АЛШЫН

АЛШЫН — қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігі, Кіші жүздегі байұлы, жетіру, әлімұлы сияқты тайпалардың ортақ атауы. А. туралы деректер 7 — 10 ғ-дағы көптеген құжаттарда кездеседі. Ежелгі мекені — Алтай. 10 ғ-да Алтай бойынан ойысып, Арал және Каспий теңізі маңындағы ежелгі тайпалармен араласып кеткен. Бір бөлігі қыпшақтармен бірге (қаңлы құрамында) батысқа қарай жорыққа шығып, Мысырға дейін барған; онда Мысыр билеушілерінің қарамағында болып, мәмлүктер әулетінің үстемдігін орнатуға белсене араласқан. А-дар 10—12 ғ-да Қырымда болған. 12—14 ғ-да А- ның кейбір рулары Ноғай ордасының нығаюы үшін белсене күрескен. М. Тынышбаев Ачинскі төңірегіндегі үлкен ашын, кіші ашын руларымен А-ның байланысы болуы керек деген болжам жасайды. Кіші жүз шежірешілері А. атын казақтың алғашқы биі — Майқы есімімен де байланыстырады. А. ұрпақтары башқұрт, татар және Кіндік Азия халыктарының құрамында да бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *