Зікірия ЖАНДАРБЕК
тарих ғылымдарының кандидаты
Қ. ЖАНДАРБЕКОВ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Түркістан/Қазақстан
Тәуелсіздік аясында халқымыз өзінің тарихын, мәдениетін, рухани мұрасын жан-жақты және терең тануға қол жеткізді. Зайырлы мемлекетімізде ұлтымыздың сана-сезімін және салт-дәстүрлерін, ұлттық құндылықтарын өркениеттік тұрғыдан зерделеу өте маңызды. Қазақ елінің рухани тұғыры Ислам мен оның құндылықтарының қайта жаңғыруы халықтың өзінің рухани түп-тамырын толық түсінуге деген ұмтылысын ашып көрсетеді. Дәcтүрлi қaзaқ мәдeниeтiндeгi дiннiң рөлiн aнықтaғaндa, aлдымeн қaзaқ хaлқының тaрихи бacтaулaрындa өмiр cүргeн әртүрлi нaным-ceнiмдeрдiң, дiни тaнымның рөлiн eрeкшe aтaп өткeн жөн. Өйткeнi ocы әртүрлi бaғыттaғы жәнe ceнiмдeгi дiни тaным қaзaқтaрдың бoлaшaқ түciнiгiн, мeнтaлитeтiн aнықтaудa зoр рөл aтқaрды. Қaзaқтың aрғы түркiлiк кeзeңiндe әр-түрлi дiни нaным-ceнiмдeрдiң, дүниeтaнымдық көптүрлiлiктiң oрын aлғaны мәлiм. Coнaу шaмaндық, яғни бaқcылық пeн Тәңiргe ceну кeзeңінeн бacқa Зoрoacтризм, Буддa, Хриcтиaн дiндeрi қaзaқтың кeң дaлacындa өзiнiң кeйбiр көрiнicтeрiн тaнытып oтырғaнын aйтa кeту кeрeк [1].
Қaзiргi тaңдa Қaзaқcтaн Eлбacы aтaп өткeндeй «әлeмгe aшық, бoлaшaғы бeкeм мeмлeкeт», eлiмiздe түрлi кoнфeccиялaр өкiлi бeйбiт қaтaр өмiр cүрудe, ocы тұрғыдa ХХ ғacырдың бacынa дeйiн хaлқымыз ұcтaнғaн бacтaулaр ұлт жaдыcынaн тыc қaлғaн eмec. Бұл бacтaулaр caлт-дәcтүрлeр, ceнiмдeр мeн рухaни көзқaрacтaр. Ocындaй иcлaмғa дeйiнгi қaзaқтaрдың рухaни мәдeниeтiндe мaңызды роль атқарған дiни жүйeлeрдiң бiрi – тәңiршiлдiк. Жoғaрыдa aтaлғaн бacтaулaрдың көбi ocы тәңiршiлдiккe нeгiздeлгeн. Тiптi, бүгiнгi күннiң өзiндe тәңiршiлдiк элементтерінің қaзaқтaр aрacындa әлi дe caқтaлып қaлғaнын бaйқaймыз. Мыcaлы қaзiргi тaңдa көптeгeн үйлeну тoйлaр дәcтүрлi cипaттa өтeдi, жaңa қoныcтaнғaндaр үйлeрiн aлacтaп, әр жұмa caйын әруaқтaрғa aрнaп жeтi шeлпeк пiciрiп жaтaмыз, мiнe ocылaрдың бaрлығы тәңірлшілдіктен бacтaу алады.
Жоғарыда аталған діни наным-сенімдердің нәтижесінде қалыптасқан көптеген салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар мен ырым тыйымдар кейіннен ислам дінімен сіңісіп күні бүгінге дейін жетті. Алайда, кейінгі уақытта кейбір теріс ағым өкілдері исламға дейінгі қалыптасқан мұндай дәстүрлерімізді жоққа шығарып, тәңіршілдік туралы жалған дақпырт таратуда. Бұл дегеніміз қазақтың төл тарихына шабуыл жасай отырып, байырғы сеніміне деген жек көрушілік сезімін ояту, сол арқылы ұлттық негізден алыстата түсу, өз кезегінде көнеден келе жатқан бірқатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге деген теріс көзқарасты туындату мақсатымен жүргізілуде.
VIII ғ. түркі халықтарының Ислам дінін қабылдауы түріктердің жаңа сатыға көтерілуіне ықпалын тигізді. Дегенмен, қазақ даласына Ислам дінінің келуімен қатар арабтардың мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі қоса келді. Бұл түркі халықтары өзінің тілін, дәстүрлі мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен ажырауына әкелді. Сонымен бірге, көнеден келе жатқан түрік мемлекеттігінің қалыптасқан жүйесінен де айрылды. Оған түрік халықтарының ішкі қоғамдық қатынастарын реттейтін жүйенің шариғат үкімдерінің алмастыруы тікелей ықпал етті. Бұл біртіндеп түркілік әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің қолданыстан шығарылуына әкелді. Рулық, тайпалық жүйе түркі мемлекеттігінің негізі болатын. Мемлекет басшысы – ханды осы рулық, тайпалық жүйе басшылары сайлап қоятын. Хан әр кезде мемлекеттік мәселелерді осы ру, тайпа басшыларымен кеңесе отырып шешетін және әр ру, тайпа ерікті әскер шығарып, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болатын. Ислам дінін қабылдаған түркілерде рулық, тайпалық жүйе ыдыраған соң, мемлекетті басқарудың түркілік жүйесі де күйреді. Хан билігі бұрынғыдай бүкіл қоғам өкілдері тікелей араласа алатын коллективтік билік жүйесі болудан қалып, орнына жеке билеушінің абсолюттік билігіне негізделген, мемлекетті басқару жүйесі келді. Бұл мемлекетті басқарудың парсылық жүйесі еді [2, 16 б.]. Мұндай жүйе түркі халықтарының өздерінің дәстүрлі мәдениеті мен тілінен, мемлекеттік басқару жүйесінен ажырауына алып келсе, ал мұның соңы Ислам әлемінің рухани тоқырауға түсіп, өзара ішкі қақтығыстардың белең алып, соны сезген сыртқы күштердің Ислам жерлеріне жорықтарының басталуына түрткі болды.
Түркі дүниесінің басына осындай ауыр кезең туғанда тарих сахнасына Қожа Ахмет Йасауи сынды ұлы тұлға шықты. Йасауи сол кезеңдегі халықтың рухани жағдайы туралы өз хикметінде былай дейді:
Ораза, намаз, иман, ислам қолдан кеті,
Күннен күн бетер деген хадис жетті.
Пайғамбар айтқандары келіп жетті,
Бұл дүниені қараңғылық басты, достар.
Ғалымдар бар ілімін малға сатты,
Көріп, біліп, өздерін отқа атты.
Міне, осылай ол өз дәуірінің рухани ахуалын суреттеп берді. Оның басты мақсаты сопылық ілімді түркілер арасына әкелу арқылы исламдағы иманды өз дәрежесіне көтеру еді. Ол бар өмірін осы мақсатты іске асыру үшін жұмсады. Сонымен қатар, түркінің жоғалған дәстүрлі мәдениеті мен тілін қайта тірілтті.
Жалпы, екі өркениет қақтығысының бейбіт жолмен жүзеге асуы тарихта өте сирек кездесетін құбылыс. Сол себепті де Йасауи өзіне дейін өмір сүрген бүкіл түркі жұртының қасиетті ұғымдары мен мистикалық тұлғаларын көркем түрде ислам мәдениетімен үндестіріп әкеткен ғажайып рухани тұлға. Одан бөлек өзінің «Диуани хикметі» арқылы көне түркі тілін Құран рухымен суарды. Соның себебінен ислам өркениетіне жалғанған түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениетінің өзегі мәңгілік мазмұндарға ие болып шыға келді.
Йасауи бабамыздың өз еңбегінде айтып кеткеніндей: Менің хикметтерім, Алладан пәрмен, Оқып ұққанға, Бар мағынасы – «Құран» [3].
Яғни, Йасауи өз хикметтерін Құранға теңеп отыр, сол себептен мұны түсіну өте қиын. Сондықтан да, оны заманында «Әулиелердің сұлтаны», «Түркілердің пірі» деп атады. Күллі түркі әлеміне «Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деген тіркес кең тараған. XVIIІ ғ. қазақтар осы тіркесті «Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» деп байыта түсті. Осы тіркеске қарап-ақ, діннің мәдени платформада дұрыс даму динамикасын байқау өте оңай. Қазақтың барлық жыр-дастандарында, баталарында, фольклорлық дүниелерінде және кейінгі ақын-жыраулардың еңбектерінде Йасауи бабамыз жайлы жыр-толғаулар өте көп. Мұның өзі Ясауидің қазақ арасында аса құрметке ие тұлға екенін көрсетеді.
Американдық антрополог Клакхон Клайд Кей Мейбен: «Белгілі бір мағынада тіл дегеніміз – философия» десе, Исламның түрік халықтарына түрік тілінде таралуына ықпал еткен Йасауи бабамыз болатын. Бұл туралы, түркі-ислам тарихының маманы З. Жандарбек «Жат діни ағымдардың қазақ халқының діни танымына кері әсері» атты мақаласында: «Ол дін тілін түрік тілінде сөйлетті. Арабтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ұстанбай-ақ мұсылман болу мүмкін екендігін дәлелдеп берді. Түріктердің исламдағы жолы Йасауи жолы шеңберіне сыйғызылды. Түріктер осы жол шеңберінде ғана өзінің түріктік ерекшелігін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болды. Бұл шеңберден тыс ислам дінінде қалу мүмкін болғанымен түрік мәдениетінде қалу мүмкін емес еді. Йасауидің бұл бастамасы түрік жұртына арналғанымен, өзге халықтарға өнеге болды. Өзге халықтар да Йасауидің ізімен әр түрлі таритқаттарды дүниеге келтіріп, өздерінің рухани-мәдени тәуелсіздіктерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік алды» – десе, өз кезегінде Қ.С. Нызанұлы «Қожа Ахмет Йассауи ілімін, рухани, мағнауи мұраларын үздіксіз білім бері жүйесіне ендірудің негіздері» атты монографиясында: «Йасауи өзінің «диауни хикметінде» сол дәуірде өмір сүрген халықтың өмір салты толық қамтылғандығын айтып, хикметтердің тағы бір ерекшелігі түркі тілінде жазылғанына тоқталады [3, 12 б.]. Себебі сол кезеңде жазу, сөйлеу тек араб, парсы тілідерінде жүретін еді. Соған қарамастан Йасауи өз хикметтерін тек түркі тілінде айтып, жазып түркі халқына таратқан. Осыған байланысты Йасауи бір хикметінде:
Қоштамайды ғалымдар біздің айтқан түркіні,
Білгендерден есіткіл, ашар көңіл мүлкінің.
Аят-хадис мағынасы, түркі болсаң муафиқ,
Мағынасына жеткендер жерге қояр бөрігін, — деп, түркі тілі дін тілі, ғылым-білім тілі, мемлекет тіліне айналдыра білді.
Хикметтердің әрбір шумағында жастарға, жалпы халыққа тәлім-тәрбие беру мәселелері үздіксіз тілге тиек етіліп отырды. Онда жамандыққа бармау, иманды, қайырымды болу, үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау, ата-анаға, туған-туысқандарға ерекше құрмет көрсету, Алланы сүю, еңбекті, асты құрметтеу, өмір бойы яғни «тал бесіктен-жер бесікке дейін» ғылым үйрену т.б. тәлім-тәрбиелік мәселелер кеңінен қарастырылған.
Кез келген халықтың басқа халықтан ерекшелігін анықтайтын оның діни танымы десек, онда біздің діни танымымыз фиқһта Әбу Ханифа мәзһабына, діни сенімде Матуриди ақидасына және діни тәжірибеде Йасауи хәл ілімінің қабаттарына негізделген. Сондай-ақ қазақ жеріне Ханафи-Матуриди ілімін алып келген осы Йасауи еді. Дегенмен, қазіргі күні жат діни ағым соңына ерген жастардың діни дүниетанымында, рухани-мәдени болмысында күрделі өзгерістердің болғандығына көз жеткізу қиын емес. Олар өздерінен бұрынғының бәрін жоққа шығарады да, «таза дінді біз әкелдік» деген көзқарас ұстанып, діни ортада бүлік шығаруға тырысады. Пайымдауларына қарасақ, қазақ халқы бұрын-соңды Құдайдың бір екендігін білмегендей. Таза монотеистік дінді, таухид ілімін Алаш еліне алғаш әкелушілер өздері сияқты. Сайып келгенде, осындай бұра тартушылықтардың барлығы дін мұраттарын дұрыс түсінбеуден, максималистік көңіл-күйден, шала сауаттылықтан шыққан. Жастарды былай қойғанның өзінде кейбір молдаларымыздың өзі исламға дейінгі қалыптасқан дәстүрлерімізді жоққа шығарып жатады. Бұл теріс көзқарас. Себебі, Алла тағала Құранда былай дейді: «Ей, муминдер, әр біріңе бір шариғат, бір жол бердік. Алла қаласа, сендердің барлығыңды бір үммет жасар еді» (Маида, 5/48). Демек, әр халықтың табиғи және басқа да ерекшеліктеріне қарай салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болуы заңды. Және былай деді: «Діндеріңе бекем болыңдар. Нухқа тапсырған дінді саған да уахи еткенімізді, Ибрахимге, Мұсаға және Исаға бергендерімізді Алла саған да дін етіп берді» (Шура, 42/13). Алла тағаланың барша адамзатқа жіберген діні біреу, ал шариғаттары әртүрлі. Дін өзгермейді, ал шариғатта өзгерістер орын алады. Әбу Ханифа өзінің «Ал-Алим уа-л Мутааллим» атты шығармасында Құраннан дәлелдер келтіре отырып дін мен шариғатты бөліп қарастырса [4, 8 б.], Имам Матуриди де өз кезегінде дін мен шариғаттың арасында айырмашылықтар бар екенін жазған [5, 56 б.]. Йасауи де сол екі ғұламадан қалған Иман, Ислам жолын толығымен қайтадан қалпына келтірді. Алайда, ол шариғат шеңберімен шектеліп қалмай оны тариқат деңгейіне жеткізді. Бұл оның Исламды жаңа даму сатысына көтерген үлкен бет бұрысы еді. Осы негіз бойынша ғасырлар бойы қалыптасқан біздің діни таным-тарихымыз бар. Ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы исламмен байланысын ешқашан да үзбеген. Осы негіздердің біздің ойлау жүйемізден, дүниетанымдық қабаттарымыздан, әдет-ғұрпымыздан, салт-дәстүрімізден көруге болады. Бұдан шығатын қорытынды, қазақ халқы осы Йасауидің ілімі, сопылық арқылы мұсылман болды. Түрік ғалымы, профессор Исмайыл Жақұттың: «Қожа Ахмет Йасауи болмағанда, бүгінгі түркілердің нендей дінге ие болып, қандай сопылық жолдың ізбасары болатындығын елестетудің өзі қиын» – деп жазғанындай, сопылық ілімінің арқасында түркілер бір тариқаттың жолына негізделді. Сол себепті де Йасауидің ілімі болмаса, имам Ағзам Әбу Ханифаның фиқһы, Матуридидің сенім ілімі бұл жерге келмес еді.
Қазақ даласында Ислам дінінің орнығуына Йасауи бабамыздың сопылық ілімінің рөлі туралы елбасымыз Н. Назарбаев былай дейді: «Қазақстан аумағында сопылық дәстүрдің негізін салып, оны түркілік дәстүрмен үндестірген әйгілі тұлға – Қожа Ахмет Йасауи, оның кесенесі байырғы Түркістанда орналасқан. Йасауидің тікелей жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана қазақ тайпаларының ұлттық ортасында ислам канондары мен далалық дәстүр үндестік тапты» [6]. Міне осы сөзі арқылы қазақ халқының рухани өмірінде Йасауидің орны ерекше екенін көруге болады. Осындай еңбектерінің арқасында, Тұран топырағында ислам дінінің кең таралуына тікелей себепкер болған Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың дүниеден өткеніне 850 жыл толуына орай ЮНЕСКО 2016 жылды Йасауи жылы деп жариялауының өзі тегін емес.
Қазақ халқының мұсылмандық діни түсінігінің қалыптасуына Йасауидің рөлі үлкен болғанын жоғарыда айттық. Сол арқылы қазақтың шешендік сөздері, діни-дастандары, мақал-мәтелдері, кешегі жыраулар поэзиясы қалыптасып, дамыды. Би-шешендердің нақыл сөздерінің мазмұнына да көз жүгіртсек, әрине, аят-хадистерге барып тірелетініне және рухани құндылықтарымен негізделуіне куә боламыз. Мысалы, «Өзін өзі таныған – Құдайын таныған» деген қазақта аталы сөз бар. Бұл сөз хадистен алынған. Пайғамбар (с.ғ.с): «Кім өзін-өзі таныса, раббысын таниды», – дейді. Тағы бір дәлел, «көпшілікпен бірге болыңдар, шынында қасқыр да шетке шыққан қойды жейді» дейді, ал қазақта «бөлінгенді бөрі жейді». Бұл секілді хадистерден, Құраннан алынған қазақтың күнделікті өмірде кездесетін көптеген сөздер бар. Ауыз әдебиетінде де мысалдар жетіп артылады. Бұдан басқа ақын-жырауларымыздың, би, шешендеріміздің де өлең, жырларында аят, хадистен келтірілген шумақтар кездеседі. Оған мысал ретінде сан ғасырлар бойы халық көкірегінде жатталып, біздің дәуірімізге дейін жетіп қазақ топырағында қалыптасқан жыраулық дәстүрдің үлкен екі мектебін айтсақ жеткілікті. Олар ХV ғ. бастап, ХХ ғ. дейін Маңғыстау өңірінде «Тіл таңбалы Адайдың ақындары» атап айтсақ: Абыл Тілеуұлы, Қалнияз Шопықұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, т.б. және Сыр бойындағы «Сыр сүлейлері» Асан, Бұхар, Қарасақал Ерімбет, Шал ақын, Шалкиіз, Мәшһүр Жүсіп, Кердері Әбубәкір т.б. қазақ халқының мұсылмандық дүниетанымын таратқан тұлғалары. Дәстүрлі діннің негізгі қағидаларын ашып көрсететін Құран аяттары мен Хз. Пайғамбардың хадис құпияларынан сыр шертетін, әрі танымдық тұрғыда жазылған еңбектер де жеткілікті. Халқымыздың рухани мұрасы дастандар мен жырлар діни құндылықтардың далалық философия мен ұлттық тәрбиенің негізіне айналып, ұлт мүддесіне қызмет етті. Хз. Пайғамбардың (с.а.с.) «Дін – насихат» деген қағидасын еске алсақ, онда қазақ ақындары бұл өсиетті өз деңгейінде орындаған.
Жоғарыда айтылған ойымызды қорытындылай келе, кeз кeлгeн экoнoмикaлық дaғдaрыcтың acтaрындa рухaни дaғдaрыc жaтaтыны aнық, coндықтaн oны нaзaрдaн тыc қaлдырмaу кeрeк, рухaни дaғдaрыc экoнoмикaлық дaғдaрыcтaн дa қaуiптiрeк екендігін есте сақтай отырып ойымызды президентіміздің сөзімен қорытындылаймыз. Елбасымыз киелі Түркістан қаласына келгенде бір сөзінде: «Біздің рухани тірегіміз – Йасауи, ал гуманитарлық бағытта жүретін жолымыз – Абай. Елді патриоттық рухқа тәрбиелеудегі үлгіміз – Бауыржан Момышұлының шығармалары. Осы ошақтың үш пұтын мықтап ұстасақ, біздің идеологиямыз міз бақпайды…» деп айтып өтті. Расында осындай ұлыларымызды құрметтеп, өмірі мен шығармашылығын халыққа соның ішінде әсіресе жастарға барынша дұрыс насихаттай білсек, онда бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан көптеген проблемалардың оңалып дұрыс жолға түсеріне күмән жоқ.