АЛЫП КӨРТЫШҚАН

АЛЫП КӨРТЫШҚАН — кеміргіштер отрядының соқыртышқан тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда Бат. Қазақстан, Атырау, Ақтобе обл-тарының ылғалы мол құмдарында, терең сайлы беткейлері мен құрғап қалған өзен арналарында, жер астында тіршілік етеді. Дене пішіні ұршық тәрізді, мойны қысқа, басы жалпақ, ал көзі және құлақ қалқаны болмайды. Күрек тістері өте жақсы жетілген, ересегінің түсі сары, балаларының түсі ақ болады. Кәдімгі соқыр тышқаннан ерекшелігі — денесі ірі, жер бетіне шығаратын топырақ үйінділерінің көлемі үлкен (диам. 32 — 120 см, биікт. 10 — 50 см). Індері көп қабатты, 30 — 75 см тереңдікке жетеді, ұз. 540 м-ге барады. Ұяларын 90 — 300 см тереңдікте салады. Өсімдік тамырларымен және қияқпен қоректенеді. А. к-ның таралуы қияқтың аз-көптігіне байланысты болады. Қысқа азық (2 — 3 кг) жинайды. Картоп, сәбіз, қызылша түйнектерін сүйсіне жейді. Жылына 1 рет көктем-жазда, (сирек екінші мәрте күз айларында) балалайды (2 — 6-ға дейін). Денесінде бүргелер мен кенелер тіршілік етеді. Тіршілігі жан-жақты толық зерттелмеген, таралу ареалы шағын, Каспий өңіріндегі сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *