АЛШЫН Меңдалыұлы (15.4. 1895, Маңғыстау түбегі — 9.11.1979, Маңғыстау обл. Жыңғылды елді мекені) — шежіреші, шешен, би. Маңғыстау, Атырау өңірінің Сырым, Сейіт, Алдар, Тілеген, Мәтжан, т.б. билерінің дәстүрін өнеге тұтқан. Мұсылманша білім алған. 1937 ж. 8 қыркүйекте “халық жауы” атанып, 1937 — 40 ж. Атырау түрмесінде, 1940 — 45 ж. Краснояр өлкесіндегі тұтқындар лагерінде қамалып, 1948 — 54 ж. Новосибирск обл-на жер аударылған. Акталған соң Маңғыстау елінің бағзы әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі, ауызша тараған ата-тек шежіресі хақында еңбектер жазған. “Кіші жүз және адай шежіресі” аталатын көлемді қолжазбасы ҚР-ның Орт. мемл. музейінде сактаулы.