АЛШЫНБАЙ Тіленшіұлы

АЛШЫНБАЙ Тіленшіұлы (1784 — 19 ғ-дың 2 жартысы) — қоғам кайраткері, би, шешен. Арғы атасы Қаз дауысты Қазыбек би. Қазыбектен Бекболат — Тіленші — А. бо- лып тарайды. А. би ұзақ жылдар Қарқаралы округіндегі Айбике — Шаншар болысын басқарып, Ресей өкіметінен поручик шенін алған. А. би есімі өз елін шашау шығармай, уысында ұстаған алғыр да ықпалды би, әкім ретінде, сол кездегі ел билеген игі жақсылар Құнанбай, Шалғынбай, Тілеуберді, Қисық, от ауызды, орақтілді Шөже, Жанақ, Балта ақындармен сөз қағыстыру арқылы тарихта қалды. А. бидің қызы Ділдә — Абайдың зайыбы. Өз кезінде А. би ел ішіндегі жер, жесір дауын, екі рулы ел арасындағы түйіні қиын мәселелерді әділ шешкен. Зираты Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Бабаев атынд. шаруашылық жерінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *