АЛШЫНБАЕВ, Алшынбай Мұхтар Рахымұлы (26.1. 1926 ж.т., Қызылорда обл. Сырдария ауд.) — ғалым, тех. ғыл. докт. (1969), проф. (1973), Қазақстан ҒА-ның (1992) және Ресей а.ш. ҒА-ның (1978) корр. мүшесі, Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1980). Қазақ мемл. а.ш. ин-тын бітірген (1951). 1951 — 94 ж. Қазақ мемл. а.ш. ин- тында ассистент (1955 — 56), кафедра меңгерушісі (1958 —65, 1968 — 88), проф. (1988 — 94) болды. 1994 ж-дан Қазақ а.ш-н механикаландыру және электрлендіру ғыл.-зерт. ин- тының бас ғыл. кеңесшісі. Негізгі ғыл. еңбектері а. ш. машиналарын пайдалануға, оларды жетілдіруге, сонымен қатар топырақ өндеуде, дәнді дақылдар себуде және жинауда, астық тазалау мен сұрыптауда, арам шөптерге қарсы күресте, жемшөп өндіруде, малға азық беруде қолданылатын машиналарды зерттеуге арналған. Еңбектерінде Қазақстан жағдайында алғаш рет егіншілік және мал ш-н механикаландыру құралдарының ғыл.-тәсілдемелік негіздерін жасады, жылжымалы а. ш. агрегаттардың жұмысшы бөліктерін зерттеуге статистикалық динамика ережелерін қолданып, ілімдік тұрғыдан түсінік берді. Суармалы егіншілікті, атап айтқанда күріш дақылын егіп-өсіруді механикаландырудың нақты мәселелерін қарастырды, яғни астық тазалағыш агрегаттарды, әр түрлі сепкіштерді дұрыс пайдалану, машина-трактор тіркесімдерінің қолайлы құрамын таңдау жөнінде тәжірибелік ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ Республиканың ауыл шаруашылығына қажетті инженерлік мамандарды дайындауға үлкен үлес қосты.