Палеоботаника(Грекше палео — көне) – қазба өсімдіктерді зерттейтін ғылым; ботаника мен палеонтологиясаласы. Геологиямен тығыз байланысты.
1946 ж. Қазақстан ғылым академиясыныңЗоология институтында палеобиология лаборатория ашылды. Қазір ол Палеоботаниканың аса маңызды мәселелерін зерттейді. Республика аумағындағы мезозой мен кайнозой флорасының дамуы жөнінде жалпы сұлба жасалды. Қаратаудағы юра, Шығыс Аралдағы соңғы бор, Зайсанқазаншұңқырындағы палеоцен, Ертіс маңындағы эоцен, Мұғалжар мен Оңтүстік Алтайға, Солтүстік Арал маңы мен Іле ойысына тән олигоцен, Торғай ойпаңы мен Солтүстік Тянь-Шаньдағы миоцен флоралары, сондай-ақ, палеозой флорасы сипатталды. Зоологияинституты жанындағы Табиғат музейінде қазба өсімдіктер коллекциясы жинақталған. Республикада Палеоботаника жетістіктері геол.-барлау жұмыстарында, геологиялық карталар мен сұлбалар жасау үшін пайдаланылады.[1][2]