ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ ЯСАУИ ЖОЛЫНА ХАРАЖИТ ПЕН ШИИТТІКТІҢ КЕРІ ЫҚПАЛЫ

Жомарт ДӨРБЕТХАН
Монғолия Республикасы азаматы.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Дінтану бөлімінің магистранты
Түркістан/Қазақстан

Ислам әлемінде ертеден саяси бағытта ортаға шыққан жаңылыс түсінікке ие екі үлкен топ бар. Ол екі топтың екеуіде Али заманындағы алауызыдықтың себебі нәтижесінде ортаға шыққан. Ең алғаш алауыздықты қоздырып бүліктің алауын оданары өршіткен топ «харажит» деген атпен тарихта орын алса, келесі бірі әһли-бәйттің жанашыры ретінде танылған «шииттік» бағыт болып орнықты. Бұлардың қай қайсысы да Ислам әлеміне жақсылықтың жаршысы болып келуден гөрі, ертеден мұсылмандардың арасындағы алауыздықтардың одан ары қоза түсуіне түрткі болып отырды. Мұсылман халықтарының басы бірігіп, көңіл бірлігін орнатуларына айтарлықтай кедергі болатын пікірлерді тықпалап келді. Олар өздерінің бірбеткей түсініктерін дәріптегіш, өзге мұсылмандардың ұстанымдарына қарсы теріс езу, қатал мінездері бүгінгі күннің де проблемасына айналып үлгерді. Біздің Түрки халықтарына ортақ Ислам дінінің рухани тәрбиесін сіңдіруде пірі Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың жолына да айтарлықтай кедергілер келтіріп аяққа тұсау болып отыр.

Бұған байланысты тарихи шындықтарды қайта қарап, олардың өткен жолында қандай жақсылықтары мен керағарлықтары барын бірге өлшеместен олардың ақиқи бейнесін көре алу да мүмкін болмайды. Олардың бастауы Али заманындағы алауыздықтардың орын алуына түрткі бірнеше себепті көрсетуге болады. Осы кезеңдегі алауыздықтардың салдарынан туған Али жайлы жат пікірлердің бастауы алғаш рет халифа Осман заманында Абдұлла бин Сәбә (Ибн Сәудә) тарапынан қалыптасқаны айтылады. Ол сырттай мұсылман сияқты көрініп бүлік ұйымдастырушы ретінде сипатталып оның зардаптары кейінгі ғасырларға дейін әсер еткен. Ол осы кезеңдерде әртүрлі жат пікірлермен арам ниетті, бұрыс сенімде болғаны үшін өзгенің діни өміріне тұзақ құруға тырысқаны анық байқалады. Алиді шынайы жақсы көргендіктен емес, тиісінше өзінің бөтен ойымен жат пиғылын жүзеге асыруды көздеген сияқты болып көрінеді. Алғашқы насихатында ол: «Әрбір пайғамбардың өзінен соң мирасқоры болған. Олай болса, Али ағасы Мұхаммедтің (с.а.с.) мирасқоры», — деген пікірді алғаш айтқан адам осы болған. Бұны айнақатесіз шииттер көшірме жасап күнімізде дәл солай деп айтып, онбес сахабадан басқа барлық асхабты айыптап оларға қарғыс жаудырады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ең жақын жақсы көрген сүйікті жары Айша анамызға жала жабудан ешбір тартынған еместі. Ол кісінің ең жақын серігі Әбу Бәкір мен Омарға лағнет айтып малғұн шайтанға теңеумен рахат табады. Ал ізгіліктің жаршысы шынайы әһли-бәйттің ғашығы Қожа Ахмет Ясауи бабамыз 63 жасынан кейінгі өмірі жайлы деректер бізге нағыз сахабалардың ізімен жүріп өткен әулие құлдың қалай болатындығы жөнінде ұстанымды көрсетеді. Әһли-бәйтті шынайы жақсы көргендіктен пайғамбар жасына келген кезде, қалған өмірінің басым бөлігін жер асты құжырада өткізуді қалуы ең тамаша өнеге екені даусыз. Тек солбір ғибратты шешімінің өзінде Алла Тағаладан қорқудың шынайы құлдың үлгісі және нәпсінің рухани тәрбиесін қолға алудың нақты қадамы қалай жасалынатынын көрсетеді. Бірақ күнімізде осы әулие құлдардың рухани тәрбиеге толы шуағын зерттеп өзімізге сіңіріп үлгерместен бөгде ниетті ала бөтен түсініктердің ағылуы асылымызды барған сайын тарих қойынауына қалдырып бара жатқан іспетті көрілді.

Ислам әлеміндегі бүкіл алауыздықтардың түп атасы Али заманындағы харажит бағытына барып тірейді. Харажит Алидің жасағынан наразылықпен бөлініп шығып «Харура» атты Куфа қаласына жақын жерге орналасқан сол кездегі әлеуметті жік-жікке бөліп, өлермендікке басын байлап берерлік көптеген ұстанымдары бар топқа қойылған атау болып табылады. Олардың саяси топ ретінде ортаға шығуы мү΄миндердің әміршісі Алиге деген жаулық көзқарас сайлап, орынсыз кінә артуларында жатыр. Ал олардың атауы орынсыз әрекеттеріне байланысты қойылып тарих беттерінде қалып қойды. Харижит жасағының басым бөлігін шөл даланы мекендейтін бәдәуи тайпалар құрайтын. Бұлардың күнделікті өмір шарты мен тұрмыс-тіршілік тауқыметі, жоқшылық кесірі, оларды мейірімсіз етіп қаталдыққа, тұрпайы, дөрекілік пен қатаңдыққа итермелеген болатын. Олардың қылықтары желікпе, тұрыстары кеудесоқ қызу қанды еді. Ислам дінін жан-тәндерімен қабылдағандарымен ой өрістері төмен, түсініктері таяз еді. Олар әр нәрсені біліммен өлшеуден бұрын, тіке әрекетке көшуді жөн санайтын. Сол себепті олардың беріле сенім білдірулері, кей уақытта ажырауға әрі тастүйін шүйлігуге, жек көрушілікке алып баратын. Харажиттер нақты ғылымға сүйенбей өздерінше дін қылып алған ұрандары оларды басқа арнаға салып, олардың қарсыласу деген түсініктері ақиқатқа жетулеріне кедергі келтірді. Құранды өте көп оқығанымен аяттардың түсінігін сыртқы формасы бойынша ғана тіке қабылдап, басқа адамдардың түсінгені не болса болсын, ешқашан оны қабылдағылары келмейтін. Өздерінің ақиқатпен өмір сүріп, туралықты ұстанып жатқандықтарына соншалықты сенім білдіргендіктен, бастарын өлімге тігуге болса да даяр көрінетін. Соншалықты маңызды нәрсе болмаса да өздерін қауіпке лақтыруға әзір тұратын. Олардың түсінігіне қосылмаған бүкіл адамды кәпір санап өлтіруді ізгі амал көріп, оның қажеттігіне шынайы иланатын. Яғни ондай мінездің жоғарыда олардың өміріне берген жалпы сипаттамада айтылғандай дін атын жамылып бұрынғы табиғаттын сақтап дінді өте таяз түсінікпен қабылдап шектелгендігін көруге болады. Мәселен, Құранның басқа аяттары тұрсада өздерінің ойларына тура келмегені үшін өзгені айыптап, дәлелді өз беттерінше түсінуі және сол ұстанымдарының нәтижесінде бір арада бауыр болып бірге жүрген мұсылмандарды күпірлікпен айыптап шығуы тосын мінез деп айтуымызға болады.

Алиге «Сен Алланың дінінде хакем тағайындадың! Ал Құранда: «Үкім тек қана Алланікі»1 — деген. Сондықтан үкімгер ретінде Алла тұрғанда адамдардан ұстандың! Бұл сені діннен шығарды», — деді. Бұл осы топтың ең қауіпті ұстанымы болып табылады. Өйткені қарсысындағы бір мұсылманның мал-мүлкі мен ханын адал қылудың бір жолы ол адам мұсылман санатынан айрылған болуы қажет. Олай болмайынша мұсылманға орынсыз тиісуі дұрыс жөн емес харам саналатындықтан өздерінің ұстанымына қарай жығылмаған адамды оңай өлтірудің бір тәсіліне айналып отыр. Оның бір мысалы харажиттер сахабалардан болған Хаббаб бин Араттың баласы Абдұлланы қолға түсіріп, одан алдыңғы халифалар мен хазреті Али жайлы өздерінің күпірлікке шығарған көзқарастарын жақтамағаны үшін айуандықпен өлтіруін айтуға болады. Бұның белгілері өз кезегінде біздің қоғамда да орын алып көрініс беріп жатыр. Біз топтардың діни бағыттағы олардың тарихтағы қауіпті басты белгілерін айқындап алған соң ғана олармен күрес жүргізу тәсілдерін қарастыра отырып, олармен қалай жұмыстар жасау керектігін тарихпен жанастыра біле аламыз.

Харажиттердің тағы бір белгісі олардың орынсыз шариғатқа жанас-пайтын талапшылдығында жатыр. Хазреті Алиге қойылған талаптардың ішінде мұсылмандардың арасындағы дүлдараздық шайқастарда қарсы жақтың дүние мүлкін қолды қылып олжаға таратпадың деген уәж айтты. Бұл өз кезегінде күніміздегі кейбір тәкфирлік ағымдардың мүшелері арасында қарсысына шыққан өзіне пікірлес болмаған адамдардың мал-мүлкіне олжа көзімен қарайтындығы байқалған болатын. Яғни қарсысындағы адамның өздеріне пікірлестігіне қарап қаны халал, малын олжаға алу да адал деп қарауында жатыр. Күнімізде Ислам әлеміндегі қаулаған бүліктің басты ұстанымдарынан бірі осы түсінікті қолдағандар тарапынан өршіп отыр. Түрік халқы Қожа Ахмет Яссауи бабамызды шәкірттер тәрбиелеп, дағуат жолына жіберу арқылы дінді жеткізген деп бабамыздың қадір-қасиетін өте жоғары қойып ерекше бағалайды. Демек дініміздің қадірін ерекше білген бабамыз қарсысына шыққанды қан қақсату мақсат емес, тиісінше бір адам болса да тозақтан сақтап қалу ұстанымын жоғары қойып өмір сүргені көрінеді.

Харажиттердің тағы бір белгісі кез-келген нәрсенің сырт формасына қарап қана үкім береді. Мәселен, хазреті Али екі жақты келісімге отыру үшін Мұғауияның талабы бойынша «мүминдердің әміршісі» деген сөзді өшіргені үшін мүшриктердің басшысына айланғандығын айтқан. Сондықтан Құран аяты болсын яки басқадай келісім болсын кез-келген нәрсенің ішкі мәніне үңілуді білмейтін, тек сыртқы көрінісін алып өздерінің болжамына қарай бағалауға тырысады. Харажиттердің тағы бір белгісі келтірген дәлелдерге құлақ аспай тек өздерінің дәлелін ғана жөн деп есептеуінде жатыр. Зухруф, 58 а.

Бұны күніміздегі қазақ қоғамындағы діни кейбір топтардың бір сапта тұрып бірге намаз оқитын мұсылман бауырларын күпірлікпен айыптуының астары тарихи тұрғыда арыда жатқандығын көріп отырмыз. Әсіресе Батыс Қазақстанда діни бағытта өмір салтын өрбітетін азаматтардың ішінде тәкфирлік көзқарасты жамағатты көптеп жолықтыруға болады. Тіпті кейбір мешіттерде бұның белгілері анық байқалатындығы жасырын емес деп айта аламыз. Бұндай топтарға арнайы заңмен тиым салынғанға дейін өздерінің ұстанымдарын ашық түрде білдіріп келген болатын. Бірақ соңғы уақыттарда мемлекеттің қадағалауы барысында бұндай көзқарастағы топтар мінезін ішіне жасырып, ел тыныштығына астыртын түрде лаң салып жүргені соңғы уақыттарда жиі көріле бастады.

Ал келесі бір қауіптің басы соңғы уақыттарда біртіндеп өздерінің пікірімен зікірін бірге әкелуші ағым шииттер болып отыр. Олардың да өткені мен бүгіні біздер үшін өте маңызды саналады. Біздер бұлардың пікірлерімен ұстанымдарын өз сеніміміз бен ұстанымдарымызға қайшы тұстарын тарихпен дәлелдеп білмесек олардың тұзағына түсіп қалу қаупіміз басымрақ болары даусыз. Шииттердің қалыптасуында да Ибн Сәудәнің жаңылыс пікірлер айтып, халық арасына сұрқия ойларын мұқияттылықпен бірте-бірте жая түскендігінде жатқандығы айтылады. Ол өзіне ергендерді Алиді «Құдай» деп айтатындай сенімге апарып тұзаққа түсіреді. Бірақ бұл яһуди өзінің пікірлерін халыққа ашық жарияламай, өте құпия түрде жоспарлап жүргізген. Бұл пікірлер яһудидің жеке көзқарасынан туындаған нәрсе еместі, оның болашақ жоспары мен мақсаты бөгде болғандықтан еді1. Оның жүргізген үгітіне сана деңгейі әртүрлі дәрежедегі жастар еріп күннен-күнге қатарын молайытқан. Жастардың көбісі тәжірибесіз және тақуалық қылуда қатты кетіп, құлшылық жасауда шектен шыққан «дінде қаталдықты артықшылық» деп білген, бір қалыпты амалды кемшілік санатына қосушы кісілер топатасқан. Сондықтан да тура жолдан ауытқытуды көздеген пиғылы жат дұшпанның шақыруына ілесіп, тұзағына тез ілігіп отырған[5:7/167].

Али бұлардың әрекеттерін сезіп қалып қолға түскендерге түрлі жазалар беріп, олардың пікіріне қосылып адасқандарды өлім жазасына кесуге дейін барды. Имам Шағбиден жеткізген деректе: «Али олардың біразын отқа жақты, бір жартысын өзге жерлерге сүргін етті» — деген. Сондай-ақ олардың тағы бір өтірігі, «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алидің халифа болуын өсиет еткен», — деген көзқарас осы адамдар тарапынан ортаға тасталған.

Шииттік мәзһабтың негізгі ұстанымдарынан біріде осы пікірлері болып табылады. Сондықтан бұларға шииттерге: Тарихта сендердің міллеттеріңдегі ең сорақы адам кімдер болған? – деп сұраса, олар ойланбастан: «Мұхаммедтің (с.а.с.) асхабы болатын», — деп жауап береді. Олар тек қана Алиге жақтас 10-15 сахабадан басқа барлығына тіл тигізіп оларға тіпті намаз үсті лағнет жаудырады. Ал асыл дініміздің әмірі бойынша асхабты тек қана жақсылықпен еске алып, оларға жарылқау тілеуге бұйырылған болатынбыз.

Құранда Алла Тағала:

«Олар сендермен бірге шықса да, араларыңа іріткі салып сұрқиялықты өршітіп және сендерге зымияндық істеуді қарастырар еді. Өйткені, олардың ішінде тыңшылары да бар. Алла залымдарды жақсы біледі»,1- деген. Бұл адам мұсылмандардың аражігі ажырағандығын көріп, одан соң Алидің (р.а.) ұлық имамдығы мен күнәсіздігі жайлы дәлелдің барлығын айтып пікір тастаған. Арықарай ашық түрде алдыңғы халифалар Әбу Бәкір мен Омарға (р.а.мә) тіл тигізді. Оның осы жоспары жүректерінде күпірлік болмағанмен бойларында надандық пен зұлымдықтан үлес қалған кейбіреулерге әсер беріп, шірк қақпасының кілті болған шииттердің бидғаты қаулай бастайды.

Сөйтіп, олар әбден орнығып алған соң кесенелерді көптеп тұрғызуды, ал мешіттерді соғуды тоқтатуға бұйырып қарама-қайшы сенімдер жайды. Бұл әрекеттеріне дәлел ретінде жұма намазына жиналған жамағат тек қана күнәсіз адамдардың артына ұйып намаз оқулары қажет деген пікірді ұсынды. Сонымен қоса кесенелерді еңселі қылып салу, іш-сыртын жарықтандыру, қабырғаларына қарап дұға қылу сияқты тақырыптарды қозғап ойларынан өтірік риуаяттар шығарып отырды. Тіпті, соншалықты жалған дәлелдер шығару арқылы яһуди мен християндардан да асып түсті. Олардың ішіндегі ғалым санатындағы Ибн Нұғман деген біреу «кесенелерге жасалынатын қажылық жайлы» деп бір еңбек жазып шыққан. Осы кітапта Пайғамбарымыз (с.а.с.) және әһли-бәйттің айтқан өсиеттері деген желеумен сонша көп өтіріктер ұйқастырған. Олардың өтірігіне қарап отырсаң дінді өзгертіп ақидаға қайшы келетін шіркті қармады. Осылайша, шіркпен өтірікті бір жерге келтіріп оны үгіттеді
[9:257-262].

Бұндай топтар кез-келген уақытта көтеріліп шығатын болса, біріншіден сыртқы күштердің ықпалында қалуға өте бейім тұрады. Екіншіден сенім негізі тар шеңберде қалыптасқандықтан өзгені аяушылық деген сезімнен жұрдай жаппай тәртіпсіздік қырып жоюға немесе астыртын өзімен қоса дұшпанның көзін құртуды ұйымдастырады. Олардың қауіпті тұсы өздерінің жымысқы қанқұйлы әрекеттерін діннің атымен әсемдеп халықтың сеніміне кіре отырып өз жоспарларын жүзеге асыруға кіріседі. Демек бүгінгі күнгі дүниежүзілік проблемаға айналған көптеген қанқұйлы әрекеттердің астарын осы тарихи топтан іздеуге болады. Оның нақты белгілерін тарихпен ұштастыра отырып жасаудың бізге берері мол болмақ. Болмаса олардың тықпалаған әртүрлі пікірлері мен сенімдеріне қарсы қорғаныш қалыптаспай жатып оларға оңай олжа болуға даяр болған боламыз.

Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың сопылықта ұстанған негізгі ұстанымы көздеген мақсұты кәміл толық адам тұлғасын қалыптастыру екені айтпасада түсінікті. Адам баласының бір-біріне шынайы жанашырлығы және қоршаған ортасымен арадағы жауапкершілік турасын түйсіне білу де қажетті саналған басты қасиеттерден екенін білдірді. Бұның барлығы өз басына Аллаға деген махаббаттың және Оның жүктеген жауапкершілігіне мұқияттылықпен қарау ұстанымдары нәтижесінде болатындығын көрсетті. Адам баласының көңіл дүниесі өте маңызды орында екендігін сіңдірді. Сол кездегі қоғамды белгілі бір тәлім-тәрбеден өткізе отырып, адами өнеге болатын ізгі қасиеттерді тек Пайғамбарымыз (с.а.с.) зүһдтік өмірі өлшемдері шеңберінде қалыптастырып кетті. Демек, Қожа Ахмет бабамыздың жолы Құран мен Сүннеттің ізімен өрілген өнегелі арна болды. Алға қойған мақсаты да Мағрифатұллаға жету және өзгенің жетуіне көмекші болу еді. Ал харажит пен шииттіктің қай қайсысына қарасаңда нәпсіні тәрбиелеу тәсілін қолға алғанымен негізгі екі арнаның өлшем шеңберінде емес, көбінде өздерінің жалған аңыздары мен ұстанымдарына ғана сүйенді. Тіпті Яссауи жолымен салыстырған кезде харажит түсінігіндегі топтарда ішкі әлемін жасақтау, өзін өзге мұсылман бауырларынан төмен ұстау деген ұғым жоқ сияқты көрінеді. Кәміл адамдық және Мағрифатұллаға мән беру деген маңызды көрілмейтіні әрі үмбеттің бірлігі ұғымына құлақ асуды жөн көрмейтіні байқалады. Бұның бәрі асыл дініміздің астарына төнген шынайы қауіп екені және елдің тарихынан қалған асыл мұрасын қолынан алып бір халықты мүгедек етудің бір тәсілі болмақ.

Күнімізде харажит түсініктегі топтардың сопылыққа түгелдей берген бағасы жалпы халықты нәпсі тәрбиесін қолға алушы сопылық іліміне деген түсінікке үрке қараушылық жат пиғыл қалыптастырды. Тек қана Яссауи бабамыздың аты аталынса халық жылышырай қабылдап, ал оның тарқатқан жалпы сопылық жолға, зүһдтік өмірі турасына келгенде қатты адасушылыққа балап шыға келер болды. Бұл өзкезегінде сопылықтың нағыз бағасын беріп, оның ішінде туралықта болған қазыналы негізін бөгде бірінен ажыратып аларлық дәрменнің әліде қалыптаса қоймағандығын көрсетеді. Сондықтан басы бүтін сопылықты қаралап, оны толығымен керексіз дүние ретінде қоқсыққа лақтыруға мәжбүр болады. Сопылық мұсылман адамның ішкі әлемін тәрбие етіп кәміл адамдыққа жеткізу арқылы, бізге бейтаныс сырлар әлемінің есігін ашып нағыз адамдық ізгі қасиеттерді бойына сіңдіреді. Ал оны тәрк қылған жағдайда адам баласының бүкіл ғұмыры толықпаған жарты негізде қала бермек. Оны біз піспей қалып кеткен дәмі қышқыл тартымсыз алмаға ұқсата алар едік. Ондай деңгейде қалып қойған әрбір адам қоғам үшін дерт болып шығуы да мүмкін. Құтты піспеген алманың ішті ауыртып мазаңды алғаны сияқты. Сондықтан бабамыз Қожа Ахмет Яссауи жүріп өткен жол сопылықты біз лайқты қайта қолға алып қоғамды сонымен қоса жарақтандырған жағдайда түйткілді кейбір мәселелеріміз қоғамды жайлап отырған дерт өз шешімін тауып кетер еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *