,
Тұрандықтар «Құт білімі» санаған.
Ат қойғанмен бұрып әр ел тіліне,
Жақын күллі адамзаттың діліне (28-30)
Ұлы түркі ғұламаның еңбегі біздің заманымыздың, әсіресе ХХ ғасырдың ғалымдарының назарын аудартты. Г.Бамбери, В.Радлов, Р.Арат, К.Каримов, В.Томсен, т.б. «Бақыт әкелуші білім», «Бақыт сыйлайтын білім», «Адам бақытты ететін білім», «Бақыт ғылымы», «Бақытты ететін өнер». Ғалым Е.Н.Крымский украин тілінде «Блаженне знание» деп аударды. Белгілі ірі ғалым С.Е.Малов 1880-1957 жж. Кітап атаулының екі вариантын ұсынды: «Книга счастья и осчастливливающая управления». Өйткені оның пікірінше, «бил» деген ұғым екі мағынаны білдіреді
– «знать» и «управлять». Сондықтан «билиг» деген атау осы екі оймен қолданылған. Бірақ, кейіннен, С.Малов (өкінішке орай, А.Кононовтың айтуынша) дастанның орыс тіліндегі аудармасының дәстүрлі вариантымен келісіп, оны қабылдады [ 5, 496 ]. .
Сонымен Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» дастаны әлемдегі асыл қазыналардың қатарындағы түркі халықтарының өлмес мұраларының бірі. Арабтарға, үнділерге, парсыларға ықылым заманнан мәлім ақылман дастан шығыс әдебиетінде, шығыс өркениетінде ежелден белгілі ағым. Даналық дастаны «Құтты білік» 1069-1070 жылдары он сегіз айдың ішінде жазылған. Тұран шахнамасы атанған «Құдатғу білік», «Махабхарата», «Шахнама», «Златоуст», «Домострой», «Сиясатнаме», «Құпия шежіресі», т.б. сияқты әлемге әйгілі ұлы жазбалармен терезесі тең шығарма.
Түркілік дәуірдің руханилық сипатындағы дүниетанымын тарихи- философиялық талдаудан өткізу тек қана теориялық тұрғыда қазақстандық философиялық дәстүрге үлесін өзінің қосып қана қоймайды, ол соны мен қатар руханият қоймасында қордаланған дана сөздердің әлеуметтік саланы, қазіргі ұрпақты жетілдіруге, тұлғаның рухани даму жолына түсуге жөн сілтейтін қасиеттері бар екенін байқатады. Сондықтан даналыққа толы философиялық ойды тарихи-философиялық зерделеудің гуманитарлық кеңістік пен әлеуметтік практика үшін маңыздылығы зор.