ТҮРКІ ТІЛДЕРІН ТАРИХИ ДӘУІРЛЕУ

Майра Абибуллаевна ЖУНИСОВА филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы/Қазақстан

Кіріспе. Дүниежүзілік тіл білімінде немесе әлемдік тіл білімінде түркі тілдерінің даму тарихында әрбір түркі тілдерінің тарихи дәуірлеу сипатын қайта қарауды ұсынамын.

Түркі тілдерінің дамуына әрбір тарихи кезеңдердің ішкі (жеке тіл білімі құрылымында) және сыртқы, яғни экстралингвистикалық (мәнбірлердің) факторлардың әсері тұрғысынан қайта қаралуы қажет. Ол үшін әрбір түркі тілінің даму, қалыптасу тарихына үңіліп, ондағы ең негізгі, яғни тілдің түркі негізіне өзгеріс әкелген мәселелерді жинақтау сол арқылы жер бетіндегі адамдардың 100 млн-ға жуық (1992ж. санақ бойынша) халықтың тілдік дамуын бір негізді тілін қайта жаңғыртуға болады, оған кедергі болатын әлеуметтік мәнбірлердің бірі экономика, шекара, жеке елдердің саясаты, өзіндік ерекшелігі. Тілдің өзі әлеуметтік құбылыс.

Дамудың жалпы теориясына тіл білімінің қосары мол болды, әсіресе ХІХ ғасырда лингвистикада тіл білімінің халық тарихымен қатар қаралуы мәселесі. Көптегн тілші1 ғалымдар қоғамның тілдің дамуына әсерін теріске шығармайды, дегенмен тілдік құрылымға сыртқы күштердің әсерінен өз-өзінен қозғалу заңдылқтарын туғызатын мүмкіндіктерді жібермейді.

«Жүйенің қысымы», «әлеуметтік қысым» жасау сияқты тілдік техниканың дамуы мүмкін еместігі компоративистиканың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы фонетикалық заңдылықтар, қазіргі диахрондық фонология және диахронды морфология мәселелерін әлемдік лингвистика тарихында жеке-жеке тіл тұрғысынан әңгіме етіліп, бұрын-соңды зерттеу нысаны болмаған.

Тілдік үдерістерге әлеуметтік қысым жасау деген халықтың қалауындағы сөз үлгісінің болашағына балта шабумен бірдей екені белгілі, сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалары сөзсіз. Ол тарихта талай рет қайталанып отырған үдеріс қатарында танылған жағдай. Тіпті қазіргі әлемдік деңгейдегі тілдердің дамуы үдерісінде жылына 200-ге жуық тілдер әлеуеттік қысымның әсерінен жойылып, не ірі әлеуметтік орта құрған тілдердің саясында жұтылып жоқ болып кетуіне орай жаһандану заманында түркі тілдерінің қайтадан бір негізге құрылып, қайта жаңғыртылуы қажеттігін туғызып отырғаны да белгілі.

Тілдің тарихын танып білуде тіл білімі жеке ғылым есебінде қарала отырып, әлемдік аренада жеке-жеке тіл білімдерінің тарихында дивергенция құбылысының жүзеге асуы нәтижесінде тарихи тіл білімін қайта қарастыру қажет-ақ, біздің ғылыми жұмысымыздың мақсаты да осы түркі тілдеріндегі дивергенция құбылысының қазіргі әлеуметтік ортада қалай іске асуын салыстыра қарау қажеттігінен туындайды.

«Социолема» тілдің әлеуметтік субстраты, тілдік ұжым, яғни тілдік ортаны, бір тілдің сөйлеу тіліндегі бір-біріне әсер етуі, сол арқылы екі тілдің не екі диалектінің өкілі бір қауымдастық құрып, өзара түсінісуіне, әсіресе, ғылымның дамуына ерекше жол ашылады. «Социум» сөзінің мәні ұжым болса, социолема сөйлеу ұжымы болып табылады.

Тілдің халық тархымен байланысы жөнінде әлеуметтік тіл білімінің атақты өкілдері (А.А.Будилович, А.А.Шахметов, Е.Д.Поливанов және т.б.) еңбектерінде айтылған болатын.

Тіл техникасында, тіл құрылымында (структурасында) дамитын қалыпты әлеуметтік жағдай тудырыушы, өз тілін дамытушы, реттеуші болып та табылады.

Социолема – қоғам мен тілдің дамуын қиылыстыратын тілдік дамудың бірлігі.

Социолема арқылы ғана тілдің дамуына «әлеуметтік қысым» жасалады. Оған қарсы тұратын тек қана тілдің ішкі заңдылықтары.

Өзара әлеуметтік қатынас – өзара ақпарат алмасу. Тілдік қарым-қатынассыз әлеуметтік қатынас іске аспайды. Қарым-қатынас жасау салалары, әлеуметтік қарым-қатынастың да көрінісі болады. Тұрмыстық, шаруашылық, өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени қарым-қатынастан бастап қана әлеуметтік қатынас туындайды.

Тілдің өзара әсері тек сөйлеу тілінің өзара әсері арқылы жүзеге асады. Сөйлеу жүйесінің кезкелген бөлігінен оның құрылымдық негізі көрінеді: мәселен, лексикалық, грамматикалық және фонологиялық деңгейінен (ярус, қабат).

Сөйлеу актісінің белгілі социумда іштей қалыптасады, ірі әлеуметтік ұжымдық білімге айналады. Социумға мобильділік қасиет тән. Ол аз уақыттың ішінде бірлесе де, тез бөлек-бөлек кете алады. Социум көлемі (сол ұжымдағы адам саны) міндеттерді орындау мен араласу арқылы іске асады. Микросоциум немесе макросоциум болуы мүмкін. Біздің симпозиум жағдайында екі не бірнеше ұлттың немесе мемлекеттің арасында бір тіл орнықса, ол макросоциум болады, ал енді мегасоциум – мәдени-тарихи аймақта немесе халықаралық аймақтағы экономикалық, саяси немесе әскери серіктестік (ООН, НАТО, «Ортақ нарықтық қатынастағы елдер»). Тіпті барлық түркі тілдерінің өкілдерінің бір тілде сөйлегеніндей, бір-бірін түсінуі де мегасоциум десе де болады деп ойлаймын.

Тілдердің әлемдік типологиялық жіктелісінде түркі тілдер семьясының алатын орны ерекше. Мәселен, түркі тілдері батыс ғұн, шығыс ғұн деп екі топқа бөлінсе, ары қарай тағы да бірлестіктер тіліне қарай ажыратылған.

Әлемдік лингвистикада тап күресі мен таптық идеология тілде белгілі дәрежеде өмір сүріп, өз әсерін қалдыратынын білеміз. Мысалы, атақты лингвист Поль Лафарг буржуазия тобының құрылуы және оның таптық идеологиясының жасалуы мен бірге француз сөйлеу тілі мен әдеби тілі нормаларының өзгеруін көрсетеді, төңкеріс дәуірі кезіндегі ауызекі және әдеби формасындағы француз тілінің тарихын үш түрлі жақтан, атап айтқанда. 1. Тап күресінің тілде көрінуі тұрғысынан;

Тілді осы күрестің құралы ретінде пайдалану тұрғысынан; 3. Тіл үшін күресте және тіл арқылы күресте әртүрлі таптық күштердің жіктеліп орналасуы, шоғырлануы тұрғысынан алып қарастырады.

Адамдар қарым-қатынасының әмбебап құралы ретінде белгі түгелдей дерлік қоғаммен, әлеумет пен қатынасты әлеуметтік болмыс. Олар қашанда тұлғалардың қарым-қатынасына бағышталған. Белгілі шығармашылық және ол шығармашылықтың мазмұны тікелей қарым-қатынастың, сұқбаттың негізінде жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, Түркі халықтарының симпозиумы сондай игі шығармашылыққа негіз болатын қарым-қатынас тудыратынына сенімдімін.

ғасыр тіл философиясында Германия ғалымы В.Дильтей «Рухани ғылымдарға кіріспе» (1883) деген еңбегінде адамның өзі гуманитарлық ілімдерде таным субьектісі болатынын, адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеяларын, яғни рухани әлемін білу қажет екенін ескерткен. Ұғыну, түсіну мәселесі түркі халықтарының тілдік үдерісінде үлкен мәселе болып отырғандықтан, ендігі жерде олардың өзара жиі-жиі қарым-қатынасынан тез арада түркі тілдерінің жаңа қатынас аймағы орнығып, ғылыми көзқарастары бір арнаға саяды деп ойлаймын. Осы рухани мәселелерді қамтуда тіл білімінің жас ғылыми салалары бір негізде дамиды деген пікірдемін.

Орал-Алтай тілдері – тіл білімінің орал (фин, угор, самоди) және алтай (түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур, жапон, корей) тобы тілдерінің шығу тегін зерттейтін саласы. Ф.Страленберг Орал-Алтай тілдерінің шығу тегі бір деген тұжырым ұсынып, бұл тіл білімінде “Орал – Алтай теориясы” деп аталды. ХVIII ғасырда пайда болған бұл теорияны қолдаушы ғалымдар (В.Шотт, Ф.Видеман, М.А. Кастрен, О.Бетлингк, Г.Винклер, В.Томсен, М.Рясянен, Д.Фокош – Фукус, Дж.Киекбаев, Б.Базылхан, т.б.) Орал-Алтай тілдерінің кейбір фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ұқсастықтарын ескере отырып, бұл тілдердің шығу тегі бір деп тұжырымдап, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс топтарына бөледі. Орал-Алтай тілдерінің теориясына қарсы ғалымдар (В.Котвич, Дж.Клоусон, А.М. Щербак, т.б.) бұл топ тілдерінде кездесетін түбір сөздердің ұқсастығын, кейбір грамматикалық
тұлғалардың сәйкестігін осы тілдердің ұзақ уақыт өзара тарихи қарым-қатынаста болуының нәтижесі деп есептейді. Орал-Алтай тілдерінің туыстық ортақтығын қолдайтын ғалым Б.Базылханның
пікірінше, бұл тілдерде әуелі жалпылық ортақ элемент қалыптасты да, эволюциялық даму барысында жекелік элементтер (дыбыстар, сөздер, морфологиялық, синтаксистік өзгеше тұлғалар) пайда
болды. Орал-Алтай тілдері эволюциялық дамудың “ым тіл дәуірін”, “келте сөз дәуірін”, “күрделі сөз дәуірін” бастан кешіріп, қазіргі дербес тілдер деңгейіне жетті. “Ым тіл дәуірінің” басты сипаты бұл
тілде сөйлескен адамдардың өзара қарым-қатынасында қазіргі бір, екі буынды түбір сөздердің, яғни алғашқы сөздік қордың болмауымен айқындалады. Дыбыстау арқылы, оған бас изеу, қол бұлғау
секілді дене қозғалысын сәйкестендіру негізінде түсініскен. 140-тай деп көрсетеді ғалым. Бұл екі түрлі тіл дыбысы Орал-Алтай тілдерінде қазірге дейін сөз басында сақталған, оларды “түбір морфема” деп атап, Орал-Алтай тілдерінің “алғашқы ортақ түбір элементі” деуге болады. “Келте сөз дәуірінде” бір, екі буынды түбір сөздер туындап, алғашқы сөздік қор жасалды. Мұндай сөздер жұрнақ-жалғаусыз, келте сөйлем түрінде қолданылды. “Күрделі сөз дәуірі” – Орал-Алтай тілдерінің дербес тілдерге толық жіктеліп, “бір-бірінен алыстаған дәуір” ретінде тұжырымдалады. Орал-Алтай тілдерінің туыстығы әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Тіл ғылымында Орал-Алтай тіл бірлестігіне қарсы пікірлер де бар.

Осы күнгі түркі тілдерінің тарихын өте ертеден басталған деп жүрміз. Бірақ ертерек кездерде, біздің жыл санау дәуірімізден әлденеше ғасыр бұрын өмір сүрген тайпалар одақтары туралы, олардың құрамы хақында бізге келіп жеткен тарихи мәліметтер өте аз. Мысалы, біздің заманымызға дейінгі VІІ-ІV ғасырларда жасаған сақтар Орта Азия мен қазіргі Қазақстан даласын жайлаған. Бірақ сол сақ тайпаларының тілі жайында біздің білетініміз мардымсыз.

Тек қана «бізге жеткен жалқы есімдерді, грек, қытай тарихшылары қалдырған кейбір тайпа аттары мен жер аттарын талдау» арқылы «Қазақстан территориясын мекендеген сақ тайпаларының солтүстік тобы түркі тілдес болған да, оңтүстік тобы иран тілдес болған» деп есептеуге болады. «Оңтүстік топқа» жататын сақтар ол кезде Қаратау мен Арал теңізінің аралығын, Яксарт (Сырдария) өзенінің көбінесе төменгі ағысын мекендеген.

Сақтардың кейін жасаған ірі тайпалық одақтарының бірі – үйсіндер мен қаңлылар. Үйсін тайпаларының одағы Балқаштан Ыстықкөлге дейін, Таластан Шуға дейін, қазіргі Жетісу өлкесін жайлаған да, қаңлылар тайпаларының одағы Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласында болған. Бұлар түркі тілінде сөйлеген.

Түркі тілдерінің жалпы даму кезеңдерін Н.А.Баскаков өзінің университеттер үшін арнайы жазған оқулық кітабында (1962 ж.,1970 ж.қайта басылып шыққан) алты дәуірге бөледі: 1) Алтай дәуірі; 2) Хун дәуірі (б.з.д. V ғасырына дейін); 3) Түркі тілдерінің көне дәуірі (V-Хғ.); 4) Түркі халықтарының орта дәуірі (Х-ХVғ.); 5) Түркі тілдерінің жаңа дәуірі (ХV-ХХғ.); 6) Түркі тілдерінің соңғы дәуірі. Бұл айтылған дәуірлерге қатысты қысқаша мыналарды айтуға болады.

Алтай дәуірі туралы ғылымда жөнді мәлімет жоқ. Ол дәуірдің қашан басталып, қай кезде аяқталғаны әзірге белгісіз. Бірен-саран жорамалдарға қарағанда, орал-алтай тілдері деп аталып жүрген тілдер тобы міне осы кезде орал тілдері (фин-угор, самодий тілдері) мен алтай тілдеріне бөлінген тәрізді. Кейбір зерттеушілер мысалы, Н.А.Баскаков бұл кезеңді алтай тілдерінің өзі де, түркі-монғол тілдері мен тунгус-маньчжур тілдері болып, өзара екіге жарылып, бөліне бастаған дәуір еді деп таниды.

«Орал-алтай тілдері» туралы теорияның о баста негізін салушы – ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Ф.Страленберг. Оның жолын қуушы ХІХ ғасырдың зерттеушілері – В.Шотт, М.Кастрен, О.Бетлинг, В.Томсен, И.Гомбоц, Г.Винклег, О.Доннер, В.Прело болды. Алтай тілдерінің өзара туыстас тілдер екендігін теріске шығаратын, яғни Ф.Страленберг теориясына қарсы келетін зерттеушілер де бар. Олар – Дж.Клоусон, А.М.Щербак т.б. Венгер ғалымдары Ю.Немет угор тілдері мен түркі тілдері өзара туыс тілдер болу керек деп қараса, Л.Лигети алтай тілдерін тұтас алып, олардың туыс тілдер екендігін дәлелдеу керек деп есептейді. А.Кононов, Н.Баскаков, Г.Санжеев, Е.Убрятова сияқты совет мамандары алтай тілдерінің туысқандық қатынасы жайындағы теорияның негізін қалаушы – Р.Рамстед. Ол алтай тілдерін угор-фин тілдері ғана емес, үндіеуропа тілдерімен де тарихи байланысты деп қарайды. Бұл пікір угро-фин тілдері үндіеуропа тілдерімен бір тектес деп қарайтын Виклунд, Андерсен, Мункачи, Педерсен, Коллендер, Итконен тәрізді зерттеушілердің ойына дәл келеді. Орал-алтай тілдерінің туысқандығы туралы мәселе осындай толғаныстар үстінде. Башқұртт мемлекеттік университетінде оқылып жүрген «Орал-алтай тілі біліміне кіріспе» деп аталатын курстың бағдарламасында да бұл мәселе осылайша баяндалады.

3.Хун дәуірі біздің жыл санауымызға дейін ІІІ ғасырдан бастап, б.з. V ғасырға дейінгі уақытты қамтиды. Ол кезде Хун империясы Орталық Азиядан Шығыс Еуропаға дейін созылған кең атрапты түгел алып жатқан да, ондағы түркі, монғол, тунгус, маньчжур тайпаларын өзара біріктіріп, бірге билеген. Б.з. басында (І ғасырда) Хун одағы екі топқа жарылып, бірі Шығыс Хун мемлекетінің батыс жақ шекарасы Сыр бойына дейін жеткен. Екі топтың екеуінде де түркі тайпалары билеп отырған бірнеше тайпалық одақтар болған. Демек олар түркіше сөйлеген.

Түркі тілінің дамуындағы алтай дәуірі мерзімді жағынан әлі анықталмаған, ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан мәселелердің бірі дедік. Осындай туыстық белгілертүркі-моңғол тілдерінің арасында да бар джәне олар фонетика жүйесінде де, лексика мен грамматика құрамында да кездесетіндігін ескерекеліп, бір топ ғалымдар түркі тілдері өз алдына бөлініп шыққанға дейін алтай тілдері семьясынан: 1) түркі-моңғол тілдері, 2) тұңғыс-манчжур тілдері, 3) жапон-корей тілдері бөлініп шықты деген гипотезаны ортаға салады. Ал Х.Винклер, С.М.Широкогоров, Б.Коллиндер, М.Рясянен, Д.Шинор, А.Дильачар сияқты ғалымдар тіпті алтай тіл бірлестігінен де арыға барып, орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады.

Бұл жоба бойынша: бір кездерде, хронологиялық мерзімі анықталмаған дәуірде орал тілдері мен алтай тілдері генеологиялық жағынан туыстас болған.

Алтай тілі теориясын қолдаушылардың барлығын да бір ізді пікірде деуге болмайды. Бір топ алтаистер (Б.Я.Владимирцев, Е.Д.Поливанов, Н.Н.Поппе, Г.И.Рамстедт т.б.) алтай тілдерін тегі бір туыс тілдер деп санаса, екінші бір топ алтаистер (В.Л.Котвич, Л.Лигети, Дж.Клоусен т.б.) алтай тілдеріндегі ұқсастық типологиялық ұқсастық деп санайды. Кеңес тілшілерінің ішінен алтай теориясына өз үлестерін қосып, түрліше пікір айтып келе жатқан кеңес ғалымдары: Н.А.Баскаков, Г.Д.Санжеев, Дж.Киекбаев, Ш.Ш.Сарыбаев, В.И.Цинциус, О.П.Суник, К.А.Новикова, И.В.Кормушин, Д.М.Насилов т.б. КСРО – да бұл теорияға байланысты Н.А.Баскаков, Дж.Киекбаев т.б. еңбектерінен басқа 4 арнаулы жинақ жарық көрді. [Проблема общности алтайских языков. Л., 1971; Очерки сравнительной лексикологии алтайских языков. Л., 1972; Очерки сравнительной морфологии алтайских языков. Л., 1978; Исследования в области этимологии алтайских языков. Л., 1979].

Сонымен алтай тілдерінің туыстығы туралы пікірді жинақтап, екі топқа бөлуге болады. Бір топ ғалымдар Г.И.Рамстедттің пікіріне қосылып, алтай снмьясына енетін тілдердің (түркі-моңғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон) генеологиялық туыстығын мойындайды. Олар (В.Владимирцев, Е.Д.Поливанов, Н.Н.Поппе, Н.А.Баскаков, О.П.Суник, І.Кеңесбаев, Ш.Ш.Сарыбаев т.б.) алтай тілдері бір негізден тараған, сондықтан да ортақ негізді мойындайды олар мүмкіндік береді десе, екінші бір топ ғалымдар В.А.Котвичтің пікіріне сүйеніп, о баста өзара көрші орналасқан тілдер генологиялық жағынан туыстығы болмаса да, талай ғасыр бойы араласу негізінде жаңа қасиетке ие болған дейді. Сондықтан да олар (Л.Лигети, Г.Д.Санжеев, Т.А.Бертагаев т.б.) алтай тілдеріндегі ұқсастық генеологиялық негізде емес, кірме материалдар негізінде қалыптасқан деп тұжырадайды. Хун дәуірі алтай дәуірімен ұштасып, байланысып жатады да, біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғ. біздің V ғ. аралығын қамтиды. Егер алтай дәуіріндегі тайпалар туралы бізде ешқандай тарихи мәлімет, жазба деректер бар. Мәселен, б.э.д. дәуір мен б.э.б. Орталық Азия мен Оңтүстік Сібір өлкелерінде жасаған түркі, моңғол және тұңғыс-манчжур тайпаларының басын біріктіріп тұрған Хунну империясы болған.[Гумилев А.Н. Хунну. М., 160; Древние тюрки. М., 1967; Поиски вымышленного царства. М., 1970; Хунны в Китае. М., 1974].

Хундар туралы алғашқы және біршама толық мәлімет б.э.б. ІІ ғасырда өмір сүрген Сам Цянның «Тарихи ескерткіш» кітабында [1].

Э.Р.Тенишев Алтай тілдері. Г.И.Рамстедт көне алтай тілі б.з.б. ІІ ғ. күйреді. Алтай ата тілдік бірлігінің жойылуы В.Котвичтің дәлеледеуінше, б.ж.с.б. І ғ. басына келіп тіреледі. Л.Лигетидің айтуынша, алтай ата тілінің б.ж.с.д. ІІ-ІІІ ғ. В.М.Иллич-Свитичтің ойынша, алтай бірлестігі ностратикалық макросемьяларға кіретін басқа бес тілдік бірлестіктерден ертеректе құлаған.
Қазіргі зерттеулер нәтижесі ата тілінің құлауын б.ж.с.д. Х ғ. телиді (О.П.Суник), б.ж.с.д. ҮІІІ ғ. тән дейді (С.А.Старостин).

Көне түркі дәуірі (V-Хғ.). Түркі тайпаларының арасында феодалдық қатынастар б.з. VІ ғасырынан бастап қалыптаса бастайды. Олардың ерте феодалдық мемлекет түріндегі үлкен бірлестігі

– Түрік қағанаты VІ ғасырдың орта кезінде құрылған. Ол қазіргі Алтай мен Монғолияның ұлан байтақ атрабын түгел қамтиды. VІ ғасырдың аяғында құрылған Батыс Түрік қағанаты Жетісу жерін билейді де, оның құрамына жоғарыда көрсетілген үйсіндер мен қаңлылар, қарлұқтар мен түргештер, чығылдар меняғмалар кіреді. Көшпелі тайпалардың бір шеті Тарбағатай тауларын мекендесе, енді бір шеті Сырдария бойында отырған. Шығыс Түрік қағандығының орталығы – қазіргі Монғолия жері, дәлірек айтқанда, Орхон өзенінің бойы. VІІ ғасырдың ортасында ол Қытай империясының ықпалына түскен. Батыс Түрік қағандығының шығыс жақ аймағы да кейінірек Қытай империясына қарап алған, ал батыс жақ бөлігі араб жаулаушыларына бағынып кеткен.

Шырғалаң заман үстінде түркі тайпаларының тараған жері кеңейіп, сан жағынан арта берген: Шығыс Түркістан өлкесінен Қарақұм төңірегінде дейін барған, Монғолиядан Жетісу асып Балх пен Индияға дейін жеткен. Ұйғырлар мен қырғыздар билікке таласып, оғыздар мен қыпшақтар тарих сахынасының алдыңғы шебіне шыққан.

Ол кездегі түріктердің тілін қолданылу барысына қарай әдетте тіл мамандары үш кезеңге бөліп қарайды:
а) тукю тілі қолданылған дәуір (V-VІІІғ.);

ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір (VІІІ-ІVғ.);
б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір (ІХ-Х ғ.).

Осы кезеңдер ішінде орхон-енисей жазу ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған. Осы күнгі көптеген өлі тілдер (оғыз, қыпшақ, көне ұйғыр т.б.) міне, сол уақыттарда өмір сүрген.

Түркі тілдерінің орта дәуірі (Х- ХVғ.) – осы күнге дейін өмір сүріп келе жатқан түркі тілдерінің басым көпшілігі өзінше тұлғаланып, қалыптаса бастаған дәуір. А.Н.Самойловичтің сөзімен айтқанда, бұл кездегі Орта Азиялық мұсылман түріктерінің барлығына бірдей ортақ болып келетін жалғыз арналы және жаппай қолданылатын бір ғана әдеби тіл өмір сүрген. Ол әдеби тіл өз басынан үш түрлі кезең өткізген:

а) Қараханидтер династиясына бағынып тұрған түріктердің әдеби тілі (орталығы — Қашқар қаласы, ІХ-ХІІ ғ.);

ә) Оғыз-қыпшақ тайпаларының тілінде қолданылған әдеби тіл (орталығы – Сырдарияның төменгі ағысы мен Хорезм өлкесі, ХІІ-ХІV ғ.);

б) Шағатай ұлысындағы тұратын түріктердің әдеби тілі (орталығыҚұлжа қаласы, ХV-ХVІ). Қараханидтер династиясының орталық өңірінде өмір сүрген түріктердің тілі ұйғыр-қарлұқ тайпаларының тілі негізінде дамыған да, оғыз тілдерінің азын-аулақ әсеріне ұшыраған. Оғыз-қыпшақ тайпаларының тілінде аралас отырған оғыз-қыпшақ рулары мен тайпалары сөйлеген. Олар Сырдарияның төменгі ағысынан бастап Алтын Орда арқылы Кіші Азия мен Мысыр еліне дейінгі кең алқапты қамтыған.

Алтын Орда мен Мысыр мамлюктерінің тілінде жазылған шығармалар туралы өз алдына жекелей әңгіме болады да кіші Азия жерінде туған нұсқалар жайында, әдетте жартымды ештеңе айтыла қоймайды. Кіші Азияда ХІV ғасырда осы өлкені мекендеген түріктердің әдеби тілінде көптеген көркем әдебиет туындылары дүниеге келген. Мысалға: «Мантық атты айыр» (Аттар еңбегінің Гүлшехри аударған нұсқасы), Ахмеди ақынның өлеңдер жинағы (8 мың бәйіт), «Искандернама» (тарихи-эпикалық поэма), «Жам шид-у Хуршид» (лирикалық дастан), «Асрарнама» (Аттардың осы аттас лирикалық дастанының аудармасы) т.б. айтса да болады. Осылар тектес еңбектердің барлығы да қазіргі оғыз тілдерінің тарихи желісіне байланысты зерттелуге тиіс те, қазіргі қазақ тілі мен басқа қыпшақ тілдері үшін ең алдымен көне қыпшақ тілінде жазылған нұсқалар мен Орта Азия түріктерінің тілінде жарық көрген еңбектерге баса назар аударған жөн. Осыдан да шығар, Кіші Азия топырағында туған шығармалар көбінесе қазақ тіл білімінде осы күнге дейін беймәлім болып жүр. Шағатай ұлысын мекендеген түріктердің тілін А.Н.Самойлович «шағатай тілі» деп атайды да, А.Науаи бастаған ақын-жазушылардың шығармалары дәл осы тілде жазылған деп таниды. Ал осы күнгі өзбек тілі мен өзбек әдебиеті тарихының мәселелерін зерттеуші мамандардың біразы «шағатай тілі» деудің орнына «ескі өзбек тілі» деген атау қолданып жүр. Сөйтіп, жоғарыда көрсетілгендей үш топқа жататын, үш түрлі кезеңде, үш түрлі аймақта жасалған үш түрлі әдеби тілдің барлығын да бұл авторлар бір ғана «ескі өзбек тілі» деген атаудың аясына сыйғызғысы келеді. Біз, әрине сөз жоқ, А.Н.Самойловичтің пікірін қолдауға тиістісіміз (осы еңбектің «Шағатай тілі» деген арнаулы бөлімін қараңыз).

Х-ХV ғ. мынадай тайпалық тілдердің топтары пайда болған:1) қыпшақ тілдері; 2) оғыз тілдері;
Қарлуқ тілдері; 4) Қырғыз-қыпшақ тілдері; 5) хақас, якут, тува, алтай т.б. тілдердің топтары.

Түркі тілдері дамуының жаңа дәуірінде қазіргі түркі тілдері халықтық тіл болып қалыптасқан. Олар мыналар: татар, башқұрт, қазақ, ноғай, қарақалпақ, қарайым, құмық, қарачай, балқар, қырым татарларының тілі, түркімен, гагауыз, балқан түріктерінің тілі, азербайжан, түрік, өзбек, ұйғыр, тува, қарағас, якут, хақас, шор, камасин, кюэрик, сары ұйғыр, алтай т.б.

Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірде бұл тілдер түгелдей дерлік ұлттық әдеби тіл болып қалыптасты. Олар социалистік ұлт тілдері есебінде тез дамып, жан-жақты жетіле түсуде. Түрік тілдерінің көне дәуіріне жататын ескерткіштер сонымен, үлкен екі топқа бөлінеді.

Көне түркі немесе ежелгі ескі түркі тілінде жазылған нұсқалар.

Орта түркі немесе ескі түркі тілінде жазылған нұсқалар. Көне түркі тілінің жазба нұсқалары деп біз орхон-енисей ескерткіштерін айтамыз.

Орта түркі тілінің ескерткіштерін өз ішінен мынадай төрт топқа бөліп қараймыз:
Қараханид түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштер;
Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштер;
Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер;
Шағатай тілінде жазылған ескерткіштер.
Орта түркі дәуірінің тіл ескерткіштерін дәл осылай төрт топқа бөлу әр топқа жататын
ескерткіштердің жазылған орны мен қолданылған ортасына, сол ескерткіштер

тілінде сөйлеген түркі тайпаларының әлеуметтік рөлі мен сол ру тайпалардың аттарына байланысты.
Ол туралы төменде, қысқаша болса да, жеке-жеке тоқталып өтеміз.

Шамамен айтқанда, V-ХVғасырларда өмір сүрген түркі тілдері Х-ХV ғасырларда халық тілдерінің негізгі ұйытқысын түзіп, жеке-жеке тіл болып қалыптасқан.

ХV-ХVІІ ғ. жаңа түркі тілдері белгілі бір ұлт тілдерінің дәрежесіне көтеріліп, әдеби тілдің негізін қалаған да, ол ХVІІІ-ХІХ ғ.түбегейлі түрде қалыптасып, өз дамуының жоғарғы сатысына көтерілген. ХІХ-ХХ ғ. – көптеген түркі тілдерінің жаңа сапалы әдеби тіл ретінде қызмет атқарған дәуірі. Қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, татар, башқұрт т.б. тілдерінің тарихи тағдыры осы тәріздес.

Көптеген түркі тілдері мен жаңа түркі тілдерінің өзара тарихи байланысы мен туысқандық қарым-қатынасы, өзара жіктелуі жөнінде жазылған әдебиеттер өте мол. Солардың ішінен М.Қашқари, Н.Ильминский, А.Ремюза, А.Мюллер, Н.Аристов, Н.Катанов, Ф.Корш,А.Самойлович, П.Иванов, А.Е.Крымский, В.А. Богородицкий, И.Бенцинг, И.Батманов, С.Малов,Н.Баскаков, М.Рясенен, Ф.Зейналов, К.Сартбаев т.б. жасаған түркі тілдерінің өзара жіктелу кестесін арнап атап өткен жөн. Ол әдебиеттерді пайдалану көпшілік оқушылар үшін оншалықты қиындыққа түспейтін болғандықтан, біз арнайы тоқталып жатпадық. Жоғарыда көрсетілген «Түрік филологиясының негіздері» деген еңбекте көне түркі тілдері мен жаңа түркі тілдерін өзара топтастыру мәселесі осыған дейін жүргізілген зерттеу жұмыстардың бәрін де есепке алып жасалған. Бұның өзі түркі тілдерінің ең соңғысы классификациясы болғандықтан, біз оны оқушылардың назарына ұсынуды лайық көрдік:
1.Ескі түркі тілі (орхон-енисей жазу ескерткіштерінің тілі)
2.Орта түркі тілдері.

Батыс түріктерінің тілі – 1) «Кодекс куманикус» тілі; 2) қыпшақ тілі: а) мамлюк қыпшақтарының тілі; ә) армян қыпшақтарының тілі.

Шығыс түріктерінің тілі – 1) Қараханид түріктерінің тілі (осыған қосымша Жетісу жерінен табылған эпиграфиялық ескерткіштер тілі де келтіріледі); 2)Хорезм түріктерінің тілі; 3) шағатай тілі.

3.Жаңа түркі тілдері. Оңтүстік түркі тілдері – 1) ескі осман тілі; 2) жаңа осман тілі және қазіргі түрік тілі; 3) осман тілінің диалектілері: а) анатоли және рум диалектісі; ә)гагауыз диалектісі; б) қырым османдарының диалектісі; 4)азербайжан тілі; 5) түркімен тілі. Батыс түркі тілдері – 1) каспий группасы: а) жаңа куман тілдері; ә) қырым татарларының тілі; б) құмық тілі; 2) орал группасы: а) Қазан татарлары мен Батыс Сібір өлкесіндегі татарлардың тілі; ә) башқұрт тілі. Орталық түркі тілдері

– арал-каспий группасы: а) қазақ тілі; ә) қарақалпақ тілі; б) ноғай тілі; в) өзбек тілінің қыпшақ диалектісі; г) қырғыз тілі. Шығыс түркі тілдері – 1) өзбек тілі; 2) жаңа ұйғыр тілі; 3) сары ұйғырлар мен салар тілі. Терістік түркі тілдері – 1) алтай тілі; 2) абақан, чулум, шор тілдері: а) абақан тілі; ә) чулум татарларының тілі; б) шор тілі; 3)сойон және қарағас тілдері; 4) якут тілі (долған тілі де осы топқа кіреді). Бұлғар тілдері – 1) ғұндар тілі, Дунай бұлғарларының тілі, Еділ бұлғарларының тілі; 2) чуваш тілі.

Бұл арада ескерте кететін бір жәйт – бұл келтірілген классификация мен осы кітаптағы түркі тілдерін жіктеу айырмашылық жоқ та емес. Мысалы, «Орта түркі тілдері» дегенді біз «Орта ғасыр ескерткіштері», «Батыс түркі тілі» дегенді «Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер», «Хорезм түріктерінің тілі» дегенді «Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштер» деп алдық. Мұның өзінше себептері бар. Ол жайында аталған тарауларда арнайы түсінік бар[1].

Ф.С.Хакимзянов Бұлғар тілі. Бұлғар тілінің тарихы 3-ке бөлінеді: Бастапқысы ата түркімен тұтас келеді V-VІІ ғ. бұл дәуір бұлғар рулық одағының құрылуымен, ал ол ұлы Бұлғардың құлауына шейін созылады, тапалық тілдер болмысындағы алғашқы дәуір. VІІ-ІХ ғ. аяғы Дунай, Кубан, Еділ (Вольга) бұлғарларының өмір сүруі; басқа тілдердің әсеріне қатты ұшыраған тілдер;

ІХ –ХІV ғ. тарих аренасында Еділ бұлғарлары қалған; күрделі тілдік жағдаят байқалады, әсіресе функциональді-стильдік қызметте формалармен байланысты қолданыста [2].
Э.Р.Тенишев Ғұндар тілі. Атау гректің (Птолемей, ІІ ғ.) латынша Гунни//Хунни, орысша:

Хунну//Гунны т.б.
Моңғолия мен Қара теңіз аралығында (б.ж.с.д. І ғ.-Vғ. аралығы) [3].

Л.Ю.Тугушева Көне ұйғыр тілі. Көне ұйғыр әдеби тілін көне түркі мемелекеттінің Орхон өзені бойында мекендеген дәуірімен (Моңғолия жерінде) VІ ғ. пайда болған деушілер бар.

Ұйғыр қағанатының дүниеге келуімен байланысты (VІІІ ғ.) көне ұйғыр тілі даму дәуірінің екінші кезеңі басталады. Бұл дәуірге тән ұйғыр руникалық жазбасы Шинесу және Суджи (Моңғолия), VІІІ-ІХ ғ. ұйғырлардың бұл кезеңге шейін әдеби тілі болғанынан мәлімет береді, өйткені нормаланған болып келеді.

Орхон өзенінің бойынан табылған жазба ескерткіштермен салыстырғанда шығыс тобына жататын көне түркі тілдерімен бірдей болып табылады. ІХ ғ. ортасында ұйғыр тайпаларының бір бөлігі Шығыс Түркістанға көшкенше және Кочо книяздігі Бешбалықты орталық еткенде, көне ұйғыр тілі соңғы үшінші дәуірі болады. Кочо мемлекетінің құлағанынша ХІІІ ғ. дейін өмір сүрді [4].

Г.А.Абдурахманова Қараханид-ұйғыр тілі. Қараханид-ұйғыр тілі ескі түркі тілі болып саналады; оның дәуірленуі түркі тілдерінің дәуірленуімен қатар жүреді:

көне түркі тілі – V-Х ғ., ескі түркі тілі — ХІ-ХІІІ ғ., ескі өзбек, ескі қазақ, ескі ұйғыр, ескі қырғыз, ескі түркімен, ескі қарақалпақ тілдері – ХІV-ХІХ ғ. жаңа өзбек (т.б. Орта Азия тілдері) – ХІХ ғ. ІІ жартысынан басталады [5].

Э.Н.Наджип, Г.Ф.Благова Мәмлүк-қыпшақ тілі. ХІІІ ғ. ІІ жартысынан (мәмлүк-қыпшақ билігінің келуімен, айюбидтер династиясының келуімен аяқталған). Мысырда қыпшақ жазба тілі қалыптасып, оның үлгісі Тарджуман –глоссарийде т.б. граммтикалық мәліметтерде сақталған. ХІVғ. мәмлүк-қыпшақ тілі поэзиясы Сейф Сараидің Гүлстанында, ал прозасы парсы тіліне аудармасында көрініс тапқан. Мәмлүк-қыпшақ сөйлеу тілі араб-қыпшақ (ХІV ғ.) сөздігі Ад-дурра ал-мудиа фил лугат ат туркиа да, ХV ғ. терминденуідің басы болып табылады. Шағатай тіліне мәмлүк-қыпшақ элементтері енген. Бұл дәуірдің тілі арабтың әскери іс жөніндегі трактовкасында Ал-манхалас-сафи және Мунижат-ул дуғат та жарқырап көрінеді [6].

И.В.Кормушин Орхон-Енисей жазба тілі. Орхон-Енисей жазба тілі өзінің даму (фиксациясында) VІІ-VІІІ-Х-ХІ ғ. Орхон-енисей ешқандай өзгермеген, ескерткіштердің өзін үшке бөлушілік бар: көне дәуір VІІІ ғ. дейін, ІІ-VІІІ ғ. орта дәуір, соңғы дәуір ІХ ғ. ортасы [7].

В.Г.Гузев Ескі анатолий-түркі тілі. Тарихын дәуірлеу (Г.Дерфер бойынша): VІІІ ғ. ортасы-
Арал теңізі бойында оғыз мемелекетінің пайда болуы; оғыз тілдері түркі тілдерінің бір тобы болып
қалыптасады. Хғ.- Селжүк ислам дінін қабылдайды, Сырдарияның төменгі ағысында мемлекет
негіздейді; селжүктердің шарпысуы басталады (олардың ұрпақтары: хора-сан түркілері;
әзербайжандар, түріктер) қалған оғыздардан (олардың ұрпақтары: түркімендер). ХІ ғ. – селжүктер
Хорасанға орнығады

соның нәтижесінде қазірге шейін олардың тілінің басқа оғыз тілдерінен айырып тұратын өзгешелік сақталған. Манцикерттегі (1071 ж.) жеңіс – Анатолияны жаулап алудың басы және батыс селжүктердің (әзербайжандар, Кіші Азия түркілері) шығыс селжүктерден (Хорасан түркілері) бөлінуі. ХІІІ ғ. І жартысы – ескі осман әдебиетінің басы (ескі анат. Түркі тілінің әдебиеті) [8].

Э.Н.Наджип, Г.Ф.Благова Түрки тілі. Орта Азиялық түркилер тілі шағатай тілінің кейінгі
түрлерінің үшке бөлінеді:
Орта Азия түркілері;
Еділ бойы түркілері;
Солтүстік Кавказ түркі тілі

1.Алтын Орда түркилерінің дамуына әсер етті. Түрки тілі шағатай тілін дәуірлеуімен тұспа-тұс алынуға тиіс, өйткені ХVІІ ғ. – ХVІІІ ғ. аяғында өмір сүрген. Батыс оғыздары Абу-л Ғазының шежіресінде (Шежіре и түрки); түркидің шағатай тіліне қарсы тұрғаны туралы мәліметтер де бар.

ХVІІІ ғ. аяғы-ХХ ғ. басында – жаңа әдеби орталықтар пайда болды. Орта Азия түркилерінің әдеби жанрының дамуына диалектілік ерекшеліктердің күшейе түсуі. Әкімшілік- іс-қағаздарының түрки тілінде дамуы. Еділ бойы түркілерінің дәуірленуінің негізінде Алтын Орда түркілері жатыр, Алтын Орда ыдыраған соң оларды түрки деп атау қалыптасқан.

Еділ бойы түркілерінің тілінің әрбір дәуірінде шағатай тілінің әсері күшті болған. Еділ бойы түркилерінің тіл тарихы дәуірленуі екі кезеңнен тұрады:

1). ХVІІ ғ. – ХІХ ғ. І жартысы аралығын қамтиды.

2). ХІХ ғ. ІІ жартысы мене ХХ ғасыр басында жаңа татар әдеби тілін қалыптастырып, араб жазуының реформа жасағанымен белгілі.

Солтүстік Кавказ түркілерінің тілі дәуірлерге бөлінген жоқ [9].

Г.Ф. Благова Шағатай тілі. Шағатай тілінің дәуірленуі: Классикалық дәуірге дейін: ХІVғ. аяғы ХVғ. үштен екісін қоса. (Саккаки, Лютфи, Атом, Ходжанди, Саид Ахмад, Хайдар Хорезми, Амири, Якыни, Годои, Ахмади). Тілдік қатынаста бұл дәуір ең күшті региональдық теңеулерге әртүрлі диалектілік формалардың бірізденуіне, архаизмдердің сақталуына, тілдің тазалығы грамматикадағы арабизмдер және лексикада оның көп еместігіне жеткен дәуір. Классикалық кезең: ХVғ. соңғы үштігі – ХVІ ғ. (Әлішер Науаи, Хусейн Бакара, Бабур, Хамиди, Шайбани, Убайди, Мухаммед Салих, Маджлиси т.б.); Я.Эккман бұл дәуірдің басын 1464 ж. Әлішер Науаидің ең алғашқы өлеңдер жинағымен байланыстырады. Бұл арабизмдердің молдығымен сипатталған дәуір[10].

Қазақ тілінің тарихын кезеңдеуде: Бірінші, қазақ тілінің тарихын (халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу тарихын) түсіндіру үшін, алдымен қазақтың халық болу,одан кейін ұлт болу процестеріне тоқталу қажет. Басқа да халықтар тәрізді қазақ халқы да о баста кішігірім этникалық топтардан құралды. Атадан руға, рудан рулар бірлестігіне, рулар бірлестігінен тайпаға, тайпалардан тайпалық одақтарға, тайпалық одақтардан ұлысқа, ұлыстан халыққа айналды.

Екіншіден, қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдерін түркі халқының, жалпы түркі тектес тілдердің даму дәуірлерімен бірлікте, соның шеңберінде алып қарастырғанда ғана толық түсінуге болады. Қазақ тілінің тарихын түркі тілдер тарихымен бірлікте алып қарастырған ғалымдар (Н. Баскаков, Ә.Қайдар т.б.) алты дәуірді атап көрсетеді, олар: алтай дәуірі, ғұн дәуірі, көне түркі дәуірі, орта ғасыр түркі дәуірі, жаңа дәуір, ең жаңа дәуір. Алтай дәуірін тап басып айта алмағандықтан, бұл дәуірдің сипаты ашылмай қалды, тек бір білеріміз: бұл дәуірде түркі-моңғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон тілдері бірлікте болды деген мағлұмат. Кейбір зерттеулерде түркі тілдерінің даму тарихында алтай дәуірінен де әрі шумер дәуірі болғандығы жайлы деректер айтылады.Осы дәуірлердегі қазақ тарихына қатысты тарихи жазба ескерткіштердің, жазу таңбаларының қазақ тілінің халық, ұлт тілі болып қалыптасып, әдеби тіл дәрежесіне жетуінде мәні зор.

Үшінші, қазақ тайпаларының халық болып бірігуі, қазақтың халық тілінің қалыптасуы ХV-ХVІ ғасырларда қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан, ноғай ордасынан бөлініп шығуына, моңғол басқыншылығынан кейін қазақ жерінде патриархтық-феодалдық қатынастың күшейіп, алғашқы қазақ хандықтарының пайда болуына байланысты екені ескерілуі қажет. Ал қазақ халқының ұлт болуы, тілінің ұлт тілі болуы ХІХ ғ. екінші жартысынан басталатыны, ұлт тілімен бірге ұлттық әдеби тіл қалыптасқанын шатастырмау қажет. Қазақ халқы – ежелгі ұлттардың бірі. Қазақ халқының ертедегі тарихы туралы еліміздің ежелгі тарихында мол мәлімет бар. Мұндай деректер ежелгі парсы және грек тарихында да ұшырайды.

Қорыта келгенде, Қазіргі дүниежүзілік ғылымда түркілердің арғы тегін ғұн немесе сақтар, алтайлықтар дегеннен басқа да болжамдар баршылық. Мәселен, шумермен ұқсастықтары туралы ғылыми болжам (гипотеза) [11]. Дегенмен түркі қағанаты кезінен белгілі түркі тілдерінің тарихын түркі қоғамының тарихымен байланысты қарастырып, сол кезеңдердің социолингвистикалық қалпын анықтау арқылы болашақта да талай тілдік тарихи зерттеулер жүргізілмек. Сонымен қатар адамзаттың тарихында белгілі тарихи кезеңдердің мәнін ашуда түркі тілдерінің тарихына тікелей негіздеп, онымен санасу қажеттігі туатыны анық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *